IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы туралы ақпарат
Жоспар:
1. ЭЕМ.ң қызметі, құрамы және жіктелуі.
2. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер.
3. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер

1. ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі.
«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш , емептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.
Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер XX ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.
Бірақ, компьютерлер кез келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.
Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
Орындаған: Тлебалды А.Б
Тексерген: Қайсанов С.Б
Семей 2015
Жоспар:
1. ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі.
2. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер.
3. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
1. ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі.
Компьютер сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш , емептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы Марк-1 машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.
Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер XX ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.
Бірақ, компьютерлер кез келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.
Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді түсінбейді және өз бетінше ойламайды. Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
Есептеуіш техника тарихы
Паскальдың машинасы
Компьютер атауы
Компьютер атауы — есептеу желісінде компьютерді (есептеу машинасын) шатастырмай табуға мүмкіндік беретін, ұзындығы 15 латын символынан аспайтын бірегей (өте сирек кездесетін) атау. Ол басқа есептеу машинасының немесе есептеу машиналары бірлестігінің атауларымен дөп келмеуі керек және оның құрамында бос орын болмауы тиісті.
Компьютер буындары
Компьютер буындары (поколения ЭВМ) — сәулеті мен элементтік негізінің түрлері бойынша біріктірілген, тарихи қалыптасқан компьютер топтары. Олар бір-бірінен элементтік негізі, құрылмалы-технологиялық орындалуы, логикалық ұйымдастырылуы, техникалық сипаттамалары, программалық жасақтамалары және пайдаланушы тарапынан компьютермен қатынас құру дөрежесі бойынша ажыратылады.
Этимология
Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылш. to compute, ағылш. computer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер есептеу, есептегіш мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің лат. computo — есептеймін сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.
Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілдді.
ЭЕМ буындары
Шыққан компьютерлер буынға бөлінеді. Қазір компьютерлердің алты буыны белгілі деп айтуға болады. Жалпы, компьютерді буынға бөлу шарты, ол негізінен компьютерлердің элеменnтер базасының өзгеруіне, өзінің құрамына кіретін құрылғылардың түрлері мен қасиеттерінің өзгеруіне және компьютерлер арқылы шығарылатын есептердің жаңа (сандық емес) топтарының пайда болуына тәуелді.
Компьютердің бірінші буыны – 1959 жылға шейін шығарылған электронды лампалық машиналар, жылдамдықтары ондаған мың ас., разрядтылығы 31-34 бит, жедел жадыларының көлемі 1-4 кб, амалдардың жұмыс ырғағы қатал тізбекті, яғни, келесі орындалатын амал ағымдағы амалдың орындалуы толық біткеннен соң ғана басталады, енгізушығару амалдары орындалып тұрғанда орталық процессор тоқтап тұрады. Программа негізінен машиналық тілде қолмен жазылып орындалады. Жұмыс істеу режімі ашық болды, яғни, әрбір программалаушы басқару тетігінде өзі отырып программасын енгізіп жұмыс істетті. Негізінен сандық шамалармен байланысты есептер шығарылады, символдық шамаларды пайдалану жоқ болды. Стандартты программалар жасала бастады.
Компьютердің екінші буыны – 1968 жылға шейін шығарылған транзисторлық компьютерлер, жылдамдықтары жүздеген мың ас., разрядтылығы 31-48 бит, жедел жадыларының көлемі - 8-128 кб. Процессордың жұмысын үзу және оны өңдеу жүйесі пайда болды (ол негізінен енгізушығару амалдарын орындау кезінде іске қосылады). Алгоритмдік тілдерден машиналық тілге автоматты аударатын программалар – трансляторлар шықты, яғни, программа құру үшін деңгейлері жоғары программалау тілдері (Fortran, Algol, Cobol және басқалар) қолданылды, стандартты программалардың қоры үлкейді. Жабық жұмыс істеу режімі қолданылды, яғни, программалаушы тікелей машинамен жұмыс істемейтін болды, ол өзінің жоғары деңгейдегі программалау тілінде жазылған программасын ары қарай машинадан өткізетін қызмет көрсететін топқа тапсырды. Программалардың жұмыс істеуін бақылау және басқару үшін алғашқы мониторлық жүйелер пайда болды. Олардың өзінің тапсырмаларды басқару тілдері болған. Индексті арифметиканың шығуы, тікелей емес адрестеуді және динамикалық жадыны қолдану, символдық шамалармен жұмыс істеу мүмкіншілігінің пайда болуы осы буынның құрылымдық ерекшелігін айқындады.
Компьютердің үшінші буыны – 1970 жылдан бастап интегралды микросхемалар арқылы жасалынған компьютерлер мен компьютерлер кешені, жылдамдықтары миллиондаған ас., разрядтылығы 32-64 бит, жедел жадыларының көлемі 64-1024 кб. Дамыған үзу жүйесі бар, енгізушығару амалдарының орындалуы орталық процессордың жұмысымен параллель жүргізетін қосымша процессорлар (арналар) қолданылады. Бұрын программалар атқаратын көп жұмыстар, соның ішінде үзуді ұйымдастырумен өңдетулер аппарат арқылы жүзеге асатын болды. Компьютерлердің сыртқы ортаны қабылдай және оған әсер ете алатын сенсорлық қондырымдары пайда бола бастады. Осылар компьютерді алдын ала енгізілген деректерді детерминді (бірмәнді) өңдейтін құрылғыдан сыртқы ортада туатын жағдайға қарай жұмыс істей алатын зерделі құрылғыларға айналдырылды. Жедел жадыны қорғау және динамикалық бөлу іске асты. Көптеген жоғары деңгейлі, солардың ішінде символдық есептерге (SNOBOL. LISP. REFAL сияқтылар) және логикалық есептерге (Prolog. Miranda сияқтылар) бағытталған программалау тілдері қолданылды, символдық есептер мен логикалық есептер үлесі көбейді. Программалардың жұмысын бастан аяқ басқаратын (сыртқы және ішкі ортадағы жағдайларға мақсатты жауап бере алатын) дамыған операциялық жүйелер жұмыс істеді. Осы буынның негізгі ерекшелік программалары төменнен жоғары қарай ұйқас болатындай мүмкіншіліктері өспелі компьютерлердің бірнеше модельднрінен тұратын машиналар кешенінің пайда болуы (мысалы, социалистік елдерде ЕС ЭВМ 1020-1050, ал АҚШ – та IBM 360-370 сияқты компьютерлердің бірыңғай жүйелері). Бұл компьютерлер арқылы жедел жадыны немесе сыртқы құрылғылардың өрісін ортақ етуге болатын есептеу жүйелерін жасауға мүмкіншілік туды. Бір уақытты бірнеше программа істей алатындай етіп орталық процессордың уақытын бөлшектейтін мультипрограмдық режім іске асырылды. Сонымен қатар, нақты уақыт масштабында жұмыс істей алатын программалар пайда бола бастады. Олар технологиялық процесстерді, ұшатын аппараттардың және басқа күрделі құрылғылардың жұмыстарын басқаруға мүмкіндік берді.
Компьютердің төртінші буыны – 1975 жылдан бастап үлкен немесе өте үлкен интегралды микросхемалар арқылы жасалынған көппроцессорлы суперкомпьютерлер мен микрокомпьютерлер (кейін оларды дербес компьютерлер деп атап кетті). Суперкомпьютерлердің жылдамдықтары жүз миллионға шейін (мысалы, Cray – 1 суперкомпьютерінің жылдамдығы 100 млн ас). Жалпы осы буындағы компьютерлер арқылы байланыс әдістері одан әрі дамып телефон, телеграф желілеріне қосылып, компьютерлік глобальді (мысалы Интернет), корпоративтік және локальді желілер құрылды, өте үлкен деректер архиві жиналды, деректердің визуалды (бейнелік) түрдегі берілуі және өңделуі дамыды, нақты уақыт масштабында жұмыс істей алатын жүйелер кеңінен жүзеге асты.
Компьютердің бесінші буыны – 1980 жылы Жапония жариялаған 5 жылдық жобадан басталады, онда компьютерлік тілдің машиналық тілі ретінде логикалық программалау тілі PROLOG – ты аппаратты түрде жүзеге асырып, жасанды зерде (интеллект) жүйесін құру көзделді. Бұл жоба нәтижелі аяқталды, қазір өзінің жасанды зердесі бар, яғни, белгілі есептің берілгені бойынша оның шешуін табатын тұжырымдарды жасап және оны дәлелдей алатын, белгілі тақырыпқа өлең немесе музыка шығара алатын және т.с.с интеллектуалды жұмыстарды өздігінен жасай алатын компьютерлер бар. Бірақ олар кең тарамаған, себебі олардың бағасы өте қымбат және олармен жұмыс істеу аса біліктілікті талап етеді.
Компьютердің алтыншы буыны - өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап қолға алына бастады. Ол жасанды нейрон желісіне, көпмәнді логика және кванттық есептеу теориясына негізделіп жасалынады. Бұл компьютерлердің дамыған жасанды зердесі болады: олардың өзін - өзі оқытатын қабілеті және өздігінен кейбір мәселені түсініп (образды танып), жобалап, оны шешу немесе жүзеге асыру үшін керекті программаны немесе құрылғыны құрастыра алатын мүмкіншілігі болады.

Дербес ко1мпьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьютерлер – компьютерлердің қарапайым түрлері (1970-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БҚ-0010, Ириша, Aplle II, т.б.). Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын.
80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену үшін жад көлемі 64,128 Кбайт шамасындағы Корвет, УКНЦ, Ямаха, MSX-1, Ямаха MSX-2, т.б. оқулық компьютерлер пайдаланылып келді.
Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап және кәсіби дербес құрылғысы – процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Aplle, IBM, Intel, т.б. фирмалар айналысқан болатын. ДК-де процессор үшін ҮИС, АҮИС пайдалатындықтан, оны микропроцессор деп атайды. Бұл жұмысқа, әсіресе, IBM, Intel фирмаларының еңбегі көп. Intel фирмасының жасап шығарған түллі үлгілі микропроцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердің түрлі сапалы типтерін дүниеге келтірді. Фирманың компьютерлеріне, типтеріне қарай, ретімен IBM PC, IBM PC XT, IBM PC AT, IBM PS\2, Pentium, т.б. аттар берілген PS (Personal Computer)-дербес компьютерлер XT (extended technology)-кеңейтілген технология, PS (personal system)-дербес жүйе, AT (Advanced Technology)-алынгы технология. Олар әсіресе IBM PC AT типтес компьютерлер кезінде дүние жүзіне кең таралды. Қазіргі кезде мұндай компьютерлердің Пентиум сияқты жаңа жетілдірілген нұсқалары пайдалануда.
Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьютерлер – компьютерлердің қарапайым түрлері (1970-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БҚ-0010, Ириша, Aplle II, т.б.). Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын.

Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлерәмбебап және кәсіби дер бес құрылғысы – процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Aplle, IBM, Intel, т.б. фирмалар айналысқан болатын. ДК-де процессор үшін ҮИС, АҮИС пайдалатындықтан, онымикропроцессор деп атайды. Бұл жұмысқа, әсіресе, IBM, Intel фирмаларының еңбегі көп. Intel фирмасының жасап шығарған түллі үлгілі микропроцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердің түрлі сапалы типтерін дүниеге келтірді. Фирманың компьютерлеріне, типтеріне қарай, ретімен IBM PC, IBM PC XT, IBM PC AT, IBM PS\2, Pentium, т.б. аттар берілген PS (Personal Computer)-дербес компьютерлер XT (extended technology)-кеңейтілген технология, PS (personal system)-дербес жүйе, AT (Advanced Technology)-алынгы технология. Олар әсіресе IBM PC AT типтес компьютерлер кезінде дүние жүзіне кең таралды. Қазіргі кезде мұндай компьютерлердің Пентиум сияқты жаңа жетілдірілген нұсқалары пайдалануда.
Пентиум сияқты кәсіби компьютерлер күрделі әр алуан математикалық, физикалық есептерді шешіп қана қоймай, логикалық операцияларды да орындай алады (логика- ойлау; қисын; логикалық операция ақылмен орындалатын әрекеттер. Мыфсалы, автоматты түрде технологиялық процестерді басқарады, шахмат ойнайды, күрделі график сызады. Оның үстіне, олардың экономикалық ғылымдарда, жоспарлауда, медицинада, биологияда, ауа райы болжауда, мекеменің айлық ақпар тізімін жасауда, кітапхана жұмысын ұйымдастыруда және т.б. салаларда ойдағыдай пайдаланып келеді.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына енгізделген:
-жүйелік блок ( микропроцессор, жад, қоректену блогі, енгізі\шығару порттары, сағат таймер);
-пернетақта;
-монитор;
-принтер;
Таймер – кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралдық схема. Оның қызметінің бірі – монитор экранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын беру, яғни синхрондау т.б. (timer-уақытша белгілеу).
Информацияны жазу және сақтау компьютердің жеке дискілерінде не қатты магниттік дискіде орындалады. Жазу құрылғылары дискіжетек не дискі жүргізуші деп, жинақты дискілерге жазатын не олардан оқитын құрылғыны CD-ROM деп атайды. Винчестер компьютердің ішіне орнатылған дискіжетекке бетітіліп қойылған, сондықтан ол дискіжетектен алынып салынбайды.
Дербес компьютердің құрамына бұларға қоса тышқан құрылғысыда бар.
Тышқан – көрсеткіші екі не үш түймесі бар, компьютерге электр өткізгіш сым арқылы жалғастырылған төртбұрышты кішкене пласмассалық қорап.
Магниттік дискіде жинақтауыш – информацияны қатты дискіге немесе иілгіш магниттік дискіге жазу не онда жазылған информацияны машина жадына енгізу құрылғылары. Винчестер мен дискетті сыртқы есте сақтау құрылғылары деп те атайды.
Компьютер құрамында сызбаны қағазға басып шығару (сызба сызушы), суреттерді және графикалық информацияны компьютерге енгізу (сканер).
Компьютерді бір-бірімен телефон жуйесі арқылы жалғастыру (модем) құрылғыларыныңда болуы мүмкін. (Бұдан әрі, арнайы айтылмаса, тек әмбебап дербес компютерлерді қарастырамызда, дербес не әмбебап сөзін компьютер сөзіне жалғастырмай тастап кетеміз).
Пернетақта арқылы компьютер жадында берілген түрлі программа, мәтіндер және т.б. енгізіледі.
Жад оларды және өнеу кезіндегі аралық мәндер мен өңдеу нәтижесін уақытша сақтап тұрады.
Монитор жүйелік блоктан келген информацияны электрондық экран бетіне, ал принтер оны қағазға басып шығарады. Монитор құрылғысын дисплей деп, ал оны пернетақтамен бірге терминал деп те атайды. (display – көрсетекіш, бейнелеуіш).
Кәсіби компьютердің жұмысын басқарушы операциялық жүйенің түрлері көп. Олардың ішінде IBM PC куомпьютерлердің пайдаланатын жүйелерінің бірі MS DOS деп атайды. Оның бірнеше нұсқалары бар, олардың ішінде соңғы шыққандары – мүмкіндігі мол MS DOS 5.02,6.0, т.б. Соңғы жылдары MS DOS-тан мүмкіндігі жүздеген есе артық Mіcrosoft Windows атауы операциялық жүйелер де жарыққа шықты. Компьютермен жұмыс істеуді жеңілдету үшін оларды тышқан (Microsoft Mouse) құрылғысы пайдаланылады.
Жүйелік блок- процессор, жад, адаптер, жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізі,шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналастырылған тақшаны аналық тақша не жүйелік тақша деп атайды.
Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар комьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқаларын сыртқы құрылғылар деп атайды.
Пернетақтаны енгізу құрылғысы деп, монитор мен принтерді шығару құрылғылары деп атайды.
Енгізу, шығару құрылғылары мен процессор арасында алмастырылатын информация алмасу алдында адаптер деп аталатын осы құрылғылардың жұмысын үйлестіруші интегралдық схемаға келіп түседі (лат. Adaptere – лайықтауыш, үйлестіруші; оны түсіну үшін магнитофон адаптерін көзге елестетсе болғаны). Адаптердің жұмысына мысал: екілік кодтерды жадтан мониторға жіберу кезінде сәйкес адаптер (бейнеадаптер) алдымен оларды үрлі символдарға аударатын сигналдарға айналдырады; кез келген пернені басып, қоя берген кезде пернетақта сәйкес екілік кодтың сигналдарын процессорға, жадқа бірінен соң бірін ретімен жібере бастайды. Бұл кодты алдымен пернетақта адаптері қабылдайды да, оны процессор жұмыс істей алатын паралель кодқа айналдырады.
Құрылғылары бір-бірімен байланыстырылатын жүйелер мен сигналдарды, жүргізуші, басқарушы. Әр сырқы құрылғының өз жұмысын басқаратын арнайы программасы бар.
Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған (такт-тізбекті берілетін екі сигнал арасындағы уақыт). Импуль көзі – түрлі сигналдар арасындағы үзілістерді ұйымдастыршы микросхнмадан тұратын импульс генераторы (generator- өндіруші). Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдаланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 4-50 Мгц шамасында 100 Мгц-тен асатын тактілік жиелікпен жұмыс істей алады. (1 Мгц=1000000 такт\с).
Дербес компьютердің типі онда орналастырылған микропроцессордың үлгісімен анықталады. Мысалы, алғашқы шығырылған 8080, 8080 нөмірлі IBM PC компьютерлерінде Intel фирмасы дайындаған 16 разрядты микропроцессорлар пайдаланылады. Олардың адрестік шинамен интерфейсі 20 разрядты және осыған сәйкес ОЕСҚ-ның көлемі 1 Мбайт болатын.
ОЕСҚ (оперативтік есте сақтау құрылғысы). Оның басқа түрде аталуы: RAM – арифметикалық – логикалық операцияларды орындау алдында және орныдау процесінде деректер мен программалар уақытша сақталатын ішкі жадтың негізгі бөлімі, оның жедел жад деп те атайды. ОЕСҚ-ның көлемі адрестік шинаның разрядығына байланысты. Атап айтқанда, ол 2 санның адрестік шинаның разрядынан тұратын дәрежесі арқылы анықталады. Сондықтан Intel-8080, (i8080) компьютерінде ОЕСҚ-ның көлемі 2-де 20байтқа тең. Ал, қазіргі кездің 32-64 разрядты Пентиум типті дербес компьютерлердің жад көлемі 4 Гбайттан кем емес. 1-4 Мбайттан артық ОЕСҚ-ны пайдалану үшін арнайы программалар мен қосымша платалар пайдаланылады.
Процессор үлгісінің нұсқалары көп. Мысалы, 80386 процессорының SX-25 DX-33, ал 80386 процессорының DX-40, DX-50, DX2-66, т.б. атауы нұсқалары бар. Мұндағы 80486 DX-50 процессоры -80486 үлгілі процессорының 50 Мгц тактілік жиелікпен жұмыс істейтін Dх жалғауы бар процессордың жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары. Мысалы, 80386 SX процессорлы компьютерде 16 разрядты, 80386 DX процессорлы компьютерде 32 разрядты берілгендер шинасы бар (бұл шинаның разрядтығы өскен сайын берілгендер процессорға тезірек енгізіліп-шығарылады).
Пернетақта – компьютерге берілгендер мен командаларды енгізу құрылғысы. IBM PC AT-ге үйлесімді қазіргі кездегі компьютерлеррінде 101-102-дейін перне болуы мүмкін.
Пернелер функционалдық, алфавитті-цирлық және басқару пернелері болып үшке бөлінеді. Мұндағы F1-F2 пернелерінің әрқайсысы түрлі режимдерге әр түрлі командалары орындайтын функционалдық пернелер.
Әріптер, цифрлар, түрлі басқа символдар жазылуы пернелер – алфавиттік –цифрлық.
Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Соңғысы-бейне құраушы символдарды, график және түрлі түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интегралдық микросхема: монитор – кәдімгі телевизор сияқты электрондық құрылғы.
Әдетте информация не команда пернетақтадан теріледі де, терілу кезінде ол монитор экранында көрінеді. Сондықтан пернетақта мен монитор – стандартты енгізу, шығару құрылғылары.
Принтер – инормацияны қағазға түсіру құрылғысы. Оның өз жады және матрицалық, лазерлік, т.б. типтері бар. Олардың ішіне арзаны-символдарды қағазға нүктелер жиынтығы арқылы басып шығаратын матрицалық принтер.
Қазіргі кезде пайдаланп жүрген лазерлік принтерлер (EPL-5000, EPL-5200, т.б.) инормацияны өзара лазерлік сәулелер арқылы басып шығарады.
3. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
Алгоритмді компьютерге программалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да алгоритм әрекеті әзірленеді, сонан кейін ол мұндай тәсілдердің бірінде жазылады. Жалпы қорытындысында программа мәтіні — толықтай аяқталған, алгоритмді программалау тілінде бүге-шігесіне дейін сипаттаған күйінде пайда болады. Содан соң программаның бұл мәтіні транслятор деп аталатын арнайы қызмет қолданбаларымен өңдеуден өтеді немесе машина кодына аударылады, не болмаса орындалады.
Программалау тілдері – жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айрмашылығы – мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының (операторлардың) қатаң ережесіне бағынатын сөздері шектеулі болады. Мұндай талаптардың жиынтығы программалау тілінің синтаксисін қалыптастырады, ал әрбір команданың және тілдің басқа да конструкциясы (құрылымы) — оның семантикасын қалыптастырады. Программаларды жазудың формасы бұзылатын болса, бұл транслятордың оператор міндетін түсінбей қалуына әкеп соғады және синтаксистік қате туралы хабарлайды, ал команда тілін пайдалануға қажетті алгоритмге жауап бере алмайтын дұрыс жазу семантикалық қателікке (оны логикалық қателік немесе орындау уақытындағы қателік деп те атайды) ұрындырады.
Программалау тілінің көмегімен дайын программа емес, оның бұрын әзірленген алгоритмді суреттейтін мәтіні ғана жасалады. Жұмыс істейтін программаға қол жеткізу үшін бұл мәтінді автоматты түрде машина кодына ауыстыру керек (бұл үшін компилятор — программасы пайдаланылады), содан соң оны бастапқы мәтіннен бөлек пайдалану қажет немесе программа мәтінінде көрсетілген тіл командасын бірден орындау керек (мұнымен интерпретатор – программасы айналысады).
Процессорлардың әр тұрпаты әр түрлі теру командасына ие. Егер программалау тілі процессорлардың нақты тұрпатына бағдарланып, оның ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол деңгейі төмен программалау тілі деп аталады. Бұл жағдайда деңгейі төменнің мағынасы нашар деген ұғымды білдірмейді. Бұл арада – тіл операторының машина кодына жақындығы және процессордың нақты командасына бағдарланғаны жөнінде сөз болып отыр. Ең төменгі деңгейдегі тілге Ассемблер тілі жатады. Ол машина кодының әрбір командасын сан түрінде емес, мнемоника деп аталатын символдық шартты белгілердің көмегімен жай ғана көрсетеді.
Алғашқы буындағы ЭЕМ-ның программасын жасау сандардың көмегімен ЭЕМ әрекеттерін кодтау ережелерінің жиынтығын білдіретін машина тілінде ғана жүзеге асырылды. Барлық ЭЕМ-ға жазуды қысқарту үшін әдетте сегіздік және он алтылық есептеу жүйелерінің орнын алмастыратын, қос есептеу жүйесі ғана түсінікті.
Машина тілімен салыстырғанда символикалық кодтаудың машиналық-бағдарланған тілдері ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz