Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
Тақырыбы:Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
I.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
II. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
IV. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері.
VII. Төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алу және жою комиссиясы.
VIII. ТЖ зардаптарын жою үшін жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу.
IX.Төтенше жағдайлар салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қаржыландыруға қажет құжаттар тізімі
X.Зардап шеккен халықтың тұрмыс тіршілігін қаматамасыз ету бойынша іс.шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
XII. Селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен опарылманың пайда болу кезіндегі іс.әрекеті
XIII.Аудандар мен қалалар аумақтарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған жағдайда жергілікті әкімдердің қабылдайтын шаралары мен дайындайтын құжаттары және атқаратын іс.әрекеттері

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануы туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы ТЖ жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
СӨЖ
Дайындаған: Е-515 тобының студенті Хасенов Жайдар
Тексерген:Нуржуманова Жанат
Семей -2015
Тақырыбы:Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
I.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануы туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы ТЖ жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.
Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілеріндегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеп соққан зілзала.
Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
II. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,
радиациялық қауіпсіздікті бапқылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына - ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР Заңының 20 бабында:
- табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жаслатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады делінген.
Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.
ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгіленген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).
IV. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері.
Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және өзге де мемлекеттік нормативтік -құқықтық актілерден түзіледі.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
- жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
- төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұғындарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.
Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жергілікті халықтың төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.
Қазақстан Республикасының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңының 13 бабын сәйкес, аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.
1. Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге (зерттеуге) қатысады;
3. Халықты (тұрғындарды) және ұйымдарды қауыпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ арқылы, байланыс және хабар беру құралдары арқылы, т.б. )
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің қорларынан қаржыландырылады;
5. Материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
6. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындардың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;
7. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамассыз етеді;
8. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9. Азаматтар мен қызметкерлер төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылары мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді;
10. Төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру бағытында шаралар жүргізеді;
11. Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізеді.
VII. Төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алу және жою комиссиясы.
Төтенше жағдайларда алдын алу мен іс-қимыл жасаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, халықты және аумақтарды авариялардан, апаттар мен зілзала нәубеттерінен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері жөніндегі іс-қимылын үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында. ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы №553 Қаулысына сәйкес облыстық (аудандық) төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия құрылады. Комиссия төрағасы болып облыс (аудан) әкімінің орынбасары тағайындалады.
Комиссияның негізгі міндеттері:
- ТЖ алдын алу және жою күштері мен құралдарын құру және дамыту саласында біріңғай техникалық саясат жүргізу;
- ТЖ алдын алу және жою бойынша іс-шаралардың атқарылуына бақылау жасау;
- ТЖ жою жұмыстарына басшылық жасау, еңбекке жарамды халықты осы жұмыстарға тарту;
- Халықты эвакуациялауды жоспарлау және жүргізу;
- ТЖ алдын алу және жою бойынша аумақтық бағдарламалардың жасалуына қатысу және оны жүзеге асыру.
Комиссия өзіне жүктелген міндеттердің негізінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және жою іс-әрекеттерінің жоспарын жасайды.
Болжанып отырған немесе пайда болған ТЖ-дың ауқымына қарай ТЖ алдын алу және жою комиссия төрағасының шешімімен төмендегі жұмыс режимі енгізілуі мүмкін:
- күнделікті;
- жоғары дайындық;
- төтенше жағдай.
ТЖ алдын алу және жою комиссиясының күнделікті жұмыс режиміндегі негізгі міндеті бұл халық пен аумақты қорғауды ұйымдастыру.
ТЖ алдын алу және жою комиссиясының жоғары дайындық жұмыс режиміндегі негізгі міндеттері:
- алдын ала жасалған жоспарларды пысықтау;
- қоршаған ортаның жағдайына бақылауды күшейту;
- туындауы ықтимал ТЖ-дың залалдарын және ауқымын жоспарлау;
- ТЖ қаупін жоюға арналған күш пен құралдарды дайындыққа келтіру;
- халықтың тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерінің дайындығын бақылау.
ТЖ пайда болған кезде комиссия төрағасы комиссияның төтенше жағдай жұмыс режимін енгізеді және іс-шаралардың орындалуын қадағалайды.
Төтенше жағдай жұмыс режиміндегі атқарылатын негізгі іс-шаралар:
- комиссия отырысын шақыру;
- пайда болған ТЖ аумағын анықтау;
- ТЖ зардаптарын жоюға АҚ және ТЖ қызметтеріне тапсырма беру және олардың орындалуын қадағалау;
- халықты қорғауды ұйымдастыру;
- авариялық-құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және оларға басшылық жасау;
- жоғары тұрған басқару органдарына туындаған жағдай және атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлау
Пайда болған ТЖ-дың ауқымына және келтірілген залал көлеміне қарай комиссия төрағасы шешім қабылдайды.
Шешімде көрсетілетін мәселелер:
- жағдай туралы қысқаша қорытынды;
- алда тұрған міндеттердің көлемі мен сипаты, олардың орындалу кезегі және мерзімі;
- ТЖ жоюға тартылатын күштердің құрамы, оларға жүктелетін міндеттер;
- жан-жақты қамтамасыз етудің кезегі;
- өз-ара іс-әрекетті және басқаруды ұйымдастыру.
Қарамағындағы басқару органдарына тапсырмалар бұйрық түрінде беріледі.
Табиғи сипаттағы Төтенше жағдайдан бір көрініс
Төтенше жағдай туындаған кездегі төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
VIII. ТЖ зардаптарын жою үшін жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу.
Жергілікті атқарушы органдардың резервтері жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады.
Жергілкті атқарушы орагндардың резерві (ҚР Бюджеттік Кодексінің 17 бабы):
1. төтенше резервті;
2. шұғыл шығындарға арналған резервті;
3. облыстық бюджеттердің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті қамтиды.
Төтенше резерв облыс аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.(ҚР Бюджеттік Кодексі 17 бап, 3 тармақ).
Шұғыл шығындарға арналған резерв ҚР немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою, соттардың шешімдері бойынша ҚР Үкіметінің, орталық мемлелекеттік органдардың міндеттемелерін орындау мақсатында ғана пайдаланылады (ҚР Бюджеттік Кодексі 17 бап, 4 тармақ).
Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің 2% аспауға тиіс (ҚР Бюджеттік Кодексі 17 бап, 8 тармақ).
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді (ҚР Бюджеттік Кодексі 17 бап, 10 тармақ)і.
Жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы №1405 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Облыс аумағында туындаған төтенше жағдайды ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себебтерін тексеру ережесіне сәйкес, ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті акт жасалынады.
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне сәйкес, ТЖ объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайға бөлінеді. Бұл жағдай комиссиясының зерттеу актісінде көрсетіледі.
Актіде сонымен қатар келтірілген материалдық шығын көлемі туралы деректер көрсетіледі.
Туындаған ТЖ зардаптарын жоюға аудан (қала) әкімдіктері резервіндегі қаражат жетіспеген жағдайда, аудан (қала) әкімдерінің қызметтік хаттары негізінде облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу мәселесі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияда қаралады. Облыстық комиссия оң шешім қабылдағаннан кейін, қаражат бөлу мәселесін облыс әкімі шешеді.
Облыс әкімдігінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы қаулысын шығаруға қажетті, аудан тарапынан дайындалатын негізгі құжаттар:
1. Аудан (қала), ауыл әкімдерінің қызметтік хаттары;
2. Аудандық (қалалық) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның хаттамасы;
3. Аудан (қала) әкімдігінің резервіндегі қаражат туралы мәлімет;
4. Зақымданған объектілердің меншік иелері туралы мәлімет, қайта-қалпына келтіру жұмыстарының сметалары, ақаулық актісі және басқа да тиісті құжаттары;
- зақымданған үйлер бойынша қосымша: жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығының анықтамасы, бағалау қағазы, үйдің сақтандырылғаны жөніндегі мәлімет, жанұя және тұрғылықты жері туралы анықтамалар, үйдің төлқұжаты;
- білім беру және денсаулық сақтау мекемелері бойынша қосымша: білім беру және денсаулық сақтау бөлімдерінің тиісті қызметтік хаттары;
5.Талап етілген жағдайда ҚР қолданыстағы Заңдарында көрсетілген басқа да қажетті құжаттар.
ТЖ зардаптарын барынша азайту мақсатында ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңының 18 бабына сәйкес, оларды алдын алу шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Осы мақсатта жасанылған ауданның (қаланың) қауіпсіздік паспорты негізінде аудан (қала) аумағында туындауы ықтимал барлық ТЖ есепке алынып, оларды алдын алу іс-шаралары мен қажетті қаражат мөлшері жасалуы тиіс. Аудан (қала) әкімі бекіткен алдын алу шаралары қаражат көздерінің мүмкіншілігіне және меншік иесіне қарай аудандық, облыстық, республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл жерде аудан (қала) әкімдіктерінің бөлімдері үлкен жұмыс атқарулары керек.
IX.Төтенше жағдайлар салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қаржыландыруға қажет құжаттар тізімі
I-Ауыл әкімдігі дайындайтын құжаттар
1. Ауыл әкімінің аудан, қала әкіміне төтенше жағдай туралы орын алғаныдығы туралы қатынас хаты.
2. Меншік иесінің аудан әкіміне жазған өтініші.
3. Тұрғын үйге меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі.
4. Меншік иесінің салық төлеуші куәлігінің (РНН) көшірмесі.
5. Зардап шегушінің сол елді мекенде, сол үйде тұратынын және жанұя мүшелерінің санын растайтын ауыл, қала әкімдігінен анықтама.
6. Үш-төрт көршілердің орын алған төтенше жағдайларды растайтын түсініктемелері.
7. Зақымданған үйдің жарамсыздық (дефектный) актісі.
8. Шығын көлемін көрсететін есеп (лицензиясы бар мекеме).
9. Жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығында үйдің зардап шегушінің атына тіркелгендігі туралы анықтама (нотариуспен расталған).
I I -Аудан әкімдігі дайындайтын құжаттар
1. Аудан әкімінің облыс әкіміне көмек сұраған қатынас хаты.
2. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы.
3. Аудан әкімінің төтенше жағдайды зерттеу мақсатында комиссия құру туралы өкімі.
4. Аудан әкімінің өкімімен құрылған комиссия актісі.
5. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы.
6.Сақтандыру мекемесінен үйдің сақтандырылғандығы немесе сақтандырылмағандығы туралы анықтама.
7.Жерге иелік құқығын беретін мемлекеттік акт көшірмесі (нотариуспен расталған).
8.Жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығының үйді бағалау есебі.
9. Табиғи құбылыс салдарынан болған жағдайда, гидрометеорология орталығының анықтамасы
10. Үйдің техникалық құжатының көшірмесі ( нотариуспен расталған ).
11. Құрылыс бақылау мекемесінен үйдің пайдалануға жарамсыздығы, немесе зақымдану дәрежесі туралы аңықтама.
12. Зақымданған үйдің фото суреттері, видео материалдар, сызбалар (схема).
X.Зардап шеккен халықтың тұрмыс тіршілігін қаматамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Зардап шеккен және эвакуацияланған халықтың тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ету ТЖ алдын алу және жою комиссиясын тарта отырып жергілікті атқару органдары (эвакокомиссия) атқарады.
Атқарылатын негізігі шаралар:
- баспанасыз қалған халықты уақытша қауіпсіз аймаққа орналастыру және баспанамен қамтамасыз ету;
- халықты азық-түлікпен, ауыз сумен және бірінші кезектегі заттармен қамтамасыз ету;
- материалдық көмекті есепке алу және тараатылуын ұйымдастыру;
- қажетті санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.
XII. Селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен опарылманың пайда болу кезіндегі іс-әрекеті
Таулы және тау бүктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды.Бұндай қауіпті аймаққа Шымкент қаласы мен бір қатар басқада елді мекендерде кіреді.
Сел - тау өзенінің арналарында 3-5 мс жылдамдықпен биіктігі 10-20 м. дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м. дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.
Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.
Селдің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД-да алғашқы орындарының бірін алады.
Сел қаупінің белгілері:
:: сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
:: биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының көтерілуі, бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
:: өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгетін бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
:: өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.
Сел тасқыны кезiнде халықтың өзiн-өзi ұстауы мен ic-әрекетіне зiлзаланың белгiлерiн дер кезiнде анықтау мен белгiлеудi және ол туралы хабарлауды (ескерту) ұйымдacтыpy үлкен әсер eтеді.
Халыққа сел тасқынның жақындауы туралы хабарлaған жағдайда, сел қаупі кезінде қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарылады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Kөшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 мс дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.
Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері:
:: көшкіннің лықсуы үшін 20-25 см жаңа жауған қар, ал аязды күні өте жеңіл үлпілдек қар жауса, онда 10-15 см жеткілікті. Қатты қар жаyған кездегi жаппай көшкiннің пайда болуы қарашаның өзiнде болуы мүмкін.
:: қap жиi жаyған кезде (сағатына 3 см) қар көшкініінің қayiптi ахуалы 3-4 сағаттан кейiн тууы мүмкiн, сондықтан бұл уакытты қауіпті аймақтан шығу үшін пaйдалану керек.
:: қысқы-көктемгі кезеңде үстінгі бетте қар жамылғысы жоқ жағдайда теңіз деңгейінен 1800 м жоғары аймақтағы алғашқы ылғалды көшкін күн жылынғаннан бастап 18-24 сағаттан кейін лықси бастайды.
:: егер жылы күні жауын-шашын түсе бастаса қаyiпсiз aймaққа тез шығyы қажет.
:: егер аз жауған қар (5-7 см) жаяу бұрқасынға ұласса, онда 4-6 сағаттан соң дауылды көшкін болуы мүмкiн, ал желдің жылдамдығы 15 мс болса 2-4 сағаттан кейін болуы мүмкін.
Құтқарушылардың іс-әрекеті:
:: зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның беттінің алдын бос кеңістіктің бар-жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Екінші жағдайда тірі қалу мүмкіндігі аз.
:: бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін (егер ол жылы және жұмсақ болса, оның өмір сақтап қалу мүмкіндігі бар) тексеру керек;
:: ауыз бен мұрындағы қарды кетіріп „ауызға ауыз" немесе „мұрынға ауыз" әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет;
:: бір уақытта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz