Коммуникацияның теориясы



«Коммуникация» терминін зерттеушілер тек қарым-қатынас құралы ғана емес, оның күнделікті өмірде жиі қолданып, адамдардың бір бірімен қарым-қатынас жасауында маңызды рөл, өзара түсінісуі, топтық түсінісуге, ал топтық пікір алмасу қоғамның жетілуіне жетелейді, - дейді. Коммуникация терминінің өзі жалпы қарым-қатынас, байланыс, бір-бірімен араласу, яғни адамдардың тіл арқылы сөйлеу процесін, тілдік қатынастың ерекшеліктерін, оның қоғамда атқаратын қызметін көрсетеді.Коммуникативтік процесті негізінде вербалды және бейвербалды коммуникация деп екіге бөліп қарайды. Вербалды коммуникация қатынастың сөйлеу арқасында жүзеге асырылады. Сөйлеу арқылы біз табиғи тілдік дыбыстарды cондай-ақ, фонетикалық белгілерді, оның екі негізгі лексикалық және синтаксистік белгілерін түсінеміз. Сөйлеу коммуникацияның универсалды құралы болып табылады, яғни ақпарат беру кезінде оның көмегімен хабарламаның мағынасы беріледі.
Алғаш зерттеу жасаған шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби өзінің «Риторика» атты ғылыми трактатында: «Әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейпі, оның денесінің тұрқы мен мүшелерінің қалпы сол адамның қылығы болып табылады. Мәселен, осы жағдай тыңдаушыға төніп келе жатқан үрейлі оқиға туралы хабарлаған кезде болады. Бұл сәтте оның бет әлпетінен зәресі ұшу, қорқыныш нышаны аңғарылуы тиіс, немесе ол әлдебір затқа қимыл- қозғалыс арқылы нұсқап, не басқа біреудің нұсқағанын істейді. Бұл оның ақиқаттығына сенімін арттырады...» дей келе, қарым-қатынасқа түскенде адамға тән мінез-құлықтың қаншалықты маңызды екендігін көрсеткен [4, 7].
Коммуникация теориясының пайда болуы, қалыптасуы, тарихи кезеңдері болды. Коммуникацияның теориялық үлгілері: психоаналитикалық (З. Фрейд, К. Юнг), экзистенциализм (М. Бубер, К. Ясперс), көзқарастық (М. Вебер), футурологиялық (А. Тоффлер) еңбектерінде талданып, ғылыми айналысқа шықты. Солардың нәтижесінде ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиетте коммуникация термині пайда болумен қатар оның төмендегідей үш мазмұны нақтыланды:
- қарым-қатынас - кез келген материалды және рухани әлем объектісінде байланыс құралы;
- қатынас, адамнан адамға берілетін ақпарат (жеке аралық коммуникация);
- қатынас және қоғамда ақпаратпен алмасу (әлеуметтік коммуникация).
Психоаналитикалық үлгінің теориялық ғылымда негізін салған З. Фрейд және К. Юнг коммуникацияны жеке адам өз әуестігін санадан тыс әрекетін ығыстыру деп түсіндіреді.
Экзистенциализм үлгісінің өкілдері М. Бубер және К. Ясперс, коммуникацияны әлемде қараусыз артта қалған деп қарастырады. Нәтижесінде жеке адам қысқа мерзімде мағынасыздықты және жалғыздықты сезіну, әлемде адамның тіршілік етуі ешкімге қажетсіз болып қалуы туындайды.
Мұндай жағдайды философтар «коммуникация дағдарысы» деп атайды.
Көзқарастық үлгісінің негізгі өкілдері болып табылатын М. Вебер, Г.Г. Гадамер, Г. Шпет коммуникацияны адамның басқа адаммен түсінісуі, яғни өзара түсіністік деп қарайды.
Футурологиялық үлгінің өкілдері А. Тоффлер, Д. Белл, Г.М. Маклюэн коммуникацияда ақпараттық қоғамның теориясын ұсынды. Ақпарат мәдениетінің негізі, бұл мәдени құндылық болып табылады.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Коммуникацияның теориясы

Коммуникация терминін зерттеушілер тек қарым-қатынас құралы ғана емес,
оның күнделікті өмірде жиі қолданып, адамдардың бір бірімен қарым-қатынас
жасауында маңызды рөл, өзара түсінісуі, топтық түсінісуге, ал топтық пікір
алмасу қоғамның жетілуіне жетелейді, - дейді. Коммуникация терминінің өзі
жалпы қарым-қатынас, байланыс, бір-бірімен араласу, яғни адамдардың тіл
арқылы сөйлеу процесін, тілдік қатынастың ерекшеліктерін, оның қоғамда
атқаратын қызметін көрсетеді.Коммуникативтік процесті негізінде вербалды
және бейвербалды коммуникация деп екіге бөліп қарайды. Вербалды
коммуникация қатынастың сөйлеу арқасында жүзеге асырылады. Сөйлеу арқылы
біз табиғи тілдік дыбыстарды cондай-ақ, фонетикалық белгілерді, оның екі
негізгі лексикалық және синтаксистік белгілерін түсінеміз. Сөйлеу
коммуникацияның универсалды құралы болып табылады, яғни ақпарат беру
кезінде оның көмегімен хабарламаның мағынасы беріледі.
Алғаш зерттеу жасаған шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби өзінің Риторика атты
ғылыми трактатында: Әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейпі, оның
денесінің тұрқы мен мүшелерінің қалпы сол адамның қылығы болып табылады.
Мәселен, осы жағдай тыңдаушыға төніп келе жатқан үрейлі оқиға туралы
хабарлаған кезде болады. Бұл сәтте оның бет әлпетінен зәресі ұшу, қорқыныш
нышаны аңғарылуы тиіс, немесе ол әлдебір затқа қимыл- қозғалыс арқылы
нұсқап, не басқа біреудің нұсқағанын істейді. Бұл оның ақиқаттығына сенімін
арттырады... дей келе, қарым-қатынасқа түскенде адамға тән мінез-құлықтың
қаншалықты маңызды екендігін көрсеткен [4, 7].
Коммуникация теориясының пайда болуы, қалыптасуы, тарихи кезеңдері болды.
Коммуникацияның теориялық үлгілері: психоаналитикалық (З. Фрейд, К. Юнг),
экзистенциализм (М. Бубер, К. Ясперс), көзқарастық (М. Вебер),
футурологиялық (А. Тоффлер) еңбектерінде талданып, ғылыми айналысқа шықты.
Солардың нәтижесінде ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиетте коммуникация
термині пайда болумен қатар оның төмендегідей үш мазмұны нақтыланды:
- қарым-қатынас - кез келген материалды және рухани әлем объектісінде
байланыс құралы;
- қатынас, адамнан адамға берілетін ақпарат (жеке аралық коммуникация);
- қатынас және қоғамда ақпаратпен алмасу (әлеуметтік коммуникация).
Психоаналитикалық үлгінің теориялық ғылымда негізін салған З. Фрейд және
К. Юнг коммуникацияны жеке адам өз әуестігін санадан тыс әрекетін ығыстыру
деп түсіндіреді.
Экзистенциализм үлгісінің өкілдері М. Бубер және К. Ясперс, коммуникацияны
әлемде қараусыз артта қалған деп қарастырады. Нәтижесінде жеке адам қысқа
мерзімде мағынасыздықты және жалғыздықты сезіну, әлемде адамның тіршілік
етуі ешкімге қажетсіз болып қалуы туындайды.
Мұндай жағдайды философтар коммуникация дағдарысы деп атайды.
Көзқарастық үлгісінің негізгі өкілдері болып табылатын М. Вебер, Г.Г.
Гадамер, Г. Шпет коммуникацияны адамның басқа адаммен түсінісуі, яғни өзара
түсіністік деп қарайды.
Футурологиялық үлгінің өкілдері А. Тоффлер, Д. Белл, Г.М. Маклюэн
коммуникацияда ақпараттық қоғамның теориясын ұсынды. Ақпарат мәдениетінің
негізі, бұл мәдени құндылық болып табылады.
Мысалға осындай коммуникацияларға достық әңгіме, мектептік сабақтар,
театрларда көрініс, іскерлік қарым-қатынас, телехабар, компъютерден
мәліметтер іздестіру сияқты әрекеттер жатады.
Коммуникациялық қызметтің үш формасы қоғамда жүзеге асырылады:
1) қарым-қатынас – тең құқықты әріптестердің диалогы;
2) басқару – мәлімет алушыға коммуникатордың нысананы көздейтін әсері;
3) еліктеу – жүрiс-тұрыс үлгілерімен алмасу, басқа қоғамның мүшелерімен
бірдей өмір сүру, қарым-қатынас стилі. Еліктеу арқасында ұрпаққа ұрпақтан
тіл, дәстүрлер, білім беріледі.
Коммуникацияның екі түрі бар: синхрондық және диахроникалық.
Синхрондық (көлденең) коммуникациясы ауызша және жазбаша коммуникациялық
каналдар арқылы іске асырылады. Сондай коммуникация арқасында қоғамдық
консолидация, топтастық, бірлік қамтамасыз етіліп жатыр. Қазіргі уақытта
синхрондық коммуникация ағымдағы қоғамдық тапсырмаларды шешу үшін
этностардың тіршілік етуі үшін, әртүрлі әлеуметтік топтардың үйлесімдік
әрекеті үшін қажет.
Диахроникалық (тік) коммуникацияда ұрпаққа ұрпақтан рухани мазмұнды
ақпараттар беру болып табылады. Сондай-ақ, әлеуметтік жад қалыптасады.
Демек, диахроникалық коммуникацияда, тіл қозғалысы, дәстүр, этникалық
ортақтық сақталған.
Әлеуметтік өмірде адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі – сөйлеу.
Ол – күрделі психологиялық процесс. Сөйлеу – адамның қарым-қатынас жасау
құралы. Ал, қарым-қатынас жасаудың қуатты құралы – тіл.
Коммуникативтік процесс және оның құрылымы: ақпаратты өндіруші, оны
тарату, қабылдау және пайдалану. Коммуникативті процестің стандарттық
үлгісі: коммуникатор хабарлама, хабар беру каналы, коммуникант. Қазіргі
заманғы әдебиетте коммуникативтік процестің әртүрлі үлгілері бар:
Мысалға, Аристотель коммуникацияны үш компонентке бөлді: Оратор – шешен,
Речь – сөйлеу, Аудитория. Ал, Ж.Г. Лассуэлл ХХ ғасырдың 30 ж.
әлеуметтік жаппай (массовая) коммуникацияда өзінің классикалық тұжырымын
ұсынды. Бұл тұжырым бойынша Ж. Г. Лассуэлл, коммуникация процесінде мына
сұрақтарға жауап ретінде кім, нені, қай арна бойынша, кімге, қандай
әсермен берді формуласымен қарастырды.
- Танымдық коммуникацияның мақсаты – инновациялық мәліметке түсінік беру,
қажетті ақпаратты беру, серіктестің ақпараттық қорын кеңейту.
Коммуникативтік формаларына: лекция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникацияның теориялық әдістері
Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс
Ғылымдағы коммуникация, ұжымдардағы немесе ұйымдастырушы коммуникация
Әлеуметтік саладағы коммуникативтік мәдениет
Қазақстандағы шетелдік компаниялардың қызметіндегі коммуникация процесін басқару
Коммуникация ұғымы
Трансактілі талдау теориясы
Басқару жүйесіндегі саяси менеджмент
Жарнама мәтінінің функциялары
Берннің трансактілік талдау теориясы
Пәндер