Ішкі секреция бездері туралы



Жоспар:
І. Кіріспе
1. Ішкі секреция бездері
2. Гормондар
3. Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар
ІІ. Негізгі бөлім
1. Эндокриндік жүйе
2. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері (кесте)
3. Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінуі
4. Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері
5. Мектеп жиһаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар
ІІІ. Қортынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер: 
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Гормондардың қасиеті:
 Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
 Арнайы әсер;
 Био-физиологиялық белсенділік;
 Әр түрге арнайшылық;
 Тек тірі жасушаларға әсер ету.
Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.
Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.
1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.
2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) С. Жұмабаев «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы»
2) Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп
3) гигиенасы.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:

Орындаған: Разина А.С. П-409
Тексерген:Құнанбаева Г. Н.

Семей 2014
Жоспар:
І. Кіріспе
1. Ішкі секреция бездері
2. Гормондар
3. Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар
ІІ. Негізгі бөлім
1. Эндокриндік жүйе
2. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері (кесте)
3. Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінуі
4. Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері
5. Мектеп жиһаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар
ІІІ. Қортынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
Эндокриндік жүйе -- ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз -- қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Гормондар -- ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Гормондар химиялық құрамына қарай

стероидтар
нәруыздар

май қышқылдары
аминдер

Гормондардың қасиеті:
:: Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
:: Арнайы әсер;
:: Био-физиологиялық белсенділік;
:: Әр түрге арнайшылық;
:: Тек тірі жасушаларға әсер ету.
Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon -- ішкі, krino -- бөлу) -- инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.
Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.
1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.
2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.
3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.
4. Топқа ұйқы безінің аралық бөлігі жатады.
5. Топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.
Организмде бездерді үш топқа бөледі

Сыртқы секреция бездері
Ішкі секреция бездері
Аралас секреция бездері

Эндокринді бездер

Орталық
эндокринді бездер

қалқанша маңы
эпифиз
гипофиз
гипоталамус
шеткі эндокринді бездер

қалқанша

бүйрекүсті бездері

Басты ішкі секреция бездері (сол жақта еркек, оң жақта әйел):
1.Эпифиз
2. Гипофиз
3. Қалқанша без
4. Тимус
5. Бүйрек үсті безі
6. Ұйқы безі
7. Аналық без
8. Аталық без

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Гормондар
Бөлетін бездер
Ағзаға әсері
Тироксин
Қалқанша безі
Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады
Паратгормон
Қалқаншамаңы безі
Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин
Ұйқыбездің аралды бөлігі
Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон
-"-
Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин
Бүйрекүсті бездің без заты
Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин
-"-
Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны [соматропты гормон)
Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гиреотропты гормон
-"-
Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Адренокортикотропты гормон [АКТГ)
-"-
Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Экцитоцин
Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)
Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Вазопрессин
Example
Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер)
Аталық бездер
Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (экстрогендер)
Аналық бездер
Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

Эпифиздің салмағы 0, 2 - 0, 4г. Ми сауытында, орталық мида, екі жоғары төмпешіктердің үстінде орналасқан. Бездің жасушасы гонадотропин гормонына қарсы гормон жасап шығарады. Бұл гормон гипофиздің жыныс гормонын бала жыныстық кәмелетке жеткенге дейін тоқтатып тұрады. Сонымен бірге зат алмасудың барлық түріне әсер етеді.
Гипофиздің салмағы - 0, 5 - 0, 6 г, ені 10 - 17 мм, ұзындығы 5 - 10 мм. Самотроп гормоны жетіспегенде гипофизарлық нанизм ауруы пайда болады. Бұл ауруда баланың бойы өспейді, бірақ ақыл есі дұрыс болады. Тиреотроп гормоны қалқанша бездің гормонын реттейді. Гонадотроп гормоны жыныс бездеріне әсер етіп, жыныстық жетілуіне, аналық бездердің фолликулаларына, жұмыртқа жасушасының жетілуіне, сүт бездерінде сүттің пайда болуына, еркектерде сперматогенездің жетілуіне әсер етеді.
Қалқанша бездің салмағы ересек адамда 30 - 50г. Мойынның алдыңғы жағында, көмекейдің қалқанша шеміршегі мен кеңірдектің 2 - 4 сақинасының алдында орналасқан. Қалқанша бездің гиперфункциясында тиреотоксиоз немесе базедов ауруы пайда болады. Мұнда зат алмасу күшейеді, тамақты көп жесе де азаяды, көзі шарасынан шығады, тез ашуланып, тез жылайды, тахикардия пайда болады.
Қалқанша маңы бездерінің салмағы 0, 1 - 0, 5г. Паратгормон денедегі кальций және фосфор тұздарының алмасуын реттейді. Олардың қандағы және сүйек ұлпасындағы тұрақты мөлшерін сақтайды. Олардың артық мөлшерінің денеден шығуына әсер етеді. Гипофункциясында кальций сүйектен шығады, оның зәрдегі мөлшері артады. Сондықтан бүйректе, қантамырларында және басқа мүшелерде тастың жиналуына себепші болады, бұл жағдайда сүйек сынғыш келеді. Жүйке, бұлшықеттердің қозғыштығы кемиді, қандағы кальцийдің мөлшері азаяды, тырысу пайда болады.
Айырша бездің салмағы мен көлемі жасқа байланысты өзгереді. 25 жасқа келгенде без ұлпасының көлемі кішірейіп, оның орнын май ұлпасы басады. Без дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған, тармақтар тарап безді екі бөлікке бөледі. Әрбір бөлік Т - лимфоциттер мен тор іспетті өсінділері бар кілегей ұлпасынан тұрады.
Бүйрекүсті безі -- шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты -- қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты -- симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден құралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері -- минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар -- глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері -- андроген гормондарын бөледі.
Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Мектептің орналасқан жер оқитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Мектеп кешенінің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, мектепке арналған жерді босату мерзімі шешіледі.
Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда 3 км-ден аспауы керек. Ауылдық жерде балалар алыс тұратын жағдайда әкімшілік орындары оқушыларды таситын көлікпен қамтамасыз етеді.
Мектеп территориясы тұрғын үйлерден, балалардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады.
Мектеп ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 м қашықта салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалады.
Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және шаруашылық зоналары.
Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) мектеп кешенінің көше жағында орналасады. Ол мектепті транспорт шуынан, газынан, көще шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Мектеп терезелері мен Бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, сынып бөлмелерінің жарығын азайтады.
Демалыс аймағы (0,2-0,3 га) мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз балалардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында балалардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек.
Оқу-тәжірибе аймағында (0,2-0,4 га) биология, география пәндеріне қажетті тәжірибе алаңдары орналасады. Оқу-тәжірибе аймағы мектеп ауласының шетінде немесе мектеп кешенесінің қабырғасына жақын жерде орналасады. Бұл жерде ауа райын анықтауға қажетті аспаптар, яғни желдің бағытын анықтайтын флюгер, ылғалдылық пен ауа температурасын өлшейтін аспаптар болады, кейбір мектептерде география пәніне қажетті шұңқырлар, ботаника пәнінің тәжірибе алаңы, кейбір мектептерде (көбінесе ауылды жерде) көжектер өсіретін бұрыш т. б. орналасады.
Спорт аймағы ( 0,1-1,07 га ) мұнда дене шынықтыру пәніне және спорт ойындарына қажетті алаңдар орналасады. Оның жері мектеп кешенінің терезесінен ең кем дегенде 10 м қашықта болу керек. Көпшілік мектептерде спорт аймағына 5800-7900 м2, тек кейбір мектептерде ғана 4900-10700 м2 жер бөлінеді, яғни Мұның да жері оқушылардың санына лайық беріледі. Барлық мектептердің жеңіл атлетика (4900 м2) және гимнастика (600 м2), баскетбол мен волейбол (480 м2) алаңдары, ал ірі мектептерде (1176-1960 орындық) футбол немесе басқа спорт ойындарына арналған үлкен алаң (2960 м2) болады. Көпшілік ауыл мектептерінде үлкен спорт алаңдары (волейбол, баскетбол, футбол) ауыл шетінде жеке орналасады. Бұл алаңдардың тегіс, шөптесін жерде, шаңы аз жерде орналасып, транспорт жолдарынан алыс, ауылшарушылық құрылыстарынан, мал қораларынан аулақ болғаны дұрыс. Спорт алаңдарын тастардан, ағаш бұтақтарынан, шыны сынықтарынан тазартып, балалардың денесіне зиян келтірмеу жағына көңіл бөлу керек.
Шаруашылық аймағы (500м2) мектепауласының алыс түкпірінде балалардың жүретін жолынан, демалыс орындарынан қашық орналасады. Бұл аймақтың жері мектептің басқа аулаларынан аласа бұтақты өсімдіктермен қоршалады. Оған келетін жеке транспорт жолы болуы тиіс. Мұнда түрлі қоймалар, мектеп гаражы, қосымша дәретхана, сыпырынды жәшіктері, өрт қауіпсіздік жабдықтарының бұрыш ы т. б. шаруаға қажетті құрылыс тар болады. Мұндағы дәретхана мен сыпырынды жәшіктері мектеп кешенесінен кемінде 25 м қашық орналасады. Олардың маңайы егілген ағаштармен немесе шағын қоршаумен бөлінеді. Дәретхана мен сыпырынды жәшігі тұрған жерге келетін тазалық транспортының қатынасуына қажетті жеке жолы болуы керек. Шаруашылық аймағының таза, ұқыпты ұсталуына шарушылық меңгерушісі мен мектеп директоры жауапты. Мектептің медицина қызметкерлері оның тазалығын мезгіл-мезгіл тексеріп, бақылап отырады, себебі дәретханалар, сыпырынды жәшіктері, транспорт жолдары түрлі инфекцияны оқушыларға жұқтыруға себеп болуы мүмкін.
Мектеп ғимаратын салғанда оның оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады. Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша бөлмелер деп екі топқа бөледі. Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия пәндерінің лабораториялары жатады. Қосымша бөлмелерге әкімшілік және балалардың денсаулығын сақтауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем көрсету бөлмесі, методикалық бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындары т. б. жатады. Олардың ішінде, әсіресе сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің гигиеналық талапқа сай келуіне көбірек көңіл бөледі.
Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері. Сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен жөне оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Бастауыш сыныптар мектептің жеке қанатында, ондағы бірінші, екінші сынып бөлмелері төменгі қабатта орналасқаны жөн. Кабинеттік жүйеге ауысуға байланысты әр пәнге екі-үш кабинет бөлінеді.
Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50-60 м2, яғни әр оқушыға 1,25-1,50 м2 есебінен анықталады. Бөлменің ұзын дығы 8-8,2 м, ені 5,6-6,2 м мөлешерінен аспау керек. Егер ұзын дығы 8,2 метрден артық болса, соңғы қатардағы оқушылар тақтаның қасында сөйлеп тұрған мұғалімді және оқушыны анық ести алмауы мүмкін және ондай жағдайда балада алыстан көру қабілеті қалыптасады. Ал аз болса, қажетті мөлшердегі парталар симайды. Ені 6,2 метрден кең болса, есікжақтағы қатардың оқушыларына терезе жарығы жеткіліксіз болады, үш қатар парталар симайды. Бөлменің биіктігі 3,5 м болғанда балалардың денсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті болады: жасына лайық ауа мөлшері мен оның тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа көбіне бөлменің үстіңгі жағында болады да, оқушыларға жағымсыз әсері азаяды. Егер одан аласа болса, бөлменің ауасы тар болады. Осыған байланысты соңғы кездегі гигиеналық талаптар бойынша бөлменің биіктігі 3,5 метрден кем болмауы керек. Мұндай жағдайда әр балаға қажетті 15 м3 ауа мөлшерін қамтамасыз етеді, ал соңғы кезге дейін пайдаланып келген 3,1 м биіктік қосымша ауа желдеткішін қажет етеді немесе ондай бөлмеде сағатына 3 рет терезелерді ашып ауаны желдетіп тазарту керек. Әрине, оқу барысында ондай мүмкіндік болмайды да, балалардың денсаулығына зиян келеді.
Сыныптар мен кабинеттердің қабырғаларын ақ балшықпен, немесе ізбеспен, немесе арнайы эмульсиямен жылына 1 рет әктеп отыру керек. Бөлменің жоғарғы жағын сырлы бояумен бояуға болмайды. Себебі ол құрылыс материалдарының тесікшелерін бітеп, ауаның табиғи жолмен алмасуына кедергі болады. Қабырғаның төменгі жағын биіктігі 1,1-1,8 метрге дейін ақшыл сырлы бояумен сырлауға болады. Эмульсиялармен әктегенде бүкіл қабырғаны ағартып, панельді сырлайды.
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын тудыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті бездер жүйесі
Ішкі секреция бездері. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбилеу
Организмдегі гисто-физиологиялық құбылыстарды реттеудегі секреция бездерінің маңызы
Эндокриндік жүйенің қызметі
Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу туралы ақпарат
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Эндокриндік жүйе туралы
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Эндокриндік жүйе
Оқушыны медициналық -гигиеналық жане жыныстық тәрбиелеу. Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу
Пәндер