Қоян шаруашылығы жайлы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тексерген:Серікова А. Т.

Орындаған:Каспи Ж. К.

Семей2015

Жоспар:

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1. Қоян шаруашылығы.

2. Қоянның инвазиялы ауруларындағы ветеринариялық - санитариялық сараптау.

ІІ. Қорытынды.

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қояндар (лат. Leporidae ) - сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0, 1 - 4, 5 кг, дене тұрқы 12 - 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидаданбасқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 - 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

http://aitaber.kz/uploads/images/00/01/56/2012/08/23/9bc1c5.jpg http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1400477830.jpg

1. Қоян шаруашылығы.

Қазіргі уақытта қояндардың қоғамда алып отырған орыны зор. Қояндарды ұстаудың, азықтандырудың және өсірудің өз ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, ондағы ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптарға сай жақсы көрсеткіштерге жетуге болады.

Оларды дұрыс азықтандырып және санитариялық -гигиеналық талаптарды сақтау-қояндардың денсаулығын жоғарылатудың кепілі болып табылады.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 - 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;

Құм қоян - қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 - 53 см, салмағы 1, 5 - 2, 5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны - өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 - 9 көжектен табады.

Ор қоян - қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 - 69 см, салмағы 3, 5 - 5, 8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 - 9 көжектен табады.

Үй қояндарын ұстау үшін әртүрлі конструкциялы торкөзді клеткалар пайдаланады. Клеткаларды орналастыратын жерлеріне байланысты қояндарды мынадай қстау жүйелеріне бөледі.

  • Сыртқы клеткаларда (ашық аспан астында)
  • Арнайы сарайлар-шедтарда
  • Жабық қоян қораларында.

Көптеген шаруашылықтарында қояндарды бір ғана жүйемен ұстап қана қоймай, жүйені кезекпен пайдаланады. Мысалы; еттік жас қояндарды күннің қатты суығына дейін далада клеткаларда, ал ауыспалы мезгілдерде шедтерде ұстаса, аналық қояндарды клеткаларда ұстап, өосымша көжектетіп өнім алады.

Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты, себебі бұл жағдай қояндардың ден саулығына, өсімталдылығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді.

Қояндарды бағуға арналған қоралар климаты суық аймақтарда өте қолайлы. Бұл жерде күтіп-бағудың аралас жүйесі қолданылады, оның барысында қатты аяз кезінде қояндар қораның ішінде, ал басқа уаұытта таза ауада болады.

Ірі қоян өсіру кешендерінің құрамына қоян ұстау қораларынан, қоян өсіруші үйінен және қоймалардан басқа толық рационды азық дайындауға арналған азық цехы, тоңазытқышпен жабдықталған сою цехы, өлексеніөртеу пеші бар және изоляторы бар ватсанөткізгіш, теріні алғаш өңдейтін және сақтайтын цех, қазандық, резервтік электростанция кіреді.

Қоян қоралары мал бағатын адамдарға ыңғайлы болу үшін қыста жылы, жазда салқын болу керек. Жабық қораларда ұстағаның жоғарғы нәтижелі болуы оның микроклиматының негізгі көрсеткіштері температурасы, ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы, тағы басқа газдардың мөлшері қояндардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, нормативке негіздеуіне байланысты болады.

2. Қоянның инвазиялы ауруларындағы ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Эймериоз - Sporozoa класы, Coccidiida отрядына жататын қарапайымдылар тудыратын инвазиялық ауру. Өнім шығымының төмендеуі және малдардың өлімі салдарының ауру үлкен экономикалық зиян әкеледі.

Қояндардың ішінде E. intestinalis, E. magna, E. media, E. calcecola бауырында E. stiedae тоғышарлық етеді. Иесінің организмінде ооцисталардан босаған кокцидиа спорозоидтары ішектердің кілегейлі қабықтардың торшаларына немесе кілегейлі қабықтардың астындағы торшаларға енеді немесе тамырларға өтіп гематогенді жолмен бауырға, бүйрекке және басқа да мүшелерге жетіп, көбейіп - бөліне бастайды (шизогония кезеңі, нәтижесінде мерозоиттар түзіледі) . Шизогония микро және макрогаметалар түзілгенше бірнеше рет қайталанады. Ұрықтанғаннан кейін зигота ооцистаға айналады. Сонғысы (яғни ооциста) малдардың нәжісімен сыртқы ортаға бөлініп шығып, онда спороцисталар мен спорозоиттар түзіледі.

C:\Users\Алишер\Desktop\қоян.jpg

Сойғаннан кейінгі диагностика. Ішектің кілегейлі қабығының кей жерлері қалыңдаған, қызарған, некроз, қанталаған, тығыз ошақтары бар. Бауыр өте ұлғайған, бетінде көптеген сары түйіншектері бар. Диагноз кокцидиа түрлерін анықтау, зақымдалған мүшелерден жасалған жұғындылардан шизонттар немесе ооцисталарды немесе нәжістен ооцисталарды табу арқылы нақтыланады.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық бағалау. Зақымдалған мүшелерді (бауыр, ішек) утилдейді, ал ұшаны шектеусіз босатады.

Фасциолез - Fasciola туысына жататын трематодтар тудыратын ауру. Фасциоллалардың екі түрі тоғышарлық етеді - F. hepatica, F. gigantica. Олар аралық иелерінің - тұщы су моллюзкаларының қатысуымен дамиды. Фасциолалар аптасына 1 миллион жұмыртқаға дейін табады, олар нәжіс арқылы сыртқы ортаға бөлініп шығады. 2-3 аптадан кейін жұмыртқада кірпікшелермен қапталған балаңқұрт түзіледі (мирациди) . Жұмыртқадан шыққан соң балаңқұрт моллюсканың денесіне енеді, онда 1-2 ай бойы келесі даму сатылары өтеді - спороциста, редия және церкарий. Соңғылары моллюскадан шығып, шөпке немесе шөптің басына шығады да инвазиялық түріне - адолескариге айналады. Ақырғы иесінің ішегінде фасциола ұрығы цистадан шығып, ішектің қабырғасын тесіп, құрсақ қуысына өтеді де, бауырға жетіп, өт жолдарына енеді, ол ағзалрда фасциола жыныстық тұрғыдан жетіліп, нағыз құртқа айналады.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Бауырдың өт жолдары ұлғайған, оларды тілгенде жалпақ тоғышарлар - фасциолаларды табады. Инвазияның ауыр кезінде ұша түсі сарғыш тартады.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық бағалау. Зақымдалған бауырды утилдейді, ал ұшаны, егер өзгерістер болмаса, шектеусіз босатады. Май мен бұлшық еттің сарғайған түсі 48 сағат ішінде кетпесе, ұшаны ішкі мүшелермен қоса утилдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы емес аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қазақстандағы аңшылық туризмнің қазіргі жағдайы және болашағы
Жануарларды тасымалдау шарттары
Төменгі сатыдағы жануарлар
Үргеніш қаласының тарихы
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Көшпенділер мәдениеті
Қостанай облысына жалпы сипаттама
Киімнің жылу сақтағыш қасиеттеріне қандай факторлар әсер етеді
Аусыл ауруының анықтамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz