Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі



Тарихилылық- қандай да бір тарихи дәуір келбетін жанды суреттер, нақты адам тағдырлары мен мінез-сипаттары арқылы танытатын көркем әдебиеттің басты белгілерінің бірі.
Әдебиет - рухани ұлы күш. Тарихилық – күрделі ұғым. Жалпы қоғам мен адамды зерттеудің барлық саласына ортақ принцип. Философия, тарих, социология, эстетика – қай саланың болсын өзіне тән қасиеттерін есепке ала отырып қолданылмақ. Көркем шығармада бұл – суреткердің тарих заңдарын, ағымын қаншалықты терең түйсінуінің таразысы, құбылыстардың мазмұнын елдің кешегі, бүгінгі және болашағы тұрғысынан аша білуінің дәреже, өлшемі.
Көркем шындық дегеніміз эстетикалық жолмен игерілген өмір шындығы. Бейнелемек дәуір шындығының фактілерін, құбылыстарының ең маңыздысын, елеулі сыпаттарын іріктей отырып, өткен заман шындығының көркемдік шешімін табуға керек. Ал ондай шешім дәуірдің ерекшеліктерін, әр жақ, бер жағын, елдің ішкі-тысқы үрдістерінің заңдылықтарын жете ұғынудан бас алады. Жоғарыда айтылғандай, – тарихилық принциптен.
Тарихи тақырыпқа деген қызығушылықтың артуы, халықтың өткен өмірін, бастан кешірген тағдырын суреттеуге арналған шығармалардың көптеп дүниеге келуі, бір жағынан, ұлттық сезімнің күшеюіне байланысты өз мүмкіншілігін сезіну, бүкіл адамзат тағдырын бейнелейтін тарихи шығармашылыққа өз үлесін қосу болса, екінші жағынан, өткен дәуір елесіне бүгінгі күн биігінен қарап, кешеден бүгінге жету соқпағының бастауында не тұрғаны туралы ой сүзгісінен өткізе отырып, жан-жақты бейнесін жасау жатқандығында. Бұл, әрине, ұлттық әдебиеттің өсіп-өркендеу биігіне байланысты болатыны да шындық. Дей тұрғанмен, қазіргі әдебиеттегі тарихи тақырып туралы сөз еткенде оның бастау-көзі көне фольклор мен ежелгі әдебиетте жатқандығын естен шығармау ләзім. Тарихилық мәселесі тарихи тақырыпқа жазылған қазіргі дәуір әдебиетіне ғана тән емес, тіпті халық ауыз әдебиетіне, фольқлорлық шығармаларға да қатысты болатыны белгілі. Ол туралы фольклорист-ғалымдар Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев еңбектерінде жан-жақты талданған.
1.Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. Алматы: Санат. 2000.
2.Қазақ әдебиеті тарихы. ІХ том. ред. басқ. С. Қирабаев. Алматы. 2005.
3.Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы. Алматы: Қазығұрт. 2002.
4. http://iskernews.kz/prozalik-shygarma/ ақпараттық-іздестіру порталы
5. http://writers.kz/journals/?ARTICLE=1932&CURENT&ID;=11&NUM=46 сайты
6. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқулық. Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет,Р.Тұрысбек.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №1-4
Тақырыбы: Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының көркемдік стилі, тіл айшығы

Пәні: Қазіргі қазақ әдебиеті
Тобы: Қ-217
Орындаған: Султанмуратова Ф.Қ
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ

Семей, 2015
ТАРИХИ РОМАНДАРДЫҢ БАСТЫ ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Нағыз тарихты тарихшы емес, суреткер жазады
(М. Горький)

Тарихилылық- қандай да бір тарихи дәуір келбетін жанды суреттер, нақты адам тағдырлары мен мінез-сипаттары арқылы танытатын көркем әдебиеттің басты белгілерінің бірі.
Әдебиет - рухани ұлы күш. Тарихилық - күрделі ұғым. Жалпы қоғам мен адамды зерттеудің барлық саласына ортақ принцип. Философия, тарих, социология, эстетика - қай саланың болсын өзіне тән қасиеттерін есепке ала отырып қолданылмақ. Көркем шығармада бұл - суреткердің тарих заңдарын, ағымын қаншалықты терең түйсінуінің таразысы, құбылыстардың мазмұнын елдің кешегі, бүгінгі және болашағы тұрғысынан аша білуінің дәреже, өлшемі.
Көркем шындық дегеніміз эстетикалық жолмен игерілген өмір шындығы. Бейнелемек дәуір шындығының фактілерін, құбылыстарының ең маңыздысын, елеулі сыпаттарын іріктей отырып, өткен заман шындығының көркемдік шешімін табуға керек. Ал ондай шешім дәуірдің ерекшеліктерін, әр жақ, бер жағын, елдің ішкі-тысқы үрдістерінің заңдылықтарын жете ұғынудан бас алады. Жоғарыда айтылғандай, - тарихилық принциптен.
Тарихи тақырыпқа деген қызығушылықтың артуы, халықтың өткен өмірін, бастан кешірген тағдырын суреттеуге арналған шығармалардың көптеп дүниеге келуі, бір жағынан, ұлттық сезімнің күшеюіне байланысты өз мүмкіншілігін сезіну, бүкіл адамзат тағдырын бейнелейтін тарихи шығармашылыққа өз үлесін қосу болса, екінші жағынан, өткен дәуір елесіне бүгінгі күн биігінен қарап, кешеден бүгінге жету соқпағының бастауында не тұрғаны туралы ой сүзгісінен өткізе отырып, жан-жақты бейнесін жасау жатқандығында. Бұл, әрине, ұлттық әдебиеттің өсіп-өркендеу биігіне байланысты болатыны да шындық. Дей тұрғанмен, қазіргі әдебиеттегі тарихи тақырып туралы сөз еткенде оның бастау-көзі көне фольклор мен ежелгі әдебиетте жатқандығын естен шығармау ләзім. Тарихилық мәселесі тарихи тақырыпқа жазылған қазіргі дәуір әдебиетіне ғана тән емес, тіпті халық ауыз әдебиетіне, фольқлорлық шығармаларға да қатысты болатыны белгілі. Ол туралы фольклорист-ғалымдар Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев еңбектерінде жан-жақты талданған.
Стильдік кестесі, баяндау формалары сан алуан түрдегі, тақырып ауқымы жағынан бағзы заманнан бастап бүгінгі күн мәселелеріне дейін қамтитын, көркемдік биігі жоғары, бояулары айшықты, ішкі иірімдері мол романдар шоғыры дүниеге келді. Бұл құбылыс әсіресе жетпісінші-сексенінші жылдары ерекше қарқын алды. Д.Әбілов, А.Тоқмағамбетов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Д.Досжанов, С.Сматаев, Қ.Салғарин, З.Ақышев, Б.Жандарбеков және басқалардың тарихи романдары жарық көруі сан жағынан да, сапа жағынан да өсіп, арнайы зерттеу объектісі болатын дәрежеге жетті.
Бұл кезең тарихи роман жанрының ерекше дамып, гүлденген, жоғары биік белеске көтерілген жылдары болды. Дей тұрғанмен, осы биік белеске бір-ақ күнде қол жеткізіп, көтеріле қойған жоқ. Әр кезеңдегі саяси жағдайға орай, бірде қақпай көріп бәсеңдеп, өшуге таяп барып, енді бірде қайта күш алып, өз бетін айқындай алға ұмтылып келді. Соған орай тарихи романдарды зерттеу мәселесі де уақыт ерекшелігіне сәйкес әр түрлі деңгейде көрініс тапты. Тарихи тақырыптағы шығармалар, оның сыны мен зерттеу ісінің жолы әрқашан жіңішке болды. Соған қарамастан, жазушылар өзі діттеген мақсатқа жол табуға тырысты, оған бар қажырын жұмсады.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар, ондағы дәстүр жалғастығы, авторлық идея, ой-нысана, образ жасау жолдары, тарихи дерек, мұрағат материалы, аңыз желілерін пайдаланудағы жазушылық мақсат пен ой түю ерекшеліктері, оны қазіргі заман көріністерімен сабақтастыру сипаты - тұтас күйінде бұрын терең зерттелмеген, қазіргі қазақстанның әдебиеттану ғылымы үшін зәру әрі көкейтесті проблеманы қозғайтын тақырып. Сондықтан өнер туындысындағы жазушының тарихқа көзқарасын тарихи шығармадағы көркемдік таным тұрғысынан пайымдау қазіргі әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселе деп қараймыз.Ал, тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушының өзіне ғана тән субъективті сана-сезімін қалыптастыратын факторлар өте күрделі болып келеді. Яғни ол сан тарау таным мен талғамның қосындысынан тұратын фактор болмақ. Дей тұрғанмен, негізгі субъективті сананы қалыптастырушы тұрақты, арналы, дің іспетті іргелі танымдар болады. Оларды, біздіңше, мынадай бірнеше түрге жіктеуге болар еді: 1) философиялық; 2) саяси тұрғы; 3) білім негізі; 4) өмір сабақтары; 5) сезім; 6) мінез бен жігер. Мұнын өзі тарихи шығармаларды зерттеу дегеніміз бірнеше пәндік, ғылыми негіздердің тоғысуы, жапсарласуы барысында жүзеге асатынын көрсетеді. Міне, осы тұрғыдан келгенде, тарихи шығармаға қатысты іргелі мәселенің бірі - жазушы және тарих немесе жазушының тарихқа көзқарасы деуге болады. Қазақ филология ғылымдарының атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, Тарихтың қызметі - бүтін адам баласының, яғни бүтін бір жұрттың, я бір халықтын өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту болса, әдеби шығармада суреттеліп отырған кезең автордың ой көзінен өтеді, сұрыпталады, қорытылады, одан әрі сол туындыға ғана тән сипатқа ие болып, оқырман алдында қайта тіріледі, тарихи келбеті жасалады. Осыған орай, Көркем өнер тілімен өткен тарихты қайта тірілтудің принциптері, әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері қайсы? Оның көркем шығармадағы көрінісі қандай? деген тәрізді сауалдар әдебиеттану ғылымының басты нысанасы болып келеді, әлі де бола беретіні сөзсіз. Өйткені көркем шығарманы тарихты бейнелеудегі өзіндік тәсілімен қоса, әрбір шығарма қайталанбас өнер туындысы. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма мәселесі танымдық және көркемдік тұрғыдан бұрын арнайы қарастырылмаған. Рас, тарихи шығармалар бұрын да зерттеліп келген, әсіресе тарихи роман мәселесі көбірек сөз болып, тарихилық проблемасы қаламгер шығармашылығы бойынша монографияларда, жанрлық тұрғыдан зерттеулерде, тарихи роман хақында жазылған кітаптарда поэтиканың бір қыры ретінде айтылып келе жатқанын жоғарыда сөз еттік. Бұл орайда С.Қирабаевтың, З.Ахметовтің, Р.Бердібаевтың, Т.Кәкішевтің, Р.Нұрғалиевтің Ш.Елеукеновтің, Ә.Нарымбетовтің, Ж.Дәдебаевтың, Т.Сыдықовтың т.б. еңбектерін еске аламыз.Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. Бұл орайда тарихи тақырыптың қазақ әдебиетіндегі туып, қалыптасу, орнығу үлгісін танытатын алғашқы туындыларды, яғни Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқановтардың тарихи шығармаларын айтпағанның өзінде, І.Есенберлиннің "Көшпенділер", "Алтын Орда", Ә.Әлімжановтың "Махамбеттің жебесі", "Жаушы", Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры", "Елең-алаң", М.Мағауиннің "Аласапыран", С.Сматаевтың "Елім-ай", Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз", Ж.Тұрлыбаевтың "Тамыз таңы", "Райымбек" романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстартарына байланыстыра білу көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін жаңа тұжырымдама әкелген шығармалар деуге болады. Тарих - адамның әлеуметтік тірлігінің сорабы. Адам - әрі тірліктің субъектісі, әрі тарихи танымның субъектісі. Әлеуметтік тірлік практикасы аркылы адам тарихты жаратты, өзін кемелдендірді. Соңымен бірге тарихты да, өзін де танып отырады. Демек, адамның тарихты тануы, өткеруі, меңгеруі, түйсінуі, бағамдауы - тарихи сана болып табылады. Тарихи сана өз ішінде екі үлкен саланы қамтиды; оның бірі - танылған, еске алу, бүтінді бағамдау, ертеңді болжау түрінде көрініс береді. Екінші бір саласы - адамның өз басындағы тарихи әрекеттердегі орны, рөлі және мәні жөніндегі өзіндік санасы. Осы екінші сананы "тарихтың субъектив санасы" деуге болады. Тарихтың субъектив санасына гуманистік, субъективтік таным, героизм тұрғысынан талдау жасауға болады.
Тарихи тақырыпқа бару, яғни өткенге көз салу, сол өткендегі айтпауға болмайтын жайларды айтуға талпыныс - уақыт талабынан туындайтын құбылыс. Өйткені әдебиет - халық өмірінің идеялық-эстетикалық айнасы. Әдебиеттің ілгерілеуі де, өсуі де халықтың өткеніне көркемдік байыптау, қорытындылар жасау арқылы болады. қазіргі өмір мен өткен заманның арасындағы байланыс, сабақтастық тарихи тақырыпты игеру нәтижесінде ғана ашылмақ. Халық өткен тарихын толық зерттеп, ондағы кемшіліктерден тиісті қорытынды шығармай тұрып, рухани дамуда үнемі жетістікке жетуі неғайбыл.
Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды. Тарихи шығарма ол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық тұжырымдамасы жатады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының өткені мен бүгінгісін, адамшылық табиғаты мен азаматтық тағдырын танытудағы тарихи шығармалардың алатын міндеті айрықша мол екендігі шындық. Әдебиет қашанда ұлтты-азаматтық сана-сезім мен ұлттық мораль қалыптастырушы гуманистік қасиеттердің жаршысы міндеттерін атқарады. Шын мәніндегі әдеби шығарма - игі ниетті халықтарды бір-бірімен таныстыратын көркемдік дәнекер. Осы тұрғыдан келгенде, нағыз көркем туынды эмоциялық әсерлі әсемдік сезім сыйлаумен қатар, сол ұлттың ұлағаттарын, адамгершілік-азаматтық игі дәстүрлерін, тамаша қасиеттерін басқа халықтарға мөлдіретіп жеткізетін қоғамдық-философиялык ойдың көркем формасы екені мәлім. Бұл тұжырымдардың тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларға да қатысы мол.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ғылым, 1979.
2. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқулық. Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет,Р.Тұрысбек.
3. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. - Алматы: Ғылым, 1991.
4. Жұртбаев Т. Бейуақ. - Алматы: Қазақстан, 1990. 304 бет.
5. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ер Дәулет. 1996.

Қ.ЖҰМАДІЛОВТІҢ "ДАРАБОЗ" РОМАНЫНА, ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ "АЙ МЕН АЙША" РОМАН-ДИОЛОГИЯСЫНА, А.КЕМЕЛБАЙДЫҢ "ҚОҢЫР ҚАЗ" ШЫҒАРМАСЫНА ӘДЕБИ ТАЛДАУ (ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ, ПОРТРЕТТЕР, МІНЕЗДЕУ, ЖАЗУШЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СТИЛІ, ТІЛ АЙШЫҒЫ

Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романы
Тәуелсіз Егемен ел болған шақта көкірегіне сөз құдіреті дарыған туындылар келе бастады, соның бірі Қабдеш Жұмаділовтің Дарабоз дилогиясы. Біріншіден, бұл роман ойрат-қазақ жұртының арасындағы жан алып, жан беріскен қанды жорықтарды арқау етеді. Жоңғар қалмақтарының қазақ даласын қанға бөктіріп жаулап алуын болдырмау үшін күрес - роман негізгі ойы. Қалмақтардан қазақ жерін тазарту, шегірткедей қаптаған шүршіттерді туған жерге бастырмау, жау жағадан алғанда етектен тартқан қырғыздардан есе қайыру, алты Алаштың басын қосып, ұлттық бірлігін қалпына келтіру. Дарабозда қазақ халқы табиғатынан тым сенгіш, аңқылдақ, таза, кірпияз, көпшіл, қарапайым. Дарабоздың басты табысы - Абылайхан бейнесі. Қабдеш Жұмаділов дилогиясында Абылайхан бейнесін әр қырынан, әр қилы жағдайда жан-жақты көрсетуге еңбек сіңірген. Абылай - сөзі мен ісінде алшақтыққа жол бермейтін, дініне берік басшы. Біздің уысымызға толатын, төрт аяғын тең басқан дара тұлға - романдағы Қабанбай батыр.
Қабдеш Жұмаділов - тіл байлығы керемет қаламгер. Қай шығармасын оқысаң да, осы айтылғанға көзің жетеді. Бұл әрине жазушының сөз өнерінің шебері екенін дәлелдейді. Оның сөздері орынды пайдаланып, әр түрлі тіркестерді қолдануының өзі шеберлігінің бір көрінісі. Өйткені, әрбір жазушы кез-келген шығарманы жазу алдында көп ізденіс, шығармаға байланысты материал тауып, даярланады. Содан кейін бәрін сарапқа салып, содан кейін шығарма жаза бастайды. Ал, тарихи романды жазу үшін жазушыға үлкен дайындық керек. Ол тарихты тарихшыдан кем білмеу керек. Қабдеш Жұмаділов те Дарабозды өмірге әкелерден бұрын, көп нәрсені зерттеп, талдау жасайды. Бүгінде Дарабоз романының маңызды шығарманың бірі болып отырған сондықтан.
Жеке адамның ұлт тұлғасы дәрежесіне көтерілуін көркемдік жағынан иланымды, иін қандыра суреттеген тәуелсіздік романдарының шеруінде жазушы Қабдеш Жұмаділовтың Дарабоз атты Қаракерей Қабанбай батыр туралы тарихи роман-дилогиясы (1994,1996) бірден көзге түсті. Шығармасына Дарабоз атты поэтикалық ат қойған автор, бүгінгі білімі мен талғамы мол, Абай жолын оқып өскен қалың оқырман жұртшылық алдында елден ерек герой образын жасау жауапкершілігін иеленгендей еді.
Қабанбайдың азан шақырып қойған есімі - Ерасыл. Ауыл жұрты қойған лақап аты - Қабанбай. Дарабоз есімін ел атынан берген - Абылай хан... Осы өзгерістердің тарихынан қызықты әңгімелер шерте отырып, Қабдеш романы өз қамын, әрі кеткенде ауыл аймағының ғана қамын жеп жүрген жеке мүдделі жас адам бейнесін бірте-бірте ел-жұрт мүддесін жан-тәнімен қорғайтын тұтас бітімді тұлға өресіне көтереді.
...Нешеме күн бойы алдырмаған Шыңғыстаудың шатқалындағы жау бекінісіне қарсы қалың қолды бастап тұра шапқан Қабанбай батыр ақбозбен оқ бойы алға шығып кетіпті. Төбе басында ұрыс даласын шолып тұрған Абылай: ау мына дара бозың кім, көзсіз батыр тым алға шығып кетті-ау, мерт болмаса игі деп алаңдайды.
Ақыры ойрат қолын ойсырата жеңіп оралған ақбозбен ағызып дара шапқан батырдың Қабанбай екенін біліп қатты разы болған Абылай, атынан түсіп: - Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дарабозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді... Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! - деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан.
Жазушының кейіпкерді пішіндеу принципі жеке, ұлт, адамзаттық мүдделердің бірлігін ұштастырған тұтас тұлғалы кейіпкер жасау проблемасына саяды. Шешімі - Қабанбай образында. Автордың Қабанбай тұлғасын пьедесталға қойып төменде тұрып қызықтауын, оған деген патриотшыл, отаншыл сүйіспеншілігін ел қамын жеген едігерлерді мақтаныш тұту мағынасында түсіну жеткіліксіз. Роман Қабанбай тұлғасын өрнектеу барысында ұлттан асып, жалпы адам баласының қайрат-жігер мүмкіндігінің шет-шегі болар ма деген ойға бастайтындай. Характері құрыштай тұтас адамның алмайтын қамалы болмайды.
Қаламгер бас кейіпкерінің ішкі жан дүниесіне тереңдеп бойлаудан гөрі, мінезінің пәрменді парасаттылығына, романдағы характерлермен арақатыста артықша көрінетін білек күші ғана емес, сана қуатының айшықты суреттелуіне баса назар аударады. Тұтас тұлғалы кейіпкердің жалпы сипаттамасы роман әу деп басталғанда-ақ берілген. Жинақы, қорытынды түрде бас кейіпкер Қабанбай батырдың 1748 жылы Сарысу бойында отырған Ұлы ордада өткізіліп жатқан хан кеңесінде сөйлеген сөзінде түйінделеді...
- ...Бейбіт күн неге жаман болсын, егер төрт түлігің сай, көңілің жай болса! Жарты жерің жау қолында жатқанда уайымсыз ұйқы, қамырықсыз күлкі бола ма? Қазақта ана құрсағынан қан шеңделдеп, соғыс тілеп туған ешкім жоқ. Бірақ менің де арманым - әкемнің моласы жатқан ата қонысымды көзімнің тірісінде азат ету. Құдай куә, сол арманға жеткен күні қара найзамды қақ бөліп, лақтырып тастауға әзірмін... Қазақ үшін жерден қымбат нәрсе жоқ. Дұшпан астыңдағы атыңды сұраса, аяма. Өйткені Қамбар ата аман болса, тұлпар тумай қоймайды. Дұшпан қойныңдағы қатыныңды сұраса да, таршылық етпе. Өйткені, ел аман болса, сен үшін тағы бір сұлу бойжетеді. Тек дұшпанға бір сүйем жер беруші болма. Өйткені асыраушы жер ана ешқашан үлкеймейді! - деген екен қасиетіңнен айнайлайын арғы бабаларымыз. Сол өсиет, шынымен-ақ, жадымыздан шыққаны ма?!
Қабанбай батыр сөзі қысқартылып беріліп отыр. Жалпы бұл сөз Дарабоз роман-дилогиясының экспозициясы іспетті. Онда бас кейіпкер Қабанбай батыр характерінің психологиялық қозғаушы күші, еш жау аттан түсіріп көрмеген жеңімпаздығының сыры тұжырымдалады. Мәні - Қабанбайдың жеке мүддесінің (әкесінінің моласы жатқан ата қонысын азат ету) ұлт мүддесімен соншалықты әдемі үйлесім табуында (дұшпанға ел жерінің бір сүйемін де бермеу).
Қабанбай - идеал герой. Бір басында даналық ой, қолбасылық биік өнер, асқан батырлығы кісілігімен, үлкен жүректі ізгілігімен жарасқан айрықша адам. Ондай кейіпкердің өсу жолын оқырман иланатындай етіп суреттеу үшін көп ізденіп еңбектенуге тура келген. Жазушы алдында тұрған міндет оңай емес-ті.
Қабанбай бейнесі алғаш рет фольклор қазынасында, ақын-жырау толғауларында, дастандардында жырланды. Роман авторына олардың бәрінің белгілібір дәрежеде әсері тимей қоймаған. Дилогиясына эпилог етіп Бұқар жыраудың Әй, Абылай, Абылай деп бастап, Уа, сен Қанжығалы Бөгенбай, Тоқымы кеппес ұры едің. Қабанбайдан бұрын найзаңды Қай жерде жауға тіредің?! деп аяқталатын жырын эпиграф етіп алады. Мұның орынды заңдылығы бар.
Қабдеш Жұмаділов фольклор мен ауыз әдебиетіндегі Қабанбай батыр туралы аңыздың асқақ әуенін төмендетпейді, әлсіретпейді. Эпостың героикалық пафосын, образдың халық тағдырымен кіндіктес рухын сақтап қалады. Қабанбай батырдың ауыз әдебиетінде бас батыр есебінде (Қабдешше - Дарабоз) ел, қоғам тағдырын шешетін тұлға боп аспандатылатына сөзсіз қосылады. Қабанбайдың қан майданға мініп шығатын тұлпары Қобыландының Тайбурылындай ерек жаратылған. Дей тұрғанмен, бұл ұқсастықтар сыртқы ұқсастық екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)жайында
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі
Сентиментализм
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер