Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар



Жоспар
I.Кіріспе
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту
II.Негізгі бөлім
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңы(Жеке кәсіпкерлік туралы заң)
I.тарау. Жалпы ережелер
II.тарау. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
III.тарау. Шағын кәсiпкерлiктi қаржыландыру
IV.тарау. Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы
V.тарау. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кепiлдiктер
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту дегеніміз:
1. қаржылық қолдау көрсету;
2. шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;
3. бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;
4. бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру;
5. өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.Осы шарттар сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
• Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
• шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
• шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қолжетiмдiлiгi;
• шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Д.Умбеталиев, «Кәсіпорын және кәсіпкерлік»,-Астана 2005
2. М.Ғ.Қабылбеков, «Кәсіпорын экономикасы»,-Алматы,2004
3. «Әділет» Республикалық құқықтық-ақпарат орталығы
4. Интернет желісі

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң.

Орындаған: Ахметжанова А.С
Аграрлық факультеті.ОЗ-407 топ
Тексерген: Есенбекова З.Ж

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар

I.Кіріспе
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту
II.Негізгі бөлім
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңы(Жеке кәсіпкерлік туралы заң)
I-тарау. Жалпы ережелер
II-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
III-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi қаржыландыру
IV-тарау. Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы
V-тарау. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кепiлдiктер
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту дегеніміз:
1. қаржылық қолдау көрсету;
2. шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;
3. бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;
4. бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру;
5. өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.Осы шарттар сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
* Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
* шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қолжетiмдiлiгi;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық қолдау:
* тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік беріл-ген көлемін сатып алу;
* екiншi деңгейдегi банктер және микрокредит беру арқылы кредит берудi ұйымдастыру;
* экономика салаларында әлеуметтiк маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру;
* бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру;
* жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер
* бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
* жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
* лизинг жолымен жүзеге асырылады.

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 19 маусымдағы № 131-1 Заңы

I-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II заңдарымен 1-бап өзгерді
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Инновациялық қызмет - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жаңа өнiм өндiру немесе өндiрiлетiн өнiмнiң сапасын жақсартып, шығынын азайту, оны өндiру әдiстерiн жетiлдiру мақсатымен ғылыми бiлiм мен жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған қызметi;
Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, шағын кәсiпкерлiктi материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен коммерциялық негiзде қамтамасыз етуге жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе пайдаланылатын ұйымдар кешенi;
Ойын бизнесi - құмар ойындарын (казино, бильярд) ұйымдастыру, лотереялар өткiзу;
Шоу-бизнес - эстрадалық ойын-сауық қойылымдар, сахналық көрiнiстер ұйымдастыру;
Венчурлiк фирмалар - ғылымды көп қажет ететiн прогресшiл технологиялар мен өнiмдердi әзiрлеу мен игерудi жүзеге асыратын инновациялық қызмет субъектiлерi;
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар.
ҚР 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 2-бап өзгерді
2-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР Президентінің 30.01.01 ж. № 154-II; 02.03.01 ж. № 162-II ; 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 3-бап өзгерді
3-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
1. Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы құны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асырады.
3. Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
толық серiктестiк;
коммандиттiк серiктестiк;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны барлық қызметкерлердi, оның iшiнде келiсiм-шарт және мердiгерлiк шарттары бойынша, жұмысты қоса атқару бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере отырып анықталады.
5. Қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ондайларға жылдық айналым көлемiнде үлесi ең көп қызмет түрiнiң өлшемдерi бойынша жатқызылады.
6. Егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi 25 проценттен аспауға тиiс.
7. Ойын бизнесi мен шоу-бизнес саласындағы қызметтi, банк қызметi мен сақтандыру рыногындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқасын) жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып танылуға тиiс емес.
8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелерден асып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктерден айырылады.
II-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
4-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 5-бап өзгерді
5-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi
бағыттары
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологияларды пайдалануына жеңiлдiктi жағдайлар жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмдерiн сертификаттаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңдарымен 6-бап өзгерді
6-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк,
салалық және аймақтық бағдарламалары
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
1-1. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламалары мынадай ережелерді қамтиды:
шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
кәсіпкерлік қызметке халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын тартуға бағытталған шаралар;
шағын кәсiпкерліктi қолдау мен қорғаудың инфрақұрылымын қалыптастыру жөнiндегi шаралар;
шағын кәсiпкерлiкке кредит-қаржылық және мүлiктiк қолдау көрсетiп, оны қорғау жөнiндегi шаралар;
шағын кәсiпкерлiктiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау жөнiндегi шаралар;
шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, дамытуға және қорғауға бағытталған мемлекеттiк саясатты iске асыруға байланысты басқа да мәселелер.

ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңдарымен 7-бап толықтырылды
7-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыру
1. Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы:
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiрiп отырады;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп Үкiметке табыс етедi;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
республика аймақтарында шағын кәсiпкерлiктi қалыптастыру мен оның инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi;
шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамытуды қамтамасыз етедi;
кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексеруді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi заңдарды бұзуға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабардар етедi.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялармен бiрлесе отырып:
1) жергiлiктi өкiлдi органдар:
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекiтедi;
жергiлiктi бюджеттердiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға арналған шығыстарын бекiтедi;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы есептерiн тыңдайды;
3. Табиғи монополия субъектiлерi саладағы бәсекенi дамыту стратегиясын қалыптастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, өндiрiс саласына шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн интеграциялау мәселелерi көзделетiн салалық бағдарламалар әзiрлейдi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тиiмдiлiгi аз iрi өндiрiстердi бөлшектеудi жүзеге асырады.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 7-1-бап өзгерді
7-1-бап. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар
1. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары:
осы Заңды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
мемлекеттiк органдарда шешiмдер қабылдаған кезде кәсiпкерлердiң мүдделерiне өкiлдiк ету, заңды құқықтарын қорғау және олардың пiкiрлерiн ескерiп отыру;
кәсіпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң сындарлы бастамаларын қолдау, экономикалық жағынан дамыған мемлекет құру және Республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру iсiнде әрбiр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк айқындамасын насихаттау;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк қызмет мәселелерi бойынша қаулылары мен басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi және түрлерi
Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту туралы ақпарат
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Пәндер