Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы



1 «Өзін.өзі тану негіздері» модулінің міндеттері:

«Педагог» мамандығы бұл . мақтаныш» модулінің міндеттері:
«Өзін.өзі тану» курсы оқытушысының рөлі мен қызметі
1 «Өзін-өзі тану негіздері» модулінің міндеттері:
• тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үдерістері туралы біртұтас ұғым беру;
• қазіргі заманғы әлемдегі адамның құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
• аталмыш жас ерекшелігіндегі тұлғалық және даралық маңыздылықты жетілдіру;
• студент тұлғасының жағымды және шығармашылық ойлауын жүзеге асыру дағдыларын белсендіру;
• студенттердің рухани ақиқаттың «мәңгілігі» және олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
1 «Өзін-өзі тану негіздері» модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:
• өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүйетін азамат болуға;
• ел тарихына, отандық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарына қамқорлықпен қарауға;
• әлемді және өз-өзін тануда жасампаздықты танытуға;
• өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік өлшемдерді басшылыққа алуға;
• адамдармен жағымды қарым-қатынаста болуға және көзқарастары мен сенімдері өзгеше адамдармен толерантты болуға;
• саналы түрде салауатты өмір салтын ұстанып, өзінің дене және эмоциялы-рухани жай-күйін қалыпта сақтауға.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Жоғары оқу орындарында өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі: Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал. – Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО, 2007. – 96 б.
2.«Жантану» оқулығы
3.Б.Қ. Дамитов
4.«Самопознание kz» журналы

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Шәкәрім атындағы Семец мемлекеттік универсиеті
Жаратылыстану-математика факультеті
Математика мамандығы

СӨЖ
Тақырыбы:
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы.

Орындаған:Кобельдесова Н.Ж.
Тобы:Т-413 топ
Тексерген:Көшкімбаева Р.Х

Семей 2015 жыл

1 Өзін-өзі тану негіздері модулінің міндеттері:
* тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үдерістері туралы біртұтас ұғым беру;
* қазіргі заманғы әлемдегі адамның құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
* аталмыш жас ерекшелігіндегі тұлғалық және даралық маңыздылықты жетілдіру;
* студент тұлғасының жағымды және шығармашылық ойлауын жүзеге асыру дағдыларын белсендіру;
* студенттердің рухани ақиқаттың мәңгілігі және олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
1 Өзін-өзі тану негіздері модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:
* өз Отанын - Қазақстан Республикасын сүйетін азамат болуға;
* ел тарихына, отандық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарына қамқорлықпен қарауға;
* әлемді және өз-өзін тануда жасампаздықты танытуға;
* өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік өлшемдерді басшылыққа алуға;
* адамдармен жағымды қарым-қатынаста болуға және көзқарастары мен сенімдері өзгеше адамдармен толерантты болуға;
* саналы түрде салауатты өмір салтын ұстанып, өзінің дене және эмоциялы-рухани жай-күйін қалыпта сақтауға.

Педагог мамандығы бұл - мақтаныш модулінің міндеттері:
* студенттердің педагог мамандығына деген дербес таңдауына лайықты қатынасын қалыптастыру;
* Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасының мақсатына сәйкес педагог мамандығының беделін арттыруға ықпал ету;
* болашақ мамандардың өзін-өзі кәсіби дамытуға даярлықтарын дамыту;
* студенттердің өзін-өзі кәсіби тану және дамыту әдістемесі мен теориясы туралы біртұтас түсінігін қалыптастыруға ықпал ету;
* педагогикалық міндеттер мен жағдайларды шешудің тиімді жолын табу тәжірибесін қалыптастыру.
Педагогтың өзін-өзі кәсіби тануы және дамытуы модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:
* мамандықтын негізін құраушы қағидаларды, құндылықтарды, артықшылықтарды;
* педагогикалық іс-әрекеттің құнды-мағыналы бастаулары;
* өзін-өзі кәсіби дамытудың негізгі заңдылықтары;
* педагогтың өзін-өзі кәсіби танудың және жоғары деңгейде дамытудың өзекті механизмдері мен жағдайлары;
* студенттердің өзін-өзі тану үдерісінде педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары;
* педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешу;
* кәсіби біліктілікті жүйелі арттыру;
* кәсіби портфолионы жасау;
* кәсіби қарым-қатынас мәдениетін.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс, - деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, әр адам үнемі дамып, жетіліп, үйреніп отыруы керек.
Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдары қарастырылуда.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.
Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім - бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы.
Кәсіби мұғалім - құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада - педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.
Кәсіби даму - (лат. profiteor - өз ісімді хабарлаймын) - еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму - нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс - әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.
Кәсіби даму - бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.
Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.

Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн:
1. Жұмыс, еңбек әрекеті - қандай дағдылар қолданылмайды және неге? Түсіндіріңіз.
2. Кәсіби дағдылар - өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі.
3. Құндылықтар - Сіздің құндылығыңыз топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.
4. Оқу - өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз.

Өзін-өзі тану пәні оқытушысының тұлғалық портреті
Жеке тұлғаның жалпы сипаттамасы
Ізгіниетті, жеңіл әзілге бейім, әділ, шыншыл демократияшыл. Эмпатияға қабілетті, жеке-дара студенттермен және тұтастай топпен орнықты байланысты жеңіл орната алады.
Топтағы әрекет
Икемділік танытуға қабілетті. Өзінің біліктілігінің арқасында оқу материалдарын жеңіл де еркін меңгере алады. Сұрақ қоюға шебер. Студенттерінің өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдауына әр кезде көмектесуге дайын екенін сезіндіре алады. Эксперимент жасауға, жаңаны іздеуге деген құлшынысы мен ниеті зор. Студенттермен қарым-қатынас үстінде олардың өзін өзі тануына мүдделілік таныта алады.
Өзін-өзі қабылдауы
Өзін-өзі оң бағалайды,оптимист, өзін-өзі қабылдай алады.
Өзге адамдарды қабылдай алуы
Өзге адамдардың (студенттердің, әріптестерінің, басшылардың) әрекетіне толеранттылықпен қарау. Студенттермен қарым қатынасында оларды құрметтеуге, толық сенуге және жоғары бағалауға лайық жеке тұлға деп қарайды

Өзін-өзі тану курсы оқытушысының рөлі мен қызметі
Жоғары оқу орындарында жүргізілетін Өзін-өзі тану пәні оқытушысының бойынан адекватты көзқарас пен ізгіліктілігі, дүниетаным кеңдігі, кәсіби шеберлік, тұлғааралық қатынастардың жоғары мәдениеті өзара бірлікте көрінуі тиіс. Бұл оқу курсының мазмұнын ізгілендіру бағытын күшейту үстінде белгілі бір нақты бетбұрыстар мен бағытты жүзеге асыруға септігін тигізеді. Мұнда оқытушының эмоциялық қолдау көрсетуі, зерттеуі, фассилитаторлық қызметтерді орындауы нәтижесінде пәнді оқытуға қажетті алғышарттар қалыптасады.
Оқытушының эмоциялық қолдай жасай білуі оның тек қана білімі мен тәжірибесінің молдығын дәлелдемейді, сонымен бірге оның әрбір студенттің өміріне, көзқарасына бей-жай қарай алмайтын ішкі жан дүниесінің байлығын да қажет етеді. Әрине, мұнда оқытушы дара болмысының көркіне ешқандай нұқсан келтірмейді. Ол жастардың өз қажеттіліктеріне деген құндылық бағдарларын тануға да мүдделік танытады. Студенттің жеке тұлғалық мәніне бағдарланған оқыту процесінде оқытушының өзін өте сыпайы ұстап, олардың кез келген сөзі мен әрекетіне түсіністікпен қарауға дайын болуды талап етеді. Әсіресе, студентпен қарым-қатынаста ең алдымен эмоциялық көңіл - күймен алмасуына баса назар аударғаны тиімді. Студенттің жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту парадигмасына сай болу үшін Өзін-өзі тану пәнін оқытатын педагогтың бойында мынандай сапалық қасиеттер болуы шарт:
* эмпатия (өзгелердің сезімін түсіне білу);
* құрметтеу (өзгелерді конструктивті тұлға ретінде бағалай алу);
* шынайылылық (өз сезімдерін ашық білдіре алуы);
* қарым-қатынас әдебі.
Студентке көрсетететін құрметінің педагогтің адамды бірегей тұлға, құндылық ретінде бағалау деңгейі айқын аңғарыла мойындалуы болып табылады. Мұндай жағдайда студент те өзін еркін ұстайды, өзінің дербес дара тұлға ретіндегі мәнін сезінеді. Студенттерді сыйламау (немесе теріс қатынаста болуына), студенттердің эмоцияларына, сезімдері мен ішкі толқынысына немқұрайды қарау Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысына мүлде жат қасиеттер. Студенттердің әрекетіне, сөзіне, қылығына жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынасын білдіруде педагог барынша адал да табиғи болуы қажет. Жағымсыз қатынасын білдіруде оқытушы әдептіліктің шегінен шықпай, өз пікірін мүмкіндігінше студенттің жанын жаралап алмайтындай сөздермен жеткізгені абзал.

Өзін-өзі тану пәні оқытушысының зерттеу қызметінің үш аспектісі бар.
Бірінші аспектіде сабақ үстіндегі топтық жұмыстарда қолданылатын оқыту тәсілдері мен түрлерінің жасау түрлерінің немесе оқыту тәсілдерінің тиімділігі зерттелінеді; Топтың өзара қарым-қатынасының дамуына, әр студенттің жеке тұлғалық сапаларының өсуіне, оқу процесіндегі аудиторияның мотивациялық дайындық деңгейіне талдау жасауы да осы кезеңге енеді.
Екінші аспект Өзін-өзі тануды оқытуда психодиагностикалық әдістерді қолдануы мен әрекеттерді орындауы жатады. Оларды пайдалана отырып оқытушы студенттердің даму процесін зерттеуші қызметін атқарады. Сол себепті де ол зерттеу міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде анықтай алуға, зерттеу үрдісін сауатты жүргізуге, этикалық талаптарды орындауға қабілетті болуы тиіс.
Зерттеу қызметінің үшінші аспектісі оқытушының өзін-өзі тану процесінде жеке тұлғаны дамыту технологиясын жүзеге асыруы кезінде анықталады. Өзін-өзі тану бағытында жүргізілетін жеке тұлғаның ресурстарын анықтау мен дамыту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы маманның ролі
Өзін-өзі тану пәнінінен лекциялар жиыны
Педагогикалық қолдау этикасы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы
Педагогикалық шеберлік.Дәрістер
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі туралы
Мектепте оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары
Мәдениеттің өнермен, құндылықтармен байланысы
Ойлау ұғымына түсініктеме
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Пәндер