Қазақстандықтардың партизандық ерліктері



Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Қазақстандықтардың партизандық ерліктері.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғышқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 жәғіе 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдыц аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен болімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мындай офицер даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақ-стандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. /Б. Момышүлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді/. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.
Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер - орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қал-дырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу түбіндегі үлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312, 238, 391, 39, 387-ші атқыштар дивизиялары, 74, 75-ші теңіз флот бригадалары қатысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Б. Ғ. Аяған, М. Ж. Шәймерденова: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» - Алматы, Атамұра, 2005 ж.

2. Қазақстан мектебі журналы №11, 2006 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Қазақстандықтардың партизандық ерліктері.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына
басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-
соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді
біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес
халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды
талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп,
халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған
алғышқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір
екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен
баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға
мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері
қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,
Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды.
Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов
тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314,
387 жәғіе 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдыц аяғына дейін мұнда
тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада
12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер
бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс
саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек
қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан
тыс жердегі басқа да құрамалар мен болімдерді толықтырып отырды. Қарулы
күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар
қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың
трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау
ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан
астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери
оқу орны 16 мындай офицер даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған
қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-
қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен
Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақ-стандықтар
соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс
жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған
қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В.
Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б. жаумен
жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы
айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса,
Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941
жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста
қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-
атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі -
Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы
басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа
бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Б. Момышүлына 1990 жылы Совет
Одағының Батыры атағы берілді. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның
жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316-
дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И.
В. Панфилов зор еңбек сіңірді.
Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50
танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың
жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер
жер жоқ, артымызда Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28
жауынгер - орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы өршелене
жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар
қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды
өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы
бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т.
Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қал-дырды.
316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941
жылы 17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу
түбіндегі үлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312,
238, 391, 39, 387-ші атқыштар дивизиялары, 74, 75-ші теңіз флот бригадалары
қатысты.
Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуы жау әскерлерінің
рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-
фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.
Қазақстанда құралған басқа дивизиялар, бригадалар мен полктер Ұлы Отан
соғысы майдандарына 1942 жылы кіргізілді. Бұл кезде Ақтобеде жасақталған
312-ші дивизия Малоярославль түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір
жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Шымкент қаласында құрылған
102-ші дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды,
одан Солтүстік Кавказға шегініп, адам күштері аз қалғаннан кейін сол жерде
таратылды.
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бет-бұрыс кезең болды.
Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған
38-атқыштар дивизиясы бар еді. Ол әр кезде 62-армия қолбасшысы В. И.
Чуйков, 57-армия қолбасшысы Ф. И. Толбухин, сон-дай-ақ Сталинград үшін
болған шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияныц қолбасшысы М.
С. Шумилов құрамында соғысты. Сталинград түбіндегі ұрыстарда Жамбыл
қаласында жасақталған 81-атқыштар дивизиясы жауды талқандауда салмақты үлес
қосты. 1942 жылғы қарашаның аяғы - желтоқсанның басында бұл дивизия
Котельниково қаласын алуға, сөйтіп Сталинград қаласында қоршауда қалған
Паулюстің армиясын босату үшін әрекет жасаған неміс-фашист әскерлеріне
қарсы шайқастарға қатысты. Сондай-ақ Орал қаласында жасақталған 152-ші
атқыштар бригадасының батальондары Элиста-Астрахань жолы арқылы Еділ
өзенінің төменгі сағасына өтуге тырысқан неміс, румын әскер белімдерінің
жолын бөгеді. Қызыл әскер бөлімдерімен шайқастарда көптеген шығындарға
ұшыраған неміс-фашист әскерлері Астраханға шабуыл жасауға тырысқан
әрекеттерінен бас тартты.
Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен
қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен
соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен
жауынгерлердің арасында Д. Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бе-
кітілген аэростат командирі С. Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталды.
1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала
ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін ошпес даңққа бөледі. Ол 19
жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы
қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау
солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып,
құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен
қаһармандық үлгісін көрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып
өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден отті. Елге оның
ерлігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарына аттануы және олардың жанқиярлық ерліктері
Қазакстан ¥лы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдарда
Ұлы отан соғысы туралы ақпарат
. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері
Ұлы отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы
Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Қазақстан майдан арсеналы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Пәндер