Қаз дауысты Қазыбек


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қаз дауысты Қазыбек

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы-1764, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерге 1665-1765) қазақ халқының 17-18 ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнек қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан. Арғы

Аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қ. д. Қ-тің оқыған жерлері, алған білімі туралы гнаұты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көрген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғарғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би әз-Тәукенің тұсында хан кеңесінің тұсында хан кеңесшісінің бірі болса, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абялай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған . Қ. д. Қ. бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Сндықтан да батыр білекті, отаншыл жүректі алғыр азаматтаың тым ерте атқа мінуіне тура келген. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне атқосқыш болып алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван-Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: «Дат, тақсыр!» - деп жұлқынып алға шығады да: «қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп - найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса - хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса - құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса - құң боламын деп тумайды, ұл мен қызың жатқа құл мен құң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз- еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең - шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан - алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары келгенбіз. Бітім берсең - жөніңді айт, бермесең - тұрысатын жеріңді айт!» - депті. Жас баланың бұл сөздеріненн бас лыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешіндігіне риза болып: «Дауысың қыздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын», - деген. Елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды швбылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып, елге олалы оралған. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көзделген мақсатын орындап қайтқан. 17 ғ-дың соңғы ширегінде ең жатқан қазақ жеріне көз алартқан орыс, жоңғар мемлекеттері мен Орта Азия хандықтарының қоқан-лоқысы, қарамағындағы ұлыстарды жеке билеуге құрамартқан төре тұқымынан шыққан сұлтандар мен хандардың өзара айтыс-тартыстары әз-Тәукенің бір орталықтан жүргізіп оытрған басшылығына іріткі түсіріп, мемлекетті тұтастығына қауіп төндіре бастады. Ендігі уақытта хандықтың басшылыққа тұтынып келген байырғы әдет-ғұрып заңдары «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты ел басқарудың бұрыннан қалыптасқан жүйе-жосықтары уақыт талаптарын өтей алмайтын күйге жетті. Осыны ескерген Тәуке хан қазақ халқының өз ішінен шыққан үш кемеңгері - үйсін Төле, алшын Әйетеке, арғын ол билерге жаңа заң жобасын - «Жеті жарғыны» жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдантты. Сөйтіп, үш ұлы бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тынйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т. б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңага белгіленді. 1718 ж. әз Тәуке қайтыс болғаннан кейін жоңғар шапқыншылығы бұрынғыдан да үдей түсті, оңт-тен қырғыздар, қарақалпақтар, Хиуа, Бұхар хандықтары, батыстан башқұрттар, орыс қазактар, Еділ калмақтары қыспаққа алды Ел "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен осы кезеңае Қазыбек би Сәмехе. Әбілмәмбет хандардың, Барак, Батыр, Абшай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. И. И. Неплюев, Д. Глалышев сияқты Ресей үкіметінін шенеуніктері аршлы орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жактады. Би тал осы тұста сырқы саясатта ерекше белсенділік танытқан. Ол 1731 ж. орыс патшалығына бодан болған Әбілқайыр ханға айтарлықтай қолдау көрсетті. 1741 ж. Орск қамалына аттанған Орта жүз ханы Әбітмәмбет пен Абылай сұлтанға хат жазып. Арғын тайпасының атынан ант беруге әзір екенін білдірген. Осы жылы Сарыманжы бастаған ойраттардын отаз мың қолдық әскері Орта жүз иеліктеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, Абылай сұлтан тұтқынға түсіп калғаңда Қазы-бек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасап баққан, орыс комиссиясының бастығы Неплюевпен келісімді хелеадете түскен. Ауызекі әшімелерде 1742 ж. ерте көктемде Казыбектің Қолдан-Серенге ө зінің де барғандығы айтылалы. Сөйтіп, 1743 Ж. Абыла тұтқынан босап, қазақтың 33 қаласы Әбілмәмбетханға кайтарып беріген. Би булан кейін де орыс патшалышнан қол үзген жоқ. Бұған Сібір ген. -губернаторының міңдетін атқарушы ген. -майор фон Фрауендорфтың үкіметтің сыртқы істер алқасына 1763 ж. 11 наурызда жолдаған мәлімдемесіндегі. Орта жүздің төбе биі Қазыбектің Ресейге жақсы ниетпен қарайтындығы жайлы тұжырым куә. Бірақ би 1762 ж. екінші ұлы мемлекет Цин империясының елшілерін қабылдамай, сыйлықтарын алудан бас тартып, Абылай сұлтанға Қытай

боғдыханынан іргені аулақ алуға кенес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар ру аралық, сұлтанлар арасындағы киюлжін тартыс-тарға да әділ билігін айтып отырган. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылы башқұрттар көгерілісінің басшысы Қарасақалдын Қа банбай батыға бармас бұрын Қазыбек биге келіп панағына, 1761 х. Түркістандағы Орта жүз ханы Әбілмәмбет Сәмекенің баласы Есім сұлтаннан теперіш көріп, қаладан қуылғанда өз баласы Әбішейіз бен Қазыбек биді арха тутып Арқаға келіп, ұлы біидің қазылығына жүгінгені тарихтан белгілі. Ал Барақ сұлтан қасастықпен 1748 ж. 24 тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған. Қазыбек бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өнегелі өсиет сөздер қалды. Олар ел жадында құрандай жатталып, қалауы бұзылмаған саф алтындай таза күйінде бүтінгі ұрпаққа жеткен. Күміс көмей кемеңгер бидің шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап бясатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындығымем ерекшеленеді. Оның тұжырымы терең толғаулары, суырып салма такпақтап айтқан сөздері тындаушы ойын да гез сақталатын нақылға толы мақал түрінде өрілгең. Сондықтан Қ. Д. Қ- биден бізге жеткен мұра халық қазынасының алтын қорынан лайықты орын алған. Бн 18 ғ-дың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай ауа көшіп, Ұлы-тау, Қарқаралы өнірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұпактары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің алар орны
Қазыбек би және оның дәуірі
ҚАЗЫБЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ
Қазыбек би
Шешендік сөздердің мазмұндық түрлері
Атасызға ата бол
Қазақ халқының тарихында (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
Қазақ халқының үш биі
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Қазақтың ұлы билері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz