Шабындық пен жайылымдық өсімдіктердің биологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БАӨЖ

Тақырыбы : Шабындық пен жайылымдық өсімдіктердің биологиясы

Факультет: Аграрлық

Группа: АГ-313

Орындаған : Әбдікәрімова Р. А

Тексерген: Сагандыков С. Н.

Семей 2015 жыл

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімБіржылдық және көпжылдық өсімдіктерШабыдық пен жайылым өсімдіктерінің жіктелуі және жапырақтану типіШабындық қоңырбасШабындық және жайылымдағы әр трлі шөптердің және қияқөлең шөптердің биологиялық және шаруашылық сипаттамасы
  3. Қорытынды бөлім
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Біздің Республикаыз - дербес мемелекет. Сондықтан да оның үдемелі күйде дамуы үшін, әсіресе, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларына маман, жәнеде мамандандырылған кадрлар қажет.

Тарихи тұрғыдан алғанда бұл біздің республикамыздың табиғатының өзіндік ерекшелігіне байланысты.

Осы ерекшеліктің мәні :Бүкіл аумақтық 70 пайызға жуығанда орналасқан жйылымдар сол аумықтың экологиялық жағдайын анықтайды. Сөйтіп, экология жағынан алғанда, біздің еліміз үшін «жайылым» мен «қоршаған орта » - өзара жақын ұғым болып келеді.

Жайылымдарды пайдалану тарихының дамуы 3 мың жылдан асады екен. Жердің осылайша ұзақ жылдар бойы сақталуының ең басты бір себебі - мал өсірушілердің табиғат ерекшеліктерін жақсы білуінде, және де қоршаған ортаның ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті жерде өндіріс құрудың қолға алынуында болып табылады.

Қазіргі кездегі жайылымның жемшөп сыйымдылығы - 20 млн тоннаға жуық жемшөп өлшемі және осындай шөп есесінен көбінесе жайылымда бағылатын мал ұсталады - оның устіне өз тағдыры жайылымда бағылатын малмен байланыстырылған адамдар да қосылатынын ескерген жөн.

ІІ. Негізгі бөлім

Көпжылдық щөптер

Басқа өсімдіктердің тіршілік пішімдерінен айырмашылығы - олардың жер бетіндегі өркендері тіршілік ету кезеңінің соңына қарай толық немесе толыққа жақын жойылып кетеді. Қайта дамып өсетін өсімдік бүрлері біреулерінде сабақтың төменгі жағында жер бетіне жақын болса, енді біреулерінде жер бетіне жақын жатқан тамырсабақтарында, жуашықтарында түйнектерінде болады. Өсімдік биіктігі бірнеше см-ден 4-5 м-ге дейін құбылады. Өмір сүру ұзақтығы кең көлемде құбылмалы: түйежоңышқа 2жыл, шалғындық астықтұқымдастар 6-8 жылдан 20 жылға дейін, еркекшөптер одан да ұзағырақ өседі, жуан діңді қияқөлеңдер 120 жылға дейін және одан да көп жылдарға кететін бірқатар шөпті өсімдіктер бар.

Көпжылдық шөптер арасында қысқа тіршілік кезеңді өзгеше топ - раңтәріздестер бар. Оларға түйнектері, жуашықтары және тамырсабақтары бар өсімдіктер: жуалар, шырыштар, қияқөлеңдер, қоңырбастар кіреді.

Олар жылдам өсу қарқынымен ерекшеленіп, тіршілік кезеңін көктемде, ыстық және құрғақ мезгілі түсумен аяқталады. Бұл өсімдіктер шөл мен шөлейтті аймақтарға тән болып келеді, кейде жайылымдардың осындағы негізгі өсімдіктері болып та санаады.

Орманды далалардағы, далалардағы және таулы аймақтардағы жайылымдар мен шабындықтарда көпжылдық шөптер 85 пайызға дейінгі өсімдік үлесін береді. Бұл табиғи да, екпе шөп ретінде де пайдаланылатын жерлердің де өмірлік пішіндерінің толық негізі. Көпжылдық шөптердің 100 түрінен астамы екпе шөптер қатарына енгізілген.

Біржылдық шөптер

Бұл көктемде тұқымнан, өткен жылдың күзінде немесе күз бен көктемде және сол жылы не болмаса келес жылы көктеуінен піскен тұқымға дейін толық өсу жолын өткізу арқылы өсіп-өнетін өсімдік.

Тұқымданғаннан кейін жер бетіндегі сабағы да, тамырлық жүйелері де жойылып кетеді. Олар тек тұқымдары арқылы ғана қайтадан жағарып өседі.

Өсімдіктердің мұндай тіршілік пішіндері шөл мен шөлейтті жерлерде ұзақ өсу мерзімі нәтижесінде көп таралған.

Тұрақсыздар құбылмалылармен бірге малдардың көктемгі жайылымдық азықтық негізінде белгілі маңыздылығын атқарады, кейбір тұрақты орындарда, бұталар мен жартылай бұталар жоқ жерлерде негізгі мал азықтық түрлері болып қалыптасып қалады.

Бұлар әдетте аласа, жіңішке, оңтүстік шөлді жерлерде күзде, солтүстікте ерте көктемде өсіп-өнетін өсімдік түрлері болып саналады. Өсіп - өну мерзімі барлығы шамамен 60-70 күнде аяқталады; оңтүстік шөлді жерлерде көкек айының аяғы мен мамыр айының басында аяқталса, солтүстікте - мамыр айының аяғында аяқталады.

Л. Г. Раменскийдің ойы бойынша «өсімдіктердің экологиялық және биологиялық қасиеттерін ажырата білу орынды».

Біріншісі - өсімдіктердің өсіп-өну жағайының қатынасын сипаттаса, ал екіншісі- өсімдіктердің қоршаған ортаның белгі жағдайында өсіп-өну мен көбею мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі мен бейімделуі.

Жайылымдар мен шабындықтардағы мал азықтық өсімдіктердің биологиялық қасиеттеріне : тіршілігінің ұзықтығы, көбею тәсілдері, қыстан шығуға бейімділігі, қоректену түрлері, маусымдық өсіп-өнудің ырғағы, шауып алғаннан кейінгі және мал отауынан кейінгі өсу қабілетін қосу қажет.

Шабындық пен Жайылымның өсімдіктерінің кейбір биологиялық ерекшеліктері.

Жалпы бұл өсімдіктер ылғалға байланысты :

  • Негізгі
  • Ауыспалы топтар болып екіге бөлінеді.

І. Негізгі топтарға:

  • Мезофиттер «Шалғын өсімдіктері»
  • Ксерофиттер
  • Гигрофиттер
  • Гидрофиттер

ІІ. Ауыспалы топтарға:

  • Мезоксерофиттер
  • Мезогигрофиттер

Шоқ түп пішіні «жапырақтану типі»

Өсімдіктер жапырақтары орналасуына байланысты:

  • Жоғары
  • Төмен
  • Аласа

орналасқан болып бөлінеді.

І. Жапырақтары жоғары орналасқандар « шабындық немесе шабындық-жайылымдық өсімдіктер » : жапырақтары сабақтың бүкіл ұзына бойына бірсыдырға тегіс бөлінген. Түпте ұзын вегетативтік және генеративтік сабақ жапырақтар басым келеді. Оларға барлық Мезофильдік, гигрофильдік гидрофилдік, мезогигрофильдік астықтұқымдастар және бұршақтұқымдастар жатады, яғни жапырақтары төмен орналасқандардан басқалары.

ІІ. Жапырақтары төмен орналасқандар « жайылымдық шөптер »: жапырақтарының басым бөлігі сабақ жапырақтардың түпкі жағында шамамен 60-70 і орналасқан. Түпте қысқа вегетативтік сабақ - жапырақтары басым болып келеді. Оларға :

Астықтұқымдастардан - Шалғындық қоңырбас, тарау қияқ.

Бұршақтұқымдастардан - Ақбас беде

Түрлі шөптерен - қарабас шөп, изен, қараматау, теріскен, және күйреуік жатады.

Осының ішндегі Шалғындық қоңырбсқа қысқаша тоқтала кететін болсақ, ол (Poa pratensіs) - астықтұқымдасына жататын көп жылдық тамыр сабақты шөптесін өсімдік болып табылады және де Қазақстанның барлық тегістік, таулы аймақтарында, шалғындық жерлерде, өзен бойларында, ормандар мен бұталар арасында өседі. Биіктігі 30 - 100 см, сабағы түзу, жалаң. Жатаған тамыры тығыз, шым құрайды. Гүлдері жасыл немесе көкшіл түсті. Гүлшоғыры шашыраңқы сыпыртқы құрайды, Ұзындығы 20 см-дей. Масағы домалақ, Ұзындығы 3, 5 - 6 мм, 2 - 5 гүлді. Масақ қылтаны теңбе-тең, төменгі қылтаны бұдыр, түкті, салалы. Мамыр - шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі - тұқымша. Шабындық пен жайылымда бітік өсетін құнарлы мал азығы, гектарынан 60 - 120 ц шөп, 25 - 30 ц пішен түседі. 100 г көк шөбінде 45 жемдік өлшем, 3, 5 қорытылған протеин болады.

ІІІ. Жапырақтары аласа орналасқандар - көпжылдық үйбидайық, тарғақ шөп, еркек шөптер, қылтықсыз арпабас, тік арпабас жатады.

Табиғи малазықтық жерлердің шөп отында көп орынды әр түлі шөптер алып жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің жапырақтану сипаты
Ауыспалы егісті жобалау
Жерге орналастыруды жобалау
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Жерге орналастыруды жобалаудың жалпы принциптері
Шалғын шаруашылығы туралы жалпы түсініктер
Шаруашылықтың табиғи және ауа-райы жағдайы
Ayыспaлы eгіс жүйeлepін ұйымдaстыpy
Poaceae тұқымдасы - Дәнді өсімдіктер
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz