Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы және Микроорганизмдер антигендері



Жоспар:
Кіріспе
Патогендік микроорганизмдер
Негізгі бөлім
1.Микроорганизмдер антигендері
2.Антигеннің қасиеттері
3.Ішек инфекциясын тудыратын бактериялардың антигендік қасиеттері
Қортынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Патогендік микроорганизмдер — жұқпалы ауруларды қоздырушы—көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді .
Бактериялар — формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер . Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті. Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Иммунология.., А.Қ.Бұлашев. Астана,1998
2. Малдың жұқпалы ауруларын бактериологиялық балау.., Кіркімбаева Ж.С., Орынтаев Қ.Б
3. Омарбеков Е.О.Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары. Семей,2001
4. Толысбаев Б.Т, Шоқанов Н, Булашев А, Бияшев Қ, Мал дәрігерлік микробиология. Алматы,1999
5. Сайдулдин Т.С Ветеринариялық індеттану,1-2 кітап.Алматы,2000

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы

Орындаған :Мырзабекова Назерке
Тобы : ВС-303
Тексерген :Нуркенова М.К.

Жоспар:
Кіріспе
Патогендік микроорганизмдер
Негізгі бөлім
1.Микроорганизмдер антигендері
2.Антигеннің қасиеттері
3.Ішек инфекциясын тудыратын бактериялардың антигендік қасиеттері
Қортынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Патогендік микроорганизмдер -- жұқпалы ауруларды қоздырушы -- көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді .
Бактериялар -- формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер . Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті. Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды.

Микроорганизмдер антигендері
Микроб клеткаларында топтық және арнайылық антигендердің болуы оларды жіктеуге мүмкіндік береді. Клетка құрамының антигендерінің табиғаты белоктік, полисахаридтік, липидтік заттар. Сонымен қатар олардан бөлініп шығатын токсиндер мен энзимдердің де антигендік қасиеті бар. Көптеген микробтардың антигендек қасиеттері жақсы зерттелген. Туберкулез микробактериясының антигендерінің сны 30- жуық. Табиғаты бойынша липополисахарид, липополипептидтер. Оларға қарсы антиденелер аз түзіледі және қорғаныс қабілеті шамалы болады.

Антигеннің қасиеттері
Антигендердің антигендік, спецификалық және иммуногендік деп аталатын басты қасиеттері болады.
Антигендік.Антигендік дегеніміз ол антиген молекуласының иммундық жүйе бөлімдерінің белсенділігін арттырып және иммунитет факторларымен (антидене, эффекторлық лимфоциттердің клоны) спецификалық байланысқа түсу қабілеті. Иммундық жүйенің бөлімдерімен байланысуға антигеннің тек кана белгілі бір бөлігі жауапты. Антигеннің ол бөлігі "антигендік детерминант" не "эпитоп" деп аталады.
Эпитоптар шығу тегіне және антигенде орналасу орнына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді:
- ұзындық, не секвенциалдық
- сыртқыбеттік, не конформациялық
- шеттік және орталық
- тереңдіқ, не жасырын.
Эпитоп - ықшам көлемді, бірақ құбылмалы. Ол қасиет бір жағынан иммунитет факторларына байланысты болса, екінші жағынан эпитоптың түріне тәуелді.
Эпитоптың құрылысы мен құрамының аумалы кезеңді маңызы бар. Антигеннің тек қана бір құрылыс құрамы аустырылса, ол өзге қасиетті жаңа эпитоп пайда болуына соғады. Антиген ыдыраған кезде эпитоптан айырылып, немесе жаңа эпитоптарға ие болады да, сонымен қатар антигеннің спецификалық қасиеті жоғалады.
Заттардың антигендік қасиеті көбінесе эпитоптың бар-жоғына, және де оның санына байланысты. Кейбір антигендердің көлемі ірі болғандықтан олардың құрамына көптеген эпитоптар кіреді.
Антигендік қасиет іске асу үшін ол міндетті түрде бөгделі болу керек. Бөгделік көрсеткішіне байланысты, жүре пайда болған иммунитет жүйесі биологиялық әлемде аса қауіптілігі бар генетикалық өзгеше қалыпта құрылған антигендерді ажыратады.
Иммунитетке жауапты жасушалар антигеннің бөгделігін молекулалық құрылысына қарап ажыратады.
Қалыпты жағдайда иммундық жүйе өзінің меншікті биополимерлеріне сезімталсыз. Егерде қандайда бір меншіктік биополимердің түріне иммундық жауап пайда болса, онда ол заттың бөгделік қасиетке ие болып, меншіктік қасиеттінен айырылғаны. Ондай көрініс кейбір патологиялық жағдайда иммундық жауаптың жұмыс тәртібі бұзылғандығынан пайда болады (мысалы, аутоиммундық аурулар мен аутоиммунитет).
Бөгдетектік реципиент организмдер мен антиген донорының "эволюциялық қашықтылығына" тікелей тәуелдікте болады, организмдер неғұрлым филогенетикалық дамуда бірінен бірі алшақ болса, соғұрлым олардың антигендерінің бір біреуіне бөгдетектігі зор. Кейде бөгдетектікті бір түрдің ішіндегі дараларда бақылауға болады. Сонымен қатар генетикалық туыстастыққа жатпайтын эпитоптарда шамалы ұқсастық болуы мүмкін. Ондай жағдайда әртүрлі жануарлардың антигені иммунитеттің бір тектес факторларымен қатынасқа түседі.Ондай антигендер "қайшылай байланысатындар" деп аталды. Айтылған көрніс әр түрге жататын жануарлардың альбуминдеріне, коллагендеріне, миоглобулиндеріне тән. Мысалы, ондай ұқсастық, стрептококтар мен миокардтың саркомасында, мерез қоздырғышы мен ірі қара малдың миокардының липидінде, оба қоздырғышы мен О(I) топқа жататын адамдардың эритроциттерінің антигендік детерминанттарынан табылған.
Егерде микробтың бір түрі антигендік ұқастықты организм иммунитетінің факторларынан қорғану үшін қолданса, ондай жағдайды антигендіқ мимикрия деп атайды.
Иммуногендік. Иммундогендік дегеніміз ол антигенің макроорганизмде өзіне қарсы қорғаныс жауабын туғызу мүмкіншілігі.
Иммундогендіктің дәрежесі әр түрлі факторларға байланысты. Факторларды үш топқа жатқызуға болады:
1.Антигеннің молекулалық ерекшелігі.
2.Антигеннің ағзадағы клиренсі (тазартылуы, өңделуі).
3.Макроорганизмнің реактивтік (жауап қайтару) қабылеті.
Бірінші топ факторлары - табиғаты, химиялық құрамы, молекулалық салмағы, құрлысы және тағы да басқалары бойынша сипатталады.
Иммуногендік көбінесе антигеннің табиғатына байланысты. Ең жоғарғы дәрежелі иммуногендік қасиет ақуыздарда, полисахаридтерде бар екені, ал нуклеин қышқылдары мен липидтер, керісінше әлсіз иммуногендік қасиетке ие екені әйгілі. Сонымен қатар иммундық жүйені белсендіру мүмкіншілігі бар болғандықтан олардың сополимерлерінің (қосындылар); ЛПС, гликопротеидтер, липопротеидтер иммуногендік дәрежеліктің орта мөлшердегі түріне жатады.
Иммуногендікке антиген молекуласының химиялық құрамы белгілі дәрежеде әсер етеді. Мысалы, ақуыздар иммуногенді болу үшін олардың құрамына аминқышқылдарының бірнеше түрі кіру керек. Тәжрибеде аминқышқылының бір түрінен тұратын полипептидтер иммундық жүйеге әсер етпейді.
Сонымен қатар, ақуыздың молекуласын құратын аминқышқылыдарының оптикалық изомерлігінің маңызы бар. L- аминқышқылынан тұратын пептидтер ферменттермен жеңіл өңделіп жоғарғы дәрежелі иммуногендерге айланады. Ал аминқышқылының оң жаққа айландыратын изомерлерінен құралатын пептидтер, керісінше нашар иммундогендер.
Эпитоптардың иммуногендігі көрінетін біркелкілігіне қарамастан олардың арасында белгілі сатылық бар. Өйткені, эпитоптардың әртүрлі иммундық жауап туғызу қабілеттілігі бойынша айырмашылығы болады. Сондықтан, белгілі бір антигенді енгізгенде соған қарсы өндірілген антиденелердің ішінде жекеленген эпитоптарға спецификалық иммуноглобулиндердің өлшемі үстем келеді. Бұл көрініс иммундыдоминаттық деп аталды. Қазіргі кездегі пікір бойынша бұл көрініс гистосәйкестіктің антиген мөлшерінің презенттеуші кешеніне эпитоптардың ұқсастығының айырмашылығымен байланысты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы. Бруцеллезді серологиялық анықтау
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы Бруцеллезді серологиялық анықтау жайлы ақпарат
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы туралы
Бруцеллезді серологиялық анықтау. Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы
Микроб жасушаларының құрылысы
Тірі вакциналардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Патогенді бактериялардың антигендік құрылымы
Стафилококктардың патогенділік факторлары
Жеке клиникалық микробиологияның мақсаттары мен міндеттері
Эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар, тырысқақ, кампилобактер
Пәндер