Ірі қара мал гигиенасы жайлы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы : Ірі қара малының гигиенасы

Орындаған:Балықпаева Л. Е.

Тексерген: Садуақасов М. С.

Семей 2015

Жоспар:

1. Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері

2. Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері

Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды-далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларына ерекше көңіл бөлінуде. Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты.

Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар (фермалар) :

1) тұқымдық - мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;

2) Өнімдік - ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шарушылықтар;

3) Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;

4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.

Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері

Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағыталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т. б. технологиялық тәсілдердің жинағы - малдарды ұстау жүйелері деп аталады.

Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.

1. Қолда тұрғызып-жайып ұстау . Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғый төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарлайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат алмасу процесстерінің жоғарлауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және миниралды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың ауа райы қолайсыз мезгілдерде қолда тұрғызып ұстаған уақыттарда кейбір физиологиялық процесстерінің төмендеуі қалпына келіп, малдардың күйлері жақсарып, өнімдерінің молаюына әсерін тигізеді. Онымен қоса малдарды жайылымға шығару мезгілдерінде қора маңайының санитарлық жағдайын жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ішкі технологиялық жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына дезинфекциялар жасауға, сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып қалмауына әсері болады.

2. Қолда тұрғызып ұстау . Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде (комплекстерде) ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады.

Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық қасиеттеріне теріс әсерін тигізбеу үшін, мұндай жүйемен күтіп-бағуға өте жоғарғы ветеринариялық-санитарлық талаптар қойылады. Ірі көмплекстерге ірі қара малдарының кейбір бөліктері қарқынды технологиялық жағдайда ұстауға толықтай бейімделе алмай өнімділік көрсеткіштерін төмендетіндігі тәжірибеде дәлелденген. Ондай жағдайда кездесетін малдарды жиі орын ауыстырып отыруы, өндірістік шулардың пайда болуы, қозғалыстарының аз болу, біркелкі типті азықтандырудың нәтижесі малдың мінез-құлқына жағымсыз әсер етіп, сүтінің азаюына апарып соғады.

Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды (қораның біріктірілуі, құрлыс материалдарының шығынының кемуі, технологиялық процесстерінің-вентиляция, канализация, жарықтандыру - жүйелерінің қысқаруы, қора бөлшектерінен тарайтын жылудың азаюуы т. б. ) әсерімен қоса кемшіліктері де, яғни малдардың қозғалысы азайып, денсаулығы төмендеп, жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағыш болуы және күтіп-бағуда санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін кемшіліктердің жиі жіберілуі кездеседі.

3. Жайып ұстау жүйесі - кезінде малдар жылдың барлық мезгіліндерінде де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.

Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа райы жылы шаруашылықтарда пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап күрделі құрлыстар қаралмай, тек жауын шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау мақсатында жергілікті арзан материалдардан жеңіл-күрке (қабырғасыз төбелі қора), ықтырма (бір қабырғасыз қора), жылыландырылмаған (малдар өз еркімен кіріп-шығып жүруіне арналған қора) типті қоралар қаралады.

Сүт өнімін өндіретін шаруашылықтарда табиғый жайылымдардың ортасына, немесе жасанды шыбындықтар маңайына, арнайы жылжымалы немесе тұрақты лагерлер тұрғызылып, олардың ішіне мал тұратын орындар, байлауыштар, азық, су науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.

Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданады.

2. Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері

Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты болады. Сондықтан мал басына тиісті қораларды жобалап салу кезінде пайдаланатын технологиялық процесстердің негізіне және ұстау жүйелеріне сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін төмендетпейтін жағдай туғызу қажет.

1. Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қоралар үнемді (экономды) және барлық қаралатын технологиялық процесстерді жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды. Мұндай қоралардың құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты қалыпты жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын болуға тиіс. Малдарды тұрғызып байлап ұстайтын қоралардың ішіне тұрақтарды орналастыру қатар санына байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң жолдарын қалдырады. Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе шатырсыз бір қабатты қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан тұрғызады. Сиыр қораларын ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай, яғни ауа алмастыру, көң шығару, азық тарату құрылымдарына қолайлы, керек кезінде жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр бағаналарсыз салу керек.

Сиырды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың едендерін тұтас немесе жартылай төркөзді қылып жасайды. Тұрақтардағы едендердің материалдарының жылу сіңіргіштік коэффициенті 12 ккал/м²/сағ/град жоғары болмауы керек. Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен артық жылу тарап, еденді жылтуға шығындалады да, сиыр организмінің суыққа ұрынып, төзімділігі азайып, өнімінің төмендеп, азық шығымының артуына апарып соғады. Мысалы, ағаш едені мен бетон еденінің жылу өткізгіштігің әртүрлі болуының салдарынан 100 ккал/сағ жылу артық жұмсалады, яғни ол 2 л сүттің коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған болар, ірі қара малдары астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап тұрғызып ұстаған кезде көбінесе тақтай едендерді пайдаланады. Өйткені тақтайдан жасалған едендер жылы, құрылымы қыйын емес, таза, бетон сыяқты тұяқты жемейді. Бірақ сыртқы әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға төзімсіз, тез тозып, шірігіш келеді. Өте ылғалды болса тайғанақ болып, малдардың мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын ала 10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және екі қайтара ыстық қара май (смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі бетін үстіріктеп, тегістеп және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген хлорлы әкі сеуіп қояды. Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен кеуекті тесіктері бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.

Бетонды едендер - берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық болады да, оларды азық-көң жолдарына, кейбір азық дайындау, сүт өңдеу бөлмелеріне, зертханаларда т. б. жерлерге төселеді. Егер малдар жататын орындарында бетонды едендер болса, оның үстіне торкөзді ағаш еденшелер немесе қалың төсеніштер салып қояды. Кейінгі кездерде бетонды едендерді жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданады.

Асфальтты едендер - серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес, су өткізбейді, жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай өңдеуге жатымды. Мұндай едендер сиыр қораларда, ұрықтандыру пунктерінде ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің үстіне төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің кемшлігі сыртқы әсерлерге әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де, мал тұрақтарында, жүретін жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп, шұңқырлар шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.

Кейінгі кездерде сиыр қоралардың тұрақты орындарын жылылау мақсатында көмір қалдықтары (шлак) мен битумдардың (қарамай) қоспаларынан және асфальтты плиткалар мен ішкі қуыс кірпіштерді пайдалану ұсынылады. Бірақ олардың да көптеген кемшіліктері, әсіресе жылулық қасиеттерінен, кездесіп кең таралмаған.

Көптеген еден түрлеріне қарағанда керамзит (қыш) бетонды едендер зоогигиеналық талаптарға сай келеді. Ол сыртқы ауа әсеріне шыдамды, жоғарғы температураға төзімді, механикалық әсерлерге берік, салмағы жеңіл, жылу тарату коэффициенті төмен және өндеуге қолайлы болады. Сиыр қораларда керамзит - бетонды едендер болғанда сүт өнімінің сапасы жоғарлап, санитарлық тазалығы артады. Олар малдардың денсаулығы мен өніміне теріс әсерін тигізбейді, яғни керамзит бетонды едендер өзінің физикалық-жылулық қасиеттері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді деп санап көптеген шаруашылықтарда, үстінгі беті цементті-құмды ертінді мен қапталған түрінде кең пайдалануға ұсынылады.

Керамзит-бетонды едендермен қоса кейінгі кезде жасанды, кеуекті материалдар-аглопорит материалдарынан жасалған едендер қолданылады.

Аглопорит - сазды және көмірді өңдіру кездерінде қалған қалдықтарды күйдіру арқылы алынатын жасанды, іші қуыс жеңіл материалдар. Ол өзінің жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық қасиеттері бойынша керамзит-бетонды едендерден кем түспейді.

Сол сияқты формальдегид смоласын КС-11, латекс СКС-65-ГП, полиамид смоласын пайдаланып полимерлі цементті қоспамен үстін жауып, жеңіл бетонды едендер жасалып жүр.

Белорусияның ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты кордорезиналы-битумды үстінің жаппасы бар жеңіл бетонды едендер жасауды ұсынған. Мұндай едендер жылы, құрғақ, қатты жайсыз емес, берік, көпке шыдамды, мал нәжістерінің әсерлеріне төзімді, жууға және дезинфекциялауға қолайлы болып келеді де, оларды төсенішсіз пайдалануға болады.

Қазіргі кезде, әсіресе ірі қара малдарын бокстарда ұстағанда, көңді оңай тазалап-шығару мақсатында, тұрақ орындарда төркөзді едендер орнатады. Бірақ тәжірибеде дәлелденгендей өте ұзын тұрақтардағы (110-140 см) қолданылған сырықтар (рейкалар) ұзындығы 60-70 см-ден асса, мал жатып, дем алған кездерде иіліп, арасынан суық соғып, сиырлардың желіндері түсіп қыстырылып, тұяқтарын айырып, жарақаттар салып, желін сау, ауруларының шығуына апарып соғатындығы дәлелденген. Мұндай кемшіліктерді болдырмай, алдын алу жолында төркөз еденнің аз бөлігін (18-20 см) тұтас тақтайдан жасау қажет және төркөздің (решетка) ұзындығы 40 см, сырық аралық саңылаудың ені 3, 5-4, 5 см, ал сырықтың жалпақтығы 8-12 см жасалады. Мұндай едендерге қолайлы материалдар ағаш және көбікті бетондар болып саналады.

Едендердің құрылымы сиыр қораларынан көңді тазалап-шығару тәсіліне байланысты болады. Ірі қара малдарын тұрғызып ұстау кезінде қорадағы көңді транспортерлердің (қырғыш, сырғыш) көмегімен тазалап шығарады.

Азық тарататын, көң тазалайтын жолдардың ені қолданатын құрылымдардың размерлеріне байланысты болатындығы көрсетілген.

Сиыр қораларының оң түстігінен малдар серуендейтін алаңдар қаралады да, оның едені қатты материалдармен (бетон) жабылады. Егер ондай қатаң едендер қаралмаса қораға малдардың кірер жерлері, азық, су науалырының бойымен 2-3 м ендікте жасалып, сұйықтардың ағуына қолайлы қылып 6 градусқа дейін еністікте жасалады. Серуен аланының едені қатаң жапқышпен жасалған болса, әр бас сиырға 8 шаршы метрден, ал ондай жоқ болса 15 м² қаралып, үштен бір бөлігіне көлеңке жаппа жасалады.

2. Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып ұстағанда қолданатын тәсіліне байланысты (қалың жиналмайтын төсеніште немесе бокста) жер орайы, ауа райы, температуралық жағдайы және өндіріс бағыты (еттік, өнімдік, сүттік т. б. ) ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:

1) Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке тәріздес қора;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы туралы мәлімет
Ірі қара малының гигиенасы туралы
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Ірі қара малдың гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы жайлы
Зоогигиена. Ауа ортасының гигиенасы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Ірі қара мал гигиенасы жайлы мәлімет
Жануарларды серуендету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz