Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі жайлы



1.Ежелгі дәуір тіл білімінің дамуы.
2.Араб тіл білімі.өзіндік сипаттары.
3.Араб тіл білімі дамуындағы түркілік ғалымдардың үлесі
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән. Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп санаған жөн.Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі – атау, ат қою теориясы да, екіншісі – грамматикалық өнер (искусство) проблемасы.Мұның біріншісінде – зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер – философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, герктерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Звегинцев В.А. История арабского языкознания.Краткий очерк(издание третье). Москва, 2007г.
2. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе:оқу құралы. Алматы, 1992 ж.
3. Дербісалин Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995 ж.
4. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012 Ковчиков.
5. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. - М: Астрель, 2007
6. Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі. Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007
7. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010.,2010
8. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Баяндама

Тақырыбы: Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі
КЯ -319 С

Орындаған: Тоқтарова Сая
Тексерген:Сәмекбаева Э.М

Семей 2015ж
1.Ежелгі дәуір тіл білімінің дамуы.
2.Араб тіл білімі. өзіндік сипаттары.
3.Араб тіл білімі дамуындағы түркілік ғалымдардың үлесі

Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән. Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп санаған жөн.Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер (искусство) проблемасы.Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, герктерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады (филология - герк сөзі, мағынасы - сөзді сүю).
Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары ІҮ ғасырлардан басталды. Арабтар тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - Халипат дәуірі деп аталатын ҮІІ-ХІІ ғасырлар шамасы. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді. Олар сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтіи Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид деп аталатын бөлімдер. Арабтар Үнді, Грек тіл ғылымы табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Кейбір ғалымдар (Сибавейхи) жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде (көрнекті өкілі - Сибавейхи), әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотельге еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа бөлді. Арабтар тіл білімінде өзіндік тың жол салған пікірлер айтқан. Араб тіл ғалымдарының тілдің грамматикалық жүйесін зерттеу тәсілдері де, грамматикалық терминдері де бұрынғылардан өзгеше болды, өзіндік дәстүр қалыптастырды. Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын Құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де, көп жағдайда, сөйлеу тілі нормасына сүйенеді, соны зерттеді. Бұл Ежелгі дәуір тіл ғылымының ешқайсысында да кездеспеген жаңалық. Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін, өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған "Ал китаб" деп аталатын еңбегі шешуші роль атқарған. Араб тіл ғалымдары қалыптастырған біртұтас зерттеу жүйесі кейінгі замандарда туған Еврей тіл ғылымына да елеулі әсерін тигізген. Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы - лексикография көрінеді. Арабтың бір ғана Әл-Фируза-бади деген лингвисі "Хомус" (мұхит) атты 60 томдық сөздік жасаған. Араб тілді ғалымдар М. Қашқари сөздігінен кейін де бірсыпыра сөздіктер, грамматикалық еңбектер жазып қалдырған. Олар туралы түркология мәселелерін сөз ететін еңбектерден мол мәлімет алуға болады.
Араб тіл білімінде фонетиканың алатын орны ерекше. Ғалымдар бұл құбылысты саз өнерімен байланыстырады. Осы тұрғыда әл-Фараби өзінің Музыканың үлкен кітабы (Китаб əл-мусики əл-кабир) атты трактатында фонетика саласы жөнінде сөз етеді. Фонетиканы грамматиканың бір саласы ретінде кейінірек дамығанда музыка теориясынан шығарып тасталмағаны байқалады. Мұнда ғалым сөйлеу дыбыстарына тоқталып, өзінің лингвистикалық ой-тұжырымдарын жасайды.Ғалым бабамыздың трактаттарындағы тіл және ойлау тұжырымдары логика, философиямен астасып жатса, фонетика туралы пікірлері саз өнерімен ұштасса, әрине лингвистикалық ғылыми негіз болмауы мүмкін, бірақ сол ғылыми негіз тудыруға бастау болған Фараби трактаттары дей аламыз.Келесі араб тіл біліміне өз үлесін қосқан Әбу Нәсір әл-Фарабидің жерлесі Әбу Нәсір Ысмайыл бин Хаммад әл-Жауһари. Әл-Жауһари араб тіл білімінде лексикография саласына көп еңбек сіңірген ғалым. Оны ғалым В.А. Звегинцев өзінің қысқаша очеркінде төмендегідей бағалайды. В области лексикографий успешно работал аль-Джаухари, поистине заслуживший за свои обширные познания прозвище имама лексикологий .[1.61б.]
әль-Жауһари Бұхара, Мәрі, Нишапур, Рей, Хамадан секілді қалаларда болып, кейін Бағдатқа келген. Көптеген араб тіл білгірлерінен дәріс алып араб ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Түркі қағанаты X-XIIғ ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Ежелгі дәуір тіл білімі
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Пәндер