Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету



Жоспар:
1 Суйектің сынуы.
2.Сынудын турлері.
3Оститтер.
4 сіңірдің созылуы.
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сүйектің сынуы. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну,шытынап сыну. Әсіресе ересек малдардың сүйектері морт сынғыш. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін.Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып, аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шендеуіш салады. Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы қабына байланысты.
Мал сүйегінің сынуы жиі кездеседі. Оны толық (мұнда сүйектердің ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мұнда шытынап, жартылай сыньш кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.
Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қыскарып қалады, сүйектің сыкырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Оперативтік хирургия» К.Қ. Мүрәлінов
2. Б.К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия (оқулық). Алматы. 2008. 400 бет.
3. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» Оқулық – Алматы: ЖШС «Сөздік-Словарь», 2005
4. Ілиясов Б.К «Алғашқы ветеринариялық жәрдем»

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек

Орындаған: Темешов.Д
Тексерген: Ахметжанов О.Н.

Семей 2015

Жоспар:
1 Суйектің сынуы.
2.Сынудын турлері.
3Оститтер.
4 сіңірдің созылуы.
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сүйектің сынуы. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну,шытынап сыну. Әсіресе ересек малдардың сүйектері морт сынғыш. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін.Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып, аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шендеуіш салады. Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы қабына байланысты.
Мал сүйегінің сынуы жиі кездеседі. Оны толық (мұнда сүйектердің ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мұнда шытынап, жартылай сыньш кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.
Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қыскарып қалады, сүйектің сыкырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі сүйектің қозғалғаны білінеді.
Сүйек жартылай сынғанда (шытынағанда, тегіс сынбағанда) органдар қызметінің бүзылғаны байқалады (мысалы, ақсаңдау) және жарақаттанған жерді қолмен басқанда қатты ауырсынады.
СЫНУДЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Егер малдың қабырғасы сынса, терең тыныс алғанда не жөтелгенде ауырады. Сынықтың бітуі - өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар Сынықтың бітуі қандай сүйектің сынғандығына да байланысты. Мысалы, саусақ сүйектері 2,5 аптада, ал ортан жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйек жарықшақтарының арасы алшақ болып, бір-біріне дұрыс орналаспағанда немесе олардың арасында жұмсақ тіндер жаншылып қалса, бір қалыпта ұсталып тұрмаса Сынықтың бітуі баяулайды немесе мүлдем бітпей қалуы, жалған буынның пайда болуы мүмкін. Сынық дұрыс бітпесе, мүшелердің қисаюына не қысқаруына әкеліп соқтырады. Ашық Сынық кезінде жараға инфекция түсіп, іріңді инфекцияның дамуы мүмкін.

Ашық сынғанда жараланған орынды және терінің айналасына йод түнбасын жағып, дәкемен байлайды да, сонан соң тақтайша салып танып тастайды. Оларды қолда бар материалдардан (тақтайдан, қалың қатырмадан. сү-кабықтан, шыбықтан, жұқа қаңылтырлардан) дайындауға болады немесе арнаулы сым темірден жасалған таңғыштар пайдаланылады.
Тақтай таңғыштарды қасындағы буындар қозғалмайтындай етіп, сынған жерден төмен және жоғары салады. Тақтай таңғыштың астына қысым көп түсетіндіктен оған пайдалануға жарамайтын мақта немесе қолда бар мата қиқымдарын қалыңдатып салады. Мал мамандары парафинді және гипсті таңғыштарды да пайдаланады.
Қажетіне карай, сынған жердің тканьдеріне алдын ала хирургиялық өңдеу жүргізеді.
Ірі малдардың эсіресе буыны, иық сүйегі, саны және аяғының үлкен асықты жілігі сынып, ұсатылып кетсе емдеудін қажеті жоқ, Өйткені, ол экономикалық жағынан өте тиімсіз.
Мұндай малдарды түрі мен жағдайына қарай сойып тастау керек.
Оститтер - жеке ауру ретінде сирек кездеседі, әдетте сүйектің барлық элементтері - сүйек қабығы, сүйек, эндоост және сүйек кемігі зақымдалады. Клиникалық белгілері бойынша - жіті және созылмалы; экссудат сипатына қарай - асептикалық және іріңді, ал патоморфологиялық өзгерістеріне қарай - конденсирленген және сиретілген деп ажыратылады.
Асептикалық остит оситис асептика - жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектердің механикалық зақымдалуы, сонымен қатар көрші ұлпалардағы қабыну үрдістерінің ауысуы нәтижесінде болуы мүмкін.
Патогенез: қабыну үрдістері тамырлар гиперемиясымен және лейкоциттердің жаппай көшуімен экссудаттың ағуымен өтеді.
Сүйек негізінің қабырғаларының бұзылуының нәтижесінде гаверс каналдары үлкейеді, лакундар түзіледі, сүйек сиретіледі, сондықтан қабыну үрдісі сиретілген остит деп аталады. Инфекция түспесе қабыну эксудаты сорылып кетеді, лакундерге дәнекер ұлпа және остеоидті ұлпа толады, ол кейін жаңа сүйек ұлпасына ауысады. Сүйектің осындай жаңа түрінің түзілуі конденсирленген остит стадиясы деп аталады.
Клиникалық белгілері: Пальпацияда және перкуссияда ауырсыну реакциясы байқалады, бұл сүйек қабығының зақымдалғанын көрсетеді, ақсақтық байқалады.
Диагноз: клиникалық және рентгенография.
Емдеу: тыныштық, алғашқы тәуліктерінде суық басу, таңғыштар. Жіті қабыну үрдістері кеткеннен кейін жылытатын компресстер қою, кондинсерленген оститте парафин, озокерит.
Іріңді остит оститус пирулента - біріншілік және екіншілік кокты микрофлораның енуі. Жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Жіті іріңді остит оститус парулента акута - қабыну ошағында сүйек ішілік тамырлар қысылады, қан және лимфа айналу бұзылады, микробтардан улы өнімдер пайда болады, тамырлардың тромбозы және оның қабырғаларының некрозы, сүйек аймағының өліеттенуі.
Клеткалық элементтер босаған ферменттермен бірге тірі және өлі шекарасында сүйек ұлпасын бұзады. Жиірек қабыну үрдісі сүйек қабығына ауысып оның қабынуын шақырады іріңді периостит немесе сүйек ішіне еніп оның кемігін зақымдайды іріңді остеомиелит.
Көптеген жағдайларда ойықтар пайда болады, ол жерлерде қабыну болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері: ауыр ағында өтеді, жоғары температура, қатты ауырсыну, ақсау, зақымданған сүйек қалыңдайды.
Диагноз: клиникалық және рентгенография.
Болжам: күдікті және қауіпті.
Емдеу: тыныштық, дұрыс тамақтандыру, алғашқы сатысында спиртті - кептіргіш таңғыштар, спиртті - қыздырғыш таңғыштар, новокаинді блокада, оперативтік араласулар.
Этиология: сүйек ұлпасын қоршаған жұмсақ ұлпалардың қабынуы, Инфекциялық аурулар туберкулез, актиномикоз.Гиповитаминоз, жүдеу, зат алмасуының бұзылуы.
Патогенез: ұзақ ағында өтіп, сүйекті бұзады.
Клиникалық белгілері: іріңді ойықтар түзіледі, жітіде пальпация жасағанда ауырсыну, созылмалыда - ауырмайды.
Емдеу: іріңді жарады, ірің ағуына жағдай жасайды. Кариозды тістерді жұлады.
Остеомиелит остеомилитис сүйек кемігінің қабынуы, асептикалық және инфекциондық түрлерін ажыратады. Өту ағымына қарай жіті және созылмалы деп бөлінеді.
Этиология: сүйек жарақаттануы, суу, жүдеу, гиповитаминоз.
Келесі себебі: жабық механикалық зақымдалу - асептикалық, стафилококтардың немесе басқа микрофлораның сүйек кемігіне енуі.
Патогенез: асептикалық үрдісте өтсе жазылуы мүмкін. Іріңді түрде жіті диффузды қабыну болып, ұлпа серозды - фибринозды сұйыққа толады.
Гематогенді остеомиелит - жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Клиникалық белгілер: жоғары температураның кенеттен көтерілуі, зақымданған жерде ыстық ісіктер пайда болады, пальпацияда ауырсынады, қатты ақсайды, жергілікті лимфа түйіндері үлкейген, рентгенографияда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Сүйек сынғанда мен буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Сүйек сынуларында және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек. Сүйектің сынуы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Пәндер