Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім



Жоспар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама.
2) Инвестициялар және мемлекеттік инвестициялар саясаты.
3) Инфляция және мемлекеттік инфляцияға қарсы саясат.
4) ҚР экономикалық өсуі.
Ұлттық экономика нәтижелерін жалпылайтын агрегаттар БҰҰ кеңесімен пайдаланылатын болды. Негізгісі ұлттық байлық, ол тарих бойы жинақталған құндылықтар жинағы.
Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.
ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.
ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).
ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.
ЖІӨ- тек ел территориясында өндірілген, тек өз өндіріс факторларын пайдаланған товарлар мен қызметтерді біріктіреді.
Жеке табыс (ЖТ немесе өзіндік түсім (ӨТ)) салық төлегенге дейінгі табыс.
Қолда қалған табыс (ҚҚТ) салық төлегенннен кейінгі табыс.
Таза экономикалық тұрмыс (ТЭТ (ЧЭБ)) өмір сүру сапасын ескеретін қоғамның экономикалық тұрмыс -жағдайын өлшейтін көрсеткіш.
ЖҰӨ өлшеудің үш әдісі бар: қосылған құн арқылы, өндірістік немесе шығындар бойынша, кірістер бойынша. Бірінші тәсіл бойынша, бір жыл ішіндегі қосылған құндар сомаланады. Екінші тәсіл жыл көлемінде жұмсалған барлық шығындар сомасы да ЖҰӨ береді дейді. Үшінші әдіс бойынша жыл көлеміндегі барлық кірістер сомаланады.
ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды түрлерін ажыратып қарауға болады. Номиналды ЖҰӨ ағымдық бағамен есептелген ЖҰӨ.
Реалды ЖҰӨ баға индексіне (дефлятор) түзетілген номиналды ЖҰӨ. Баға индесі ағымдағы жылғы товарлар мен қызметтер бағаларының базалық жылдағы сондай бағаларға қатынасы.
Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайына сәйкес келетін ЖҰӨ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Әкімбеков С.Ә.,Баймухамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы.-Астана, 2002.

2. Мамыров Н.К., Тілеужанова М. Макроэкономика.- Алматы, 2004.

3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы, 2002.

4. Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004.

5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең-жаңа экономика. Егеменді Қазақстан.

6. Назарбаев Н.Ә. Азия асқарлары. Қазақстан жолы. Егеменді Қазақстан.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы
Семей Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім

Орындаған: Мамырбек Н.М

Тобы: Е-415

Тексерген: Габдуллина Л. Б.

Жоспар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама.
2) Инвестициялар және мемлекеттік инвестициялар саясаты.
3) Инфляция және мемлекеттік инфляцияға қарсы саясат.
4) ҚР экономикалық өсуі.

Ұлттық экономика нәтижелерін жалпылайтын агрегаттар БҰҰ кеңесімен пайдаланылатын болды. Негізгісі ұлттық байлық, ол тарих бойы жинақталған құндылықтар жинағы.
Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.
ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.
ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).
ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.
ЖІӨ- тек ел территориясында өндірілген, тек өз өндіріс факторларын пайдаланған товарлар мен қызметтерді біріктіреді.
Жеке табыс (ЖТ немесе өзіндік түсім (ӨТ)) салық төлегенге дейінгі табыс.
Қолда қалған табыс (ҚҚТ) салық төлегенннен кейінгі табыс.
Таза экономикалық тұрмыс (ТЭТ (ЧЭБ)) өмір сүру сапасын ескеретін қоғамның экономикалық тұрмыс -жағдайын өлшейтін көрсеткіш.
ЖҰӨ өлшеудің үш әдісі бар: қосылған құн арқылы, өндірістік немесе шығындар бойынша, кірістер бойынша. Бірінші тәсіл бойынша, бір жыл ішіндегі қосылған құндар сомаланады. Екінші тәсіл жыл көлемінде жұмсалған барлық шығындар сомасы да ЖҰӨ береді дейді. Үшінші әдіс бойынша жыл көлеміндегі барлық кірістер сомаланады.
ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды түрлерін ажыратып қарауға болады. Номиналды ЖҰӨ ағымдық бағамен есептелген ЖҰӨ.
Реалды ЖҰӨ баға индексіне (дефлятор) түзетілген номиналды ЖҰӨ. Баға индесі ағымдағы жылғы товарлар мен қызметтер бағаларының базалық жылдағы сондай бағаларға қатынасы.
Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайына сәйкес келетін ЖҰӨ.
Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі - жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Күрделі құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 1995 ж. 1,5%-дан 2000 ж. 38,6%-ға артты. 2000 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның өзі 1999 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 1993 - 99 ж. тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 9700 млн. долл. болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-ы қара металлургияға, 3,7%-ы энергет. кешенге, 3,4%-ы тамақ өнеркәсібіне салынды. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді - жалпы көлемінің 33%-ы,Оңтүстік Кореяның үлесі - 15,4%, Ұлыбританияның үлесі - 12,5%, Түркияның үлесі - 4,9%, Қытайдың үлесі - 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Қазақстанның сыртқы қарызы шекті өркениетті шеңберден шыққан жоқ, яғни тікелей мемл. және Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген сыртқы борыш оның жалпы көлемінің 25,5%-ы ғана болды. Борышқа қызмет көрсету нормасы сыртқы борыштар бойынша төлемдердің экспорт көлеміне қатынасы ретінде 2000 ж. 32,6% болды. 2000 ж. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция - ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп - 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдарының дамымағандығында. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногі (МБҚР) бағалы қағаздар рыногінің неғұрлым серпінді түрде дамып келе жатқан буыны болып табылады. Мұндай қағаздардың ең маңыздылары: мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МҚМ), олардың айналыс мерзімдері 3, 6, 12, 24 айдан 10 жылға дейін, Мемл. қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕККАМ), Мемлекеттік индекстелетін қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ), Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕОКАМ), Мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер (МЕАКАМ), Арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (АВМЕАКАМ), Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ); ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО), Ұлттық банктің ноталары, муниципалдық құнды қағаздар
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік - экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл стандартты емес нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% -- ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция - бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы - бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Инфляция - бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляцияның экономикалық -- әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада Танзи-Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай - несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.
1) жанама әдістер:
а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу;
ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу туралы ақпарат
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
2013-2014 жылдар Қазақстан Республикасы негізгі макроэкономикаға сипаттама
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі
2013-2015 жылдардағы ҚР-ның макроэкономикалық көрсеткішіне сипаттама
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Қр-дағы экономикалық өсу түрлері,себептері және факторлары
Пәндер