ШҚО-ның экономикасының қазіргі жағдайы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

  1. ШҚО-ның экономикасының қазіргі жағдайы
  2. Семей қаласының экономикасы
  3. ШҚО - ның 2015 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы - өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399, 1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6, 2%-на тең.

Кен өндіру өнеркәсібі

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3f/Jezkazgan_04.JPG/250px-Jezkazgan_04.JPG https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/92/Salt_Cars.jpg/200px-Salt_Cars.jpg

Шахта

Облыс өнеркәсібінің негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Бұл салада 197 нысан жұмыс істейді (2006) . Негізгі өндірілетін өнімдері - түсті металл (мыс, мырыш, күміс), алтын, титан, көмір. 2005 ж. облыс бойынша 10, 8 млн т түсті металл кентасы өндірілді. Кентасты негізіненРиддер және Зырянов полиметалл кен аудандарындағы “Қазақмырыш” АҚ-на қарасты кеніштер, Ертіс маңы полиметалл кенді ауданындағы “Қазақмыс корпорациясына” қарасты кәсіпорындар өндіреді. Асыл металл өндіру саласы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 27 кәсіпорын бар. Оларда 3, 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 17, 3 т алтын өндіріледі. Негізгі алтын өндірушілерге “Бақыршық” кен кәсіпорны, “ФИК”, “Алел”, “Алтынтөбе” АҚ-ның, “Андас Алтын”, “Даңқ”, “Жерек”, “Іnter Gold Capіtal” ЖШС-терінің кеніштері жатады. 2006 ж. Өскеменнің титан-магний комбинатын жергілікті шикізатпен қамтамасыз ететін (Көкпекті ауданында) Сәтбаев атындағы ильменит құмының кен орны іске қосылды. Ол жылына 15, 0 мың т ильменит концентратын береді. Облыстағы көмір өндіру 6 нысан бойынша жүзеге асырылады. Ол негізінен “Қаражыра ЛТД” ЖШС-не қарасты Қаражыра, Кендірлік және Алакөл кен орындары.

Облыс өнеркәсібінің басты түсті металлургиясы“Қазмырыш”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ-дары, "Қазақмыскорпорациясы” АҚ-ның “Шығыс Қазмыс” бөлімшесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің РМК “Қазақстан монета сарайы”, “Қазниобий Ертіс химия-металлургия зауыты”, “Ертіс сирек элементті компаниясы”, “Қазмырыштех” ЖШС-терін қамтиды. Бұл кәсіпорындар өздерінің шығарған сан алуан, бағалы өнімдері бойынша дүние жүзіне белгілі.

Электр энергетикалық кешені

Облыстың электр энергетикалық кешенінің құрамында Ертіс өзеніндегі Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі СЭС-тері, Үлбі мен Громотуха өзендері бойындағы Риддер СЭС каскадтары, Өскемен, Риддер, Семей ЖЭС-тері, т. б. кәсіпорындар бар.

Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіп

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f4/SemAZ.jpg/500px-SemAZ.jpg

Семейдегі автобус жинайтын цех

Облыстың машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіп кешені 18 ірі және қуаты орташа кәсіпорындарын біріктіреді де, мұнай кәсіпшілік және металлургия өнеркәсібі жабдықтарын, тұрмыстық электр қозғалтқыш пен сорғыларды, конденсаторлар, техникалық және кабельдік өнімдер, металл бұйымдарын пісіретін электродтар, т. б. көптеген өнімдер жасап шығарады.

  • 2006 ж. бұл саланың кәсіпорындары 26, 8 млрд теңге өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Кейінгі жылдары облыстың машина жасау өнеркәсібі жаңа кәсіпорындармен толықты.
  • 2003 ж. Өскемен “Бипэк-Авто” компаниясы АвтоВАЗ компаниясымен бірлесіп жеңіл автомобиль зауытын іске қосты.
  • 2005 - 2006 ж. осында “Шкода” жеңіл автомобильдерін құрастыру жөніндегі линиялар, “Семей машина зауыты” АҚ-ның негізінде автомобиль агрегаттары мен түйіндерін шығаратын желі іске қосылды.
  • Болашақта Өскемен, Семей қалаларында, т. б. жаңа машина жасау кәсіпорындарын орналастыру көзделген.

Ағаш өңдеу өнеркәсібі

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/ef/Puchberg_Gatters%C3%A4ge_in_Sonnleiten.jpg/250px-Puchberg_Gatters%C3%A4ge_in_Sonnleiten.jpg

Ағаш өңдеу өнеркәсібі

Шығыс Қазақстан облысының ағаш өңдеу өнеркәсібі негізінен “Ертістрансойл”, “Жаңасемейшпалзауыты”, “Өскемен Иннотекс”, "Өскемен жиһаз комбинаты" сияқты құрамында бірнеше нысандары бар 4 ірі және орташа қуатты кәсіпорындарды қамтитын ЖШС-терден тұрады. Олар кесілген ағаш материалдарын, дайындамалар, үй салуға қажет бөренелер, терезе мен есік жақтауларын жасауға маманданған. Жиїаз жасау өнеркәсібінің құрамында 119 кәсіпорын бар, олардың алтауы ірі және орта қуатты. Жылына 30 мың м 3 фанера, жиһаздық тақта, ДСП шығаратын өндіріс Бородулиха ауданында іске қосылды.

2. Семей қаласының экономикасы

Тоғыз жолдың торабындағы Семей халқы ежелден саудаға бейім. Соның арқасында қаламыз сонау 90 -шы жылдардағы қиын кезеңде кәсіпкерлікті дамытып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарып, егемен еліміздің іргесін қалауда өз үлесін қосты.

Нарық талабына сай меншік түрлерінің өзгеруіне байланысты көптеген кәсіпорындардың жұмыс көлемі ұлғайып, бірқатары өздерінің өнім өндіру бағытын өзгертсе, кейбіреулері халыққа қызмет көрсетудің жаңа салаларын меңгеріп үлгерді. 2011 жылы Елбасының қаңтар айындағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін қамтитын жиналысында қала әкімі А. Кәрімов өңір экономикасының жаңа моделі жайлы баяндады. Осы мәселені қамтитын баяндамада ол өңір экономикасын көтерудегі басым бағыттарды, базалық салаларды, көтерілген мәселелерді шешудің жаңа жолдарын атап көрсетті.

2010 жылы тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту, қала экономикасының басты салаларын дамытуға жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған Семей қаласының аймақтық даму Бағдарламасы жасалған болатын. Даму стратегиясының және 2015 жылға дейінгі бәсекелестікке қабылеттілікті дамыту стратегиясының, экономиканың жеке салаларын дамыту бойынша бағдарламалардың негізгі қадамдары интеграцияланды.

Аймақтық экономика моделін табысты енгізу үшін, әсіресе, көмір, алтын, никель, молибден, мыс және т. б. тау кен өндірісін дамытуға себеп болатын қазба байлықтарының қорын анықтау қажет. Салалардың көпшілігінде 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда оң нәтижелер байқалады: жаңа кәсіпорындар ашылды, қызметкерлердің айлық орташа жалақысы бюджет саласындағы сияқты, нақтылы секторда да өсті, жұмыссыздық деңгейі едәуір төмендеді.

«Флер», «Барыс», «Москва», «Париж», «Астана», «Керемет», «Астаналық» атты сауда және қоғамдық тамақтандырудың заманауи кәсіпорындарды пайдалануға енгізілді.

2014 жылы қаланың шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында 2139 жаңа жұмыс орны құрылып, өсу қарқыны 2013 жылға шаққанда 114 % болды.

Қазақстанды индустрияландыру картасы шеңберінде «Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС былғары өндірісін қайта жаңарту, «Игеру» ШҚ ЖШС теміржолдың жылжымалы құрамы үшін тежегіш қалыптарды өндіру және «СемАЗ» ЖШС 3022 ДЦ үлгілік «Беларус» тракторларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жобалар іске асырылды.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1506 болды, бұлардың ішінде 969 белсенді жұмыс істейді. Жалпы алғанда 2014 жылы қала бюджетінің көлемі 23 млрд. теңгеден асты.

Өңірде тамақ өнеркәсібі де дамып келеді. Шығыс Қазақстан облысын азықтық бидаймен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы меморандумның арқасында 2014 жылдың наурыз айында жасалған қосымша келісімге сәйкес Семей қаласы бойынша 4 оператор: «Ай-Ар» ЖШС, «Шығыс» нан комбинаты» ЖШС, «Семнан» ЖШС, «Құрмашев» ЖК өз кәсіпорындарында және қаланың 16 наубайханасында ұн тарту өнеркәсібінің өндіріс көлемін ұлғайтты.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қан жүгіртіп, жан бітірудің негізгі қуат көзі - ауылшаруашылық өнімдерінен бастау алатыны аян. Қаланың аграрлық секторы да экономикаға біршама үлес қосуда. Семей қаласының экономикасының қазіргі уақытта дамуында көп ілгерілеушілік байқалады.

  1. ШҚО - ның 2015 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 326, 1 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 94, 4% құрады. Нақты көлем индексі - 92, 4%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 41, 1 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 102, 7% құрады. Нақты көлем индексі - 102, 6%.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 5, 8% өсумен 107, 8 мың бірлікті құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 100, 1 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінен 1, 5 есе жоғары. Нақты көлем индексі - 153, 8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 25, 7млрд. теңгені немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 110, 7% құрады. Нақты көлем индексі - 108, 8%.

Сыртқы сауда айналымы 2015 жылғы қаңтар-наурызда 604, 1 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңінен 22% кем, соның ішінде экспорт - 376, 2 млн. АҚШ долларын (2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 19, 2% жоғары), импорт - 227, 9 млн. АҚШ долларын (2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 26, 2%-ға төмендеу) құрады.

Сыртқы сауда теңгерімі сальдосы 148, 3 млн. АҚШ доллары сомасында оңды қалыптасты (2014 жылғы қаңтар-наурызда - 156, 9 млн. АҚШ доллары) .

Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы сәуірде 101, 2% деңгейінде қалыптасты, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінен 2, 4 пайыздық тармаққа төмен.

Мемлекеттік бюджетке 36, 4 млрд. теңге немесе болжамға қарағанда 119, 8% салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті, соның ішінде республикалық бюджетке - 10, 6 млрд. теңге (152, 9%), жергілікті бюджетке - 25, 8 млрд. теңге (110%) түсті.

Әлеуметтік сала.

2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кедейлік шегінен төмен өмір сүретін азаматтар саны 1195 адамға ұлғайды (18, 7%) және 5185 адамды құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Ауылдық тұрғындар орындарының теориялық негіздері
Қазақстан экономикасының күретамыры - темір жолдағы күш
Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы
ШҚО географиялық орналасуы, демографиялық ахуалы
Қазіргі кәсіпорындардың қызметтерін дамытуды талдау.ШҚО Үржар ауданының «Ерхан» ет комбинатының қазіргі жағдайына сипаттама
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері
Кәсіпорындaғы мaркетингтік қызметті бaсқaру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz