Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы



Жоспары:

I. Шәді Жәңгіров .шығыс поэзиясының дәстүрін ұстанған ақын екендігі.
1.1. Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы
1.2. Шәді Жәңгіров шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы
II. Ғұмар Қараш өз дәуірінің мәселелері жайлы өзекті ой толғағанкөрнекті тұлға ретінде
2.1.Туып.өскен ортасы
III. Ғұмар . ұлттың көсемі
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Шәді Жәңгіров – шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық уәзір», «Назим Шоһир дәуіріш», «Қисса Болғәм Бағур», «Хайбар қиссасы», «Халифи һәрун Рашит») мән-мазмұны.
Шәдінің өзіндік төлтума шығармаларының («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хүкмынарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», «Келіннің бетін ашатын терме», «Хикаят Орақ- Күлше», «Қарынның жер жұтқан отағасы», т.б.) ХХғ.б. әдебиетіндегі орны.
Шәдінің күнделікті өмірді, қоғас жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық, озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы айға», «Бірмолдаға», т.б. өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Шәді шығармашылығының ХХғ.б. әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар екендігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиет бастаулары. Алматы: Ана тілі, 1998. –256б.
2.Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім,1995.– 288 б.
3. Әуезов М. Шығармалары. 16 том. Алматы: Жазушы, 1985. –400б.
4. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Алматы: Білім, 2003. –112б.
5. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001. –448б.
6. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А, 1985

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары.

Орындаған: Хуанган.С
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Тобы: КЯ-313

Семей 2015
Жоспары:

I. Шәді Жәңгіров - шығыс поэзиясының дәстүрін ұстанған ақын екендігі.
1.1. Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы
1.2. Шәді Жәңгіров шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы
II. Ғұмар Қараш өз дәуірінің мәселелері жайлы өзекті ой толғаған көрнекті тұлға ретінде
2.1. Туып-өскен ортасы
III. Ғұмар - ұлттың көсемі
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Шәді Жәңгіров - шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының (Қисса қырық уәзір, Назим Шоһир дәуіріш, Қисса Болғәм Бағур, Хайбар қиссасы, Халифи һәрун Рашит) мән-мазмұны.
Шәдінің өзіндік төлтума шығармаларының (Ресей патшалығында Романов нәсілінен хүкмынарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы, Келіннің бетін ашатын терме, Хикаят Орақ- Күлше, Қарынның жер жұтқан отағасы, т.б.) ХХғ.б. әдебиетіндегі орны.
Шәдінің күнделікті өмірді, қоғас жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық, озбырлықтарды сынап отыруы. Оның Бөрбас байға, Отыншы айға, Бірмолдаға, т.б. өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Шәді шығармашылығының ХХғ.б. әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар екендігі.

Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы

Қазақ әдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды "қиссашыл ақындар" немесе "кітаби ақындар" десе, кейде "нәзирагөйлік" деп те атайды.
Сондай "кітаби ақындарды" бірі - Шәді Жәңгірұлы. Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында "Шәді Жәңгірұлы" деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты "Шәді Жаһангирұлы" болып көрсетілген.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді. [1,39]
Шәдінің әкесі Жәңгір - атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.
Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Қылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы "Мир - араб" медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында "Молла" деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.
Әрине, Шәді ақын туралы деректер толық жиналды деп айта алмаймыз. Әлі де ақын көзін көрген, онымен сұхбаттас болған жандардың бар екендігі, олардың күн санап азайып бара жатқандығы да анық. Сол себепті де ақын туралы деректерді Созақ өлкесі мен Оңтүстік аймақтың өзге де аудандарынан іздеген орында болған. Олай деуімізге себеп сондай бір іс-сапарларымыздың бірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында тұратын Шүкірулла Әбдуат ақасақалдан Шәді ақын туралы мынадай деректер жинап алып едік. Сол мәліметті келтіре кеткеніміз артықтық етпейтін болар.
Ескi көздерден қалғандар үшiн Шәдiтөре Жәңгiрұлын таныстыру артық. Оны ендi аз да болса жаңа ұрпақта тани бастады. 1930 - шы жылдары қатаған заманда Шәдi төре елден туған жерден бас сауғалап қашып, Өзбекстанда көп босқын қазақтың бiрi болып жүрiп дүниден өткен ескерусiз қалған қазақтың бiрi.
Өзбекстанда босқын боп жүрген Шәдi сонда бiр қышлаққа имам боп тұрған Әбдуат биге, менiң әкемнiң ағасы "Тақсыр бiреу менi сұрай қалса өзiңiздi көрсетiңiзшi, мен Шәдiмiн деуге өз атымнан өзiм ұяламын" - деген екен. Шаянның ең соңғы биi Әбдуат би өте сауатты, қыраған да өте жақсы, шариғатты қатты бiлетiн, алғырлығымен, дарындылығымен, тапқырлығымен танылған кiсi болыпты, өзi де денелi, кеуделi, көрiктi, насапты, сырт келбетi мен iшкi дүниесi жарасқан кiсi болыпты. Ол кiсi өте сыпайы кiсi екен, сұхбаттасының iшкi ойын бiлiп, танып отыратын болыпты. Шәдi төренiң сырт пiшiнi келбетсiздеу, көрiксiздеу, бетiнде шешек дағы бар кiсi екен, ол кiсi өте сыпайы, iшкi дүниесi өте бай кiсi болыпты. Әбдуат би өзбектiң ақсақалдарынан жоғары, өзiнiң қасына Шәдi төренi отырғызып қойып, ол кiсiнi тақсыр, тақсыр деп дәрiптеп, оған үлкен iлтипат көрсетiптi. Сонда бiр өзбектiң бiр қарясына имамымыз қазақ болған соң қанына тартпай болмайды екен ғой, мына бiр дуанасын пәленше әкәмнанда жоғары өзiнiң қасына оң жағына отырғызып қойпты деген iштей бiр ой келiптi. Әбдуат би осы қаряға "Пiрадар, қарап отырғанша мына кiтапты жамағатқа оқып берсеңiзшi!" - деп Шәдi төренiң, "Алты бармағын", "Назым Сияр Шәрифiн" берiптi. Қария кiтапты оқып отырып өзi де жылапты, жамағатты да жылатыпты. "Ой жамағат-ай! Дүниеден осында кiтап жазған әзiздер де өтiп кеттi-ау, оның орнына мына мендей нас, ыпылас, пасық, надан өлсе едi күнәға көп бата бермей, ал осындай әзiз қалса едi" деп кеудесiн тоқпақтап өз қолымен ұрып. Сонда имам Әбдуат би: "Бұл кiтаптың муәллифi мына отырған Шәдi төре Жәңгiрұлы" - дептi. Сонда әлгi өзбек қария: "Бiз бұл кiтаптың муәллифi Фирдауси, Жами, Науайилардың замандасы шығар деп жүрушi едiк. Тақсыр, қазақ та мұсылман ба екен, олардан да ғалымдар, үлкен дамыллалар, пiрлер мен ишандар шықты ма екен деп жүрген адамның бiрi мен едiм",- деп орнынан атып тұрып, Шәдiмен құшақтасып көрiсiп, қолынан сүйiп, тәу етiп, қатты кешiрiм сұрапты. Қалтасында барын һәдия етiп, Шәдiге берiптi. Шәдi ол жерде де тұрақтап тұра алмай, қолға түсiп қаламын ба деп, кетiп қалыпты. Әбдуат би (бiр ауылдың) Шаянның биi, ары кеткенде Қаратаудың күнгейiмен терiскейiне ғана мәлiм кiсi. О да босқын, бiрақ оншалық атақты кiсi емес, көп имамның, молданың бiрiндей ғана. Ал, Шәдi болса түркiгөй халыққа, бүкiл Түркiстан елiне өзiнен бұрын аты кеткен "төрт аяғы тең жорға", "мусәнниф", "шубһалы сөзге бастаған Шәдi", "жәннәти Шәдi" атанған кiсi. Қожа Ахмет Яссауидiң "Диуани хикметiнен", Сопы Аллаярдың "Сәбәтул әжизинiнен" кейiнгi көп танылған шығарма Шәдi төренiң "Назым Сияри Шәрiбi" - "Алтыбармағы" мен "Назыми Фиқһ Кайдани" болды. Қолымда Назым Сияри Шәриф бар. Есебi түгелдей. Ал "Назыми Фиқһ Кайдани" жұрнағы бар, бас жағы, сыртқы мұқабасы жоқ. Қариялар "Назым Фиқһ Кайдани" ды да Шәдiнiкi дейдi. Солай болса солайда шығар, қариялар солай деп те жүруi мүмкiн. Ол жағын әдебиет зеттеушi ғалымдар анықтай жатар, мен қатардағы көп оқырманның, оның үстiне ескiше кiтаптарды ендi-ендi ғана танып оқып жүргендердiң бiрiмiн. Қарапайым халықтың фуқараның (бұқара халықтың) бiрi ретiнде өз ойымды бiлдiрiп отырмын. Бұл талас тудыруы да мүмкiн, ал бiрақ мен өз пiкiрiмде қаламын. Шәдi шубһалы сөзге бастаған. Оның әр сөзiне дәлел, құжат бар. Онда ақиқат тарихи шындық бар.
Шәдi төре Шаянда негiзiн Қосым ишан қалаған, оның баласы Сейтахмет (Сейiтжан мағзым) аяқтатқан, кеше 1930- шы жылдары оның немересi Әппәқ ишаннан кәнпiскеленiп (конфискаланып) алынған мешiт медресенiң түлегi. Бұл мешiт медресе кеңес үкметiнiң құжатында Әппәқ ишан мешiт медресесi деп аталып кеткен. 1990- жылдардаң аяғына таяу дүмшелер бастап, дүмшелердiң муфтиi Рәтпек қажы Нысанбайұлы оны қостап, Әппәқ ишан мешiт медресесiнен Әппәқ ишанның есiмiн алдырып тастап Шаян орталық мешiтi болып кеткен. [2,27]
Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейтжан мағзымға) ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Ал Әбдуат би Сейiтахмет ишанның iнiсi Әлмұхаммет мағзымның үлкен ұлы, Әппәқ ишанның немере iнiсi. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта одан соң Бұхарада оқыды.
Шәдi төре Жәңгiрұлы.
"Назым Сияри Шәриф" - "Алты бармақ" дастанынан үзiндi.
Әзiретi Расулдың дүниге енгенi баяны және де кiтаптың жазылуына болған себеп туралы.

Қосым ишанның Сейтахмет ишанның (Сейiтжан мағзымның) Шәдi төренiң "Алты бармақ", "Назым Сияри Шарифтi" "назым ет!"- деп берген әмiрi жөнiнде өлеңмен жазған нақлият.
Шаяндағы әзреттермен Шәдiтөренiң, оның "Назым Сияри Шарифi" кiтабы арасындағы рухани туыстықта байланыс осындай Шәдi төре - Шаян - "Назым Сияри Шәрiп" - "Алты бармақ" арасындағы сабақтастық осы Шәдi төренiң "Назым Сияри Шариф" кiтабы Аллаһтың инаятымен оның сүйген құлдары оны сол күйiнше қайта бастыруды Құдай қаласа қолға алып отыр екен. Осыған шашар шашуым болсын деп, менiң һәдиям болсын деп осы хатты ауырып жүр едiм әрең жаздым, қолым нашар шықты. Осы себептi де кейбiр қажет болады-ау деген жерлердi, ксерокөшiрмесiн жiбердiм. Редактор мырза менi түсiнер Аллаһ жар болса айығып кетермiн оған дейiн сiздер қолға алып отырған үлкен iстер тоқтамасын деген ниет едi менiкi. Хатты түгел өз қолыммен жазуға үлкендiк танытып, не жалқаулығым ұстап отырған жоқ саулығым болмай осының өзiн әрең жазып отырмын. Менi кешiрiңiздер Аллаһтың қайырымды құлдары, игi жандар. Сiздерге Аллаһ жар болсын.
Осы мәліметтен Шәдінің терең білімді әрі өз ортасына белгілі шайыр болғандығына қарамастан, оның өз өмірін өте қарапайым өткізгендігі белгілі болады.
Шәді - көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармаларының басым бөлігі өзінің көзінің тірісінде Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларында жарық көріп отырған. Шәді дүниесін көп зерттеген Немат Келімбетов: "...Оның жүз мың жолдай өлең-жыр жазып, соның жетпіс бес мыңдай жолының ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты, [3, 86] "-дейді.
Ақынның баспа көрген бірқатар кітаптары мен әлі жарыққа шықпаған шығармалары Қазақстан Республикасы академиясының орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Өуезов атындағы Өдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. Сондай қолжазбалардың бірінде Шәді төре Жәңгірұлының баспадан шыққан кітаптары мен баспаға берілген қолжазбаларының тізімі берілген. Баспадан шыққан еңбектерінің қатарында "Сияр Шәрип," "Назым Чоһар Дәруіш," "Шайхы Барсиса," "Беташар," "Қамарзаман," "Атымтай" сияқты жалпы саны он үш кітаптың аты көрсетілсе, "Хәзірәт Ескендір", „Тарихи Абылай хан," "Ибрахим Халилуллаһ," "Мұса Перғауын хикаясы," "Аһуал Қиямет," тәрізді тоғыз шығарманың баспаға берілгені айтылады 3,40. Ал, Немат Келімбетов шайырдың баспа көрген еңбектері жайында: "Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз дастан-поэма, қисса-хикаят, бірсыпыра өлең-жыр жазып, бастырған деген дәйекті келтірген [3, 86].
Өзінің жазған шығармаларының көлемі жағынан бірнеше ақынды орап алатын Шәді төренің еңбектері әлі толық зерттеле қойған жоқ. Өсіресе, оның діни шығармалары белгілі бір себептерге байланысты бір жақты ғана қарастырылып, ақын сусындаған діни арналар ескерілмей келді. Тіпті, оны өзі жырлаған діни шығармаларға қарсы бағыттап, барынша діннен алшақ ұстауға тырысып келгені тағы бар. Десек те, оның шығармаларының басым бөлігін діни дастандардан тұрады. "Назым Хайбар," "Назым Сияр Шәриф," "Фикһ Қайдан," "Ахуал-Қиямат," "Қисса Барсиса," "Мұсаның тауратты алғаны" сияқты шығармаларының қазақтың ислам әдебиетіндегі алар орны ерекше.
Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқытылатын Мұхаммед пайғамбардың өміріне (Сиярун-наби) "Назым Сияр Шәриф" дастанын жазса, ислами фәлсафаға "Ахуал қиямат" дастанын, шариғат іліміне "Фикһ Қайдан" шығармасын, пайғамбарлар өмір тарихына (Қиссасуыл әнбия) "Назым Ибрахим Халиолла," "Хазірет Мұса мен Перғауын," "Дәуіт уақытындағы рәйіс," сияқты дастандарын дүниеге әкелген. Осындай діни дастандар жайында М.О.Әуезов " ... Діни өлеңдерін, қиссаларды, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағыдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек, [4, 80] - деп жазғаны бар. Суреткер-ғалымның сол кезде айтқан өсиетіне бүгінгі дінтанушылар мен шығыстанушы ғалымдар құлақ асады деген ойдамыз.
Шәді -Ислам тарихын жетік білген ақын. Әрі оның діни дастандары Алланың қасиетті кітабы Құран мен Мұхаммед пайғамбар хадистерінің желісіне құралған. Ақынның қаламынан туған "Хайбар" дастаны соның айғағы.
Хайбар соғысының Ислам тарихында алар орны ерекше. Пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын. Дін үшін болған осы ғазауатты Ислам тарихшылар жарыса жазған. Бұл дастанда батырлық пен ерлікті жырлауды басты нысана етіп алған шайыр, хазірет Әлидің шайқаста көрсеткен ерліктерін айтып дәріптеген.
Шәді жомарттықтың нышаны ретінде "Атымтай" дастанын жазса, оған кереғар мәнде сараңдарды мұқату мақсатымен "Камал хан деген патшаның уақытында болған оқиға" деген шығармасын жазған. Мұнда басты кейіпкер етіп "Бақылсары" деген Сараңды алады (бақыл - араб тілінде сараң деген мағына береді). Бұл да қазақтың Шық бермес Шығайбайы сияқты біреуге бір нәрсе берсе, бірнеше күн міндетсініп жүретін сараң болады. Қызының бір диуанаға бір үзім нан бергені үшін, садақа берген қолын кесіп алып, адам аяғы жетпейтін айдалаға апарып тастайды. Серуендеп жүрген патша бір қолы жоқ қызды баласына әкеп қосады. Оң қолының жоқтығына нала болған қыз, Аллаға мінәжат еткенде, Жаратушының рахымы түсіп, қолы орнына қайта келеді.
Шәді осы дастан арқылы пақыр мен мұқтажға көмектескеннің сауабы Алладан қайтатынын айтады. Шәді төре адам баласын барша жамандыққа жетелейтін әзәзіл Ібіліс деп біледі. Әрі қарапайым адамға қарағанда діндар адамға Ібілістің жақын жүретінін айтады. Пайғамбардың "Ібіліске сауатсыз мың адамды азғырғаннан, бір иманды ғалымды азғырған артық" деген өсиетін басты назарға ұстайды. Шайыр осы тұрғыда "Барсиса" деген дастанын жазған. Шығармада Барсиса атты діндардың аяғын шалыс басып, шайтанның арбауына қалай түскені баяндалады. Бұл хикаяның негізі - Шайтанның айла-шарғысын көрсететін Ибн Жузидың "Талбису Иблис"
[5, 56] (Ібілістің айлакерлігі) деген еңбектен алған болуы мүмкін.
Дастанда діндар Барсиса ертелі-кеш құлшылық етумен айналысады. Шайтанның азғырғанына да назар аудармайды. Алайда, Ібіліс оның осал жерін тауып, оған адам емдеу әдісін үйретеді де бір жас бойжеткенді талма ауруына душар етеді. қыздың ата-анасы оны емдету үшін Барсисаның алдына алып келеді. өмірінде ңйленбеген сопы онымен зинақорлық жасап, ақырында қызды өлтіріп тынады. Барсисаны дар басына алып келгенде, Ібіліс пайда болып: "Егер маған сиынсаң, мен сені өлімнен сақтап қаламын," - деп азғырады. Барсиса оның алдауына түсіп, оған сыйынады. Жоғарыдағы "Талбису Иблис" деген еңбекте бұл аңыздың негізін Хашыр сүресінің 16-аятымен байланыстырған. Онда: "Олар шайтанның мысалы сияқты; адамдарға: "Қарсы бол" деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: "Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын деген еді",- делінген. Яғни аяттың мағынасы бойынша Ібілістің мақсаты адам баласын Алланың хақ жолынан айырып, өзіне сыйындырып, жаман жолға бастау. Ақын дастанның соңында:

Жетпіс жыл тынбай қылған ғибадатың,
Зәрредей пайда болмай қалды кетіп.
Осындай хиле қылып шайтан лағын,
Ойлайды азғырмақты" қайғы-қамын.
Шайтанның алдауына кірмеңіздер,
Халінен ғибрат алып Барсисаның,
Әзәзіл бұл күнде де көп азғырар,
Әр түрлі ой ойлатып иғуа қылар,
Бір Құдай өз фазылымен сақтамаса,
Мәкрінен еш адам жоқ мойын бұрар,-деп, Ібілістен сақтануға шақырады.
Шайыр Исламның негізгі іргесі - "ақида" жайлы да қалам тербеген.
Бір кітап ақайд деп ат қойылған,
шінде хақ сипатын зікір қылған, - деп, Шәді өзінің "Ахуал қиямат" деген дастанын жазады. Ақида іліміне қанық шайыр әуелі Алланың субути және зати сипаттарына ерекше тоқталған. Осы дастаннан оның құран тәпсірін де жетік меңгергенін көруге болады. Құранның ішіндегі Алланың жалғыздығын сипаттайтын "Ықылас" сүресінің мағынасын да ашады.
Шәдінің жазған шығармаларынан оның діни кітаптарды көп оқығанын көреміз. Оның дастандарында пайғамбар хадистеріне негізделген жыр жолдары да аз емес. Ол Исламның Алланың ақ жолына шақыратынын біліп, діни дастандары арқылы хақ дін-Исламды үгіттейді.
Шайыр шығыс мұсылман әдебиетінде әділдіктің үлгісі ретінде суреттелетін "Ескендір Зұлқарнайын" туралы да дастан жазған. Ө.Қоңыратбаев: "Шәдінің ең алғаш жазған хикаяттарыны" қатарына "Ескендір Зұлқарнайын" мен "Хикаят Әмір Хамзаны" жатқызады .
Жастайынан шығыс мұсылман әдебиетіне жетік Шәдінің парсы классиктері жарыса жырлаған Ескендірге соқпай кетуі екіталай еді. Бұл тақырып Фирдауси, Низами, Әмір Хосрау Дехлеви, Жәми, Науаилардың шығармаларында орын алған. Олар тарихтағы шынайы Ескендірдің бетін бүркемелеп, оны пайғамбар дәрежесіне дейін көтерген. Ал, қазақ топырағында Тұрмағанбет Ізтілеуов, Абай, Ыбырай, Мағжандар да Ескендір жайлы шығарма жазып, оны дәріптеместен, қайта оған сын көзбен қараған.
Алайда, Шәдінің Ескендірді қай тұрғыдан суреттегені бізге белгісіз. Оның бұл шығармасы қолға түсе қойған жоқ. Осы орайда Немат Келімбетов: "Шәді Жәңгіров көп жазған, кітаптары көп басылған ақын. Оның кітаптарын түгел жинадық деп айта алмаймыз. Ақын өзінің "Назым Чохар Дәруіш" және "Хикая Харун ар - Рашид" деген кітаптарының соңында енді баспадан беріледі деген "Ескендір Зұлқарнайын", "Ахмад Жәми","Әмір Хамза - Сақипқыран" деген сияқты бірқатар дастандары да аталған. Бұл шығармалар бізге әлі белгісіз, - деуі біздің ойымызды нақтылай түссе керек. [5,85]
Шәді өз заманының "кітаби ақындары" сияқты шығыс шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаумен де айналысқан. Ол парсының атақты шайыры Фирдаусидің "Шахнамасын" қазақ тілінде сөйлетіп, Атбасар уезіндегі Қалменбайға тарту еткені жайлы деректер бар.
Шәді де Абай сияқты қазақ халқын дер кезінде сынап отырады. Абай өзінің екінші қара сөзінде "қазақты" ноғай, сартты сынаймын деп көштен қалып қойды - деп налыса, Шәді төре де қазақ пен қырғыздың мешіт салуға салғырттығын айтып сынайды.
Петроградта салынғалы жатқан мешіт құрлысына қазақ пен қырғыздан өзге мұсылман халықтардың, әсіресе, соның ішінде ноғай мен сарттың көмек бергенін айтып, қазақтың бай дәулетті жандарына қайырлы істен құр қалмаңдар деген ой айтады.
Ресейдің жиырма бес миллиондай мұсылманы бір мешітті бітіре алмаса, біздей Алланың пенделері үшін - өлім дейді. Құдай жолына жұмсалған қайырлы істер ешқашан да өлмейтінін, қайта оның сауабын Алла беретінін айтып, Құранның "Бақара", "Әнбая","Нәміл", "Қасас", "Мәйда" сияқты бірнеше сүрелеріне сілтеме жасайды.
Шәді жасы ұлғайып, пайғамбар жастан асқан соң, өз ортасының үлкенге өнеге, кішіге ақыл айтар қариясына айналған. Оның білімі мен діндарлығынан хабары бар ақсақалдар оған әр түрлі сұрақтар жазып, дер кезінде оның салиқалы жауабын да алып отырған.
Оңтүстіктің бірнеше шайырлары Шәді төреге хат жолдап: "Ұлғайып барамыз. Жасымыз келген сайын күш-қуатымыз кеміп барады. Сіз көп оқыдыңыз. Осы жастықты ұстап тұрудың амалы бар ма? Біз өзімізше ақылдаса келе, жас қыз алып, жақсы жүйрік атқа мініп, ит жүгіртіп, құс салып серілік етсек, қысы-жазы қымыз ішіп, қазы-қарта, жал-жая жесек мүмкін пайдасы болар деген ойға келіп сізден кеңес сұрап отырмыз", - депті. Сондай қартайған шағында ер жасын ой елегінен өткізіп, өзінің салиқалы ой-пікірін жыр жолдары арқылы беріп отырған ақындар қазақта аз болмаған.
Шәдінің көлемді шығармаларының қатарына "Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқымранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы" атты тарихи реалистік поэмасы мен қазақ тарихына арналған "Тарихнама" деген көлемді тарихи шығармасы жатады. Екі шығарма да тарихи желіге құрылған.
Ақын Ресей туралы тарихи поэманы 1910 жылдары жазған. Шығарма ішінде Ресейді ежелден басқарып келе жатқан патшалар мен атақты қолбасшылардың өз халқы үшін істеген ерліктері кеңірек қамтылған. Шәдінің осы шығармасы 1912 жылы Орынборда кітап болып шығып, халық арасына кең тараған. Бұл туралы 1916 жылы көтерлісшілердің алдында сөйлеген сөзінде А.Имановтың: "Түркістан қаласынан шыққан ақын Ш.Жәңгіров бізге Россияның тарихын аударып берді, оны біз зор мақтанышпен оқимыз," - дегені ойымызды нақтылай түседі.
Шәдінің қазақ тарихына арналған "Тарихнама" поэмасы екі үлкен тараудан тұрады. "Шыңғыс ханның тарихы" атты алғаш жартысы 32 тарудан тұрса, поэманың "Абылай хан тарихы" деген жартысы 22 тарауды құрайды. Шәдінің осы бумадағы үш қолжазбасының жалпы көлемі 31964 жол.
Поэманың басында ежелде патшалық құрып, бұл күндері аттары аңызға айналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары жайлы мәлімет
Ғұмар Қараштың өмір жолын көрсету
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Ғұмар Қараш өлеңдеріндегі ой-таным
Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Пәндер