Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Әсет Найанбаевтың «Бақтиярдың қырық бұтағы»
циклдык топтастыру
Әсет Найманбаевтың «Бақтиярдың қырық бұтағы» атты 1920 жылдары жазылған дастанын бірнеше топтамаға топтастыруға болады.
1) Бұл қолжазба күйінде «Бақтияр Наме» деген атпен 1296 жылдары жазылған көне шығарманың заңды түрдегі шығармасы болып табылады.
2) Бұл шығарма Әсеттің шығыс әдебиетін жақсы меңгергенін көрсетеді.
3) Бұл щығарма Ә.Найманбевтың жеке көтермелеп қарауымен халық арасына кең тараған сюжетті, қызықты оқиғалы дастан ретінде таңылды.
4) Бұл дастан шығыс пен қазақ елін байланыстыратын назиралық үлгідегі алғашқы шығарманың бірі ретінде таңылады.
5) Тарихи аңыз – оқиғаларды сюжетті дастан ретінде таратқан деп танимыз.
6) Бұл дастанда шығыстың атақты «1001 түн» хикаясы атты топтамасымен үндес болып табылады. Себебі, «1001 түн» хикаясындағы оқиғалар «Бақтияр Намеде» қайталанады. Мысалы: «Сандыбаттың сапары».
7) Әсет пен Абай және Абайдың айналасындағы ақындар шығармаларының арасындағы үндестік, ұқсастық байқалады. Мысалы: Абайдың «Ескендір» , Ақылбайдың «Зұлыс» поэмалары. Бұл поэмалар шығыс хикаялардың желісімен жазылған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
СӨОЖ
Тақырыбы: Әсет Найманбайұлы Бақтиярдың қырық бұтағы циклдік топтамасының
жанрлық ерекшеліктері.
Орындаған: Қамбарова А. Д
Тобы: Қ-217А
Тексерген: Жүндібаева А.Қ
Семей,2015жыл
Әсет Найанбаевтың Бақтиярдың қырық бұтағы
циклдык топтастыру
Әсет Найманбаевтың Бақтиярдың қырық бұтағы атты 1920 жылдары жазылған
дастанын бірнеше топтамаға топтастыруға болады.
1) Бұл қолжазба күйінде Бақтияр Наме деген атпен 1296 жылдары жазылған
көне шығарманың заңды түрдегі шығармасы болып табылады.

3) Бұл щығарма Ә.Найманбевтың жеке көтермелеп қарауымен халық арасына
кең тараған сюжетті, қызықты оқиғалы дастан ретінде таңылды.
4) Бұл дастан шығыс пен қазақ елін байланыстыратын назиралық үлгідегі
алғашқы шығарманың бірі ретінде таңылады.

6) Бұл дастанда шығыстың атақты 1001 түн хикаясы атты топтамасымен
үндес болып табылады. Себебі, 1001 түн хикаясындағы оқиғалар
Бақтияр Намеде қайталанады. Мысалы: Сандыбаттың сапары.
7) Әсет пен Абай және Абайдың айналасындағы ақындар шығармаларының
арасындағы үндестік, ұқсастық байқалады. Мысалы: Абайдың Ескендір ,
Ақылбайдың Зұлыс поэмалары. Бұл поэмалар шығыс хикаялардың
желісімен жазылған.
“Бақтиярдың қырық бұтағы”, Бақтияр-наме — парсы тілінде
жазылып, шығыс елдеріне кең тараған тармақты қисса-дастандар топтамасы,
көне әдеби ескерткіш. Ең ескі нұсқасы 1296 жылғы қолжазба болып
есептеледі. “Бақтиярдың қырық бұтағы” — “Мың бір түн”, “Сандыбаднаме”
сияқты ескерткіштермен тектес туынды. Бірқатар зерттеушілер “Бақтиярдың
қырық бұтағын” Шығыс Түркістан өңірі қазақтарының қисса-дастаны, “қырық
бұтағы” ретінде қарайды. Алайда, “Бақтиярдың қырық бұтағы” қырық
қиссамен шектелмейді. Қазақ ұғымында жеті, тоғыз, қырық сандары киелі,
көптікті білдіреді. “Бақтиярдың қырық бұтағы” — Шыңжаң өлкесіне тараған
екі жүзден астам қисса-дастандар топтамасы. Сол топтамадағы “Шәкір-
Шәкірат”, “Қасым жомарт” дастандарын Жүсіпбек Шайқысламұлы, “Шеризат”,
“Нұғыман-Нағым”, “Ағаш ат” дастандарын Әсет Найманбайұлы шығыс сюжетінен
алып жазған. “Бақтиярдың қырық бұтағында” елді мекен, кісі аттары
көбіне арабша, парсыша болғанымен, оқиға қазақы дәстүрде
айтылады. Қазақ ақындарының араб-парсы әдебиетінен келген сюжетті өңдеп,
жырлауы нәтижесінде, қазақтың бай ауыз әдебиетімен ұштасып, төл
туындыдай сіңісіп кеткен. “Бақтиярдың қырық бұтағы” — назиралық үлгіде
жырланған.
Жанр ерекшелігі тартымды, қызықты, шағын оқиғалардын тұрады,
әңгімелеу болып табылады. Өлең және қара сөзбен жазылған.

Тақырыбы: Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Орындаған: Қамбарова А. Д
Тобы: Қ-217А
Тексерген: Жүндібаева А.Қ
Семей,2015жыл
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырда және ХХ ғасырда
еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, сол Абайдың
өлеңдерінің үлгісіне әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық
турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың
саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен
– дейді Мұхтар Әуезов. Және 1909 жылы ұлы ақынның өлеңдер жинағы басылып
шыққан соң, Абайға еліктеп өлең жазушы ақындар Қазақстанның қай жерінде
болса да кездесетін болады. Бұл жағынан қарасақ, – дейді Мұхтар Әуезов,
ХХ ғасырда Абайдың әсері көпке жайылып, кең өріс таба береді. Ақын
мұрасының өзінен соңғы қазақ әдебиетіне былайша қатынасуы, оның жалпы қазақ
әдебиет тарихына көрсеткен үлгісі, әсері деп түсінеміз. Бұл мәселені
зерттеу тексерулер ХХ ғасыр әдебиет тарихының міндетіне қарай ауысатынын
айта келіп, Абайдың өз айналасында үнемі бірге болып, ұлы ақынның анық
жақын шәкірті болған ақындардың шығармаларын зерттеу мәселесіне көңіл
аударды.
Абайдың ақындық өнердегі тарихи еңбегі қазақ халқының мәдени даму, өркендеп
өсу жолындағы ерекше елеулі кезеңдерінің бірі болды.
Мұхтар Әуезов Абай шәкірттері
туралы атты мақаласында:
Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың
саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын
жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі
ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас
шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары:
Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды.
Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы
айта келіп, М.Әуезов: Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын
бір жайды ескерте кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен
айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады.
Өзге ақындар шәкірт деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз
ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні
ақындарының екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебеиттік
мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет
тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасын
айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады – дейді.
Мұхтар Әуезов осы айтқандарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, 1950 жылы Абай
шәкірттері туралы атты әдеби зерттеу мақаласын жазып, онда Ақылбай,
Мағауия, Көкбай ақындардың шығармаларына талдау жасап, өмір тарихтары
жөнінде мағлұмат берген болатын. Қайым Мұхамедханов Абайдың ақын-шәкірттері
тақырыбын 1940 жылдардан бастап зерттеп, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы
қарсаңында Абайдың ақын шәкірттері деп аталатын 4 кітаптан тұратын
зерттеу еңбегін жазды.
Ақылбай Абайұлы Құнанбаев (1861 – 1904)
Ақылбай – Абайдың Ділдә атты бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы.
Ділдәдан Ақылбайдан басқа Әбдірахим (Әбіш), Мағауия деген балалары болған.
Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды
кішкене күнінен өз бауырына басады. Ақылбай туғанда Абайдың өзі де жас,
жаңа отау иесі еді. Сөйтіп, Ақылбай жас күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып,
Құнанбай баласы Құнанбайдың кенже тоқалының еркесі атанып өседі.
Ақылбайды Нұрғаным жас басынан бетімен жіберіп, аса шолжың ерке бала етіп
өсіреді. Ақылбайды тек 9-10 жас шамасында, Құнанбайдың указной молдасы
атанған Ғабитханға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай молдадан оқу оқиды.
Одан әрі оқымайды. Ақылбай бір жасынан бастап, Нұрғаным қолында өскендіктен
және Абайдың 16 жасында туған баласы сияқты емес, ағайындас Ырғызбайдың бір
мырзасы сияқты көрінеді. Құнанбай өзімен тең жерден қыз айттырып, Ақылбайды
үйлендіреді.
Өзімен тең жер деген сөзімізді түсіндіре кетейік. Біржан-Сара айтысында
Сараның аузынан айтылған:
...Құдайдан қорыққан Арғын осал демес,
Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді, – деген сөз бар. Қисық Тезекұлы Найман
ішінде Мұрын руының басшы адамы. 1844 жылы құрылған Көкпекті (Семей облысы)
округінен аға сұлтан болыпсайланған. Сондықтан Қисықты: Қара қазақтан
шығып, хан болған деп дәріптейді.
Найман руының шежіресін өлеңмен жазған Қырықмылтық Сүлеймен би, Қисық
шежіресін былай тартады:
...Көшкімбайдың баласы Тезек дейді,
Тезек ұлы Қисық хан найман білген.
Ұмақан, Қасен, Әлсейт, Нүрпейістер –
Төртеуі хан баласы үлгі көрген.
Құнанбай, өзі сияқты қарадан шығып хан болған, яғни аға сұлтан болған,
өзімен теңдес Қисықтың Жұмақан деген баласының қызы Ізіқанға құда түсіп
Ақылбайды үйлендірген.
Үйленген Ақылбайға енші бөліп беріп, Құнанбай бұл баласын да жеке бір ауыл
етеді. Бұл кездердегі біраз жыл, Ақылбай сияқты Құнанбайдың жаңа отау
көтерген мырзасының ауылы болып, сауық сайранмен өтеді. Жасынан көрген
тәрбиесі, ұшқан ұясы, Құнанбай аты Ақылбайды масаттандырады. Ақылбай жас
күнінен талантты домбырашы, өлеңші де болады. Бірақ ол Құнанбай атағына,
нағашыларының ата аруағына масаттанатын. Бұл кездердегі Ақылбай айтатын
өлең сарыны:
Нағашым ер Қазыбек әулие өткен,
Фаниден уақыт жетіп о да кеткен.
Сасқан жан жер шетінен бабам десем,
Аруағы көз ашқанша келіп жеткен, – деген сияқты болатын.
Әсет Найманбайұлы (1867-1923)
Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі
Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде
Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей
шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп
келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты
ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге оқуға береді. Он бір жасында
бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің
білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла
бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш
жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан, Өлеңге он үш жастан араласқам. Қызыл тіл
қимылдаса қызуымен, Текпінді терең сөзден жаза баспан...-дейді ақын
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы
көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет – ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше
қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған
Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген.
Үйрек пен қаздай қалқып жүрмін жүзіп, Көп елде – көл жұртымда қыдыр шалған-
дейді ақын.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. Айтыс – майдан,
айтысқан ақындар майданының жекпе-жектегі батыры- деп М.Әуезов айтқандай
Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы
түскен ең үлкен айтысы – Рысжан қызбен айтысы.
Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен
тағылым алған талантты шәкірттердің бірі – Әсет.
Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста – халқының
ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді. Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып,
елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы
ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы
қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол
кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкерім, Көкбай, Ақылбай,
Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған
екен.
Әсет – Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин
шығармаларымен танысады. Әсеттің Евгений Онегин романының оқиғасын алып,
еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.
Көкбай Жанатайұлы (1861-1925)
Көкбай — Абайдың ең талантты ақын шәкірттерінің бірі. Ол Абаймен 1880
жылдардан бастап, жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам. Көкбай өзінің
естелігінде, Абаймен ең алғашқы рет жақындасып кетуін былай баяндайды:
Ел ішінің ақы алысып, ақы берісіп жатқан сиезі еді. Мұны өткізуге Семейден
Лосовский деген ояз келіп еді. Сол бір ісімді жақтырмай, мені ел
кісілерінің ортасында тұрғанымда, стражниктерін (атарман) жіберіп
жазаламақшы болды. Әлгілер ерікке қоймай, әкетіп бара жатқан соң, қасымда
еріп жүретін өлеңші жігіттерім бар еді, солардың біреуінен Абайға бір ауыз
өлеңмен сәлем айтып жібердім. Ол кезде ән салып, өлең айтатұғым, қасымдағы
жолдастарым да сондайды әдет қылатын.
Оязға әкелген соң, Абай да келді де: Жазығы не? деп істің жөнін сұрады.
Содан кейін Лосовский: Бұған біреу басшылық етіп, тәрбиесіне алмаса, мына
елдің ортасында арызқой, пәлеқұмар болып, бұзылғалы жүрген адам. Сен
тәрбиеге алып, міндетті болып, түзетемін десең, берем. Әйтпесе жазаға
ұшырайтын ісі бар, — деді.
Абай маған кепіл болып алып шықты. Осыдан кейін Абайдың жолдасы болдым.
Жолдастығым 25 жылға созылды.
Жаңағы оқиға 1880-жылдардың шамасында болып еді. Содан кейін қыс болсын,
жаз болсын, Абай ел араласа, қасында жүріп, ауылына келсе, үйінде бірге
жатып, айырылыспайтын болдық. Абайдың қасында ай жүріп, ай жарым жүріп
келіп, бір әредік толас болғанда ғана өз үйіме бір жұма, көп болса, он
күнге рұқсат алып келіп, артынан қайта барамын, — дейді (Абай. Толық
жинақ,. 1933, 387-бет).
1880 жылы Көкбай жиырмаға жаңа аяқ басқан жас жігіт еді. Оның табиғи
талантын сол кезде-ақ таныған Абай, ел ішінің лаулап тұрған дау-шарының
ортасынан алып шығып, Көкбайға қамқор аға болған.
Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы, Абай ауданында туған.
Тобықты ішінде Көкше руынан. Көкбайдың үшінші атасы — Есбай, Көкше ішіндегі
жуан ата саналады. Есбайдың бес баласы: Сарымсақ, Сапақ, Жамантай,
Көбентай, Бәйтен. Бұлардың бесеуі де, шетінен ділмар, шешен әрі пысық
болып, Есбайдың бес жүйрігі атанған. Сапақтың баласы — Қаратай шешен,
Құнанбаймен тізелес, Көкшенің ру басы адамы. Жамантайдың баласы — Жанатай.
Жанатайдан — Көкбай. Жанатай да сөзге шешен, орта дәулетті, пысық адам
болады. Ел басқару ісіне араласпайды. Қаратай сияқты Көкшенің ру басылары
Құнанбаймен бірде дос, бірде жау болып жүрсе де, Жанатай Құнанбаймен тату
болып, оған арқа сүйеп, өмір бойы одан қол үзбеген деседі.
Көкбай он жасынан бастап, он бес жасына шейін, Төлетай деген молладан
оқиды. Он бес жасында оқуды тастап, бозбалалық құрып, ойын-сауық, той-думан
қуып кетеді. Ән-күйге, өлең-жырға құштар, талапты жас Көкбай, домбыра
тартып, ән салып, өлең айтып, ауыл арасының ойын-сауығынан қалмайтын
болады. Жас кезінен ширақ, пысық, өткір тілді, өжет әрі тентектеу де
болыпты. Кісінің мінез-құлқын, жағымсыз қылығын, ұнамсыз жүріс-тұрысын әзіл-
қалжың етіп, қолма-қол суырып салып өлең шығаруға жас күнінен бейім болады.
Көкше ішінде Балтай, Қаракүшік дейтін руының биі, атқамінер ақсақалы
Төребай деген адамды ажуа етіп шығарған Көкбайдың бір ауыз өлеңі елге тарап
кетеді:
Көкекте күн ұзайды жазға бастап,
Болады сонда Төкең үйден қашқақ.
Үйінде жалғыз турам дәм болмайды,
Барғанда кісі үйіне сондай асқақ.
Мағауия Абайұлы Құнанбаев (1870-1904)
Мағауия Абайұлы – ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан
оқығаннан кейін, Семейдегі Городское училище деген орысша мектепке оқуға
түседі. Онда екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға
қайтады. Қаладағы дәрігерге қаратқан Абай баласының осыдан кейін қалада
қалуына болмайтынын білген соң ауылына алып қайтады да өз тәрбиесіне алады.
Әкесінің касында жүріп, ол да өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді.
1886-1887 жылдары өз ауылындағы мектеп-медреседе оқып, білім алды.
Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Дәл осы
кездегі Абай жайын жазушы М.Әуезов былай сипаттайды: Бұл кездегі Абайға –
ақындық үлкен қадірлі мағынасы бар, әлеуметтік қызмет, қоғамдық зор еңбек
болып танылады. Ол надандық, зорлық, жуандық, пәлеқорлық сияқты халық
үстіндегі атқамінерлер мінезімен мықтап тұрып алысуға кіріседі. Абайды
кейінгі тарихқа және сол кездегі еңбек еліне, көпшілікке, саналы жастарға
нағыз қадірлі Абай етіп көрсететін еңбегі өркендейді. Өлең сөзін, поэзияны,
әлеуметтік тартыстың құралы етеді, оны сыншы, тәрбиеші, қасиетті дос етіп
ұсынады. Зұлымдық, надандықпен кектене алысады, – дейді.
Жасы он жетіге келген, қалада оқып, орыс мектебінің тәлім-тәрбиесін көрген,
зерделі, алғыр ойлы, табиғи талантты Мағауия Абайдай ұлы ұстаздың саналы
шәкірті болып көп тағылым алған. Ол өз бетімен білімін онан әрі дамытып,
орыстың ұлы жазушыларының, ғалымдарының еңбектерін зер сала оқиды. 1889
жылы Түмен қаласындағы реальное училищесін бітірген соң, Петербургте оқып
жүрген Әбдірахманның да Мағауияға көрсеткен көмегі көп еді.
Осы жылдар Абайдың ақындық атағы кең жайылып, айналасына талапты жастар
жиналып, Абай ауылы өз тұсында мәдениет ордасына айналған кез болатын.
Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, музыкант Абай халық жақсы
білетін әрі аса қадір тұтатын кісі болды. Оған тіпті алыс жерлерден
ақындар, музыканттар, жыршылар келетін.
...Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия сияқты жас талантттар, ақындар, жыршылар
Абайдың төңірегіне топталады. Олардың кейбіреулері Абайдан үлгі алып,
өздігінен білімін көтереді, орыс әдебиетін оқып үйренеді, – дейді М.Әуезов.
Мағауия әкесінен үлгі-өнеге, мол тағылым алған, ұлы ақынның жолын қуған,
білімді, мәдениетті, саналы шәкірті, талантты ақын. Он алты-он жеті жасынан
қолына қалам алып, өлең жаза бастаған. Оның жазғандарынан Абай өнегесі
айқын танылады. Айтпақ ойын, сезім-сырын ақын тілімен суреттеп жеткізу,
тақырыптан ауа жайылмау, бөтен сөзбен сөз арасын былғамау деген Абайдың
ақынға қоятын шартын, Мағауия әуелден берік ұстаған ақын.
Мұқа Әділханұлы (1857-1927)
Мұқа — Абайдың сегіз қырлы өнерпаз, талантты шәкірттерінің бірі. Ол – асқан
домбырашы, шебер скрипкашы әрі әнші, әрі ақын. Мұқаның өнерін Абай калай
бағалап, оған қалай қамқорлық еткенін Мұхтар Әуезов былайша сипаттайды:
”Абай жалғыз өсиетін қанағат қылмай, жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ
болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа
деген скрипкашыны қолында ұстайды.
Мұқа Абай еліне кеңшілік жай емес, қысылшаң хал үстінде пана тілеп барған
еді. Өз ағайынының біреуінен қалған жесір әйелге ғашық болып, соны
әмеңгеріне тигізбей алып қашады да, Абай ауылына барады. Бұл кеткен соң,
жуан ағайыны артындағы үйін шауып алып пәле басталады. Абай сондайлық
ауыртпалығына қарамай, Мұқа мен келіншекке ара түсіп, бастарына азаттық
әперіп, артын өзі жайғастырып, өнер иесі Мұқаны өзіне дос етіп, туыс етіп
алады”, — дейді. Ал, енді қысқаша болса да, Мұқаның нақты өмірбаянына
тоқталайық.
Мұқа Семей облысы қазіргі Жаңасемей ауданында, Уақ ішінде Жарқын, Жарқыннан
Төрехан, Әділхан, Өзбехан, Қарахан деген төрт ұл болған. Біз Мұқаның
өмірбаянына қатысы бар Жарқынның екі баласының ғана ұрпағын баян етеміз.
Олар Әділхан, Қарахан; Әділханнан Қайырхан Мұқа (шын аты Мұхаметқанафия)
және Мәлімғаждар, Қараханнан Әлімхан, Қасымхан; Қасымханнан Қайсахан,
Қожахан, Алшынбай.
Мұқа ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан соң табиғатынан талантты, ән-күй,
өлең-жырға құштар жастың бар ынта-жігері өнерге ауады. Әкесі Әділхан немере
ағасы Үрістемнен (Өзбекханның баласы) екеуі де ірі домбырашы екен. Солардан
үйренген домбыра өнерін місе тұтпаған талапты, талантты жас биікке қол
сермеп, өнер-білім іздеуді көксейді. Әкесі оны алысқа жібергісі келмейді.
Бұл ауылдар жаз шыға Семейден 25-30 шақырым Балта-тарақ дейтін жерге көшіп
келіп, егін салады екен. Әкесі Мұқаны соқа атына мінгізбек болады. Бар
ынтасы музыка өнеріне ауған Мұқа, ауылының калаға жақын жерге көшіп келуін
пайдаланып, бір-ақ күнде Семейге кашып кетеді. Қаланы тұңғыш көрген ол
көшені аралап жүргенде, бір үйде тартылып жатқан әсерлі күй естиді де, күй
тартушыны көруге құмарланып үйге кіріп барса, ол — қонақ үйі екен. Күй
тартып жатқан сол қонақ үйдің музыканты, скрипкашы – Ғарифолла деген татар
болады.
Мұқа Ғарифоллаға жабысып, айрылмай скрипка ойнауды үйретуін өтінеді.
Сөйтіп, әркімнің үйіне қонақтай жүріп, Ғарифолладан скрипка үйренеді. Әкесі
баласының музыкаға әбден ауып кеткенін білген соң, оған қаладан пәтер үй
алып береді. Ғарифолладан бастап, сол замандағы Семей қаласының
музыканттарымен танысып, әсіресе, скрипка ойнау өнерін меңгеріп алады. Осы
кезде Мұқа Абайдың өлеңдерін қолжазбалар арқылы оқып танысып, Абай әндерін
домбыра, скрипкаға қосып айтып жүреді. Енді сол Абайдың өзін көріп,
жүздесіп, лебізін естісем-ау деп ынтығып, арман етеді.
Тайыр Жомартбаев (1884-1937)
Абай мектебінен тәлім, өнеге алып өскен талапты жастардың бірі – Тайыр
Жомартбаев.
Тайыр Жомартбаев – жазушы, драматург 1884 жылы Семей облысы, Абай ауданы,
Мұқыр ауылында дүниеге келген.
Әкесі Жомартбай: ескіше сауатты, көңіл көзі ашық, абыройлы адам еді.
Жомартбайдың бәйбішесінен жеті ұлы болған. Балаларын жас ретімен атасақ,
тұңғыш баласы Сәрсенбай, одан кейінгілері: Ибраһим, Хасен, Ғабдолла,
Шамали, Тайыр және Төлеубай. Сөйтіп, Тайыр – Жомартбайдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz