Тахеометр.Электронды тахеометрлер



Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
• Тахеометр жайлы жалпы сипаттама
• Электронды тахеометрлер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Заман талабына сай және де тұтынушылардың сұраныстарын толығымен қанағаттандыра алады. Яғни , аспаптар корозияға шыдамды , басқа да қоршаған орта факторларына төтеп бере алады. Заманауи геодезиялық аспаптар лазерлі-компьютерлі технологиялар арқылы жұмыс атқарады. Қазіргі геодезиялық аспап – ол электроника, дәл механика, оптика, және басқа ғылымдардан тұратын жоғарғы технологиялық өнім. Спутниктік навигациялық жүйе өркениеттің жаңа даму сатысы болып табылады. Материалдарды сандық өңдеу әдісінің дамуы стандартты түрдегі өнімдер – сандық карта, әр түрлі мақсаттағы пландар, сандық фотопландар, сонымен қатар өнімнің жаңа түрлерін – 3D модельдер, оперативті және планды мониторингке ақпараттар алуға мүмкіндік беретін жаңа эффектілі технологияны төзеді. Арнайы әдістер стандартты технологияларға қарағанда өлшемдерді жылдам нақты түрде алуға мүмкіндік береді. Технологияның дамуы барысында қағаз карталардың толығымен сандық карталарға ауысқаны белгілі.
Заманауи геодезиялық аспаптарды бірнеше маңызды топтарға бөлуге болады:
- геодезиялық GPS - қондырғылар;
- электронды тахеометр;
- лазерлі сканерлер
Соңғы онжылдықта геодезиялық қондырғыларды модернизациялау қарқынды дамып, функцияналды кеңеюі бірқатар техникалық жақтарының жақсаруына әкеліп соқты. Алайда жаңа геодезиялық аспаптардың негізгі топтарын белгілеп, олардың облыстарына жеткілікті назар аударылмады.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы арқасында геодезияда координаталар мен координата өсімшелерін анықтаудың жаңа
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Нурпейісова М.Б. Геодезия. Астана. 2010.
2. Джуламанов Т.Д. Геодезия. Оқу қҧралы. Алматы. 2012.
3. Нурпейісова М.Б. Маркшейдрлік - геодезиялық аспаптар. Алматы. 1995.
4. Федоров В.И. Инженерная геодезия. М.: Недра. 1982.
5. Қалабаев К.Б., Нурпеисова М.Б., Жарқымбаев Б.М. Тахеометрлік тҥсіріс. Алматы. 1990.
6. Оқу әдістемелік материалдар. Семей. 2013.
7. Интернет. kk.wikipedia.org. Геодезиялық және картографиялық аспаптар.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

СӨЖ№4
Тақырып:
Тахеометр.Электронды тахеометрлер

Орындаған: ГК-407 тобының студенті
Қуаныш Аслан.
Тексерген: Аубакирова С.М.

Семей 2015ж

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
* Тахеометр жайлы жалпы сипаттама
* Электронды тахеометрлер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Заман талабына сай және де тұтынушылардың сұраныстарын толығымен қанағаттандыра алады. Яғни , аспаптар корозияға шыдамды , басқа да қоршаған орта факторларына төтеп бере алады. Заманауи геодезиялық аспаптар лазерлі-компьютерлі технологиялар арқылы жұмыс атқарады. Қазіргі геодезиялық аспап - ол электроника, дәл механика, оптика, және басқа ғылымдардан тұратын жоғарғы технологиялық өнім. Спутниктік навигациялық жүйе өркениеттің жаңа даму сатысы болып табылады. Материалдарды сандық өңдеу әдісінің дамуы стандартты түрдегі өнімдер - сандық карта, әр түрлі мақсаттағы пландар, сандық фотопландар, сонымен қатар өнімнің жаңа түрлерін - 3D модельдер, оперативті және планды мониторингке ақпараттар алуға мүмкіндік беретін жаңа эффектілі технологияны төзеді. Арнайы әдістер стандартты технологияларға қарағанда өлшемдерді жылдам нақты түрде алуға мүмкіндік береді. Технологияның дамуы барысында қағаз карталардың толығымен сандық карталарға ауысқаны белгілі.
Заманауи геодезиялық аспаптарды бірнеше маңызды топтарға бөлуге болады:
- геодезиялық GPS - қондырғылар;
- электронды тахеометр;
- лазерлі сканерлер
Соңғы онжылдықта геодезиялық қондырғыларды модернизациялау қарқынды дамып, функцияналды кеңеюі бірқатар техникалық жақтарының жақсаруына әкеліп соқты. Алайда жаңа геодезиялық аспаптардың негізгі топтарын белгілеп, олардың облыстарына жеткілікті назар аударылмады.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы арқасында геодезияда координаталар мен координата өсімшелерін анықтаудың жаңа жер серіктік әдісі пайда болды. Бұл әдістің ерекшелігі геодезист жылжымалы жер серіктері арқылы берілген координаталарды қолдана алады.

Негізгі бөлім.

Тахеометр - бұл геодезиялық әлемде төңкеріс жасаған аспап. Бұның шығуы лазерге байланысты болған. Тек ықшам және энергия жағынан тиімді жартылай өткізгіш лазер арқылы шағын корпуста қашықтық өлшеуішті орналастыруға және ішкі аккумуляторлардан қуаттандыруға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техникадағы берілген жетістіктер электронды тахеометрлер құру мүмкіндігіне жағдай жасады.
Электронды тахеометрдің теодолиттен негізгі айырмашылығы - тек бұрыштарды ғана емес, қашықтықтарды да өлшеуге мүмкіндік беретін қашықтық өлшеуіштің бар болуы. Осындай аспаптың құрылуы геодезияда жаңа дәуірді бастады, енді қосымша құралдарсыз қашықтықтарды өлшеуге және бұрын қолжетімсіз болған көптеген есептерді шешуге мүмкіндік туды. Электронды өнеркәсіптің дамуымен геодезиялық жабдықтардың өндірушілері жаңа аспаптарда, соның ішінде тахеометрлерде, көптеген мүмкіндіктерді максималды енгізген. Мәліметтерді ішкі жадыға жазуға және одан қарай бұларды қолданбалы есептерді шешуде қолдануға мүмкін болатын аспап 90-шы жылдары пайда болды. Көптеген компаниялар өз мәселелерін өзінше шешкен, бір оптика-электронды аспап аясында өз ойларын жүзеге асырудың амалдарын тапқан. Бұны жүзеге асыра алған алғашқы компаниялардың бірі болып швед компаниясы табылды.
Электронды тахеометр қазіргі таңдағы өнімділігі мен дәлдігі жоғары және де өте жоғары сұранысқа ие заманауи геодезиялық аспап түрі болып тыбылады. Олардың артықшылығы сонда барлық өлшеулерді автоматты тұрде шығарып беруі. Бұл аспап өлшеу нәтижелерін сақтайды және тіркейді, сонымен қатар нәтижені ЭЕМ арқылы есептейтін және ақпаратты сақтайтын қҧрылғылармен жабдықталған. Электронды тахеометр ара қашықтықтарды, горизонтальдарды, вертикаль бұрыштарды биіктіктерді өлшеуге арналған электрооптикалық аспап. Кодтық теодолит пен шағын жарық өлшеуіш құрамасынан электронды тахеометр пайда болды. Шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада көздеу нысанасы ретінде қолданылады.
Өлшеу нәтижелері электронды цифрлі таблода көрінеді және оны ақпаратты сақтағыш сақтайды. Перфорациялық тіркеудің мәні - далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты тҥрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады. ЭЕМ аспаптың жұмысын басқарады және өлшеу нәтижелерінің шығуын бақылайды. Мысалға ТаЗМ. Аспап үш режимде жұмыс істей алады: жекеленген, жартылай автоматты, автоматты және бақылау режимінде.
Геодезиялық есептер атмосфераның рефракциясын, жердің қисықтығын, температураны, қысымды, аспап штативтерінің және шағылыстырушылар биіктіктерінің айырмашылықтарын есепке ала 4632 отырып шығарылады. Тахеометрдің жиынтығында шағылыстырушылар, штативтер, ток көзі, заряд беру, зарядты жою құрылғылары, аспапты тҥзету және күту жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеу үшін ТаЗМ тахеометрі электр жабдығымен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты ҥш топқа бөлуге болады, оларға:
- жәй электронды тахеометр;
- орташа класты электронды тахеометрлер;
- сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.
Жәй электронды тахеометр - бұл аспап дәстҥрлі геодезиялық өлшеулерді (арақашықтық, өзара биіктік) орындауға арналған аспаптар. Аспап әр тҥрлі компьютерлік есептеу программалардың басқаруымен жұмыс істейді. Автоматты көздеудің ұзақтық режимі 12 км. Бұл аспаптар арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар бұл аспап қашықтықтан басқарылатын (өлшенетін нүктеден тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Оған Target ID шағылдырғышы жатады, қажетті нысананы ешқандай қиындықсыз тауып, уақытты ҥнемдейді. Бұл шағылдырғыш тахеометрге өзінің орналасқан жерінен сигнал жіберіп аспаптың тез табуына мҥмкіндік береді. Target ID - бҧл қадаға орнатылған құрал, Tracker функциясы қажетті призманы тез тауып, ID кодын сәуле арқылы жібереді. Американдық Trimble SPSx10 сериясының тахеометрлері SurеPoint технологиясымен - яғни призмаға бағыттауда автоматты тҥрде түзету жүйесімен қамтылғын. Бұл технология аспап немесе штативтің теңселуінен болған қателерді түзетеді. Дәлірек айтқанда, аспаптың жұмыс істеу кезіндегі жағдайын бақылайды.
Leica TGR303305307 сапасы жағынан ешқандай электронды тахеметрлерден кем тҥспейтін тахеометрлердің бірі. Бұл тахеометр геодезиялық жұмыс барысын жеңілдетіп, азаматтық құрылыс, инженерлік ізденіс, тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарында кеңінен қолданылып жүр. Бұл тахеометр құрылысы жағынан жеңіл болғандықтан, оны тез игеріп кетуге жағдай жасайды.

Қорытынды.

Қорыта келгенде көріп отырғанымыздай заманауи геодезиялық аспаптардың геодезиялық қоғамда алатын орны ерекше. Олардың жұмыс режимінің барлығы автоматты түрде жүргізілетіндіктен геодезистке ауырлық түспейді. Далалық жағдайларда жұмыс жасауға тиімді, жеңіл, пайдалануға ыңғайлы жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар дәлдігі жоғары геодезиялық аспаптар нәтижелердің еңбек өнімділігін арттырады және қателіктерді азайтады. Бұл аспаптар жаңартыла бастағалы қоршаған орта жағдайларына төзімді, корозияға шыдамды болуда. ХХІ ғасыр даму ғасыры болғандықтан адамдар тыншыр емес, сол сияқты геодезиялық аспаптардың да дамуы қарқынды жҥргізілуде. Соның арқасында кез келген адам өзінің тұрған орнының географиялық координаталарын анықтап барар жерін адаспай тауып бара алады. Электронды тахеометрдің басты ерекшелігінің бірі, онда кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Нурпейісова М.Б. Геодезия. Астана. 2010.
2. Джуламанов Т.Д. Геодезия. Оқу қҧралы. Алматы. 2012.
3. Нурпейісова М.Б. Маркшейдрлік - геодезиялық аспаптар. Алматы. 1995.
4. Федоров В.И. Инженерная геодезия. М.: Недра. 1982.
5. Қалабаев К.Б., Нурпеисова М.Б., Жарқымбаев Б.М. Тахеометрлік тҥсіріс. Алматы. 1990.
6. Оқу әдістемелік материалдар. Семей. 2013.
7. Интернет. kk.wikipedia.org. Геодезиялық және картографиялық аспаптар.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

СӨЖ№1
Тақырып:
Картографиялық проекциялар

Орындаған: ГК-407 тобының студенті
Қуаныш Аслан.
Тексерген: Аубакирова С.М.

Семей 2015ж

Жоспар:
I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Картографиялық проекция түсінігі.
Картографиялық проекция теориясының дамуы.
Картографиялық проекцияларды таңдау жіне қолдану.

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға - аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.
Комитеның негізгі салалары:
1. Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;
2. Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
3. картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері);
4. карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
5. карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.
Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. Картография теориясының негізгі әдістемесі - картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды.
Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді.
Картаны басып шығару - картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән.
Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы - салалық экономикалық пән.

Негізгі бөлім.

Картографиялық проекция, картографиялық кескін - Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең аралықты және еркін проекциялар.
Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.
Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ. Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.
Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель -- немесе мередиан бойымен ғана сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бұрмалануы соншалықты байқала бермейді.
Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, ұзындықтың бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі.
Географиялық объектілерді жазықтыққа көшіру үшін пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлік, конустық және азиммуттық деп бөлінеді.
Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады.
Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағзайда бір- біріне тікбұрыш жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.
Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар үшін өте қолайлы, бұрмалану аз байқалады. Сондықтан Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады.
Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономияның, географияның, математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (біздің заманымыздан бұрын 6 - I ғасыр) жасалды.
Ең көне Картографиялық проекция - жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестің гномондық проекциясы. Картографиялық проекция біздің заманымыздан бұрын III ғасырда Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. XVI ғасырында Г.Меркатордың, XVII - XVIII ғасырлардаР.Бонның, Д.Кассинидің, И.Ламберттің, Л.Эйлердің, Ж.Лагранждың XIX ғасырда К.Гаусстың, А.Тиссоның еңбектерінде дамыды. КСРО картографтары В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, тағы басқа еңбектері теорияны одан әрі жетілдірді.
Әр түрлі Картографиялық проекцияларда құрылған карталар нақты жер бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді. Бұрмалану үш түрлі болады:
а) бұрыштық (картадағы бұрыштар глобустағы бұрыштарға тең болмайды);
ә) аудандық (аудандардың масштабы картаның әр аумағында әр түрлі);
б) сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).
Бұл үш түрлі бұрмаланудың үшеуі де глобуста болмайды.
Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай төмендегідей жіктеледі:
Тең бұрышты (конформдық) Картографиялық проекцияларға масштаб тек нүктенің орнына ғана тәуелді болады, ал бағытына байланысты болмайды. Мұндай проекциялардағы бұрмалану эллипстері шеңберге айналады; мысалы, Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы;
Тең шамалы (эквиваленттік) Картографиялық проекцияларда аудандар сақталады: мұндай проекцияларда жасалған карталардағы фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына пропорционал, ал пропорционалдық коэффициенті картаның бас масштабының квадратына кері шама болады. Бұрмалану эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың пішіні мен бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады. Еркін Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең шамалы да проекцияларға жатпайды.
Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бірі-біріне тең) және ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері - ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді) проекциялар ерекшеленеді.
Сфераның жазықтыққа (қағаз бетіне) жайғанда тең бұрыштық, тең шамалық, тең аралық және ортодромиялық қасиеттері пайдаланылмайды. Кескінделетін аймақтың әр жеріндегі бұрмалануды көрсету үшін төмендегі әдістер қолданылады:
а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде бұрмалану эллипсі көрсетіледі;
ә) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тахеометр туралы жалпы мәлімет, өндірісте электронды тахеометрді қолдану
Тахеометрлік түсіріс
Тахеометрлі түсіріс
Қазіргі қолданыстағы тахеометрлердің түрлері. Тахеометрлік түсіріс
Электрондық тахеометрлер
Тахеометрлік түсіріс туралы ақпарат
Теодолиттің құрылымы
Электронды тахеометрлерді құрылыс өндірісі
Тахеометр-автоматтар және электронды тахеометрлер
Аспап сипаттамасы мен геодезиялық нарықтағы жаңа тенденциялар
Пәндер