Шошқа гигиенасы және шаруашылығы маңызы


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Шошқа гигиенасы
Текерген:Садвакасов М. С
Орындаған:Сарқытов А
Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Шошқа шаруашылығы
- Шошқаларды ұстау
- . Шошқа гигинасының маңызы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақсат- малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру, қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малшылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандардың міндеті. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың, оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бірі кепілі- шаруашылық жағдайында зоогигеналық талаптарды, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерді бқлжытпай орындау.
Жануарлар гигенасы мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу малдың өнімділігін көтеру және оладанмол өнм өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді.
Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
- Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған аталықтар;
- Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген) аналықтар;
- Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
- Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша;
- Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.
Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.
Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып серуендетеді (моцион) . Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып серуендетеді.
Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап, шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп секцияларға бөледі.
Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға - 15 м², аналық шошқаларға - 10, енесінен айырған торайларға - 0, 8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға - 1, 2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда, аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар, жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді болады.
Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады.
Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады. Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы ауа температурасының төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын арттырады да, организмнің температурасының төмендеуіне апарып соғып, көректенуден бас тартып, өлімге ұшырайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz