Сүгір (шалқыма), (наз қоңыр), (аққу), (қаратау шертпесі) күйлеріне талдау жасау


Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Сүгір (шалқыма), (наз қоңыр), (аққу), (қаратау шертпесі) күйлеріне талдау жасау. Талдау барысында бұл күйлер кімнен жеткендігін, тарихын, осы күйлерді жеткізіп үн таспаға қалдрған запистері бар соларды табу. Осылардың қосындысынан талдалуы қажет.
Орындаған: Айтуған А
Тексерген: Серіков Әділет Серікұлы
Семей 2015ж
Шалқым
Сүгірдің күйі
Сүгір Әліұлы
Сүгір Әліұлы (1882 казіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы- 1961, сонда) - күйші-композитор. Ықыластың шәкірті. Жастайынан ел арасында "домбырашы Сүгір" атанды. Сүгірдің "Телқоңыр", "Майдақоңыр", "Шалқыма", "Ыңғай төк", "Қосбасар", "Бес жорға", "Боз інген", "Ілме", "Ақжелең", "Амангелдіге арнау", "Аққу", т. б. күйлері бар. Сүгір домбырада оң бүраумен қатар теріс бүрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра үнін қобызүніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Сондықтан күйлерінде қобыз үні басым. Сүгір күйлері 1964 ж. түңғыш рет халық аспаптар оркестрінде орындалып, 1968 - 69 ж. нотаға түсірілді. Оның күйлерін насихаттаушылар: Ж. Қаламбаев, Т. Момбеков, У. Бекенов, Г. Асқаров, т. б. С-дің өнері туралы жазушы Т. Әлімқұлов әңгімелер, ақын Б. Батырбекова поэма ("Күйші Сүгір") жазды.
Күйдің тарихы
... жалғасышертпе күйлердің басында тұрған өнер иесі сүгір екені анық. ал, оның есімі қазақ ішінде ерте танылып, шертпе күйлері үлкен сахнада өткен ғасыр басында кең түрде орындала бастады. сүгірдің үлкен қызы ұлбала және жақын ағайыны есенқараның айтуы бойынша, әкесі доңыз жылы, яғни, 1875 жылы дүниеге келген деген, олай болса, күйші 1882 жылғы емес, оның өмір сүрген уақыты 1875-1962 жылы деп айтқанымыз жөн.
әлем әдебиетінде өнер иесіне қонатын тылсым күштер туралы көптеген аңыздар бар. мәселен, «еңбек пен күндер» поэмасының авторы гесиод жөнінде мынадай аңыз бар: қасиетті геликон түбінде қой бағып жүргенде, музалар бақташы гесиодқа сазды ән салуды үйретіп, қолына лавр асатаяғын ұстатып, “шабыт беріп”, бойына “ән дарытады”. бұл дәстүр - қазақ халқында көнеден бері белгілі мифтік сюжет. оның аналогі ретінде сүйінбай, жамбыл, бақтыбай және т. б. ақын-жыраулардың тәңірден алған “қабілет-қасиетін” атауға болады.
осы тұрғыда төмендегі деректің маңыздылығы зор. «сүгір бала кезінде құмның ішінде жоғалған малды іздеп жүріп, аппақ сақалы бауырына түскен шалға кездесіпті. абыз шал сүгірді шақырып алып, «қарағым күйші болады екенсің» деп бата берген»
осындай жағдайдан кейін сүгірдің бойына күйшілік өнердің дарығанын аңғарамыз. мифтік аңызға сенбеуге лаж жоқ. өйткені, ондай қасиет дарыған адам өнерде болсын немесе басқа да жағдайда болсын, ел ішінде өзіндік өнер жолын салатыны анық. сүгір осыдан кейін өзіне дейінгі шертпе күй майталмандары - тәттімбет, тоқа, ықылас күйлерін жете меңгереді. алыста жатқан арқаға жол салып , он сегіз жасында атақты күйші тоқаны іздеп барып, оның батасын алады. сол тұста атағы жер жарған мафруза қызбен күй тартысқа түседі. бұл сүгірдің өнерге деген адалдығы арқасында күйшілік шеберліктің шыңдалуына, даңқының кең жайылып, ел арасында есімі ардақталуына үлкен жол салады.
қазақ күй өнерінде сүгір өзіндік орындаушылық, стильдік ерекшеліктерімен дараланып тұрады . қара шертіс, дара шертіс, іліп қағу, төгіп қағу, тұтып алу, лига, флажолет, форшлаг сияқты түрлі әдіс-амалдарды сүгір өз күйлерінде сарқа пайдаланған. күйшінің бүгінгі күнге дейін жетіп отырған 30 -ға тарта күйлерінен біз осыны көреміз»
сүгір жас шағында көршілес жатқан ауылдарда болып, өзінің өнерін шыңдаған, басқалардан күй үйренген, өзінің дәстүрін қалыптастырған. бұл оның өнерге деген адалдығы мен құштарлығы екенін жазбай танисың.
аталмыш күйшінің күй мұрасын а. райымбергенов пен с. аманова қоңыр дәстүріндегі «телқоңыр», «майда қоңыр», «жолаушының жолды қоңыры» және толғаудәстүріндегі «кертолғау», «назтолғау», сонымен бірге, аттас күйлер «қосбасар», «аққу», «балбырауын», «ілме», «шалқыма» тәрізді қазақтың аспаптық музыкасында қалыптасқан дәстүрлі жанрларға жіктеу арқылы таныстырады.
енді күй жанрына берілген жіктемелер негізінде сүгір шығармаларының тақырыптық-семантикалық ауқымын айқындасақ, олар төмендегідей болмақ:
- лирика-философиялық күйлері: «қосбасар», «кертолғау», «жолаушының жолдықоңыры» (қыз бен жігіттің тартуы), «шалқыма», «майда қоңыр», «назқоңыр», «тоғыз тарау»;
- жан-жануарлар мен құстарға арналған күйлері (арнау күйлер) : «аққу», «бозінгеннің бүлкілі», «бес жорға», «ыңғай төкпе», «телқоңыр»;
- тарихи күйлер «тоғыз тарау», «қаратау шертпесі» және тағы басқа күйлер.
профессор айтжан тоқтағановтың «күй керуені» жинағында күйлер аңыздарымен берілген. осы жинаққа сүгірдің «қосбасар», «бозінген», «кертолғау», «шалқыма»», «ілме» күйлері енген. а. тоқтағанов осы күйлердің шығу тарихына болжамалар айтқан. мәселен , «шалқыма» күйіндегі аңыздық-мифологиялық сарындар оның о баста музыкалық емес медитациялық жанр болғандығы туралы болжам айтылады. «шалықтап жатыр» деп бақсылардың зікір салуы кезінде орындалатын шығарма ретінде жорамал келтіреді. бұлай тұжырымдаудың да орны бар, себебі сүгір күйшінің шығармашылығын қобыз аспабына тән түсініктермен байланыстырып қараймыз.
сүгір күйлерін ең алғаш халыққа танытқан, грампластинкаға жаздырып, эфир мен радиоға шығарған өнертанушы жаппас қаламбаев болды. бұл кісі, шын мәнісінде, кеңес үкіметі тұсында қорқыт, ықылас күйлерін бүкіл әлемге танытқан қобызшы. 1955 жылдарыг. асқаровтың 14-15 жастар шамасында созаққа жаппас қаламбаев концерттік сапармен келу барысында, мектептен әжептәуір домбыра тартатын, ән салатын оқушы қыз-балаларды қасына серік етіп алып, концерт беретін, ал, ол кісі шаршаған кезде, ара-арасында балалар жеке концерттік нөмір беретін. бұл тұста балаларды қобызбен жетектеп отырып, «қосалқа», «кеңес», «той бастар», «келіншек» күйлерін қобыз, мандолинмен қосып орындаған.
жаппас қаламбаев созақ жерінде туғандықтан, жерлес, елдес, руына жиендік, туысқандық жақтары да бар болғандықтан, г. асқаровпен жиі араласқан. ол кезде жерлес, рулас дегенді г. асқаров аса түсінбесе де, өнерге деген қызығушылығы терең болған. 1955 жылы жаппас қаламбаев сүгірді қаламбаев әмзе деген ағасының үйіне алдырып, қонақ еткен. сүгірмен бірге отырып, ол кісінің кішкентай домбырасы бар екен, ол домбыраны кейін керімбек сыздықов алматыдағы мұражайға қойдыртқан. сол кезде күйші бастан аяқ аспапты тексеріп, ары-бері толғап көріп, жақсылап күй тарта алмаған. қайтадан жантайып жатып, «ал, жаппасжан, өзің тартшы» дейді, осы күйді жаппас «балбырауын» деп жаздырып жіберген, бұл негізінде «шалқыманың» бірінші түрі болса керек (сүгірде «балбырауын» деген күй болмаған. а. р. ) .
сосын жаппас «аққу» күйін тартады. осы кезде сүгір «бұл күйді былай тарт» деп көрсетіп бере алмаған, шамасы келмеген, себебі, 1955 жылы сүгір 80 жаста екен, демек 80 жас күйшіге ауыр жас екендігі анық. қолма-қол қалай ойнау керектігін айта алмауының себебі, күшінің қайтқандығы болса керек. сол тұста сүгірдің өз аузымен:
- «әй, жаппасжан-ай, сен қобызшылығыңа баға бересің, қобызшы деген бірқалыпты ысқыны ысқылап отырады. ал, күйдегі қағысынды да бірқалыпты аласың, ол қалай болғаны, өз тұсында мен «аққуды» қалқытушы ем, «шалқыманы» шалқытушы ем!» - деп айтуына қарағанда, «шалқыма» күйін зікір салғанда айтатын шығарма деп айту жаңсақ өнертанушы м. айтқалиевтің «қаратау шертпесінде» «шалқыма» - жігітшіліктің жарқын шағында, ат үстінде сайран өмірді суреттейтін көңілді шығарма» деп келтіргені жөнге келеді.
сүгір күйлерінің тақырыптық-семантикалық келбеті халықтың өмірімен біте қайнаған жануарлар образы, өзін қоршаған табиғаттың көрінісі және өмірдегі болып жатқан жайттармен байланысты махаббат лирикасы да орын алады. .
күңіреніп-боздаған аруананың болмысы - терең өмірдің сыры іспеттес қобыз үнімен үйлесе отырып, терең эмоциялық тебіреністен туындаған шығармалар. бұл сүгір күйшінің жан-дүниесінің сырлы да, сазды екенін көрсетеді. күй ғұмырының шындық өмірге құрылғандығы, оны жасаушы автор шығармасының толыққанды болу үшін шығармашылық жолда образдың басындағы күйініш пен сүйініш сезімін өз басынан өткендей дәл суреттеп береді. біздің пайымдауымызша, бұл күйшінің жан-жақты адам екендігін танытады. біріншіден, ол күйші бола отырып, екіншіден, өте сезгір лирик адам екендігі де талассыз деген ойдамыз.
сүгір мұраларының ерекшелігі - композитордың күйлерінің интерпретациялауы әр түрлі десек, шығармаларының шығу тарихының да өзіндік жолы, орны бар. сол мұраларының ішінде г. асқаровтың айтуы бойынша, бір-екі күйлерінің шығу тарихы былай деп баяндалды:
төлеген момбеков «бес жорға», «шалқыма», «телқоңыр» «бозінген» күйлерін орындауда әуенін бір-бірімен ауыстырып ойнаған. бір тартқан күйлеріндегі әдемі тұстарын келесі жолда жоғалтып алып отыратын. сонда: « - төке, өткен жолда әдемі тұстары бар еді ғой», - дегенде: «әй, сол есіме түспепті» - дейтін. мысалы, құрманғазының «серпер», «адай», «қайран шешем» күйлерінде тақырып біреу, оны алмастырып алып ойнау мүмкін емес. мысалы, ана туралы шығармалар әр жазушыларда бар, олардың оқиға желісі бір-біріменжанаспайды және олардың мазмұндары да әртүрлі болады ғой. сондықтан да, төлегенді «нағыз көңілден тартатын күйші» деп те атайды. төлеген күйлері өзіндігі бар әсем күйлер болса, сүгір күйлерінен, қалай болғанда да, бөлек болып тұрады.
2. сүгір өнер жолына түсіп, 30-ға дейін үйленбей жүрген. онысы әкеге сын болатыны анық. әкесі ат баптайтын бапкер, ертоқым, домбыра жасаған шебер, еліне қадірлі адам болған екен. көршілес ауылдың бір сұлу қызына құда түсіп, айттырады. сонда сүгір соңғы бір өтінішін жасап: «арқада мафруза деген күйші қыз шығыпты, сол мафрузамен күй тартысып, бағымды сынап көрейін, содан қайтып келген соң үйленейін» - дейді. әкесінің батасын алып, қасына төрт жігіт ертіп, сол арқадағы мафрузаның ауылына келеді.
сұлу қыз самаурынды қайнатып, шай құйып отырады. төрде үкілі домбыра ілулі тұр. «күйші қыз осы ма» - дегендей жігіттің біреуі домбыраны алып бастап кетеді. бірінен соң бірі жалғастырып, кезек бесіншісіне келгенде, домбыраны кәдуілгі қағып отырғандай бір дыбыс шығарады. домбыраның астыңғы тиегіндегі ішекті үстіне ауыстырғанда, домбыра солақай келеді. сүгір домбыраны солақай тартқан адам ғой. сол кезде шымылдық ашылады да, бір қыз шығады. күйші қыз сол екен. отау үйге барып, жасанып киініп келеді. бес жігіттің ішінде көргені бір-ақ жігіт. оның солақай тартқанына ренжіген түрмен қарайды. өйткені, оң бұрауды солақайкелтірген соң құлақ күйі бұзылады, көпке дейін келмейді. оны сезген сүгір күйін аяқтағаннан кейін, домбыраны білдірмей ауыстырып жібереді де, қызға бере салады. домбыра оңқай келіп тұрғанына қыз қайран қалады. ол да шебер күйші болса керек, бес жігіттің тартқанын бір өзі тартып береді. «бес жорға» күйі осылай туған екен. бұл күйді т. момбеков аңыз ретінде таратады.
3. сүгір енді қызға жауап ретінде бұрын бастап, кейін аяқталмаған күйі бар екен, соны тартпасам елге тараған күйлерден жаңылмайтын түрі бар деп, жолдасымен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz