Баға және баға қою


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Баға және баға қою
МазмұныОрындаған: Какимов А. К
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нуралина К. Т.
Семей 2015
Кіріспе3
Баға және баға жасау4
Қорытынды8
Пайдаланылған әдебиеттер9
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Баға және баға жасау... жалғасыБаға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.
Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.
Баға белгілеу - тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.
Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:
- қандай да бір тауар нарығында сатып алушылар сұранысы мен сатушылар ұсынысы арасында өзара әрекет ету негізінде нарықтық баға белгілеу.
- орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу - шығындық баға белгілеу шеңберінде өндіріс пен айналым шығындары қойылу арқылы бағаларды мемлекеттік мекемелердің бағаны анықтауы.
Өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне баға қою кәсіпорын қызметіндегі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорын баға белгілеу мәселесін өзінше шешеді. Ірі компанияларда баға белгілеу мәселесімен орта деңгейлі басқарушылар айналысады. Ұсақ кәсіпорындарда бағаны эдеттегідей, оның басшылары анықтайды. Өз кезегінде, коммерциялық нәтиже көбіне баға деңгейіне байланысты болады. Баға әрқашан адамдардың сауда жасау кезіндегі таңдауын анықтайтын негізгі фактор болған.
Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсі порынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.
Ішкі факторлар:
- жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалыкты көтере алады) ;
- өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады) ;
- өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды) ;
- өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған) ;
- өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;
- өндірістік процестің жинақылығы;
- тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;
- сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;
- өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.
Бағаның құннан ауыткуына әсер ететін сыртқы факторлар:
- тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;
- еркін нарықта кандай да бір кажетті ресурстардың (еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;
- мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;
- инфляцияның деңгейі және динамикасы;
- нарык көлемі;
- әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;
- біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі
Айналымға қызмет көрсету сипаты бойынша бағаның келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- сатып алу және сатудың көтерме сауда бағасы. Көтерме баға деп өндірушілер шығарған тауарларын басқа кәсіпорындарға, өткізуші ұйымдарға ірі партиямен сататын бағаны айтамыз;
- сатып алу бағасы бойынша ауыл шаруашылык өндірушілері өз өнімдерін мемлекетке, кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға қайта өңдеу үшін сатады;
- бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар жеке немесе үсақ сатып алушыларға негізінен халықка өткізіледі;
- смета құны - салынған құрылыска (ғимараттар, үйлер) төленетін баға;
- халыққа көрсетілген қызметтердің бағалары мен тарифтері
- тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықтар, туристік және қонақ үй, денсаулық сақтау, тұрмыстык қызмет көрсету қызметтеріне койылған бөлшек бағаның ерекше түрі.
Айналым саласында (көтерме - өткізуші бөлшек саудада) баға шегерімі мен баға үстемесі қолданылады. Жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар бағасы мен жеткізуші кәсіпорынның көтерме бағасы арасындағы жабдыктаушы-өткізуші үстемесі болады. Сатып алу және сатудың көтерме бағасы мен көтерме және бөлшек бағалар араларындағы айырмашылық сауда үстемесін (шегерімін) көрсетеді.
Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсеке деңгейіне байланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді:
Еркін бағалар (нарықтқк бағалар) - осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар:
- сұраныс бағасы - сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;
- ұсыныс бағасы - сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін шегерімсіз нарыктық баға;
- өндіріс базасы - барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;
- реттелетін бағалар - мемлекеттік басқару органдары орнататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:
- шектеулі бағалар - кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;
- бекітілген бағалар - белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін.
Тағайындау және бекіту әдісі бойынша. Бұл бағалар шарттарда, келісім-шарттарда анықталады. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
қатаң баға (тұрақты) - шартқа қол қойылған кезде, қойылатын және осы шарт, келісім-шарт, келісім бойынша өнімді жеткізу мерзімі аяқталғанша өзгертілмейді.
Тұрақты баға келесі мәмлелерде қолданылады:
- өнімді жедел жеткізу;
- өнімді қысқа мерзімде жеткізу;
- ұзақ мерзімде тоқтаусыз жеткізу.
- жылжымалы баға - егер шартта айтылғандай, оны орындау кезінде нарықтық баға өзгерсе (жоғарыласа немесе төмендесе), онда келісілген баға деңгейі қайта қаралуы мүмкін болады;
- сырғымалы баға - ұзақ дайындау мерзімін талап ететін бұйым дарға қойылатын баға. Өнімді дайындауға қажет уақыт кезеңіндегі өндіріс шығындарындағы өзгерісті есепке ала отырып, бастапқы шарт бағасын қайта қарау арқылы шарт орындала бастаған кезден бастап есептеледі.
Уақыт факторын есепке алу бойынша келесі баға түрлері анықталады:
- тұрақты баға - ә рекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған баға түрі.
- маусымдық баға - маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;
- белгілі бір уақыт ішінде әрекет етеді және бастапқы сату бағасына жеңілдіктер қолдану арқылы анықталады;
- сатылы баға - белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.
Баға деңгейі туралы аппарат алу тәсілі бойынша:
- аныктамалық бағалар - каталогтарда, прейскуранттарда, экономикалық журналдарда, анықтамалар мен арнаулы экономикалық шолуларда жарияланады;
- ұқсас өнімге баға қою кезінде бағдарлық ақпарат ретінде немесе бағалардың деңгейлері мен арақатынастарын талдау үшін пайдаланады;
- прейскуранттық баға - сатушы фирмалардың прейскурантарында жарияланатын аныктамалық баға түрі.
- есеп айырысу бағасы - жеке тапсырыс бойынша өндірі стандартты емес құрал-жабдықты дайындау туралы шарттарда, келісім-шарттарда қолданылады;
- жеткізуші әрбір жеке тапсырыс бойынша, оның техникалық және коммерциялыкқ жағдайына есептеп дәлелдейді.
Нарық түріне байланысты:
- аукциондық баға - тауарлар партиясын (лотын) сатып алушы алдын ала қарау арқылы ашык сауда кезінде ұсынылған ең жоғарғы баға деңгейі;
- биржалық баға белгіленімі - биржа арқылы сатылатын бір стандартталған тауарлардың (оның ішінде бағалы қағаздар бағасы;
- сауда-саттық бағасы - алдын-ала ерекше құжатта (тендер де) жарияланған шарттар бойынша белгілі бір жұмысты орын мердігерлікті жеңіп алу, немесе тауарларды жеткізуге тапсырыс беруге негізделген арнаулы сауданың ерекше нысанының бағасы.
Ішкі фирма немесе трансферттік бағалар - кәсіп (фирма) бөлімшелерінің немесе бір ассоциацияға ұйымдастырылған санына кіретін түрлі кәсіпорындардың арасында өнімді өткізуінде кәсіпорын (фирма) ішінде қолданылатын баға. Трансферттік бағалар дайын өнімдерге, жартылай дайын өнімдерге, шикізатқа, сонымен қатар қызметтерге, оның ішінде, басқару қызметтеріне тағайындалады.
Өнімді жеткізу және сату шарттары бойынша бөлінеді:
- нетто-баға - сатып алу - сату жеріндегі баға;
- брутто-баға (фактуралық баға) - сатып алу және сату шарттары (таура бойынша салықтардың түрлері мен мөлшері, жеңілдіктердің болуы мен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz