Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы жайлы мәлімет
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.
Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.

Біздің ойымызша, қоғамдық сананың ерекше сапалық өзіндік бір түрі ретіндегі өнер қоғамдық сананың пайда болуымен бірге бірден қалыптаса қойған жоқ; өйткені алғашында ол адам санасының қоршаған ортаны нақтылы – сезімдік формада бейнелеу қабілеті бола алмады; өнер адамның осындай қабілеті негізінде пайда болып, қоғамдық сананың бір түрі ретінде дами түсті. Бір кездерде ғылым, дін, өнер бір-бірімен ажырата алмастай бірлікте өмір сүрген сияқты. Бұл оның әлі дами қоймағандығын, қоғамдық сананың ерте кезінде диффузиялық формада болған деуге негіз болса керек. Мысалы, палеолит дәуірінде жартасқа салынған жануарлардың бейнелері секілді алғашқы қауымдық қоғамның рухани мәдениетінің ескерткіштері тұрпайы түрдегі ғылымның, діннің, өнердің ерте кездегі бастаулары болып табылады.
Өмірдің образды түрде бейнеленуі /шынайы құбылыстар мен процестерді нақтылы-сезімдік, индивидуалдық түрде қайта жаңғырту/ өнерге ғана тән екендігіне қарамастан қоғамдық сананың басқа да түрлерінен айыруға көмектесетін негізді өзіндік белгісі бола алмайды; ол - өнердің формальды бастауы ғана.
Өнердің көркемдік таным процесінде, көркемдік ойлаудың өзіне ғана тән категорияларында /бейнелілік, эмоциональдық, көркемдік қиял/ танымның спецификалық предметіне қатыссыз қарастыруға болмайды. Өнердің ерекше мәнділігі, сондай-ақ эмоция мен қиялдың ерекше жиілігі оның объективті мазмұнының өзгешелігімен ғана түсіндіріле алады.
Мұндай жағдайда қарастырылмаған көркемдік таным процесінің ерекшеліктері ойлаудың формальды ауқымында, ең соңында суреткер психикасының ерекшеліктері тұрғысында ғана ұғынылады да мұның өзі өнерді суреткерлік ұлылықтың туындысы ретінде қарастыратын идеалистік бағытқа апарып соқтырады.
Көркемдік мазмұнның өзіндік ерекшеліктері мен бейнелеу формаларындағы өнердің барлық өзгешеліктерін жоққа шығарсақ, өнерде тек форма ғана эстетикалық мәнге ие де мазмұн эстетикадан тыс категория болып шығады. Мазмұнның эстетикаға қатыссыздығы туралы пікір Канттың эстетикалық мәнінен бастау алып, не формализмге, не өнер дінді, философия мен өнерді формаға түсіріп, көпке танытады дейтін тұрпайы түсіндірмелерді негіздеуге апарып соқтырады.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983.
2. Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989.
3. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. А., «Фолиант» баспасы, 2003..
4. Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929.
5. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы.-352 бет
6. Нұрғали Рымғали. Сөз өнерінің эстетикасы. Монография.-Астана. 2003.-424бет.
7. C. Қирабаев, Қ.Мырзалиев Қазақ әдебиеті. Алматы-1998ж. – 270бет.
8. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. А., 1974. 2-т. 19-б.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет
теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және
оның мазмұны мен құрылымы.
Орындаған:Жумаханов Б.,
ІІІ курс студенті, Фи-311 топ.
Тексерген:Құрманбаева Қ.С.,
ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті.
Семей 2015
Біздің ойымызша, қоғамдық сананың ерекше сапалық өзіндік бір түрі
ретіндегі өнер қоғамдық сананың пайда болуымен бірге бірден қалыптаса
қойған жоқ; өйткені алғашында ол адам санасының қоршаған ортаны нақтылы –
сезімдік формада бейнелеу қабілеті бола алмады; өнер адамның осындай
қабілеті негізінде пайда болып, қоғамдық сананың бір түрі ретінде дами
түсті. Бір кездерде ғылым, дін, өнер бір-бірімен ажырата алмастай бірлікте
өмір сүрген сияқты. Бұл оның әлі дами қоймағандығын, қоғамдық сананың ерте
кезінде диффузиялық формада болған деуге негіз болса керек. Мысалы,
палеолит дәуірінде жартасқа салынған жануарлардың бейнелері секілді алғашқы
қауымдық қоғамның рухани мәдениетінің ескерткіштері тұрпайы түрдегі
ғылымның, діннің, өнердің ерте кездегі бастаулары болып табылады.
Өмірдің образды түрде бейнеленуі шынайы құбылыстар мен процестерді
нақтылы-сезімдік, индивидуалдық түрде қайта жаңғырту өнерге ғана тән
екендігіне қарамастан қоғамдық сананың басқа да түрлерінен айыруға
көмектесетін негізді өзіндік белгісі бола алмайды; ол - өнердің формальды
бастауы ғана.
Өнердің көркемдік таным процесінде, көркемдік ойлаудың өзіне ғана тән
категорияларында бейнелілік, эмоциональдық, көркемдік қиял танымның
спецификалық предметіне қатыссыз қарастыруға болмайды. Өнердің ерекше
мәнділігі, сондай-ақ эмоция мен қиялдың ерекше жиілігі оның объективті
мазмұнының өзгешелігімен ғана түсіндіріле алады.
Мұндай жағдайда қарастырылмаған көркемдік таным процесінің
ерекшеліктері ойлаудың формальды ауқымында, ең соңында суреткер
психикасының ерекшеліктері тұрғысында ғана ұғынылады да мұның өзі өнерді
суреткерлік ұлылықтың туындысы ретінде қарастыратын идеалистік бағытқа
апарып соқтырады.
Көркемдік мазмұнның өзіндік ерекшеліктері мен бейнелеу формаларындағы
өнердің барлық өзгешеліктерін жоққа шығарсақ, өнерде тек форма ғана
эстетикалық мәнге ие де мазмұн эстетикадан тыс категория болып шығады.
Мазмұнның эстетикаға қатыссыздығы туралы пікір Канттың эстетикалық мәнінен
бастау алып, не формализмге, не өнер дінді, философия мен өнерді формаға
түсіріп, көпке танытады дейтін тұрпайы түсіндірмелерді негіздеуге апарып
соқтырады.
Өнерге бұлайша көзқарас қоғамдық сананың бір түрі ретіндегі өнердің
өзіндік дербестігін жоққа шығарады: оны сананың басқа да түрлерімен
араластырып, мазмұнын тұрпайландырып жібереді.
Өмірдегі көркем объектінің өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығару таным
ретіндегі өнерді іс-жүзінде мойындамауға әкеледі; өнердің танымдық сипаты
сөз жүзінде ғана айтылып, негізінен терістеледі.
Белгілі бір қоғамдық құбылыстың мәнін, сипатын білуден бұрын, ең әуелі
оның тек-төркініне барлау жасап, оны анықтап алу керек болады. Онсыз ол
құбылыстың мәні мен сипаты толық ашылуы неғайбыл. Қоғамдық идеологияның
құрамдас бөлігі болып есептелетін әдебиет пен өнердің тегі жөнінде де жер
жүзінде ежелден қазірге дейін толассыз болжамдар айтылып, түрлі-түрлі
көзқарастар ортаға қойылып келеді. Бұндай талас-талқы әлі де толастаған
жоқ. Керісінше күн өткен сайын болжамдар саны молайып, пікірлер өрбіп-
туындап отыр. Енді осы болжамдардың табан-тірер тиянағына, басты
принциптеріне қысқаша тоқталайық.
1. “Көңіл-күй - сезім” теориясы
Өнер атаулы о баста адамдардың көңіл-күй, сезімін бейнелеу қажетінен
туылған дегенді әдебиет алыбы Лев Толстой ортаға қойған. Одан да бұрын
ағылшын ақыны Перци Бище Щеллей: “Жабайы адамдар өздерінің көңіл-күйін
бейнелеу мақсатымен әдебиет пен өнерді өмірге әкелді һәм дамытты”, - деген
болжам айтқан болатын. Кейін Л.Толстой жоғарыдағы көзқарасын тіпті де
жүйелендіріп: “Адамдардың өзінің сезген-түйгендері жөніндегі көңіл-күй
сезімін өзгелерге жеткізу (ұғындыру) мақсатынан өнер пайда болды...
Автордың шығармадағы сезімі басқаларды әсерлендірсе, нағыз өнер деген міне
сол”, - деген болатын. Әдебиетші алыптардың міне осындай көзқарастары мен
пайымдарын Джон Хосбус мынадай төрт түйінге жинақтап қорытындылады. 1.
Бейнелеуді өнер жасампаздығындағы психологиялық қозғаушы күш деп
қарайтындар. 2. Бейнелеуді сезімнің бір түрлі тебіренісі деп қарайтындар.
3. Бейнелеуді өнердің таралу жолы деп қарайтындар. 4. Бейнелеуді өнердің
өзіндік қасиеті деп қарайтындар. Соңғы кездердегі өнерді көңіл-күйден,
сезімнің әр түрлі сәттерінен пайда болады деушілердің қай-қайсысы болса да
осы төрт түрлі пікірден ауытқып кете алған жоқ.
2. “Эмблемалық түс” теориясы
“Әдебиет пен өнердің тегі – эмблемалық түс”, - деген болжамды
Жапонияның әдебиет зерттеуші ғалымы Чучуан Байцун өзінің әлемге мәшһүр
“Құсалық және эмблема” деген еңбегінде ортаға қойды. Онда әдебиет пен
өнердің тегі туралы тоқтала келіп, ол: “...Яғни тіршіліктің еркін ырғағы
кедергіге немесе белгілі қысымға ұшырағанда адамдар құсаланып, рухы
жаншылады. Өнер дегеніміз сондай құсадан туындаған эмблеманы (кейіпті)
бейнелейтін түстен басқа түк те емес. Алғашқы адамдар нақты өмірде жүзеге
асыра алмаған немесе жүзеге аспайтын қиялдарының түсінде көрген елестерін
өнер туындысы ретінде өмірге әкелді. Мәселен, өлең жеке адамның түсі
болса, миф халықтың түсі”, - деген болатын. Бұл көзқарастың өмірге келуі
өзге болжамдардан кейін тұрғанымен ықпалы өзгелерден зор болды.
3. “Өндірістік еңбек” теориясы
ХХ ғасырда “социалистік үйекте” өмір сүріп келген (һәм бүгінде өмір
сүріп отырған) елдердің әдебиеті мен өнері саласында ықпалы төтенше зор
болып келген (отырған) теория – осы “өндірістік еңбек” теориясы. Неміс
ақыны, әдебиеттанушы ғалым Бечер өзінің “Еңбек және ритм” деген кітабында:
“қоғам дамуының ең алғашқы сатысында еңбек, музыка және поэзия айта
қаларлық тығыз байланыста болған. Алайда осы үшеуінің ішіндегі еңбек ең
негізгі, шешуші фактор еді де, қалғандары оның көмекші құралдары еді” –
деп жазды. “Әрқандай алғашқы өнердің мазмұны мен формасы тұтасымен еңбектен
туған. Яғни, олар адамдардың еңбек практикасының жемісі”, - деп Косфед
Бечердің әлгіндегі көзқарасын толықтай түсті.
“Өнердің тегі - өндірістік еңбек” дегенді қуаттаушылар төмендегі
бірнеше түрлі дәлел-дәйекке тиянақтайды: 1. Алғашқы еңбек кезінде
туындаған алғашқы өлеңнің ырғағын өндірістік қимылдың ырғағы белгілеген. 2.
Алғашқы би, мейлі ол қандай еңбек үстінде туылсын, қалай болғанда да
алғашқы адамдардың еңбектік әрекетімен сабақтасып жатады. 3. Алғашқы
тайпалардың сызған суреті, жасаған мүсіні олардың еңбек практикасымен
тікелей қатысты. Әрине, олардың бұл дәлелдері алғашқы өнер мен еңбектің
тығыз байланысты екендігін түсіндіреді. Бұл туралы орыс ойшылы Плеханов та:
“Еңбек өнерден бұрын жарыққа шықты. Демек адам о баста заттар мен
құбылыстарға мүдделілікпен ғана зер салып келді, бара-бара оларға
эстетикалық зердемен қарайтын болды”, - деген тұжырымын ұсынды.
