Р. Мұқанова "Шатыр астындағы мен"


Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Р. Мұқанова "Шатыр астындағы мен"
Орындаған: Мұратов Серік
Жу-301
Тексерген: Секей. Ж
Семей, 2015
Әдебиет жанрларының ішіндегі ең күрделісі - драматургия. Театр келбетін қалыптастыратын, оның өркендеп өсуіне ықпал ететін әртүрлі факторлар бар. «Қазақ театрындағы кәсіби режиссура, актерлық шеберлік мектебі, кәсіби драматургия ахуалы қандай?» деген сұраққа жауап беру - қиынның қиыны. Ел арасында «Қазақ театрын әлемдік театрлармен салыстыруға да келмейді», «Қазіргі қазақ сахнасындағы спектакльдердің деңгейі сын көтермейді» деген сөздерді жиі естіп те жүрміз. Осындай пікірлердің қазіргі таңда туындауының себеп-салдары неде дейтін болсақ, оның бір ұшы осы драматургия саласына келіп тіреледі. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин секілді атақты жазушыларымыз салып кеткен драматургияның сара жолында аянбай тер төгіп, өзіндік суреткерлік қолтаңбасымен қазақ әдебиетіндегі «төрін» белгілеген ойлы жазушы, өткір мінезді драматург - Роза Мұқанова. Роза Мұқанова деген есімді естіген бойда ойымызға оралатыны - автор талантының төлқұжатына айналған «Мәңгілік бала бейне» шығармасыДраматургия саласының қыр-сырын жетік меңгерген автор қаламынан туындаған «Шатыр астындағы Мен» пьесасы кәсіби қазақ театры сахнасында әлі күнге дейін қойылмай келетіндігі қайран қалдырады. Үздік драматургияның барлық сұраныстарын өтейтін салмақты да сүбелі шығармалар қатарына осы пьесаны жатқызуға әбден болады. Көрерменнің көңілінде жүрген кейбір сауалдарына жауап іздеуге жәрдемдесуге қауқарлы екендігін пьесаны оқысаңыз, жай ғана оқымай, түсініп оқысаңыз, өзіңіз де көз жеткізесіз.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова бұл пьесасының жанрын «трагикомедия» деп айқындаған. Бұл пьеса кезінде ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің арнайы грантын да жеңіп алған.
«Шатыр астындағы Мен» пьесасында он кейіпкердің бейнесі қамтылған. Бір-біріне ұқсамайтын бірнеше кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін, мінез қатпарларын шығарма тынысынан анық сезесіз. Әлдеқандай «жұмбақ әкімшілікте» жұмыс жасайтын қызметкерлердің кабинеттік өмірі пьесада өткір сипат алған. Пьесада анау жаман кейіпкер, мынау жақсы кейіпкер деп, ешкімді ақтай да алмайсыз, ешкімді даттай да алмайсыз. Бөлім басшысы Анти-Шректің суайттығы, екіжүзділігі, оның көмекшісі Буфоның жағымпаздығы, жалтақтығы бірде күлкіге бөлесе, бірде көкейге мұң ұялатады. Пьесаны оқып отырып, қиялыңызға қанат бітеді. Кейіпкерлердің алуандылығы соншалық, кімнің сөзі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін ажыратып болмайсыз. Аласапыран әлемге «сапар шегесіз». Басқарма басшысы Сапақ Саталовичтің сөз жүзінде ғана әлдеқандай шаруаны тындыруға асығыс екендігі, бірақ ол үшін тіпті «шыбық сындырмайтындығы»; хатшы қыздың басқарма басшысын қызғанып, өзінің жеке меншігіндей көруі, «менің ғана рұқсатыммен ғана кіре аласыз» деп Анти-Шрекке қыр көрсетуі; мекеме қызметкері Имова есімді жалғызбасты әйелдің үнемі айқайлап сөйлеуі, «Әкімшіліктегі жұмысты жалғыз мен істеймін» деп қисынсыз жерге киліге кетуі; «танымал» адамдардан қолтаңба алмақшы боп жүгіріп жүретін жас қыздың аңқаулығы; өзін «Халық әртісімін!» деп таныстыратын әкімшіліктегі гүлсуарушы деңгейіне түсіп кеткен актрисасымақ әйелдің мақтаншақтығы; басқарма басшысының досы боп есептелетін Дәуқараевтың дөрекіліктері - бәрі-бәрі авторға тән юмор тілімен көркем қиыстырып жазылған. Пьесаның «Шатыр астындағы - Мен» деп аталуы да тегін емес. Роза Мұқанова автор ретінде өзіне-өзі «сын көзімен» қарағандығы көрінеді. Пьесада «Беймезгіл» деген кейіпкер бар. Бұл автордың прототипі секілді елестейді. Аты айтып тұрғандай, Беймезгіл күтпеген жерден сөз сөйлеп, «шатыр астындағылардың» жүйкесіне тиеді. Ол өзін осы өтіп жатқан оқиғалардың «әділқазысымын» деп есептейді. Өзге барлық кейіпкерлерді «сын садағына» түйреп, олардың келеңсіз қылықтарын әшкерелеп отырады. Анти-Шректің «Ешкімге жұғымы жоқ, өз әлемі өзінде» деген анықтамасына қарағанда, автор қоғамдағы «шырылдаған шындықты» еститін есті құлақтың жоқтығын меңзейді. Драматург кейіпкерлер арасындағы сыртқы ғана емес, ішкі қақтығыстарды да шебер ұштастыра білген. Әр кейіпкердің өзіне ғана тән сөйлеу мәнері бар. Оқиғалар өтіп жатқан орынның атмосферасын оқырман зердесіне жеткізуге жан-жақты мүмкіндік туғызған. Мекеме есіктерінен үздіксіз қайта-қайта кіріп-шығып жүрген кейіпкерлердің өмірлерінің бірсарындылығын, мағынасыздығын символикалық қалыпқа сыйғызған. Пьесаның «бастапқы оқиғасы», «орталық оқиғасы», «шарықтау шегі», «соңғы оқиға» секілді принциптері қатаң сақталған. Комедияның шарты боп саналатын «кейіпкердің ісі мен сөзінің үйлеспеуі» мен трагедияның шарты боп саналатын «кейіпкердің қазасы» әдістері де назардан тыс қалмаған. Пьесаның шарықтау шегінде «негізгі оқиға» боп таңдалған жер сілкінісінен кейінгі кейіпкерлердің аяқ астынан өзгере қалулары, мың құбылулары, «бетперделерін» сақтап қалуға тырысқан бейшара әрекеттері күлкі мен көз жасының шекарасын бұзуға қажетті драматургиялық ұтымды тәсіл ретінде қарастырылған. Шығармада жанр «тазалығы» ескерілген. Пьесадағы кейбір кейіпкерлердің аузынан шығатын сөздердің өзі автор тарапынан ерекше сарказм дәрежесіне көтерілген. Кейіпкердің «сөйлеу мәнері» оның мінезінен көп мәлімет беретіндей жүйелі композициялық құрылымға бағынып тұр. Бір лепте, бір импульсте айтылған кейіпкердің сөзі лезде құбылатын сәттер жиі ұшырасады. Кейіпкерлердің жаңылысулары, сөзден сүрінулері, ойламаған жерден қателікке бой алдырулары күлкі тудыру үшін қажетті драматургиялық әдіс ретінде қолданылған. Мысалы, Анти-Шректің басшысының жүзін «айға» теңеп, «Сізді көргенде көңіл-хошым орнында, жан дүнием мәре-сәре, апталап кеудемді қуаныш кернеп, көкте самғап жүргендей боламын. Сәке, сіз аман-есен жүріңізші, тілегім сол. Қазір, тіпті кресло дегенде де қасиет қалмай барады» деуі, оның артынша, басқарма басшысы Сапақ Саталович «Ол не деген сөз?» деп селк етуі, мұнымен қоймай, Анти-Шректің тағы да «Енді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz