Петуния гүлінің марфологиясы



ЖОСПАР
1.Петуния гүліне қысқаша сипаттама
1.2Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің морфологиялық көрсеткіштері
1.3 Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің анатомиялық көрсеткіштері
Қортынды
Пайдаланған Әдебиеттер
1.Петуния гүліне қысқаша сипаттама
Әдемі гүлдейтін бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер өздерінің гүлінің реңімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Бұл топтағы біржылдық декоративті гүлді өсімдіктерге жататындар: шытырлақ- бальзамин (недотрога) - impatiens, барқытшөп- бархатцы- tagetes, көк гүлкекіре- василек синий- centaurea, ночная красавица (мирабилис)- mirabilis, целозия- celosia, біржылдық астра - астра однолетняя- aster, шырайгүл-петуния- petunia, мальва- malva, цинния- zinnia, қараот- портулак- portulaca т.б. Біржылдық гүлді өсімдіктерді құмайт жерде өсіруге берілген мүмкіндік, олардың дамуын және өсуін бақылауға қызықты болғандықтан, эстетикалық қасиеттері мен өсімдік сапалары үлкен қызығушылықты тудырады Ең алдымен, мектептегі гүлді өсімдіктер оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді.
Ежелден бері гүлдер адам өмірін көркемдетіп, өзінің хош иісімен және сұлулығымен өзіне тартады. Балалық шақтан гүлдерге сыйлаған махаббат, адам өмірінде мәңгі сақталады.Мәдени өсімдіктерді жергілікті жағдайда өсіру мен зерттеу, олардың көбеюі, сонымен қатар, ассортименттің кеңеюі, биологиялық және химиялық қорғау тәсілдерінен кейін гүлді өсімдіктердің өсуінің жақсаруы – осының барлығы зерттеу жұмысына арналған материал.Себебі, гүлді өсімдіктер оқушылар үшін таптырмайтын материал және олар үшін өсімдіктердің өсуі және дамуы (зиян келтірушілермен күрес, тыңайтқыштар, кесінді, қоректендіру) бойынша үлкен тәжірибе болып келеді.
Пайдаланған Әдебиеттер
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма-Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма-Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана.Алма-Ата, 1982.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Аграрлық факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: Петуния гүлінің марфологиясы



Орындаған:Жырғау.А
Тексерген: Есенгулова.Н.Ж

Семей2015ж
ЖОСПАР
1.Петуния гүліне қысқаша сипаттама
1.2Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің морфологиялық көрсеткіштері
1.3 Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің анатомиялық көрсеткіштері
Қортынды
Пайдаланған Әдебиеттер

1.Петуния гүліне қысқаша сипаттама
Әдемі гүлдейтін бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер өздерінің гүлінің реңімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Бұл топтағы біржылдық декоративті гүлді өсімдіктерге жататындар: шытырлақ- бальзамин (недотрога) - impatiens, барқытшөп- бархатцы- tagetes, көк гүлкекіре- василек синий- centaurea, ночная красавица (мирабилис)- mirabilis, целозия- celosia, біржылдық астра - астра однолетняя- aster, шырайгүл-петуния- petunia, мальва- malva, цинния- zinnia, қараот- портулак- portulaca т.б. Біржылдық гүлді өсімдіктерді құмайт жерде өсіруге берілген мүмкіндік, олардың дамуын және өсуін бақылауға қызықты болғандықтан, эстетикалық қасиеттері мен өсімдік сапалары үлкен қызығушылықты тудырады Ең алдымен, мектептегі гүлді өсімдіктер оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді.
Ежелден бері гүлдер адам өмірін көркемдетіп, өзінің хош иісімен және сұлулығымен өзіне тартады. Балалық шақтан гүлдерге сыйлаған махаббат, адам өмірінде мәңгі сақталады.Мәдени өсімдіктерді жергілікті жағдайда өсіру мен зерттеу, олардың көбеюі, сонымен қатар, ассортименттің кеңеюі, биологиялық және химиялық қорғау тәсілдерінен кейін гүлді өсімдіктердің өсуінің жақсаруы - осының барлығы зерттеу жұмысына арналған материал.Себебі, гүлді өсімдіктер оқушылар үшін таптырмайтын материал және олар үшін өсімдіктердің өсуі және дамуы (зиян келтірушілермен күрес, тыңайтқыштар, кесінді, қоректендіру) бойынша үлкен тәжірибе болып келеді.
Петуния (шырайгүл, лат. Petunia) - биіктігі 10 см-ден 1 метрге жуықтайтын көпжылдық өсімдіктердің бірі. Петуния атауы португал тілінен аударғанда темекі, шылым дегенді білдіреді. Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарынан тарқаған шырайгүлдің табиғи түрлері Бразилия, Боливия, Аргентине және Уругвайда өседі. Бағбандардың өмірінде петуния үлкен рөл атқарады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі гүлшанағы бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйдің ауласы мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады.

1.2 Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің морфологиялық көрсеткіштері
Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) - қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 - 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады.
Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады. Алқалар түрлерінің бірі - петуния (petunia "Grandiflora"). Биіктігі 10- 50 см аралығында болатын декоративті гүлді өсімдік. Сабағы тік өседі. Жапырағы тегіс жиекті, сопақша, қою жасыл түсті. Гүлдерінің түсі ақ, қызғылт, көкшіл, күлгін болып келеді, жай гүлшоғыр. Жемісі- екі жақтаулы қорапша.
Тұқымы өте ұсақ әрі көп. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, шырайгүл дұрыс гүлді өсімдіктер болып есептеледі.

Гүлшанақ
1. Аналық шүмегі
2. Аталық
3. Бірінші ретті өркен
4. Екінші ретті өркен
5. Жапырақ
6. Тамырлар
7. Тостағанша
1.3 Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің анатомиялық көрсеткіштері
Анатомиялық көрсеткіштерді алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Петуния гүлінің морфологиясы
Петуния іріктемесінің морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700 орындық емхана аумағын көкжелектендіру
Жаздық гүлдер
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
КӨГАЛДАНДЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БҰТАЛЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ БҰТАЛЫ АҒАШТАРДЫ ОТЫРҒЫЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құрамында алкалоиды бар дәрілік шикізаттар
Біріккен күлтелілік қатары. Айлаулықтар, сабынкөктер, алқалар тұқымдасына сипаттама
Оомициттер - Oomycetes класының өкілі
Көпжылдық шөптердің тұқымының марфологиясы
Пәндер