Сүттi тасымалдайтын және сақтайтын жабдықтар



Жоспар:

I. Кіріспе
1.1Сүт . барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім
II.Негізгі бөлім
2.1. Сүт таситын қондырғылар
2.2. Сүт тасымалдауға арналған қондырғылар
2.3. Сүт сақтауға арналған қондырғылар
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер
Сүт – барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.

Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз – биенің сауылған сүті – саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт Сауын малдан, яғни жылқыда—биеден, түйеде— інгеннен, сиырда—сауын сиырдан, қой, ешкіде— саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа тиді", "уызында жарыған" немесе "уызында
Қолданылған әдебиеттер

1. Әлімжанова Л.В.Сүт өнімі. Оқулық.-Астана, 1998. -175 бет.
2. Барақбаев Б. Сүтжәнесүттағамдары.- Алматы: Қайнар, 1989.- 168 бет.
3. Елеуов Б., Жамалов Б., Мендебаев Х., Нурушев М. Сағындықов Қ. Зоотехниктіңанықтамалығы. Алматы, «Қайнар», 1970ж. 242 б.
4. Ивашура А.И. Сүттіршіліктірегі. Алматы, «Қайнар», 1979ж. 115б.
5. Ысқақбаев Б. Сүтжәнесүтөнімдері. «Қайнар», 1977ж. 85б.
6. Тілемісов Х. Қазақтыңұлттықтағамдары. Алматы, «Қайнар», 1995ж. 211б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Сүттi тасымалдайтын және сақтайтын жабдықтар

Орындаған:Жексенбинова А.
Тобы:ТО-207
Тексерген: Қасенов А.Л.

Семей - 2015ж.
Жоспар:

I. Кіріспе
1.1 Сүт - барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім
II.Негізгі бөлім
2.1. Сүт таситын қондырғылар
2.2. Сүт тасымалдауға арналған қондырғылар
2.3. Сүт сақтауға арналған қондырғылар
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер

Сүт - барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.

Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз - биенің сауылған сүті - саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт Сауын малдан, яғни жылқыда -- биеден, түйеде -- інгеннен, сиырда -- сауын сиырдан, қой, ешкіде -- саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа тиді", "уызында жарыған" немесе "уызында жарымаған" деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екенін көрсетеді. "Ақты төкле", "ақты аттама", "ақты ысыраптама, малдың желіні қетеді" деген қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығару, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Ел ішінде, ауылда бұл әдет әлі де сақталған. Балаларға сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас адамдарды сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнеріңде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар. Мыңдаған жылдар мал өсірумен және оның қыр-сырын терең меңгерген қазақ елі оның сүтін тағам ретіңде ұтымды әрі сәтті пайдалана білді. Мысалы, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, сиыр, қой-ешкі сүтінен май, қаймақ, құрт, ірімшік, ежігей тағы басқа алуан түрлі тамаша тағамдар жасап даланың даркан дастарканын барынша байыпты. Бұлардың бәрі де жеңсік, дару әрі зәру тамаққа айналды. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі сүттің өзі де дәмді тағам. Оны кайнатып ішеді, шайға катады. Сөйтіп сүт және оның өнімдері аты да, заты да халық мәдениеті мен тұрмысындағы айтуға тұрарлық және мақтанарлық дастарқан мәзірі. Демек, сүт қазақгың тағам байлығының бірі жөне оның қайнар көзі.
Сүт - адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат. Сүт - сапалы, қоректік қасиеті жоғары, бірақ тез бұзылатын өнім екенін жоғарыда атап кеттік. Оның түсі - ақ немесе аздап сарғылт, дәмі - тәтті, құрамында су, май, белок, сүт қанты, минералдық заттар, витаминдер, ферменттер, гормондар бар. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттарының 98-99%-ін пайдаланады.
Сүт технологиялық ұқсатудың нысаны ретінде мынадай негізгі көрсеткіштермен сипатталады: құрамы, тазалық дәрежесі, органо-лептикалық, биохимиялық, физико-механикалық қасиеттеріне, сонымен қатар ішінде улағыш және нейтраль ( залалсыздандырылған) заттардың болуымен. Сүттің органолептикалық қасиеттеріне - сыртқы көрінісі, дәмі, иісі, түрі; биохимиялық қасиеттеріне - бактерцидтік активтігі (белсенділігі) және қышқылдылығы; физико-механикалық - темпера-турасы, жылу өткізгіштігі, осматкалық қысымы, электр өткізгіштігі және тағы басқалары жатады. Уландырғыш қоспаларға - сүт құрамында мүмкін болатын ауыр металдар, антибиотиктер, гормоналдық препарат-тар, пестицидтер, микротоксиндер (В1 және М1 афтолотоксиндері), ал нейтрализациялаушы заттарға - тұз, аммиак жатады.
Сүттің құрамы. Сүт судан және оның құрамында қоректік заттар - майлар, белоктар, көміртекті сулар, ферменттер, витаминдер, минерал заттар, газдар бар (9-кесте). Осы заттар су мен газды шығарған соң, сүттің құрғақ қалдығы (СҚҚ) деп аталады.
Сүт құрамын және сапасын бағалағанда ондағы май мен сүт плазмасы мөлшерін айтады. Сүт құрамы тұрақты емес. Жоғарыда аталған заттардың біреуінің болмауы, немесе олардың мөлшерінің нормадан (қалыпты) ауытқуы малдың ауруына немесе тәуліктік рациондағы қоректік заттардың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сүт өңдеудің (ұқсатудың) технологиялық параметрлері оның құрамындағы заттар мөлшерінің өзгеруіне әсерін қарастырайық.
Су. Сүттің міндетті түрде болатын бөлігі және оның физикалық күйін анықтайды. Сүт құрамында орташа есеппен 87% су облады.
Сүт майы. Сүт майның негізін гилцирин мен май қышқылдарының үш атомдық спиртінің күрделі эфирі құрайды. Басқа компоненттермен салыстырғанда сүт майы оны өңдеу үрдісіне көбірек әсер етеді. Сиыр сүтіндегі майдың массалық үлесі 3,6-3,9%. Ол сүт ішінде майад түйіршіктер (шарик) түрінде: салқындатылған сүтте - суупензия түрінде, ал салқындатылмаған сүтте эмиульсия түрінде болады. Май шариктерінің саын, өлшемі және қасиеттері малдың тұқымына, сүттену мерзіміне, азығына, бағу жағдайыан, сауылуына, денсаулыығна, жыл мерзіміне және басқа факторларға байланысты. Май шариктерінің диаметрі 0,1-20 мкм (орташа 3-5 мкм). Механикалық және жылумен әсер ету нәтижесінде сүт құрамында болған өзгерістер, оның ашуына және күюіне әкеп соғуы мүмкін.
Сүттi тасу үшiн:
- цистерналар (автомобилдi, темiр жол, кемелерге орнатылған және өздiгiнен жүретiн баржалар);
- контейнерлер және флягалар қолданылады.
Қысқа мерзiмде сақтау үшiн:
- бактар мен ванналар қолданылады.
Ұзақ мерзiмде сақтау үшiн:
- тiк және көлбеу сиымдылықтар (сүт танкiлерi);
- жылуизоляциясымен қапталған бактар мен ванналар қолданылады.
Көбiнесе сүттi тасымалдау үшiн автомобилдi цистерналар (1-сурет, а) кеңiнен қолданылады. Олар сыртынан түрi тұтас сыйымдылықтар сияқты, бiрақ iшiнен бiрнеше жабылатын сиымдылықтардан тұрады (көбiнесе 2-3).
1-сурет
а-автомобилдi цистерналар; б-темiржол цистерналары

Сиымдылықтар жүк машиналарына орнатылады, сол сияқты прицептерге және жартылай прицептерге орнатылады. Цилиндр тәрiздi цистерналардың сиымдылығы 3000 л дейiн ғана болады. Ал өте үлкен сиымдылықтар эллипс тәрiздi болады. Себебi осындай цистерналар автомобиль бұрылғанда орынықты болады. Эллипс тәрiздi цистерналардың сиымдылығы 30000 л дейiн болады.
Автомобилдiң цистерналарын толтыру келесi түрде болады:
oo вакуум арқылы;
oo арнайы сораптар арқылы толтыруға болады.
Вакуум көбiнесе:
- автомобилдiң қозғаушысының жұмыс iстеу есебiнде жүргiзiледi.
Екiншi жағдайда вакуум пайда болуы жүйеге кiредi:
- ауалы сорап және ауа түтiгi.
Үшiншi жағдайда вакуум:
- автомобилдiң ауалы тежегiш компрессордың жұмыс iстеу есебiнде пайда болады.
Әрбiр жағдайда ауа түтiктерiнде вакуумның пайда болуына енгiзiледi:
- кергiш муфталы крандар;
- вакуумдағы сиымдылықтың 50000 Па артық жоғарылауын ескеретiн сақтандырғыш клапандар (атмосфералық қысым - 101325 Па);
- мановакуумметрлер.
Сораптар көмегiмен цистерналарға сүттi толтырғанда ол автомобилдiң двигателi арқылы немесе сорапты электр тогына қосқан кезде iске қосылады. Заводтарда цистерналарды босату келесi түрде жүргiзiледi:
- өздiгiнен ағу арқылы;
- компрессордан келетiн қысылған ауа әсерiнен жүргiзiледi.
Цистерналар жылуизоляция қабатымен қапталады. Оны жабдықтау мақсаты - сүттi қыста қатпауынан, ал жазда жылып кетпеуiнен сақтау үшiн.
Автомобиль цистерналарында және су транспортының цистерналарында жылуизоляция келесi түрде жасалады:
- мипордан (микропористы резинадан);
- алюминий фольгадан және пенопластан.
Цистерналардың конструкциясы келесi түрде болады:
oo сиымдылық алюминийден немесе тот баспайтын болаттан жасалады , формалары эллипстi немесе цилин-дрлi болады;
oo жылуизоляцияның қабатының қалыңдығы цистерна түрiне байланысты (автомобиль және су транспорты үшiн , темiржол транспорты үшiн дейiн);
oo сиымдылықтың сырты қалың тақтайлы каркаспен қапталады;
oo жылуизоляция және каркастың үстi рубероидтан жасалған гидроизоляция қабатымен қапталады;
oo одан әрi жұқа темiрмен қапталады.
oo Цистернаның үстiнгi жағында санитарлы тазалап, жууға арналған люк және сиымдылықты босатуға арналған қондырғылар орнатылған.
Кейде цистерналар байқауға арналған қондырғылармен, дистанционды термометрлермен және рН (қышқылдығын) анықтауға арналған приборлармен жабдықталған. Кейбiр жағдайларда цистерналар көлемдi сүт санағыштармен жабдықталады.
Сүт тасымалдауға арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт және сүт өнімдерін өңдеудің физика-химиялық процестеріне арналған сиымдылықтар
Сүтке арналған құбырлы жане пластиналы қыздырғыштар
Құрғақ сүт өнімдерінің желісін жөндеу
Ветеринариялық-санитариялық гигиена
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды реттеуші нормативтік құжаттардын жинағы
Волга сауу аппараты
Сүт сақтауға арналған қондырғылар
НАУБАЙХАНА ӨНЕРКӘСІБІ
Сүт кешендеріндегі сиырдың желінсау ауруы және оған қарсы жүргізілетін тиімді ветеринариялықсанитариялық сақтандыру шараларын ұсыну
Сиыр желінсауының эпидемиологиялың мәні
Пәндер