Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдары туралы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы : Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдары

Тексерген: Самиева Г. Т

Дайындаған: Сатмұхамбетов Ә

Семей

2015 жылы

Жоспар

1. Басты пайдалануға кесу
2. Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру
3. Орманды басты қолдану және қалпына келтірудегі кесу жұмыстарының технологиясы
4. Шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін және жас ұрпақтарын сақтау жұмыстарының технологиялары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Басты пайдалануға кесу

Басты пайдалануға кесу жетілген және ескі ағашты кесу үшін ағаштың сүрегін дайындаумен қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі заманда осындай ағаш кесу орманда басты және белсенді ықпал етеді. Сонымен қатар кесудің басты пайдасы халық шаруашылығымен және орманның экологиялық маңызына тәуелді болуы, олардың тұрған жері мен қызметінің орындалуы әр түрлі рөл атқарады. Басты міндетінен басқа орман материалдарын дайындау осындай оқиға қатарында кесу су қоймасының күшеюіне орманның қорғаныш және санитарлық-гигиеналақ қасиеттеріне байланысты. Сөйтіп, кесудің басты пайдасы орманды пайдалану қызығушылығымен, орманды қалпына келтіруге байланысты.
Басты пайдалануға кесу орманды басты пайдаланудың бір түрі, ішкі ресурстарды пайдаланудың басты бөлігі болып табылады. Орманды дұрыс пайдалануда, кесудің пайдасын негізге алып, олар ағаштың өлшемі мен сапасын алады, халық шаруашылығымен тұрғындарды қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Ағашты тұтастай кесу, бұл ағаш кесетін жерде бір амалмен ағашты кесіп алуды, басты пайдалануға кесу мен қалпына келтіруін айтады. Кесуден кейін тұқым ағаштарын отырғызатын жер қалдырады көлемі 0, 5 тен 1, 5 га дейін, көлденеңі 10 - 15 метр. Ресейде ағашты тұтастай кесу тәсілі басты кесудің түрі болып табылады, себебі осының көмегі арқылы 95 % орман материалдарын дайындайды.
Тұтастай ағашты кесу көбінесе ІІІ және ІІ топ ормандарында кеңінен қолданылады және көптеген сорттардың көлем сұранысына байланысты. Олар ағаш кесетін учаскенің өлшемі жағынан өзгеше және тар жерде ағаш кесу айырмашылығы байқалады, онда ағаш кесетін жердің ұзындығы 100 м аспайтын және ауданы 50 га жерде құнарландырылған кесумен көлік жол магистралында болу керек, құнарлы ағаш кесетін жердің ұзындығы 200 м-ге дейін жетеді. ІІ топ ормандарында құнарландырылған кесу ағаш кесудің басты тәсілі болып табылады. Ағашты тұтастай кесу кейде өнімділігіне байланысты екі түрге бөлінеді: толық яғни тұтас және толық емес ағаш кесу.

икасы ҚР, скачать

2. Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру

Құндылығы аз орман екпелерін қайта құру дегеніміз - құндылығы аз орман екпелерін кесу және мәдени орман өсіру тәсілдері көмегімен құндылығы жоғары екпелермен орнын ауыстыру. Қайта құрудың негізгі мақсаты орман құрамының құндылығын жақсарту, өнімділігін және табиғатты қорғау функцияларын жоғарылату.
Орман шаруашылық тәсілдері мен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру тек қана қандағашты, тамыр атпалы көктеректі, жас бұтақты қайыңдардың орындарын басады, яғни қылқан жапырақтылар емен, шаған, үйеңкі және тағы басқаларымен. Бұлар табиғи немесе жасанды жолмен пайда болған. І топқа жататын ормандардың өте жақсы өсу жағдайларын қамтыған құндылығы төмен отырғыларда қайта құру жұмыстарын белгілейді. Қайта құрудың 2-ші қатарында болатын орманның ІІ тобындағы өскіндер мен тамыр атпалардан қалыптасқан отырғылар жатады олар шымылдық астында 1, 5 2000 қылқан жапырақты дана мен биіктігі 0, 5 метрден биік болып, ауданда біркелкі орналасып сүрек діңдерді сату мүмкіндігі болса. Соңында қалпына келтіру жұмыстары ІІІ топ ормандарында жүргізіледі. Яғни мұнда сүректер аз кездеседі және шаруашылықта бағалы орман ағаштарын екпелермен ауыстыру жұмысының нәтижесі жоғары өнімділік бермейді.

Курстық жұмыс, бақылау жұмыс, Реферат, Қазақстан Республикасы ҚР, скачать

3. Орманды басты қолдану және қалпына келтірудегі кесу жұмыстарының технологиясы

Орман шаруашылығын жүргізу жұмыстары халық шаруашылығының сұраныстарын толық қанағаттандыруы керек, орманнан алынатын ағаштарды тиімді пайдалану және т. б. Жанжақты қолдану, сақтау, орманның көптеген ерекшеліктерін үлкейту: орта түзуші қорғаныстық, суды сақтау, санитарлы-гигиеналық, эстетикалық және басқа да орманның табиғи қасиеттері орман шаруашылық жұмыстарын жүргізудің басты шарттары болып табылады. Сонымен қатар, ормандағы тұқым құрамдарының жақсаруы, жалпы экологиялық жағдайын көтерудегі жаңа технологияны қолдану негізінде өнімділігін арттыру да маңызды орын алады.

Шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін және жас ұрпақтарын сақтау жұмыстарының технологиялары

Орман алқаптарында қолданылатын басты кесуде жоғары өнімді технологияларды пайдаланғанда, шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін жас өскіндерін сақтауды да ойластыру керек. Сонымен қатар топырақты сақтаудың да мағынасы мол, себебі экологиялық ортаны жақсартатын және орманның қолдан қалпына келтіруі ойланыстырылады.
Технологиялық үрдісте ерекше орынды машиналар мен механизмдер алады. Олардың негізінде ағаш кесу жұмыстарының технологиясы жасалады; кесу жұмыстарында соңғы өндірістік операциялар маңызды орын алады; өскіндер мен жас бұталардың негізгі маңыздылығын сақтауда ағаш кесу операцияларының құрамы мен қалыптасуына келесі технологиялық деңгейлер қолданылады.

Орман күтіміндегі механизациялық және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру

Күтімдік кесу жұмыстарының технологиясын, механизациялауын ұйымдастыру сұрақтары өте күрделі. Жас ағаштарда жүргізілетін күтімдік кесулердің механизациялауының деңгейі әзірше төмен, әсіресе тасымалданатын ағаштарда, өйткені кесілген өрім талдардың көлемі өте аз. Жарықтандыру және тазалау жұмыстары кезінде көбінесе шырпылар (ағаштардың жұқа діңдерінің қалыңдығы 4 см дейін, ұзындығы 2-ден 6 м-ге дейін, сонымен қатар жоғарғы жағы кесілген, бұтақтар және бұтақшалар), қолайлы жағдайда ұсақ тауарлы сүректер кесіледі, олардан тек сырғауыл, қадалар (жұқа ағаш діңі немесе олардың жоғарғы жағындағы кесіндісі қабықсыз болғандағы қалындығы 3-7 см және ұзындығы 3-6, 5 м-ге дейін) . Сондықтан жас ағаштарда күтімдік кесулерді жүргізгенде машиналар мен механизмдерді мүлдем қолдануға болмайды. Кескен орынды тазалау

Яғни орман кесу жұмыстарының соңғы жұмысы. Оған кеспе ормандарды, кесіп тасталған ағаш қалдықтарынан тазалау, жаңартуына және ағаш тұқымдарының өсуін қамтамасыз ету, өртке қарсы ескерту және аурудың дамуын азайту, орманның жұмыстарына жатады. Жаңа өскінді қосымша іс-шаралар мен ұйымдасқан техникалық жағдайларда кеспе жұмыстарында сақтап қалады. Мал жаюды, уақытша ауыл шаруашылығында қолданылуы, жерде өсімдік қалдықтарынан тазалауды реттеу жұмыстары жатады.

Қортынды

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн қарауында мемлекеттiк орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдын басқару ісі
Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдары
Орман шаруашылығы мәселелерін шешудің жолдары
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Қазақстанның орман қорларын тиімді пайдалану мәселелері
Қоршаған ортаның экологиялық проблемалары
Жерлерді қалпына келтіру .Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Кен орнының геологиялық сұлбасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz