Құжат ұғымы және функциясы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Орындаған: Төкеева Ақбота
Тексерген: Кушуков Г. С.
Тобы: ДЯ-307
Семей 2015
Жоспар:
- Құжат ұғымы және функциясы
- Құжаттардың түрлері және олардың жіктелуі
- Құжаттарды дайындау мен рәсімдеу қағидалары
Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп.
Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т. б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.
«Құжат» ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т. б. ) негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тәсілдерін ұсынады.
«Құжат» ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған.
Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы 17- ғасырда пайда болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі. «Хаттамаларға қол қою туралы» деген Жарлық шығарған.
Құжат функцияларын жалпы және арнайы функциялар деп екі салаға бөлуге болады.
Жалпы функциялар -құжаттардың бәріне ортақ. Ал арнайы функциялар - құжаттардың тек шектеулі топтарына ғана тән.
Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
1) әлеуметтік - құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады;
2) ақпараттық - құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы ретінде қызмет етеді;
3) қарым-қатынастық - құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді;
4) мәдени - құжат әлеумет тәжірибесі мен мәдени дәстүрлерді бекіту және оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді;
Құжаттың арнайы функцияларына мыналар жатады:
1) құқықтық - құжат қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық қарым-қатынастарды бекіту және өзгерту құралы ретінде қызмет етеді.
2) дәрістік - құжат жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді ой елегінен өткізе отырып, бұл жөніндегі білім қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге көмек береді, тұлғаның қалыптасу процесіне қатысады;
3) танымдық - құжат ой елегінен өткізіліп жазылған мәтін негізінде шындықтың неғұрлым ауқымды, абстрактылы, теориялық үлгісін жасауға мүмкіндік береді.
4) басқарушылық - құжат басқару құралы болып табылады, қоғам мүшелерінің ұжымдық қызметін мейлінше тиімді ұйымдастыру мақсатына сәйкес жоспарлау, үйлестіру және реттеу ісіне көмектеседі;
5) есептік - құжат өндірістік және шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде атқарылған жұмыс процестерін сүзгіден өткізіп отыратындықтан, оның нәтижелерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
6) эстетикалық - құжат өзінің материалдық негізі құрамына болмысты образды-көркем игеру нәтижелерін түсіру арқылы жинақтап қорытылған эстетикалық тәжірибелерді сақтайды және таратады;
Ұйымда құжаттарды түзу, қолжазбадан қайта басу, оқу, есепке алу, сұрыптау, сақтау, іздестіру, ақпараттарды ұқсату т. б. жөнінде қыруар жұмыстар атқарылады.
2. Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т. б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізуі барысында негізгі орын алатын құжаттарды жалпы мақсатына қарай үлкен екі топқа бөлуге болады:
1) бұл әкімшілік сұрақтары мен жалпы сұрақтар бойынша құжаттар. Яғни, ұйым әкімшілігі мен оның өндірістік іс - әрекеттері бойынша жалпы құжаттарды ұйымның барлық құрылымдық бөлімше қызметкерлері құрастыра алады.
2) ол басқару функциялары бойынша құжаттар. Бұл құжаттарды қаржы, бухгалтерлік, жоспарлау бөлімі және т. б. функционалдық бөлімшелер қызметкерлері құрастырады.
Құжаттарды жалпы және жеке белгілері бойынша кластарға бөлуге болады. Құжаттар төмендегі белгілері бойынша жіктеледі:
Құжат түрінің атаулары бойынша - қызметтік хаттар, бұйрықтар, хаттамалар, актілер, баяндау хаттар, шарттар және т. б. Бұл құжаттардың безендірулері бір ізге келтірілген және олардың әрқайсысының өзіндік үлгі - формулярлары бар.
Шығу немесе жасалу орындарына қарай -ішкі құжаттар (ұйым қызметкерлері жасаған құжаттар) және сыртқы (басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан келіп түскен құжаттар) құжаттар.
Құжаттар қойылған мәселе, берілген сұрақтардың көлеміне қарай - жай (бір сұрақтан тұратын) және күрделі (бірнеше сұрақтан тұратын) құжаттар болып бөлінеді.
Нысана түрлеріне қарай - жеке құжат (мысалы, баяндау хат), трафареттік (бұл құжаттың бір бөлігі басылып дайындалған, қалған бөлігі құрастыру негізінде топтастырылады) және бір текті кәсіпорындар үшін жасалған типтік құжаттар.
Орындау уақыттарына қарай - жедел, яғни құжаттың орындалуының белгілі аралықта талап ететін және жедел емес - орындалу уақыты шартты түрде белгіленген.
Пайда болуларына қарай - ұйым немесе қызығушының тарапына байланысты қызметтік және нақты тұлғаларға қатысты жеке құжаттар.
Жазылу орталықтары бойынша - жазбаша, графиктік, фотокино құжаттар.
Көркемделу түрлері бойынша
Түпнұсқа құжат - автор жөніндегі мәлімет, уақыты мен жасалу орны құжаттың өзінде сақталатын немесе басқа жолмен табылған, оның шығу тегіне шек келтірмейтін құжат.
Құжаттың түпнұсқасы - ресми құжаттың алғашқы немесе жалғыз нұсқасы.
Төлқұжат - құжаттың түпнұсқасының заңды күші бар қайталанған нұсқасы.
Құжат көшірмесі - түпнұсқа құжаттағы ақпаратты түгелдей және оның сыртқы белгілерін немесе заңды күші жоқ бөлігін көшірмелейтін құжат.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz