Кәсіпкерлік. Салыстырмалы талдау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"
Орындаған: Иманхан С. Е
Топ: ОЗ-407
Тексерген: Есенбекова З. Ж.
Семей 2015 жыл
Жоспар:
- Кіріспе:Кәсіпкерлік жайлы жалпы түсінік;
- Негізгі бөлім:Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау";
- Қорытынды;
- Пайдаланған әдебиеттер.
Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
• Өндірістік кәсіпкерлік - бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
• Коммерциялық кәсіпкерлік - бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
• Қаржылық кәсіпкерлік -бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.
• Кеңес беру кәсіпкерлігі - бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
• Сақтандыру кәсіпкерлігі - бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
• Делдалдық кәсіпкерлік - бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады. Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.
Жеке кәсіпкерлік - бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы. Серіктестік - бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:
1. Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.
2. Коммандиттік серіктестік мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.
Акционерлік қоғам - бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі. Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
1. Концерн - көп салалы іс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz