Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер

Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері

20ғ басындағы түркітану тарихы

Орындаған: Анарбек Ақбота

Тобы: КЯ-413

Тексерген: Қинаятұлы Шаяхмет

Семей қ, 2015 ж.

Жоспар:

  1. Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
  2. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері
  3. 20ғ басындағы түркітану тарихы

Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Шығыс ежелгі мәдениет орталығы болды. Егер тарихқа көз салып қарайтын болсақ, көне грек мәдениетінен бұрын және оның дамуына ықпал еткен Үндістан, Вавилония, Қытай мәдениеті болған.

Түркі халықтарының тілін, әдебиетін арнайы зерттеу тарихы көне заманға бармайды, орта ғасырдан басталады. Біздің қолымызға келіп жеткен деректерге қарағанда, алғашқы түрік тілін зерттеген ғалымдар араб ғылымымен, араб мәдениетімен байланысты болғандар. Оның тарихи себебі де жоқ емес. Біріншіден, түркі халықтарының көпшілігі ( Орта Азия, Түркия халқы ) арабтардың қол астында болды. Арабтар өз үстемдігін мәңгілік ету, жерді көбірек жаулап алу мақсатында түркі халықтарының тарихын, тілін, әдет- ғұрпын үйрене бастады. Екіншіден, арабтар жаулап алған территорияөте кең болатын, сондықтан да олар арасындағы қатынас жолын сақтау және үздікдіксіз болуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет тұтастығын не жаңа жерлер басып алу үшін жергілікті халықтардың өкілін мемлекеттік жұмысқа, әскерге алатын болған. Басқыншы армияның құрамында келген арабтар бұл мақсатты қанағаттындыра алмайтын.

Түркі халықтарының қай дәуірден бастап зерттеле бастағанын нақты көрсету қиын. Бірақ бізге жеткен ең көне түркі тілдеріне байланысты пікір айтқан еңбек қараханидтер дәуіріне сәйкес келеді. Ең күрделі және жазылған уақыты жағынан көнесі Қашқаридің “Диуани лұғат ат түрік” деген еңбегі болып саналады. Түркі тілдері туралы жазылған екінші еңбек- Махмұд Замахшаридің “Мұхаддимад-ул-адаб”деген еңбегі. Академик Бартольд Замахшаридің еңбегіндегі түркі сөздерін XII-XIIIғ Орта Азия түркі халықтарының лексикасынан хабар береді деп көрсеткен.

Орта ғасырдағы түркі тілдерін зерттеуде үлкен үлес қосқан ғалымның бірі- Асируддин Әбу Хаям әл-Андалусси. Бізге жеткен мәліметтер бойынша Әбу Хаям түркі тілдері бойынша 4 еңбек жазған, оның біреуі ғана бізге жеткен не қазірше табылғаны біреу-ақ. Ол кітаптың аты - “Китоб ол идрак ли-лисон ал-атрок”. 1312 жылы Каирде жазылған. 1-бөлімде сөздік берілсе, 2-бөлімде грамматикаға тиісті пікірлер айтылған. Мамлуктер тілі аралас болған.

X ғасырдан бастап түркі тайпалары туралы мәлімет орыс жылнамаларында, жазбаларында кездесе бастады. Бұған гун тайпаларының Еділден өтіп Дон жағалауына жетуі, славян тайпаларымен тікелей қатынас жасай бастауы себепші болған. Тарихи еңбектерде гундар туралы көп жазылып, ғалымдар арасында көп пікір таласы болса да оның басы ашылмай, күңгірт болып жатқан мәселелері мол.

Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В. А. Богородицкий(1879-1941) - көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е. Д. Поливанов(1891-1938) -жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған. Н. К. Дмитриев( 1898-1954) - түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н. К. Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, үйғыр, алтай, тува, т. б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым.

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

XX ғасыр басындағы өтпелі, дүрмекті кезеңде саяси күрес сахнасына шығып, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, болашағын болжап, аспан астында өмір сүру құқығын қорғап тер төккен, сонымен қатар осы жолда құрбан болған қазақ зиялылары қаншама. Бүгінде Алаш қозғалысының 90 жылдығын ел болып атап өтіп жатқанда ел үшін құрбан болған ерлердің әруағына бас иіп, еткен еңбектерін саралап, әділ бағасын беру игілікті іс. Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. Қалғанша жарта жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш, - деп Міржақып ақын айтқандай, Алаш үшін тер төгіп, ел қажетін өтеп, әлеуметтік өмірдің барлық саласына өзінің үнін қосқан ардақтыларымыздың бірі - бүгінде туғанына 125 жыл болып отырған азамат Халел Досмұхамедов еді. Ол 1883 жылы 24 сәуірде Тайсойған құмында дүниеге келді. Әкесі Досмұхамед көзі ашық адам болатын. Ол ұлын жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға берді. Жасынан зерек Халел 1902 жылы Орал әскери реалдық училищесін үздік бітірді. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық әскери медициналық академияға оқуға түседі. Халелдің студенттік кезеңі Ресейдегі саяси толқулармен тұстас келді. Мұның өзі жас жігіттің саяси көзқарастарының қалыптасуына игі әсер етті. Халел Досмұхамедов Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым ретінде тарихта өзіндік орны бар тұлға. Х. Досмұхамедовтың ғылыми ізденістермен тереңдеп шұғылдануына басты екі қызметі әсер етті. Біріншіден, қазақ-қырғыз білім комиссиясының, екіншіден, Мемлекеттік ғылыми кеңестің төрағасы болуы еді. Бүгінде Халелтану бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Халелдің еңбектерін саралап келе оның жан-жақты біліміне таң қаласың. Ол кәсіби дәрігер ғана емес, қоғам қайраткері, саясаттанушы, қоғамтанушы, тілші, тарихшы, әдебиетші, фольклор жинаушы. Біздің бұған қосып айтарымыз, Халел - қазақтан шыққан алғашқы түркітанушы. Халел 1923 жылы «Шолпан» журналының 7-санында «Диуан лұғат ит-түрік» атты мақала жариялады. Осы мақаласы арқылы қазақ қоғамын алғаш рет ұлы сөздікпен таныстырып, Махмуд Қашқаридің тарихтағы орнын белгілеп берді. Бұл тұрғыда ол «Диуанды» алғаш зерттеген В. В. Бартольд, В. А. Гордлевский, Т. А. Боровков, А. Н. Кононовтармен иық тіресіп тұр. Аталмыш мақаласында «Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған, кіндік кесіп, кір жуған жері, ата қонысы Ыссықкөл жағасы Барсхан шаһарында болды. Махмуд Қашқари Азиядағы түрік бектерінен, әскерінен, ғалым, шайырларының алдыңғы қатарынан болған» - дей келіп, Махмудтың тегін саралап таныстырады. Ол «Диуан» 1073 жылы жазылған деп ғылыми тұжырым жасайды. Махмуд Қашқаридың замандасы болған Йусуф Хас Хажибтың «Құтадғу білік» есімді кітабы 462 жылы тауық (1069-1070 қыс күні) жылы жазылған. Осылайша Махмуд Қашқари кітабы мен Йусуф Хас Хажибтың кітабы жазылуының арасы екі-үш жыл уақыт болады деп тұжырымдайды. Иә, көне түркі мәдениеті шарықтап, IX-XII ғасырларда небір жазба ескерткіштер дүниеге келді. Солардың бірі М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» сөздігі мен Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбектері. Бұл шығармалардан байырғы түркілердің мәдениетімен қоса ел басқарған, мемлекет құрған өркениетін де көреміз. Еуразия территориясында көне түркілік көшпелі тайпалар белгілі бір этномәдени негізде қалыптасты. Олардың материалдық және рухани жетістіктері кейінгі қазақ халқының мәдениетінің қалыптасуының қайнар көзі болды. Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында «Біз өз мемлекетімізді ұзақ уақытта меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» деп көрсетті. Сондықтан байырғы түркі бабаларымыз, этногенетикалық тамырымыз қандай еді, ХҮ, ХҮІ ғасырдан кейінгі сол ежелгі жұрттың ұрпағы болып отырған біз қандаймыз деген сұрақ тууы заңды. М. Қашқари былай дейді: «Түркілер көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік, кішіктік, тағы сондай сансыз көп мақтаулы қасиетке ие». Жас ұрпаққа этномәдени білім мен тәрбиені бабалар қаламынан туған осындай ұлағатты сөз шырындарымен ексек нұр үстіне нұр болар еді. Халел Досмұхамедов былай деп атап көрсетті: «Түрк қауымы тіл, әдебиет һәм мәдениет тарихы үшін 1889-ыншы жылы Орхон жағаларында Ядринцев тапқан, Томсен, Радлов һәм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп, нәшр етілген, барлық мәдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің фікірін алыстырған (өзгерткен) ескі түрк, Орхон «бітік тастары» қандай аһамиаты болса, Махмуд қашқари кітабында да аһамиаты сондай». Түркітану ғылымы көне түркі дәуірлеріндегі сына жазулардың табылуымен, олардың түркілік мұра екендігі дәлелденумен байланысты XYIII ғасырда дүниеге келді. Орта ғасырлардағы М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» сөздігі және тағы басқа жазба жәдігерліктердің табылып, ғылыми айналымға қосылуымен қатар түркітану ғылымы өркендеді. Биылғы жыл Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» кітабының жарыққа шыққанына мың жыл толғалы отыр. Соны ЮНЕСКО аясында, әлемдік деңгейде атап өту жоспарлары белгіленуде. Жаңа ғасырдағы түркітану ғылымының алдында іргелі міндеттер тұр. Түркітану ғылымы Кеңес Одағы тұсында жақсы өркендеді. Дей тұрғанмен белгілі бір саяси шеңберлердің аясында шығып кете алмағаны белгілі жайт. Бүгінгі тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттер түркітану ғылымында еркін кеңістікте әрекет етіп жатқанымен, оқшаулану, даралану сипат басым. Сонымен қатар ортақ мұраларды жеке ұлтқа телу, дара мекшіктену құбылыстары да бар. Түркітану кешенді ғылым, қоғамдық саяси-гуманитарлық пән ретінде оқылуы керек. Түркітану тек түркі тілдерінің өткені мен бүгінін қарастырмайды, оның аясында түркі халықтарының тарихы, әдебиеті, дүниетанымы, мәдениеті, этнографиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы туралы ақпарат
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Түркітануға кіріспе
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Түркітаным тарихы туралы қысқаша мәлімет
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz