Жас төлдерді өсіру технологиясы



1. Кіріспе бөлім
Төл дегеніміз не?
2. Негізгі бөлім
2.1. Ірі қара төлдерін өсіру
2.2. Құлын өсіру технологиясы
2.3. Бота өсіру және күту
3. Қорытынды бөлім
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Төл – ауыл шаруашылық малдарының өсіп-даму процесіндегі жыныстық жағынан толық жетілмеген ұрпағы.
Әр түлік Төлінің өз атауы бар: түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын, сиыр төлі – бұзау, қой төлі – қозы, ешкі төлі – лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. Туылғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыр, жылқы, түйе)
Төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 – 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі). Төлдері бұл деңгейге 4 – 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу- азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде төлдерді күту - азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады.
Түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары, төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. Мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары – енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар – енелерімен бірге бағылады. Қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. Төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. Төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады. Түлік түрі мен басты өнімділік ерекшеліктеріне орай Төлдер туылғаннан кейін 1,5 жылға дейін сұрыпталып, пайдалану бағыты (асыл тұқымдық, шаруашылықтық) айқындалады. Өсімге қалдыруға жарамсыз Төлдерді жайып, қоң жинаған соң немесе бордақылаудан кейін сояды.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Жас төлдерді өсіру технологиясы

Тобы: ВМ - 305
Дайындаған: Мырзағалиқызы А
Тексерген: Садуақасов М.С

Семей 2015

Жоспары:
1. Кіріспе бөлі
Төл дегеніміз не?
2. Негізгі бөлім
2.1. Ірі қара төлдерін өсіру
2.2. Құлын өсіру технологиясы
2.3. Бота өсіру және күту
3. Қорытынды бөлім
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Төл - ауыл шаруашылық малдарының өсіп-даму процесіндегі жыныстық жағынан толық жетілмеген ұрпағы.
Әр түлік Төлінің өз атауы бар: түйе төлі - бота, жылқы төлі - құлын, сиыр төлі - бұзау, қой төлі - қозы, ешкі төлі - лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 - 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 - 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі - олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. Туылғаннан кейін алғашқы 2 - 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыр, жылқы, түйе)
Төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 - 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі). Төлдері бұл деңгейге 4 - 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу- азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде төлдерді күту - азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады.
Түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары, төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. Мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары - енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар - енелерімен бірге бағылады. Қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. Төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. Төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады. Түлік түрі мен басты өнімділік ерекшеліктеріне орай Төлдер туылғаннан кейін 1,5 жылға дейін сұрыпталып, пайдалану бағыты (асыл тұқымдық, шаруашылықтық) айқындалады. Өсімге қалдыруға жарамсыз Төлдерді жайып, қоң жинаған соң немесе бордақылаудан кейін сояды.

Негізгі бөлім
2.1. Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан - жылға арттыру және малдың тұрпаттық мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы көруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата - тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, ерекше көңіл бөлу керек. Бұзау туғаннан бастап, үлкен болып өскенше шаруашылыққа арзанға түсетін азықты жегізіп үйреткен қажет. Төл азықпен толық қамтамасыз етілсе, олардың тұқым қуалаушылық заңдылықтары айқындалады.
Мал төлден өседі. Сондықтан мал шаруашылығының озаттары тумаған бұзаудың оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтардыкөп, ал жемді азырақ беріп отырған. Етті ірі қара мал шаруашылықтарында керісінше, жемді көбірек береді.
Бұзауларды алты айға дейін екі түрлі тәсілмен өсіреді: біріншісі - бұзауларды сүтпен асырау, екіншісі - бір ірі қараның бауырына бірнеше бұзауларды бекітіп,емізіп өсіру.
Сүтті мал шаруашлықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып,бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп отырған. Етті ірі қара мал шаруашлықтарында бұзауларды 6 - 8 айға дейін енелерімен бірге, әрі қосымша азық беріп отырады. Мұнің өзі екі бағыттағы шаруашылықтарда бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.
Төл өсірудің теориялық негізі. Ірі қараны малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау асиеттері қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның ең бастысы малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану.
Малдың ағзасы мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас ағзада өзгерістер жүреді, онда әр түрлі құбылыс болады. Мал дұрыс азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушылық қасиеті білінбей қалуы сөзсіз, азықтандырудың бірінші тәсілін қолданып, оның өнімдік қасиетін өзгертуге болады. Сондықтан, төл өсіру - ірі қара табынан өнімді көп алудың негізгі бір жолы. Малдың өнімдік және тұқымдық қасетінің қалыптасуы дұрыс азықтандыруымен қатар олардың эмбрионалдық және постэмбрионалдық өсіп даму заңдылығына да байланысты. Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтық,эмбрионға дейінгі және эмбриондық деп бөледі. Ұрықтық кезеңнің 34 күнге созылады, мұнда ұлпалар дамып, дене мүшелері түзеле бастайды. Ұрықтың даму кезеңінде ұрық тез дамиды, оның салмағы 600 есе өседі. Эмбрионға дейінгі кезеңде ұлпа мен дене мүшелері одан әрі дамып өсе бастайды, бұл кезеңнің аяқталуы эмбрионның пайда болуымен бітеді. Эмбрион өзінің анатомиялық құрылысы бойынша жаңа туған бұзауларға ұқсас. Эмбрионның даму кезңінде оның салмағы 8 - 15 г болады, ал даму уақыты 26 күнге созылады. Жалпы төлдің эмбриондық кезеңінің уақыты 61 күннен бұзау туғанға дейін созылады. Бұл уақыт ішінде ол қалыптаса бастайды, әрі дененің абсолюттік салмғы өседі. Эмбриондық кезеңінің аяғында, оның салмағы 25 - 40 кг жетеді. Бұзау тууға екі ай қалғанда эмбрион өте тез дамиды, тәулігіне 300 - 400 г салмақ қосады. Эмбрион салмағы 5 айлығында 2 - 4 кг, 7 айлығында 12 - 16 кг жетеді және туардан бұрын 9,5 айлығында 25 - 40 кг болады. Эмбрионның салмағы ірі қараның тұқымына да байланысты. Бұзаудың тууына 2 - 2,5 ай қалғанда эмбрионның салмағы 12 - кг - нан 26 - кг - ға дейін өседі.
Ірі қараның постэмбрионалдық өсіп даму уақытын 5 кезеңге бөледі: уыз сүтті, сүтті, қарқынды өс, жыныстық жетілу, өнімділігінің қалыптасуыы және өнімді мол беру кәрілік кезеңі.
Бұзау туұаннан кейін өздігінен азықтанады, дем алады, әрі сыртқы ортаға бейімделіп қарым - қатынас жасай бастайды. Сыртқы ортаға бейімделу үшін кемінде 7 - 10 күн кетеді. Осы уақытта бұзаудың ауруға шалдықпауына, сыртқы ортаға бейімделуіне көмектескен жөн. Бұзау туғаннан кейін бірінші уыз сүтті берген абзал. Ірі қара уызы бұзау ағзасын иммунды ақуыздармен, А витаминімен қамтамасыз етеді.
Өнімділігінің қалыптасы кезеңі - жыныстық жетілу мерзімінен тайыншалардың бірінші бұзаулағынына дейін, ал тана ұқаларды тұқымға пайдалана бастағанға дейін созылады. Бұл уақыт ішінде жас малдардың жыныс мүшелері жетіліп, әрі төл беру қабілеттілігі толық қалыптасады. Тайыншаладың сүт бездері дами бастайды. Осы кезеңде жас малдың сүт және ет өнімдерінің қалыптасуына азықтандыру және жақсы күтім арқылы әсер етуге болады.
Өнімді мол беру кезңінде малдың өнімділігі ең жоғары сатыға жетеді. Ірі қаралар бұл кезеңде сүтті өте көп берумен қатар, олардың төл беру қасиеті де жақсарады, бұқалар өте сапалы ұрық береді. Бұл кезең ірі қаралар үшін бірінші бұзаулағаннан кейін 7 - 8 бұзаулағанына дейін созылса, бұқалар үшін 1,5 - 2 жастан 8 - 10 жасқа дейін созылады.
Малдың кәрі кезеңінде ағзада зат алмасуы бәсеңдейді, әрі өнімділік көрсеткіштері де кемиді. Малдардың өсіп - даму уақытында оның дене құрылысының ұлпалары мен мүшелері біркелкі дамымайды, эмбрионалдық кезеңінде сүйек ұлпасы жақсы дамыса, постэмбрионалдық кезеңде шамалы дамиды.
В.А. Эктовтың тәжірибесі бойынша, қара ала ірі қаралардың бұзауларының туғаннан кейін 18 айлығында салмағы 16 есе өссе, қаңқасы 8,7 есе, ұлпа еттері 18,6 есе өскен.
Төл етке арналған болса, оларды барлық өсіп - даму кезеңінде үнемі молынан азықтандыру керек, сонда ғана олардың денесіне ет және май ерте бітеді. Жас малдардың өсіп - дамуына азық мөлшері де азық түрлері де, рациондағы азық үлесі де әсер етеді. Егер бұзау жас уақытынан бастап көлемді және шырынды азықтарға үйретілсе, олардың ас қорыту мүшелері де тез жетіледі, азықты да тез қорытады. Ірі қара өнімінің қалыптасуына оның күтімі көп әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиыр етін өндірісте қолдану
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Мал азықтары жайлы
Жас төлдерді азықтандырудағы кальций мен фосфор мөлшері
«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Етті бағыттағы ірі қара сиырларын азықтандыру
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Пәндер