Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы



Жоспар:
1. Жергілікті тіл ерекшеліктері
2.Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы
3. ШЕТ ТІЛІНЕН КАЛЬКАЛАНҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Тіл – ойлаумен,халықтың Менталитетімен,Мәдениетін үздіксіз,тығыз байланыстағы адам қарым-қатынасының әлеуметтік аса маңызды құралы;ишартты,бірақ құрылымдық негізделген мағынасы бар таңбалар мен нышындардың жүйесі. Тіл – адамдар арасындағы саналы әлеуметтік сөйлеу қарым-қатынасының негізі; адамдардың мінез-құлқын реттеудің,қоғамды және әралуан құрылымдық элементтерін басқарудың маңызды құралы.
Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылатын тіл. Аумақтық диалект – аумақтық жағынан шектелген және Әдеби тілмен қатар қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған.Әлеуметтік диалект – әлеуметтік немесе кәсіби жағынан топтасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл. Фонетикалық,грамматикалық құрылымы жағынан әдеби тілден соншалықты айырмашылықтары жоқ,әлеуметтік тіл негізінен лексика,семантика,фразеология бойынша айырмаланады.Мысалы,құмырашылар мен аңшылардың тілін әлеуметтік диалектіге жатқызуға болады.
Аймақтык тіл білімі, немесе ареалдық лингвистика (лат. area алан, кеністік)— тіл құбылыстарының кеністік көлемінде және тіларалық (диалектаралық) қарым-қатынаста таралуын лингвистикалық география әдісімен, яғни географиялық карталарға түсіру арқылы зерттейтін тіл білімінін бір саласы. Аймақтык тіл білімі герминіналғаш рет қолданған М. Дж. Бартоли мен Дж. Видосси (1943, Италия). Аймақтықтілбілімінін — негізгімақсатытілерекшеліктерініңтарағанаймақтықкөлемінанықтау. Аймақтықтілбілімітілдеанықталғантілдікқұбылыстарнегізіндетуады, диалектологияментікелейбайланысты.
Әдебиеттер тізімі
1. Айдаров Т. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері». Алматы, 1975;
1. Досқараев Ж., Мұсабаев Ғ. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1951
2. Досқараев Ж. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». ІІ бөлім (лексика), Алматы, 1955;
3. «Некоторые вопросы истории и диалектологии казахского языка». «Вопросы языкования», 1954, №2
4. Кеңесбаев І. , Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі». Лексика / фонетика. Алматы, 1975 «Қазақдиалектологиясы» 1 – шығуы. Алматы, 1965«Қазақ тілініңдиалектологиялықсөздігі». Алматы, 1969
5. Источник: http://fullref.ru/job_81fdb38ef64fd3c31f6a10ee00eb1b3f.html

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары).

Орындаған: Калиева Н.
Тобы: Қ-319с

Семей 2015жыл
Жоспар:
1. Жергілікті тіл ерекшеліктері
2.Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы
3. ШЕТ ТІЛІНЕН КАЛЬКАЛАНҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Тіл - ойлаумен,халықтың Менталитетімен,Мәдениетін үздіксіз,тығыз байланыстағы адам қарым-қатынасының әлеуметтік аса маңызды құралы;ишартты,бірақ құрылымдық негізделген мағынасы бар таңбалар мен нышындардың жүйесі. Тіл - адамдар арасындағы саналы әлеуметтік сөйлеу қарым-қатынасының негізі; адамдардың мінез-құлқын реттеудің,қоғамды және әралуан құрылымдық элементтерін басқарудың маңызды құралы.
Диалект - аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылатын тіл. Аумақтық диалект - аумақтық жағынан шектелген және Әдеби тілмен қатар қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған.Әлеуметтік диалект - әлеуметтік немесе кәсіби жағынан топтасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл. Фонетикалық,грамматикалық құрылымы жағынан әдеби тілден соншалықты айырмашылықтары жоқ,әлеуметтік тіл негізінен лексика,семантика,фразеология бойынша айырмаланады.Мысалы,құмырашылар мен аңшылардың тілін әлеуметтік диалектіге жатқызуға болады.
Аймақтык тіл білімі, немесе ареалдық лингвистика (лат. area алан, кеністік) -- тіл құбылыстарының кеністік көлемінде және тіларалық (диалектаралық) қарым-қатынаста таралуын лингвистикалық география әдісімен, яғни географиялық карталарға түсіру арқылы зерттейтін тіл білімінін бір саласы. Аймақтык тіл білімі герминіналғаш рет қолданған М. Дж. Бартоли мен Дж. Видосси (1943, Италия). Аймақтық тіл білімінін -- негізгі мақсаты тіл ерекшеліктерінің тараған аймақтық көлемін анықтау. Аймақтық тіл білімі тілде анықталған тілдік құбылыстар негізінде туады, диалектологиямен тікелей байланысты. Жергілікті тіл ерекшеліктерін тілдік аймақтар бойынша картаға түсіріп, жүйелі түрде зерттеп шығу қазақ диалектологиясында әлі жете анықталмаған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Дегенмен, диалектология мен аймақтык тіл білімінін міндеттері мен зерттеу объектілері бірдей емес.[[1]] Диалектологиянын қарастыратыны диалектілер, олардын қазіргі күйі, изоглосса сызықтардың таралу шегі болса, ал аймақтык тіл білімі тілдік кұбылыстардың географиялық таралу аймақтарын, олардын өзара байланысын, таралу жолдарын, тіл құбылыстарынын негізгі орталықтарын, сөйтіп тілдік одактардын аймағын (Батыс түркі қағанаты, ортаазиялык тілдер, қыпшақ тілдері т.б.) анықтау болып табылады. Аймақтык тіл білімі тек диалектілік емес, жеке ұлттық тілдер мен туыс тілдер тобындағы айырым және ортақ тіл құбылыстарын айқындауға мүмкіндік береді. Аймақтык тіл білімінін түркологиядағы алғашқы үлгісі Орта Азия түркі тілдері мен диалектілерінің фонетикасы мен морфологиясы негізінде жазылған Н.3.Гаджиеванын "Проблемы тюркской ареальной лингвистики" (М., 1975) енбегінде берілген.
Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар -- халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз -- қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды. Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері -- әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу -- тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасының тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта -- мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады. Біз осы еңбекте Шымкент өлкесінде тұратын қазақтардың тілі туралы кейбір деректерге тоқталмақпыз. Әрине, мұнда беріліп отырған тікелей методикалық нұсқаулар жоқ. Алайда қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің өз оқыту тәжірибесінде назар аударарлық кей жерлер туралы бұл еңбектен керекті мәлімет алары даусыз. Негізгі мәселеге кіріспес бұрын осы жерде мына бір жайды ескерте кетудің қисыны бар. Халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін ғылымда -- диалектологияда мұндай әр өлкеге тән тіл құбылыстарын диалектілік ерекшелік деп атайды. Белгілі бір аймақтың тұрғын халқының тіліне тән диалектілік ерекшеліктер өзара ұқсас болады. Мұндай бір-біріне ұқсас құбылыстар белгілі ауданның, облыстың, яки жалпы бір территориялық аймақ халқының тілін қамтуы мүмкін. Мұндай бір жүйелі уқсас диалектілік құбылыстары бар территорияны тіл білімінде диалект немесе говор деп атайды. Мұның қазақ тілі білімінде көбірек қолданылып жүргені -- соңғы говор деген термин. Шымкентте тұратын қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)»
Тілдің аумақтық өзгешеліктері
Тілдің аумақтық өзгешеліктері туралы ақпарат
Тіл және қоғам жайлы
Кәсіби сөздердің әдеби тілге қатысы жайында
Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Әлемдік тілдер жайлы
Әлемдік тілдер туралы ақпарат
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Пәндер