Өнердің тегін еңбекпен байланыстырып түсіндіруге бой ұрған бұл теория
төңірегінде де талас танымдар аз емес. Атап айтқанда, өндірістік еңбек
теориясы бойынша, адамдар еңбек барысында алғашқы өнерді жаратты делік,
олай болса алғашқы адамдардың еңбектен басқа да рухани құбылыстары – күлу,
жылау, қуану, қайғыру, ашулану, жирену, түршігу, шаттану, құлазу, шаршау,
дем алу, бақсы-балгерлік, тотемдік сиыну т.б. толып жатқан – еңбектен гөрі
өнерге бір табан жақындау – құбылыстарға немқұрайды қарағандық болмас па
екен? – деген мәселені көлденең тартушылар аз емес. Бұл туралы аталған
теория өкілдерінің нанымды ештеңе айта алмауы оларда тұғырлы принциптің,
жеткілікті дәлел-дәйектің жоқтығынан дерек береді.
4. “Еліктеу” теориясы
Әдебиет пен өнердің сыны, тарих тұрғысынан қарағанда, “еліктеу”
теориясы өзге болжамдарға қарағанда біршама ертелеу өмірге келген теория.
Дей тұрғанмен, бұл теория да адамдарды жаппай мойындата алған жоқ. Оның
басты себебі – алғашқы әдебиет пен өнер ертедегі адамдардың табиғат
құбылыстарына, хайуанаттар әлеміне еліктеуінен туындаған деп түсіндіруінен
болса керек. Бұл көзқарасты осыдан екі мың жыл бұрын Грек философтары
ортаға қойған. Бұл туралы Демокрит: “Біз өрмекшіден үй салуды, аққу сияқты
әнші құстардан ән шырқауды үйрендік”, - дейді. Ал Аристотель де өзінің
атышулы “Поэтика” атты еңбегінде бұл пікірді одан сайын толықтап, әдебиет
пен өнердің түп-төркіні “еліктеуде” жатқандығын құптайды. Енді бұған
келіспейтін пікірлермен мына төмендегі тармақтардан танысуға болады.
5. “Ойын-сауық” теориясы
Бұл теорияны әуел баста неміс философы Кант ортаға қойды. Ол өнер
атаулыны бір түрлі еркін, өзіндік шаттық-қуанышқа толы, ешқандай мұрат-
мақсатсыз қимыл деп түсіндіре келіп, бұл қимылды ойын яки сауық-сайран деп
атады. Кейін келе немістің әйгілі ақыны, драматург Шиллер Канттың бұл
пікірін тіпті де толықтай түсіп, “әдебиет пен өнердің тегі ойын-сауық”
екендігін кесіп айтты. Ол былай дейді: “Еліктеу әсте әуел бастағы өнердің
туылуына себеп бола алмайды. Өйткені оның алдын “адамдар бір нәрсеге не
үшін еліктейді?” деген мәселе кес-кестеп тұрғаны белгілі. Оған жауап бермей
тұрып, келесі мәселеге көшу қиын. Бізше, алғашқы адамдарды еліктеуге
желіктіріп тұрған бір көмескі күш – ішкі психологиялық елту. Осы айтылмыш
көмескі күш те, ішкі психологиялық елту де алғашқы адамдардың ойынға ауған
аңсарынан туындаған”, - дейді. Ал жабайы адамдар өздерінің кісілікке
(адамдық қасиетке) жеткенін қалай бейнелеген деген мәселеге келсек, олардың
“сыртқы құбылыстарға қуануынан және жасанып-безенуі мен ойын-тамашаға
ынтығуынан байқалады. Егер хайуанаттарда жоғарыда айтқандай көмескі күш-
психологиялық елту болмаған кезде, олар жалпы “қызмет” бабында жүреді, тек
психологиялық елту жанын тебіренткенде олар “ойнайды, тамашалайды”, - деп
түсіндіреді.
Кейін келе ағылшын философы Герберт Спенсер: адам баласының да бір
түрлі ерекше хайуан екендігін, яғни адамның басқа хайуанаттар сияқты
кеңірдегін ғана асырап, күн өткізіп жүрген хайуан емес, қайта оның ақыл-
парасаты кеңірдегін қамдап, тіршілік етуден асып-тасып жататындығын, ойын-
тамаша немесе өнер қимылдары (туындылары) сол артық ақыл-парасаттың жемісі
екендігін көрсетіп, Шиллердің теориясын одан әрі толықтай түсті. Бірақ бұл
теорияны бұрын да, қазір де қуаттаушылар көп болған емес.
6.”Әсемдік аңсар” теориясы
Бұл теорияны Жапон ғалымы Хитиян Пыңсинь алғаш рет ғылыми айналымға
әкелді. Ол: “Әсемдік аңсар – адамдардың әсемдікке ынтығуынан туған рухани
ынтызарлығы. Демек, адам баласында азықтық аңсар, жыныстық аңсармен қоса
әсемдік аңсар да болады. Яғни, осы үш түрлі аңсар (ынтызарлық) адам рухының
басты сипаты болып табылады”, - дейді. Пың Синь мырза тағы да, адамзаттың
рухани тыныс-тіршілігінің түп қазығы есептелетін әсемдік аңсар адамды
хайуанттардан бөлектеп, айырып тұратындығын, сондай-ақ ол адам баласын
белгілі арман-мұратқа жетелейтін қозғаушы күш екендігін түсіндіре келіп:
“Ақиқатқа ұмтылған ақылдық аңсардың объектісі – ғылым; ізгілікке талпынған
этикалық аңсардың объектісі – мораль; сұлулыққа ынтазар болған әсемдік
аңсардың объектісі - өнер. Әдетте ғылымның тегі ақылдық аңсармен, моральдық
тегі этикалық аңсармен түсіндіріледі, олай болса өнердің тегін неге адамның
әсемдікке деген аңсарымен түсіндіруге болмайды?!” – деген уәжін, принципін
ұсынады. Алайда Жапон ғалымының бұл теориясы Шығыс және оңтүстік Азия
елдерінен басқа жерде аса қолдау таба қойған жоқ.
7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
Бұл теорияны ең алғаш жариялаушы әйгілі ағылшын ғалымы Эдвард Тарр
болды. Ол өзінің айтулы “Алғашқы мәдениет” деген еңбегінде: “Жабайы
адамдардың дүниетанымы – барлық құбылыстарға негізсізден-негізсіз, жаппай
кейіптендіре қарайтын... Бағзы дәуірлердегі алғашқы адамдар өздерінің тұрар
жайын, төңірегін, тіпті күллі жер бетін, аспан кеңістігін осындай
қиялдарына толтырып тастайды... Әдебиеттің тегі болған cимпатикалық
балгерлік, міне, осындай жағдайда өмірге келген , - дейді. Ал немістің
ойшыл жазушысы Томас Манн болса алғашқы адамдардың әдебиеті мен өнері
алғашқы діннің тікелей туындысы деп қарайды, алғашқы адамдар жаңбыр тілесе
су шашатын, күн күркіреуін тілесе барабан соғатын, ескерткіш орнатқысы
келсе мүсін соғатын еді. Олардың сәнденіп-жасануы алдан жақсылық күткені,
албастыдан аулақ болғысы келгені... Міне, осы секілді алғашқы адамдардың
барлық салттық қимылдары, сөзі, ән-биі... түгелдей бақсы-балгерліктің сәтті
жүрілуінің кепілі үшін болатын. Осындай мақсатпен өмірге жолдама алған өнер
тоқтаусыз өзгеріп, дамып отырғандықтан барған сайын кемелдене берді, сондай-
ақ кейбір ықпалды (“қасиетті”) объектілер – тастар, меториттер,
қастерленетін ағаштар, сүйектер, шаш-терілер және мирастық заттар т.б.
адамдардың өнерге деген танымы мен тебіренісін даралай түсті. Осыдан барып
өнер бірте-бірте діннен бөлініп шықты”, - дейді Т.Манн.
Батыс елдерінде әдебиет пен өнердің тегін түсіндіруде осы “бақсы-
балгерлік” теориясының ықпалы біршама зор болғанымен, бұрындары (ішінара
қазірде) “социалистік лагерде” болған елдердің әдебиеттану ғылымында бұл
теорияның онша базары болған жоқ.
8. “Әмбебап” теориясы
Көріп-біліп отырғанымыздай, әлемнің әр түкпірінде әдебиет пен өнердің
тегі туралы түрлі болжамдар айтылып, талас-талқысында келеді екен. Айтып-
айтпай әр теориясының өзіндік сыңаржақтылығы мен нанымсыз тұстары жоқ емес
еді. Міне, осы жайларды жіті қадағалап жүрген қытай ғалымы Сия Джыхоу
өзінің “әдебиет пен өнердің жаңа теориялық жүйесін жасаудың логикалық
бастамасы” атты еңбегін өмірге әкелді. Ғалым өзінің бұл еңбегінде
жоғарыдағы сан-алуан пікір-пайымдардың бәрінің де өзіндік азды-көпті негізі
болғанымен, ғылымда табан тірерлік тиянағы жоқ екендігін атап көрсетті. Ол
былай дейді: “Өнер – белгілі бір ішкі мақсаттан туылған, әрине сыртқы
себептің де көмегі болғанын жоққа шығаруға болмайды. Дәлірек айтқанда
алғашқы өнердің пайда болуына мынадай екі түрлі шарт-жағдай себеп болды:
Оның бірі адамдардың ішкі психологиялық ынтызарлығы болса, енді бірі
әлеуметтік салдар. Мұндағы ішкі психологиялық ынтызарлық дегеніміз -
өнердің туылуының негізі де, әлеуметтік салдар дегеніміз өнердің өмірге
келуіне мүмкіндік жасайтын сыртқы себептер...”
Жұртқа мәлім болғандай, миф физиологиясы, психология, хайуанаттар
генологиясы ғылымдарының жетістіктері өнердің пайда болуында үлкен
психологиялық, физиологиялық негіз бар екендігін дәлелдеп отыр. Осыған
орай қытай ғалымы тағы да: “Адамзаттың эволюциялық даму барысына назар
аударатын болсақ, бір түрлі психологиялық, физиологиялық ынтызарлық олардың
өнерді өмірге әкелуіне түрткілік еткендігін аңғарамыз. Бұл ынтызарлықтың
өзі түптеп келгенде адам баласының кәдімгі азық-түлікке, жыныстық қатынасқа
деген қажетсінуі секілді адамзат тірлігінің басты факторы болатын. Осы
ынтызарлық туылып, өз рөлін сәулелендіре бастағанда адамдар сыртқы
организмдері арқылы бір түрлі сезімдік қимылдар (немесе дыбыс) шығара
бастайды. Әуел баста олар өздерінің мәлім бір қуанышын нөсерде қалған қара
оранготан секілді аяқтарын-қолдарын ербеңдетіп, ағаш бұтақтарын
селкілдетіп, тастан-тасқа секіріп бейнелеген болса керек. Міне, осындай
шаттық тебіренісі еңбекпен сәйкесе қалған кезде, жағдай мүлде басқа күйге
өзгеріп отырған... Еңбек қалыптастырған адамзат қоғамы мен адамзат
психологиясы адамның шаттану құбылысын мәндік өреге көтерді. Сөйтіп ол
хайуандық сананың қарабайыр деңгейінен адамзаттың әлеуметтік санасының
күрделі көрінісіне бой ұрды. ... Сонымен адамдық сана шаттанудың ішкі
қажетіне сай, өзге де “көптеген адами тірліктен” нәр алып, мазмұн-формасын
байыта түсті. Осылай дами келе алғашқы өнер үлгілері адамзаттың өзге
қарапайым тірлігінен бөлектеніп, өзінше отау тігіп шықты. Адамзаттың
алғашқы өнері міне осылай бірте-бірте қалыптасуға бет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz