Қазақстандағы экологиялық жағдай


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ . . . 3
II. Қазақстандағы экологиялық жағдаЙ . . . 4
III. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 11
КІРІСПЕ
Бұл жылдары ауа әсіресе Өскемен, Лениногорск, Ақтау, Балқаш қалаларында қатты ластанғаны байқалды. Бұл түсті металлургия кәсіпорындарының ластануына және қаланың қоспалардың тарап кетуіне қолайсыз климатты жерде орналасуына байланысты.
Шаң . Ауадағы шаң әсіресе Ақтау қаласында көп болып шықты. Мұнда рұқсат етілетін шектік мөлшерден төрт есе асып түсті. Сонымен қатар Зырян және Шымкент қалаларында да ауадағы шаң мөлшері шектік мөлшерден үш есе артық. .
Өткен жылдармен салыстырғанда биылғы жылы шаң Ақтау қаласында көп жиналған, басқа қалалардың жағдайлары айтарлықтай өзгермеген. Ақтау қаласының әкімшілігі бұл деректерге көңіл аударып, қаласын шаң басып кетуден сақтайтын шаралар жасады.
Күкірт диоксиді. Бұл зиянды зат рұқсат етілетін шектік мөлшерден Лениногорск қаласында (2, 5 есе), Өскеменде (2 есе) және Балқашта (1, 5 есе) асып түсті. Өткен жылдың ІІІ тоқсандағымен салыстырғанда, Лениногорск қаласының ауасында күкірт диоксиді азайғандығы байқалды. Басқа қалаларда айтарлықтай өзгерістер байқалғаны жоқ.
Қазақстандағы экологиялық жағдаЙ
Көміртегі оксиды. Орта мөлшердегі шоғырлануы жөнінен бұл зиянды зат Қазақстан қалаларында рұқсат етілетін шектік мөлшерден асқан жоқ. Ол көп жинақталған Петропавловск, Семей, Өскеменде рұқсат етілетін шектік мөлшер деңгейінде. Өткен жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда Семей қаласында көп жинақталғаны байқалды. Басқа қалаларда өзгеріс жоқ.
Азот диоксиді. Тексерген қалалардың жартысында оның шоғырлану дәрежесі рұқсат етілетін шектік мөлшерге тең немесе аздап артық болды. Оның ең көп жері Өскемен (1, 8 есе артық) . Алматы және Ақтобе (1, 5 есе көп) . 1992 жылдың ІІІ тоқсандағымен салыстырғанда ауаның азот диоксидімен ластану дәрежесі Өскеменде артып, Павлодар қаласында азайды. Қалған қалаларда өзгерген жоқ.
Фенол. Бұл зиянды зат та Қазақстанның 10 қаласында анықталды. Лениногорск қаласында ол шектен 4 есе, Теміртауда 3 есе артып түсті. Өскеменде, Алматыда, Зырянда, Қарағандыда, Петропавловскіде, Семейде орта есеппен жинақталу дәрежесі шектен 1-2 еседей артық болып, Павлодарда нормы деңгейінде жинақталды. 1992 жылдың үшінші тоқсандағымен салыстырғанда шоғырланған фенол мөлшері Өскеменде, Семейде, Қарағандыда асып түсіп, басқа қалаларда айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. .
Формальдегид. Ол Қазақстанның 10 қаласының ауасында тексерілді. Жезғазғанда, Лениногорскіде және Алматыда рұқсат етілетін шектік мөлшерден 6 есе асып кеткендігі анықталды. Қарағандыда, Ақтобеде, Зырянда, Өскеменде, Шымкентте де нормыдан екі есе артық. Өткен жылдың ІІІ тоқсанындағымен салыстырғанда формальдегид Алматыда, Жезғазғанда, Қарағандыда, Өскеменде көбейіп, Зырян мен Лениногорскіде азаймаған.
Аммиак. Бұл 5 қалада бақыланды. Ең көп шоғырланған қаласы - Шымкент - нормыдан 3, 5 есе артық. Ақтауда, Жамбылда, Қостанайда, Теміртауда бір нормы шамасында. 1992 жылдың ІІІ тоқсанындағымен салыстырғанда аммиак Шымкентте көбейіп, Теміртауда азая түскен.
Фтор сутегі. Бұл элементтің орташа шоғырланған мөлшері Ақмолада шамадан 2 есе асып түсті. Жамбыл мен Шымкентте рұқсат етілетін шекте болды. 1982-жылдың ІІІ тоқсандығымен салыстырғанда Ақмолада оның көп шоғырланып, Жамбылда азайғаны байқалды.
Мышьяк. Лениногорскідегі және Өскемендегі мөлшері бір нормыға жетті.
Хлор. Павлодарда, Өскеменде, Шымкентте рұқсат етілетін шамадан артқан жоқ. .
Радиациялық жағдай.
Қазақстан жеріндегі табиғи көздердің төңірегіндегі радиация - топырағы борпылдақ жерлерде - 9-15 мкр/сағ., шың-құздағы қатты жынысты жерлерде - 20-60 мкр/сағ. Радиация Көкшетау облысында көбірек байқалып отыр: мұнда уран шығатын табиғи орындар көп.
Республика жеріндегі радияцияның көбейюіне Қазақстанда жүргізілген ядролық жарылыстардың, техникалық қызметтің, Селебе мен Чернобыль апаттарының, Қытайдағы Лобнұр полигонының зардаптары тиюде. Сонымен қатар ол жауын-шашынға байланысты.
1949-жылдан бері біздің жерімізде 510 ядролық жарылыс жасалды, оның 470-і Семей полигонында, 8-і Капустин ярда, (қазір басқа деректер бойынша Капустин ярда, яғни Орал жерінде 11 ядролық жарылысы болды делініп жүр. Ақтөбеде - 1, Атырауда (Азғыр полигонында) - 17, Ақмолада - 1, Батыс Қазақстан облысында - 7, Маңғыстауда - 3, Шымкентте - 2, Қосанайда - 1, бұл жарылыстардың қосынды күші, яғни белсенділігі - 12, 9 млн. кюри, ол негізінен жарылыстың ортасында (эпицентірінде) шоғырланған. Осы радияцияның белсенділігінің айналадағы ортаға әсері зерттелу үстінде.
Алдын ала жасаған есепке қарағанда радиоактивті қалдықтардың жалпы көлемі 233 млн. тонна, жалпы белсенділігі - 13 млн. кюри.
Жер бетіндегі және ауадағы жарылыстарды былай қойғанда радиоактивтілігі жоғары - 0, 03 - 700 р/сағ. - заттар жоғалып, бақылаудан тыс қалады. Сондай кездердің 1990-жылы Алматыдан және Қызылордадан табылғаны белгілі: 1991- жылы Алматы мен Көкшетауда, 1992- жылы Маңғыстауда «Өзен-мұнай» ауласында (бір емес төртеу) табылды. Атырау облысында мұнай өндейтін зауыттан сондай радиоактивті зат ұрланып кетті.
Бүгінгі таңда республика аймағында радиоактивті қалдықтарды көмуге байланысты бақыланбайтын ешқандай қызмет жоқ. Оның үстіне біздің еліміздің ядролық қарусыз мемлекет ретінде мұндай қаруды таратпау туралы шартқа қосылған. Бұл шартқа сәйкес өткен жылы Қазақстан Үкіметі Атом Энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) кепілдіктер туралы келісімге қол қойды. 1995 жылғы тамыздың 19-ында Республика Перзидентінің Жарлығымен ол бекітілді. Осы келісімге орай біздің мемлекет өз аумағындағы бүкіл ядролық қызметті, ядролық материалдың орын ауыстырылуын, оны экспортқа шығаруды және сырттан әкелуді, сондай-ақ екі жақты қолданылатын материалдар мен технологияларды толығымен бақылап отырды.
Келісім бойынша Қазақстанның өз міндеттерін орындауы үшін республиканың барлық ядролық объектілері МАГАТЭ-нің кепілдігіне қойылады. Мұның өзі ол объектілердің қандай да бір мәлімделінбеген қызметін жоққа шығарады. Ол аз десеңіз, Қазақстанның қолданылып отырған заңына сәйкес біздің аумағымызда басқа елдердің радиоактивтік қалдықтарын көму ғана емес, сонымен бірге оны біздің елге әкелуге де тыйым салынған. Мұндай жағдайларда бақылаусыз ешқандай жұмыстың жүзеге асырылуы, оның үстіне трансплутонийлік элементтер алу үшін әкелінетін радиоактивтік қалдықтарды өңдейтін зауыттар салу мүлдем мүмкін емес.
Республика аумағынан өзімізде бар радиоактивтік қалдықтарды толығымен апарып тастайтын аймақтық көму орнын салу мәселесін үкімет қарастырды. Алайда, қазіргі экономикалық жағдай, сондай-ақ, бұл мәселенің жете зертелмеуі мұндай жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Радиоактивті қалдықтарды көму проблемасы болмысынан күрделі іс. Сондықтан бұл мәселеде тәуелсіз сарапшылар халықаралық ұйымдар арқылы баға жеткісіз көмек көрсете алады.
Табиғат экологиясының бұзылуына мұнай өндіретін кен орындарының тигізер әсері де аз емес, терең қабаттан мұнай сорғанда құбырдың бойына қабат тұздарының жиналатыны белгілі. Ал ондай тұздарда радияцияның болуы да заңды құбылыс. Жер асты жұмыстарымен шұғылданатын операторлар құбырларды ауыстырған кезде оларды жинап, көмуге мән бермеген. Тіпті Жетібайкен орындарында кейбір мекемелер сол құбырларды жинап, жылу жүйесіне пайдаланған. Ал онда жұмыс жасайтын адамдардың дел-сал болып, үнемі ұйқысы келе берген. Экологтар тексергенде ұшақ аппараты сол Жетібайдағы жаңағыдай радиацияланған құбырлардың бірнеше жерде жинаулы жатқанын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды - сала қызметкерлері өндіріс экологиясына әлі де мән бермейді. Ал бізде жинақталған деректер бойынша жаңағыдай радиацияланған құбырлар тек Қаламқас кен орындарында ғана үсті бетондалып, көміледі екен.
Республикамыздың қалалары мен калаға ұқсас елді мекендерде канализация құрылыстары жеткілікті жабдықталмаған. Олар Петропавловск, Қостанай, Жамбыл, Павлодар (Былқылдақ) қалаларының ағын сулары сақталатын орындар толып кеткен. Энергетика және өнеркәсібі министрлігі Екібастұздағы, Лениногор жер орталығындағы ағын суларды өндеу жөнінде шаралар алынбай отыр. Осы және де басқа да кемшіліктер Қарағандының №1 машина зауыты, Талдықорғандағы қазақ не бірлескен (тері өндейтін) кәсіпорын т. б. тоқтатылды, ал Ақтөбе хром қосындылары зауытының инжинерінің ісі прокуратураға сырылды.
Жезқазған, Павлодар, Қызыл Орда, Көкшетау, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарында қалдарды орналастыруға бағыт қоймаған.
Алматы облысы бойынша бір жылда ауаға 85 мың тоннадай аса зиянды заттар тасталған екен. Мұның бәрі осы облыста орналасқан 400-ден астам кәсіпорының жылыту қазандарынан шыққан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz