Хиругиялық ауруларды емдеуде новокайн блокадасын қолдану


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Хиругиялық ауруларды емдеуде новокайн блокадасын қолдану

Тексерген:Ахметжанов. О. Н

Орындаған:Алмасова. Қ

Жоспар

1. Жалпы хиругия дегеніміз?

2. Варганов әдісі

3. Новокайн блокадасын қолдану?

Жалпы хирургия - клиникалық пәндер ішіндегі клиникалық сана мен ой түзуші, келешек ветеринарлық дәрігерлерді кәсіби дайындыққа баулуда маңызды орын алушы ең бір жетекші пәндердің бірі. Хирургия - гректің екі сөзінен алынған. Ол «Cheur ergon»: «хиер» - қол, «ерго» - әсер ету. Қазақша ота жасау туралы ғылым. Бұл алғашында хирургиялық ауруларды қолмен ота жасап емдеуге қатысты қолданылған тарихи ұғым. Қазір хирургияның ауқымы аса кең. Хирургиялық ауруларды анықтау мен емдеуде сан алуан заманауй құрал жабдықтар, техникалар, дәрі - дәрмектер, әдіс тәсілдер кешені қолданылады. Осыған байланысты медициналық және ветеринариялық хирургияның көптеген арнайы бөлімдері пайда болып дамуда. Оның ең күрделісі қан тамыры хирургиясы, нейрохирургия, трансплантация хирургиясын атауға болады. Студенттерге ветеринариялық хирургия 3 бөлімге бөліп оқытылады. Олар: Оперативтік хирургия, жалпы хирургия және аймақтық хирургия. Бұл бөлімдер бір - бірімен аса тығыз байланысты.

Жалпы хирургияның мақсаты көптеген ветеринариялық ғылымдардың (анатомия, патанатомия, физиология патфизиология, фармакология, микробиология) жетістіктерін пайдалана отырып, жалпы мал организмінде, ағзалар мен ұлпаларда кездесетін хирургиялық аурулардың этиологиясын, клиникасын, патогенезін зерттеу, диагноз қою, емдеу және аурудың алдын алу шараларын ұсыну. Жалпы хирургияда «ауруды емдеу мен алдын алу біртұтас, бірақ алдын алуға басымдылық беріледі» деген қағида ұсталынады. Ол хирургиялық аурулардың алдын алуда малды азықтандыру, күтіп бағу технолгиясын сақтап дұрыс пайдалануды көздейді. Хирургиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезін біле отыра шаруашылықта емдеу-алдын алу шараларының кешенін қарастырады.

Жалпы хирургияның міндеттері:

- Хирургиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезін зерттей отырып, оларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларының кешенін ұсыну.,

- Хирургиялық ауруларды емдеудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру, жаңадан ұсынылған дәрі - дәрмектердің тиімділіктерін анықтау.,

- Хирургиялық ауруларды, әсіресе толық зерттелмеген (қатерлі ісік) ауруларды зерттеу, емдеу, алдын алу шараларын ұсыну. Жалпы ветеринариялық хирургия пәнін меңгеру үшін студенттер биология, жануарлар морфологиясы, физиологиясы, клиникалық диагностика, фармакология, микробиология, оперативті хирургия пәндерін меңгерулері қажет.

Новокаин ерітіндісін жамбас қуысына А. Н. Варганов әдісі арқылы енгізу Енгізудің негізгі қағидасы жыныстық мүшелердің жүйкелеріне новокаин ерітіндісін жамбас қуысына енгізу арқылы әсер ету. Көрсетілімдер. Жынысьтық органдардың қабынуы, жұмыртқалықтың күлдіреуігі, жатыр субинволюциясы, жатырдың айналып түсуі, шудың түспей қалуы.

Енгізу техникасы. Алдын ала 6 см қысқартылған И-33 инесін малдың оң және сол жағынан 4-ші құйымшақ омыртқасының тұсынан орталық түзуден 10-12 см шетке алып, сагитальдық түзуге 40° көлбеумен енгізеді. Теріні тесіп алған соң инені жамбас қуысына жеткенге дейін кіргізеді. Жамбас қуысындағы қатпарды тесіп өткеннен кейін, инені тағы да 1-1, 5 см тереңдікке енгізеді және әрбір жағынан 50, 0 мл 1%-дық новокаин ерітіндісін антибиотиктермен қосып егеді. Енгізуді 48 сағаттан кейін қайталайды, қанша рет қайталап салатыны көрсетілімдерге байланысты.

В. В. Мосиннің плевраүсті новокаин тосқауылы Бұл әдістің маңызы мынада: новокаиннің 0, 5%-дық ерітіндісін диафрагма аяқтарының ұшының алдыңғы жағынан, плевра үстіндегі клетчаткаға жіберу, сонымен симпатикалық және құрсақ нервтерін жансыздандыру. Көрсетілімі. Тосқауыл эндометриттерде, цервиттерде, вагиниттерде, оофориттерде, жұмыртқалықтың күлдіреуіктерінде, мезгілсіз толғақтарда, жиырлуларда, жатыр мойынының тырысуында, шуы түспегенде, жатыр субинволюциясында, қынап пен жатыр түскенде, месқарынның атониясында, желінсаулар мен гастриттерде. Тосқауыл техникасы. Сұқ саусақпен соңғы қабырғаның алдыңғы шеті мен арқаның сыртқы ұзын етінің сыртқы шетінің қиылысындағы нүктені табады. Теріні тесіп алғаннан кейін инені горизонтальдық кеңістікке бұрышы 30-35° көлбеу етіп алып омыртқаның денесіне қарай бағыттайды. Ұзындығы 15 см мандренімен инъекциялық ине пайдаланады. Егер инеден мандренді шығарып алған кезде қан шықпаса және кеуде қуысына ауа сорылмайтын болса, инеге шприцті қосып жылы новокаин ерітіндісін жіберуге болады. Новокаин ерітіндісін жіберіп жатқан сәтте инені омыртқа денесінен сәл кейін тартып алады және оған төменіріек жағдай жасап, плевра үстіндегі кеңістікке бағыттайды. Иненің дұрыс жағдайда тұрғанын тексеру үшін, шприцті ажыратып алады. Иненің ұшынан тамшылардың кеуде қуысының тыныс алуымен бір мезгілде пайда болуы иненің дұрыс барғанының белгісі. Егер шприцтің поршеніне көп күш салмастан егнізуге мүмкін болса, яғни ерітіндінің кеуде қуысына емес, плевра үстіндегі кеңістікке барып жатқаны. Бұл жағдайда инені шамалы артқа тартқан жөн. Новокаин ерітіндісін мынандай есеппен жібереді, малдың әрбір 1 кг тірі салмағына 0, 5 мл новокаин ерітіндісі. Қажет болған жағдайда тосқауылды 5-7 күннен кейін қайталайды.

Малдәрігерлік тәжірибеде көбінесе соматикалық және вегатативті нерв талшықтарының сезімталдығын уақытша тоқтата тұратын дәрілерді жиі қолданады. Ондай дәрілер новокайн және оған ұқсас препараттар-анастезин, дикаин, кокаин, капкаин, тримекаин және тағы басқа.

Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің қызметтері қалыпты жағдайда бір - біріне сәйкес болу керек. Ал организмге күшті және өте күшті тітіркендіргіштің әсерінен жүйкенің белгілі бір жері парабиозға шалдығады.

Жүйкенің осыңдай жерінен импульс экстра және интра рецепторлармен жүйке орталығына және қайтадан кері өтпейді. Ал паработикалық аумақ жағдайы көп уақытқа созылса, ол өз зияндық әсерін тигізеді: орталық жүйке жүйесінен шеткейлік жүйкеге трофикалық әсері бәсеңдейді, осымен қатар патологиялық ошақта дистрофиялық процесстер үдеп, өршелене түседі. Осындай жағдайда антипаработикалық препараттар қолданып жүйке жүйесінің қызметін қалыпқа келтіру қажет. Осындай препараттардың бірі - новокаин.

Новокаинді ем ретінде 0, 25-0, 5% ерітіндісін пайдаланады, оның қасиеттері:

1. Новокаин қан тамырларының жүйкелеріне әсер етіп (симпатикалық бөліміне) олардың вазоконструкторлары босайды, осыған байланысты қан тамырлары кеңейіп қан айналысы жақсарады.

2. 0, 25-0, 5% новокаин әлсіз тітіркендіргіштік әсерімен парабиоз жағдайды жояды, сол жердегі процесстерді қалпына келтіреді.

3. Қанның сары суы және ұлпа ферменттерінің әсерімен новокаин ыдырайды, диэтиламиноэтанол және парааминобензол қышқылын (ПАБҚ) бөлінеді. ПАБҚ гистаминнің әсерін жояды, қабыну процессін бәсеңдетеді: диэтиламиноэтанол қан тамырын кеңейтіп қан айналысын жақсартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық ауруларды емдеуде новокаин блокадасын қолдану жайлы ақпарат
Хирургиялық ауруларды емдеуде новокаин блокадасын қолдану жайлы мәлімет
Хирургиялық ауруларды емдеуде новокайн блокадасын қолдану
Аналық бездің қабынуы
Новакаин блокадасын қолдану әдістері
Хиругиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының табиғаты және ауа-райының ерекшелігі
Сиыр желінсауының эпидемиологиялың мәні
Созылмалы катаральді эндометрит
Жіті эндометрит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz