Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары.
Орындаған: Амиргазинова Б. Б.
Топ: БЖ-215
Тексерген: Бакирова Л. С.
Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар:
1. Өсімдіктердің аурулары (аурудың ерекшеліктері, алдын алу және сақтау шаралары) .
2. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары (аурудың ерекшеліктері, алдын алу және сақтау шаралары) .
Өсімдіктердің аурулары (аурудың ерекшеліктері, алдын алу және сақтау шаралары) .
Өсімдіктердің зақымдауы - фитопатогеннің өсімдікке ену кезінен бастап аурудың пайда болуы. Өсімдік аурулары , туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ, гематода, т. б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т. б. ) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т. б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады. Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел - өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т. б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар - токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан келетін шығын 30 - 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.
Өсімдік карантині - әбір елдің тиісті органдарымен қойылатын тасып әкелінуден елдің өсімдік қорын корғау және карантиндік нысандардың жайылуының және басқа да аса қауіпті өсімдіктердің зиянды ағзаларының алдын алуға бағытталган мемлекеттік іс - шаралар жиынтығы.
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары.
Авителлиноз
(лат.
Avitellinoses
) - күйіс қайыратын үй малы мен жабайы жануарларда болатын іш құрт ауруы.
Мұның қоздырғышы -
Avitellina
- авителли құрты, ені 2, 2 мм ұзындығы 3, 5 м-ге дейін болады. Бұлар ащы ішекті зақымдайды. Авителлиноз Орта Азия, Қазақстан, Заваказье, Молдавия, Оңтүстік Украинада тараған. Қозы бұл ауруға жаздың орта шенінде шалдығады, өлім-жітім әсіресе қарашада көбейеді, тоқтылар көбінесе наурыз-сәуір айларыда өледі. Ауырған малдың басы кекшиіп, аяғының сіңірі тартылады, дірілдейді, тісін қайрап селсоқ жатады, кілегей қабықтары ағарады, кейде тышқақтайды. Ауру малға кальций арсенатының ертіндісі беріледі.
Ауески ауруы (Morbus Aujeszky), жалған құтыру - мал індеті. Мұнымен, көбінесе, сиыр, қой-ешкі, жылқы, шошқа ауырады. Негізінен орталық ми жүйесі мен тыныс алу жолдары зақымданады. Аурудың қоздырғышы - герпес вирусы. Вирус мал қиында, жем-шөп құрамында 40 - 60 күн, ал тышқан өлекселерінде 185 күнге дейін сақталады. Биотермиялық өңдеуден өткен мал қиында вирус 8 - 15 күннің ішінде, формальдегид, күйдіргіш натрий ерітінділерінде 5 - 20 минутта өледі. Індет негізінен ауру мал арқылы тарайды, әсіресе, оның маңқасы, зәрі өте қауіпті. Аурудан жазылған мал 2 - 3 жылға дейін вирус таратқыш болып қала береді. Табиғи жағдайда ауру залалданған жем-шөп, су, кеміргіштер арқылы тарайды. Ауру алғашқы 5 - 10 күнде білінбейді, кейіннен малда жөтел пайда болып, пысқырады, аузы-мұрнынан маңқа ағады. Тыныс алуы қиындап, жұтқыншағы түйіледі, теңселіп бір орнында айнала бастайды. Денесі тырысады, басы желкесіне қарай тартылып кетеді. Ауру жылқы үркек келеді, қызуы 400С-қа жетіп, үсті қышиды, дірілдеп, кейде шойырылып қалады. Қой мен сиыр бұған қосымша қылғынып, жұтына алмайды, ауру 2 - 3 күнге созылады. Індетті белгілері бойынша қарап және бактериол. зерттеулермен анықтайды. Індетке шалдыққан малды бөлек бағады, мал қорасы залалсыздандырылады.
Бөген - көбінесе жылқының, кейде сиырдың да құйрығы түсіп қалатын қышыма ауру. Емдеу жолы: ауырған малдың құйрығын әбден тазартып, оны жазылғанға дейін әлсін-әлсін креолиннің, лизолдың немесе ихтиолдың ертіндісімен жуып тұру
Жамандат (Anthrax), Сібір жарасы - жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Ж-тың қоздырғышы - спора түзетін таяқша тәрізді бацилла (Bacіllus anthracіs) . Ол сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді, топырақта өзінің уыттылығын жоймай бірнеше ондаған жылдар бойы сақталып жата береді. Бұл бацилла қоздыратын аурудың қойдағысын - топалаң, сиырдағысын - қараталақ, түйедегісін - ақшелек, қарабез, адамдағысын - күйдіргі, түйнеме деп атайды. Адамға ауру малды күткенде, сойғанда, еті мен сүтін пайдаланғанда жұғады. Ж-ты 18 ғ-дың аяғында Орал және Бат. Сібір өңірінде болған үлкен эпидемияға байланысты сібір жарасы деп атап С-қа дейін көтеріледі, тыныс°кеткен. Ауру малдың дене темп-расы 41 - 42 алуы қиындап, жүрек соғуы жиілейді, тез қалжырайды. Жемшөпке тәбеті болмайды, іші өтіп, нәжісі мен зәріне қан араласып шығады, аузы-мұрнынан қанды көбік ағады, көзі қанталайды. Денесінің әр жерінде ісік пайда болып, тесіліп жараға айналады да қанды ірің ағады. Ауру бірнеше минуттан (өте жедел түрінде) бірнеше күнге созылады. Ж. сау малға қоздырғыштармен ластанған жемшөптен, ауру малдың нәжісімен, сілекейімен, сүтімен бірге сыртқы ортаға таралған бацилладан жұғады. Ауру, көбінесе, жазда кездеседі. Емі: ауру малды оқшаулап, басқа қораға қамайды, ауруға қарсы сарысу, гамма-глобулин, антибиотиктер егіледі. Аурудың алдын алу үшін жыл сайын барлық малға Ж-қа қарсы вакцина егеді. Ауру шыққан шаруашылыққа карантин салып, қораны залалсыздандырады. Өлген малды өртеп, көміп тастайды.
Жауыр , көбінесе, жылқыда кездесетін ауру. Ж. жегіске, мініске пайдаланылатын жылқы шоқтығының, арқасының жарақаттануымен сипатталады. Аурудың негізгі себептері: жылқының мойнындағы қамыттың не арқасындағы ер-тұрманның үйлеспеуі, терлік пен тоқымның лас және қатты түйінді болуы, ер салудың тәртібін сақтамау, т. б. Ж. болған жылқының арқасы алғашқы кезде домбығып ісінеді. Жұмысқа пайдалануды тоқтатпаса 2 - 3 күннен кейін ісінген жердің терісі іріңдеп, жараға айналады. Жараны антисептикалық дәрілермен емдейді. Ж. болған малды әбден жазылғанша мінуге, жұмысқа пайдалануға болмайды. Ж. болмау үшін жұмыс көліктерін, қамыт пен ер-тұрманды дұрыс пайдалану керек.
Жебір ауруы - мал ағзасында витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру . Аурудың негізгі себебі - малды құнарсыз жемшөппен азықтандыру . Көбінесе жас төл, буаз және сауын сиырлар ауырады. Жебір қыстың екінші жартысында және ерте көктемде байқалады. Жебірмен ауырған жас төл өспей қалады, жемшөпке тәбеті болмай, жата береді. Ересек малдың жыныстық қабілеті бұзылады, төлі әлсіз туады. Жетіспейтін витаминге байланысты аурудың өзіне тән белгілері болады. Мысалы, ретинол (А витамині) жетіспесе, мал нашар көреді, тыныс алу жолдары және көздің шырышты қабаты қабынады; тиамин (В витамині) жетіспесе жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, т. б. Аурудың алдын алу және емдеу үшін жемшөпке витаминді препараттарды қосып, малды құнды жемшөппен азықтандыру керек
Көтерем - жануарлардың әбден тұралап арықтауы. Бұл ауру, көбінесе, сиырларда, ешкіде, кейде биеде де кездеседі. К., негізінен, ауру (созылмалы дерт, туберкулез, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері аурулары), ұзақ уақыт ашығу, авитаминоз, түрлі заттармен (тотияйын, қорғасын, сынап, фтор, т. б. ) уланудан пайда болады. Ауырған мал организмінде майы азайып, еті қатаяды, терісінің түсі өзгереді, дене салмағының 40 - 50%-ын жоғалтады. Малдың жатып-тұруы қиындайды, кейде мүлдем тұрмай жатып қалады. К-ге ұшырамау үшін малды (әсіресе) ашықтырмай, сапалы жемшөп беру, аурудан, уланудан алдын ала сақтау қажет. Дер кезінде емдесе, баптап күтсе ауырған мал ауруынан айығып кетеді.
Малдың инвазиялық аурулары - эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы - гельминтоздар. Оларды трематода (сорғыш құрт), цестода (таспа құрт), нематода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында фасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары, таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар жиі кездеседі. Сиырдың, қой-ешкінің, түйенің жіті және созылмалы ауруы - фасциолез республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен малды алдын ала құрттан арылтады (дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын тазартады. Дикроцелиоз- малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру. Республиканың барлық өңірінде, әсіресе оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жиі кездеседі. Оны тудыратын дикроцелия құрты. Малға гексихол, гексохлор-параксилол, гетолин беріп (дегельминтизация жасап), құрттан арылтуға болады. Таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар - эхинококкоз, ценуроз, цистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі қабықтары зақымданады. Бұл аурулардан арылу жұмысы арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.
Ішек цестодоздарын (мониезиоз, тизаниезиоз, т. б. ) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер) және тұрақты иелердің қой, сиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін өткізеді, ауру асқынса мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтану үшін малға тотияйын мен ас тұзының қоспасы, фенасал, т. б. дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы - тейлерия, пироплазма, қан паразиттері (бабезия), кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы жануарлар), саркоциста (бұлшық етте болатын паразиттер), безноития (теріні зақымдайтын паразиттер) сияқты бір клеткалы паразиттер тудыратын протозойлық аурулар. Бұлардың көпшілігі ауру малдан сау малға кене, түрлі жәндіктер арқылы жұғады. Ауру жедел түрде өтеді, негізгі белгілері - малдың дене қызуы қатты көтеріліп, лимфа бездері үлкейеді, терінің сарғаюы, жүрек пен қан тамыры, ішек-қарын қызметінің нашарлауы байқалады. Протозойлық ауруларды емдеу үшін азидин, беренил, диамидин, т. б. препараттарын егеді. Мал токсоплазмозынан, саркоспоридиоз, безноитиоз, қотыр ауруларының эпизоотологиясы мен патогенезін зерттеп, анықтау әдістерін табу ісі республикада жүйелі жолға қойылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz