Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. 2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары



Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1) Вирус;
2) Вирус капсидтері;
3) Вирустарды жіктеу;
4) Вирустардың генетикалық ерекшеліктері.

III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Вирус – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Вирусты 1892 жылы Д. И. Ивановский ашқан болатын. Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекіге жүқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды. Бұл вирустың ашылуына алып келді . Вирусология (лат. virus –“у” және грек. logos – ілім) – вирустар туралы ғылым. Жалпы, ғылым вирустардың табиғатын, олардың құрылысын, көбеюін, биохимиясын, генетикасын зерттейді. Вирусология патогенді вирустарды, олардың инфекциялық қасиеттерін зерттейді, олар тудыратын аурулардан сақтану шараларын, диагностикасын және емдеу жұмыстарын қарастырады. Вирусология вирустардың тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін ғылым – молекулалықгенетикамен тығыз байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Ветеринариялық вирусология» Ш.Б.Мырзабекова;Алматы, «Білім», 2004ж.
2. Дарқанбаев Т.Б. Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982ж.
3. Ш.Б. Мырзабекова «ветеринариялық вирусология» 2004ж. 5-85 бет.
4. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005ж.
5. Мырзабекова Ш.Б «Жалпы вируология» Оқулық Алматы, 1994ж.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ
Тақырыбы: 1.Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары.

Орындаған: Сабырғалиева А.Қ.
Тексерген: Омарбеков Е.О.

Семей 2015.
Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1) Вирус;
2) Вирус капсидтері;
3) Вирустарды жіктеу;
4) Вирустардың генетикалық ерекшеліктері.

III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Вирус - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Вирусты 1892 жылы Д. И. Ивановский ашқан болатын. Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекіге жүқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды. Бұл вирустың ашылуына алып келді . Вирусология (лат. virus - "у" және грек. logos - ілім) - вирустар туралы ғылым. Жалпы, ғылым вирустардың табиғатын, олардың құрылысын, көбеюін, биохимиясын, генетикасын зерттейді. Вирусология патогенді вирустарды, олардың инфекциялық қасиеттерін зерттейді, олар тудыратын аурулардан сақтану шараларын, диагностикасын және емдеу жұмыстарын қарастырады. Вирусология вирустардың тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін ғылым - молекулалық генетикамен тығыз байланысты.

Вирус - адам,жануарлар,өсімдіктер,жəндіктер ,бактериялар,қарапайымдылар, т. б. тірі жандар клеткасыныңарнайы паразиті.
Табиғатта олар əр түрлі кездеседі.
Вирион - клеткадан тыс түрі.
Клеткада өсіп - өнетін түрі. Басқаша мағынада вирус - клетка кешені деп атайды.
Провирус - вирус геномы клетка геномының құрамынакіреді.
Ди - бөлшектер - интерференция туғыза алатын зақымдалған вирус.

Бұл вирустардың кемшілігі бар толықсыз түрі. Олар клеткада толық вирустардың өсіп - өнуіне кедергі жасайды.Мұны интерференция дейді.Сыртқы пішініне қарай вириондар дөңгелек, икосаэдр, шыбық,жіп, сперматозоид секілді болып бөлінеді. Вириондар құрамында нуклейн қышқылы жəне əр түрлі белектар бар. Белоктардың көпшілігі капсид дейтін қабық құрайды. Нуклейн қышқылымен бірге бұл екеуін нуклейокапсид деп атайды. Капсидті құрайтын бөлшектер - капсомерлер, бұл бөлшектер вирустың сыртқы пішінін жасайды. Капсомерлер де өз алдына əр түрлі химиялық бөлшектерден тұрады. Құрылысы күрделі вирустарда капсидтің сыртқы тағы бір липопротеид қабығы болады. оны суперкапсид немесе пеплос деп те атайды. Пеплостың сыртында пепломерлер деп аталатын бұршіктері болады.
Жоғары да айтылғандай капсомерлердің орналасуына орай вирус капсидтері үш түрлі симметрия құрады:
1. спираль;
2. куб тəрізді;
3. күрделі түрлі.

Спираль тəрізді симметрияда капсомерлер нуклейн қышқылының спиралін орап орналасады да, онымен байланысып отырады. Мұндайда нуклейн қышқылын бөліп алу үшін барлық капсидті түгел бұзады. Спираль тəрізді симметриямен көпшілік өсімдіктер вирустары жəне РНҚ - ды корона -, ортомиксо -,парамиксо - , рабдовирустар құрастырылғаг.
Куб тəрізді симметрия ДНҚ - да вирустарға жəне кейбір РНҚ - ды вирустарға тəн. Куб тəрізді симмтриялы, икосаэдр пішінді виустарда капсомерлер үшбұрыштың төбесіне, қабырғаларына, қырларына екі - екіден, үш - үштен, бес - бестен, алты - алтыдан орналасады. Мұндай жағдайда капсомерлер нуклейн қышқылымен қатынаспайды. Əр вирустың өзіне тəн химиялық жəне морфологиялық бөлшектерден тұрады. Сондықтан капсомерлердің көлемі де əр түрлі болады.Капсомерлер саны вирустар түрінің бір белгісіне жатады.мысалы; герпесвирустарда 162 капсомер бар. Вирустар көлемі нанометрмен өлшенеді.

Вирустарды жіктеудің алғашқы ұмтылысы ХХ ғасырдың 40-жылдарында болды. Вирусология микробиологияның бір бөлігі деп есептелетіндіктен вирустарды классификациялау да бактериялар үшін критериялар бойынша атқарылды. Бірақ, көп кешікпей бактериялар таксономиясына қарағанда вирустар таксономиясының айырмашылығы болатыны айқын болды. 1966 жылы Мәскеуде вирустар номенклатурасы бойынша Халықаралық комитет құрылды. Әрбір 5 жыл сайын жаңа вирустардың ашылуына немесе белгілі вирустардың жаңа қасиеттерінің анықталуына байланысты вирустар номенклатурасы жаңартылып отырады. 2.2 - кестеде вирустардың қазіргі кездегі классификациясы берілген. Бұл классификация бойынша 4 иерархиялық деңгей қарастырылған: түр, туыстастық, тұқымдастық (кейде тұқымдасша) және қатары. Қатар, тұқымдастық, тұқымдастықша (подсемейство) және туыстастықты -virales, -viridae, -virinae, -virus сөздерін қосып белгілейді. Бүгінгі күнде 3 қатар, 64 тұқымдастық, 9 тұқымдасша, 233 туыстастық және 1550-ден астам түрлер анықталған. Вирустардың қазіргі заманғы классификациясы негізіне мынадай критерийлер жатады:
oo нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны);
oo липопротеидті қабатының болуы;
oo вирус геномының стратегиясы;
oo вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;
oo генетикалық өзара әсерлесу феномендері;
oo қабылдағыш иелер шеңбері;
oo патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;
oo географиялық таралуы;
oo антигендік қасиеттері.
Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты. Бактериофагтар бұтақшалары арқылы алдымен бактерия жасушасының бетіне бекінеді. Вирустар сол жабысқан сыртқы ортада белгілі өлшемі мен химиялық құрамы және дұрыс пішіні бар. Вибрион деп аталатын өлі бөлшек түрінде болады. Мұндай бөлшек түрінде кездесетін кейбір вирустар, үлкен молекулалар сияқты кристалл формасы болады. Вибриан жасуша - иесіне өтерден бұрын алдымен оның бетіне бекінеді де, сол жабысқан жерінде жасушаның немесе бактерияның қабықшасын ерітіп жібереді. Вирустың сыртқы қабығы шприц сияқты ішіндегі ДНҚ-ны жасуша иесіне бүркеді. Осыдан кейін вирус өзі бейімделген жасуша иесіне енген бойда пішінін мүлдем өзгертіп, жасушаның паразитіне айналады. Вирустағы нуклеин қышқылы "өлі" вибрионның құрылымының генетикалық аппаратын алып жүреді. Ол жасуша иесіндегі барлық биохимиялық мүшенің қалыпты жұмысын бұзып, өзіне бағыдырады. Сол уақытта жасушадағы ферменттері, рбосомалар жасуша жиынтығының орнына көптеген жаңа вирустардың бөлшектерін синтездеуге кіріседі. Нәтижесінде бір вибрион мен уланған жасуша иесінде ондаған немесе жүздеген вирустар синтезделетіндігін және олардың мөлшері минут өзгерген сайын көбейе түседі. Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді. Вирустар тек клетка ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері және олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және кқбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері
Вирустар туралы мәлімет
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы мәлімет
Вирустар туралы ақпарат
Вирустар жайлы
Вирустардың жіктелу принциптері,олардың наменклатурасы
Вирустар
Пәндер