Ұлттық киімдердің қоғамдағы маңызы



Бүгінгі әлем – көз ілеспес жылдамдықпен зымырап бара жатқан асығыс әлем, сондай-ақ күн сайын, сәт сайын құбылып, тотықұстай түрленіп жатқан сәнқой әлем де. Сонда көңілге көрік беретін бірден-бір нәрсе – киім. Сәнге ден қою маусымы келді. Жоғарыда айтқандай, күн емес, тіпті сәт санап жаңарып, жаңғырып жатқан жаһанда әр сағатта түрлі бейнелі киімдер ұлттық немесе жалпылық болып сән сахнасына шығуда. Әлемдік үрдіс, сол тұтас әлемнің бір бөлшегі – біздің қазақ елінің тұрғындарының назарын да іліктірмей кетпейтіні рас.
Қазақ халқы ұлттық киімдерінің тарихы өте тереңде. Бұған дәлел ретінде С.И.Руденконың күпінің қазақтардың ата-бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берген деректерін айта аламыз. Сонымен қатар, Қазақ халық қолөнерінің бір түрі болып табылатын киім өнерінің мәселесі көп уақытқа дейін арнайы сала болып зерттелмегенімен, Орта Азия халықтарының этнографиясы, тарихы, қолөнері бойынша жазылған және осы зерттеуге арқау болған шығыс авторларының, батыс еуропалық, ресей саяхатшыларының және өлкетанушыларының еңбектері құнды мәліметтер береді.
Т. Аткинсон, В.Н. Шевченко, П. Кошаров, П. Орловский, И. Клапрот, Г.Г. Гуркин, П.И. Лерх, П.В. Маковецкий, Н.М. Ядринцев, Г.И. Спасский, С. Большой, М.И. Минаев сияқты және тағы басқалардың еңбектері, XVIII ғ. мен XIX ғ. бас кезеңінде Қазақстан жерінде болған орыс суретшілерінің суреттері де этнографиялық құнды мәліметтер береді.
XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ киімінің нұсқалары, қазақтың тұрмыс - салты мен мінез-құлқы, шаруашылық әдісі, қолөнер бұйымдарының жасалу технологиясы, материалы жайлы біршама құнды пікірлерді ресейлік зерттеушілер И.Г. Георги , П.С. Паллас , А.И. Левшин , И.Казанцев т.б. еңбектерінде айтылған. Еліміздің мұражайында сақталған көне мұралар және мұрағат деректері де қазақ халық киім үлгілеріне байланысты мағлұматтар береді.
Қазақ халқының қолөнері, тұрмысы және киімі жайлы жазылған Ш.Уәлиханов еңбегінің маңызы зор. Оның еңбегі XIX ғ. орта кезеңдегі қазақ қолөнерінің тарихына мол мағлұмат қосады.
Қазақ халқының ұлттық киімдерді әшекейлеп, сәндеуде өзіндік ерекшіліктер бар. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінің әр түрлі жолдарын жаңаша дамытуға, әр түрлі тәсілде көрсетіп, жастарға өсиет етуге болады. Ұлттық киіміміз жайлы белгілі ресейлік ғалымы М.А.Леваневский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» деп жазған екен бір естелігінде.
Халқымыздың ұлттық киімдері заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлылығының арқасында қолданыстан қалмай келе жатқан киімдеріміз де жетерлік. Олардың кейбіреуін көнекөз қарттарымыз күнделікті киіп жүрсе, енді бірі қыз ұзату, келін түсіру сияқты ойын-сауыққа пайдаланылады. Отан алдындағы абыройымызды сақтау - ұлттық дүниекөздерін, көне жәдігерлерімізді, соның ішінде ұлттық киіміміздің рәміздік эстетикалық символдарын сақтап, қолданыс аясын кеңейтіп, оның тәуелсіз Қазақ елінің имиджін жасаудағы маңызды, ажырамас элементі ретінде көрумен тең.
1. Паллас П.С. Путишествие по разным провинциям российской империи: Спб., 1773. ч. 1 - 657 с.
2. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей.-Алматы, 1996.- 656 с.
3. Казанцев И. Описание киргиз-кайсаков. СПб.: Типография Товарищества «Общественная полза», 1867.- 231 с.; 26 х 21 см.
4. Захарова И. В., Ходжаева Р. Д. Казахская национальная одежда. (XIX-начало ХХ века), Алма – Ата: Наука, 1964 с. – 178 с.
5. Шойбеков Р.Н. Баскиiмдер және олардың әшекейлері // АТ 1991. 18 сәуір. 8 бет.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:Ұлттық киімдердің қоғамдағы маңыз

Орындаған:Рахимбаев Е.
Тобы: ТК - 321
Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей 2015 жыл
Ұлттық киімнің қоғамдағы маңыздылығы

Бүгінгі әлем - көз ілеспес жылдамдықпен зымырап бара жатқан асығыс әлем, сондай-ақ күн сайын, сәт сайын құбылып, тотықұстай түрленіп жатқан сәнқой әлем де. Сонда көңілге көрік беретін бірден-бір нәрсе - киім. Сәнге ден қою маусымы келді. Жоғарыда айтқандай, күн емес, тіпті сәт санап жаңарып, жаңғырып жатқан жаһанда әр сағатта түрлі бейнелі киімдер ұлттық немесе жалпылық болып сән сахнасына шығуда. Әлемдік үрдіс, сол тұтас әлемнің бір бөлшегі - біздің қазақ елінің тұрғындарының назарын да іліктірмей кетпейтіні рас.
Қазақ халқы ұлттық киімдерінің тарихы өте тереңде. Бұған дәлел ретінде С.И.Руденконың күпінің қазақтардың ата-бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берген деректерін айта аламыз. Сонымен қатар, Қазақ халық қолөнерінің бір түрі болып табылатын киім өнерінің мәселесі көп уақытқа дейін арнайы сала болып зерттелмегенімен, Орта Азия халықтарының этнографиясы, тарихы, қолөнері бойынша жазылған және осы зерттеуге арқау болған шығыс авторларының, батыс еуропалық, ресей саяхатшыларының және өлкетанушыларының еңбектері құнды мәліметтер береді.
Т. Аткинсон, В.Н. Шевченко, П. Кошаров, П. Орловский, И. Клапрот, Г.Г. Гуркин, П.И. Лерх, П.В. Маковецкий, Н.М. Ядринцев, Г.И. Спасский, С. Большой, М.И. Минаев сияқты және тағы басқалардың еңбектері, XVIII ғ. мен XIX ғ. бас кезеңінде Қазақстан жерінде болған орыс суретшілерінің суреттері де этнографиялық құнды мәліметтер береді.
XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ киімінің нұсқалары, қазақтың тұрмыс - салты мен мінез-құлқы, шаруашылық әдісі, қолөнер бұйымдарының жасалу технологиясы, материалы жайлы біршама құнды пікірлерді ресейлік зерттеушілер И.Г. Георги , П.С. Паллас , А.И. Левшин , И.Казанцев т.б. еңбектерінде айтылған. Еліміздің мұражайында сақталған көне мұралар және мұрағат деректері де қазақ халық киім үлгілеріне байланысты мағлұматтар береді.
Қазақ халқының қолөнері, тұрмысы және киімі жайлы жазылған Ш.Уәлиханов еңбегінің маңызы зор. Оның еңбегі XIX ғ. орта кезеңдегі қазақ қолөнерінің тарихына мол мағлұмат қосады.
Қазақ халқының ұлттық киімдерді әшекейлеп, сәндеуде өзіндік ерекшіліктер бар. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінің әр түрлі жолдарын жаңаша дамытуға, әр түрлі тәсілде көрсетіп, жастарға өсиет етуге болады. Ұлттық киіміміз жайлы белгілі ресейлік ғалымы М.А.Леваневский: Қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы деп жазған екен бір естелігінде.
Халқымыздың ұлттық киімдері заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлылығының арқасында қолданыстан қалмай келе жатқан киімдеріміз де жетерлік. Олардың кейбіреуін көнекөз қарттарымыз күнделікті киіп жүрсе, енді бірі қыз ұзату, келін түсіру сияқты ойын-сауыққа пайдаланылады. Отан алдындағы абыройымызды сақтау - ұлттық дүниекөздерін, көне жәдігерлерімізді, соның ішінде ұлттық киіміміздің рәміздік эстетикалық символдарын сақтап, қолданыс аясын кеңейтіп, оның тәуелсіз Қазақ елінің имиджін жасаудағы маңызды, ажырамас элементі ретінде көрумен тең.
Киім кию тек қана адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. Адам көркі шүберек, Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады деген мақалдар да біраз жайдан хабар беретіні шын.
Мына алпауыт жер бетінде қанша ұлт, қанша халық, қанша мемлекет болса, бұларды бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын тілі, мәдениеті және дәстүрі болып табылады. Осы тұста, қазақ этносының тілі мен ділі, психологиясы мен дүниетанымы, мәдени қазынасы, оның ішінде ұлттық киім үлгілерінің сақталуы, ұрпақтар қадірлейтін мұрасы болып дамуы қазіргі кезеңнің басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе) ол - солардан дейді. Яғни, осы дүниеде кім бір қауымға еліктесе, Қияметте ол солармен бірге тіріліп, солармен бірге болады. Дегенменде жастарымыз, жастар ғана емес кейбір жас болғысы келетін жасамыстарымыз да жаһанданудың жемін жеп, қағынан жерініп, ұлтсыздануға ұрынып, батыстануға бүйректері бұрылып жүр.
Әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақтың төл табиғатпен дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көргені мен түйгені мол үлгілі ұлт екендігін аңғару қиын емес. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы. Этнографтар табиғатпен етене байланыстағы қазақтың ұлттық киімдерін негізінен мынандай түрге бөледі: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Осы әр қазақтың көркіне көрік қосқан ұлттық киімі дейміз. Дегенмен күнделікті өмірде
Фариза апамыз: Заман жаңа, түр жаңа, киім жаңа, кінәлама ерсі деп мұнымды ана деп жырлағандай, ақжемденіп жыртылғалы тұрған шалбарлыларға, құрақ-құрақ көйлектілерге көзің үйренгелі қашан. Бұл да болса заманның, жоқ адамның ар-иманнан құлан-таза ада болуы. Ендеше қазіргінің ұлттық киіміне көз жүгіртейік. Бүгінде айырылмастай дос болған джинсыларға кеңес кезінде колхоз бастығы, есепшісі секілді мықтылардың балаларының ғана қолдары жеткен екен. Тәуелсіздігімізді алып, оның жиырмасыншы жылдан асқандығын тойлап жатсақ та, көзімізді ашып, жан-жағымызға қарасақ та, батыс ұсынған бүгін де қоғамымызды жаулап алған модельдердің құрбанына айналып жүргенімізді сезіне бермейміз. Мысалы,
Аспан асты елі жібек көйлегін заманға сай икемдеп шығарып жатыр. Жапондар кимоносын келістіріп жүр. Шотландықтар да қалар емес. Әлемдік жұлдыз ер-азаматтарының өзі шотландық юбканы арланбай киіп, керісінше сол арқылы сәнқой екендерін тағы бір дәлелдегендей басылым беттерінен түсер емес. Осындайда әлемдік аренада қазақтың жарасымды шапаны мен тымағы, бүрмелі көйлегі мен бөрігі, бәсекеге қай қырынан алып қараса да төтеп бере алатынын ескеріп, қолдай бермейміз. Ұлттығын ұмыту құл болудың бірден-бір жолы. Тілі мен мәдениеті кеткен ел, жетім қозыдай жетекке алып жүргенге өте жеңіл. Мәселен, Түркіменстан Ғылым академиясы ғалым-әйелдерді жұмысқа ұлттық үлгідегі көйлек киіп, бастарына жұқа жібек орамал салып келуді міндеттеді. Ендеше, түркмен қызы өзінің ұлттық киімінің жанды жарнамасына айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыровша айтсақ, Анау қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр, анау ойда қазақ тұр, қастарында азап тұр, ұйқысы көп, ояуы аз, бұл не деген ғажап-дүр.
Жастардың мұндай еліктеушілікке душар болуының екі себебін көрсетуге болады. Біріншісі,бұл қоғамның, ортасының тікелей өзіне әсер етуінен. Яғни, қоршаған ортаның көзқарасы, сыны адамның психологиялық жүйесіне тікелей әсер етеді. Бұлай деп жатқанымыз, жастар арасындағы мақтаншақтық, менмендіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің негізгі міндеттері
Қазақ халқы ұлттық киімдері
Қазақ қыз ұлттық киім сән үлгілерінің конструктивті ерекшеліктері
Ұлттық нақышта қазақ көйлегі
Ұлттық нақыштағы киiмдердi әзiрлеу барысында оқушылардың көркемдiк талғамын қалыптастыру мүмкiндiктерi
Сәндікқолданбалы өнері арқылы технология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеушiлiк әрекеттер арқылы қалыптастырудың дидактикалык негiздерi
Африка мәдениетіне тән дәстүрлі түстер мен маталарды қарастыру
8-сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу
Пәндер