Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ ұлттық тамақ түрлері және оның маңызы


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1. Тамақтану гигиенасы. 2. Балалардың тамақтану рационын құру. 3. Қазақ ұлттық тамақ түрлері және оның маңызы

Орындаған: Қонысбекова Ж. Ж.

Тексерген: Құнанбаева Н. С.

Факультет: филология

Тобы: ҚЯ-413

2015 - 2016 оқу жылы

Балалар мен жасөспірімдердің ұтымды тамақтануы олардың үйлесімді өсуін, әр түрлі мүшелердің және тіндердің функциялары мен морфологиялық құрылымдарының дер кезінде жетілуін, психомоторлықжәне эмоционалдық параметрлерін, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына және инфекцияның әсеріне ағзаның төзімділігін қамтамасыз етеді.

Балалар мен жасөспірімдердің ұтымды тамақтануы олардың денсаулық жағдайы сияқты ең негізгі мәселесі болуы тиіс. Халықтың дұрыс тамақтану саласындағы мемлекеттік саясат келесі принциптерге сүйенеді:

  • Адам денсаулығы - мемлекеттің маңызды принципі;
  • Тамақтық азық-түліктер адам денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс;
  • Тамақтану адам организміні тамақтық заттарға және энергияға физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар пофилактикалық және емдеу міндеттерін орындауға ықпал ету керек;
  • Тамақтану адам организмінің сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтауы тиіс.

Баланың тамақтануын ұтымды ету саласында ана сүтін емізуді қолдау бойынша бағдарламалар жүргізіледі, олар ерте жастағы балаларды арнайы азық-түлікпен, ауру балаларды емдік тамақтанумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар жалпы білім беру мекемелерінде балаларға ыстық тамақ беру тәртібін ұйымдастырады.

Өсіп келе жатқан организмдердегі энергия және зат алмасуының ерекшеліктері. Балалар организмі үнемі өсіп, даму үстінде болатындықтан олардың зат алмасу про-цестері елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Мұнда төмендегідей ерекшеліктерді бөліп қараған дұрыс:

  1. Балаларда өсу, даму процесі өте қарқынды жүретіндіктен, зат алмасу процесі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүреді және жас ұлғайған сайын баяулай бастайды. Бала организміндегі зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының орнын толтырумен қатар, тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, балаларда ассимиляция процесі диссимиляция процесінен жоғары, яғни анаболизм катаболизмнен жоғары болып келеді;
  2. Балалар организмінде клеткалар мен тіндердің құрлысына қажетті ақуыздар үдемелі түрде түзіледі. Өсіп келе жатқан организмге ақуыз қажеттілігі ересектерге қарағанда біршама жоғары және бала неғұрлым жас болса, ақуыз қажеттілігі соғұрлым жоғары болады. Ақуыз жетіспеуі өсу процесінің тежелуіне ұшыратуы мүмкін;
  3. Көмірсулар бала организмінде энергетикалық қызметпен қатар, пластикалық қызмет атқарады. Өсіп келе жатқан организмде белок қажеттілігі жоғары болғандықтан көмірсулардың ыдырауы өте қарқынды жүреді, сондықтан, жас балалардың организмдері көмірсуларға өте жоғары қажеттілікті сезінеді;
  4. Май алмасу процесі балалар организмінде тұрақсыз болып келеді. Тамақта көмірсулар жетіспеген кезде, май депосы тез таусылады. Майлар жылу энергиясының бастама көзі болумен қатар, организмді жылу жоғалтудан, органдарды жарақат алудан қорғайды;
  5. Ересектерге қарағанда балалар гидролабильді болып келеді, яғни, олардың организмдері суды тез жинап, тез жоғалтып отырады. Сондықтан балалар организміндегі су алмасу процесі жылдам бұзылады және бала неғұрлым жас болса, соғұрлым суды көп қажет етеді, бұл құбылыс, қыз балаларға қарағанда ер балаларда жақсы көрінеді;
  6. Сүйек тканьдерінің үдемелі өсіп-дамуына байланысты балаларда кальций қажеттілігі ересектерге қарағанда 1, 5 есе жоғары. Калций сүйектерде негізінен фосфор қышқылды тұздар түрінде түзетілетіндіктен, организм калциймен бірге фосфордың қатар түсіп отыруын қажет етеді;
  7. Сүйектегі фосфор қышқылды тұздар "Д" витаминінің қатысуымен ғана түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеушілігі рахит ауруына шалдықтырады;
  8. Ана сүтінің құрамында темір жеткіліксіз болғандықтан, емшектегі кезеңдегі сәбилердің осы микроэлементке қажеттілігі жоғары болады;
  9. Балалар организміндегі органдар мен жүйелердің дамып жетілуі аяқталмағандықтан, зат алмасу процесі көбінесе сыртқы ортаға, әсіресе, дұрыс тамақтануға бағынышты болады;
  10. Балаларда негізгі зат алмасу көлемі ересек адамдарға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болып келеді, бұл оларда тотығу процестерінің үлкен қарқынмен жүретіндігін көрсетеді.

Негізгі зат алмасудың мөлшері баланың жасына, жынысына, өсу қарқынына, олардың конституциясына (арық балаларда зат алмасудың қарқыны жоғары болады), қимыл-қозғалыстарына, жыл мезгіліне, туып, өскен мекеніне және т. б. байланысты болып келеді.

2. Балалардың тамақтануының рационалды болуы, тамақтанудың тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін. Ол үшін мынадай шаралар орындалуы қажет:

  1. Тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын қатал сақтау;
  2. Тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы;
  3. Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тағамды мөлшері мен сапасына байланысты дұрыс бөлу;
  4. Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі.

Санитарлық дәрігер ас-мәзірін құрастырған кезде мынадай негізгі қағидаларды білуі керек:

  1. Тамақ рационы балалардың жас мөлшеріне сәйкес дене еңбегінің жүктемесіне, жыл мезгіліне, климатқа байланысты алынған тағамдық заттарға және энергияға қажет-тілігіне сәйкес болуы қажет. Жаз мезгілінде энергия шығыны ұлғаятындықтан, тағам колориясын 10%-ға жоғарылату қажет;
  2. Ас мәзірі балалар мекемелерінің қызметінің ұзақтығына байланысты 3-5 ретке есептелінеді;
  3. Ас мәзірі әрбір типтегі балалар мен жасөспірімдер мекемелері үшін бекітілген негізгі тағамдардың түрлеріне байланысты жасалады. Ет пен балықтан жасалған тағамдарды таңертеңгі және түскі асқа ал, кешкі асқа сүт, көкөніс және жармадан жасалатын тағамдар ұсынылады. Рационның құрамында күнделікті міндетті түрде ет, балық, сүт, сары май, көкөніс, нан болуы керек;
  4. Ас мәзірі әр түрлі тағамдардан құралады. Бір күндегі тағамдардың түрлері қайталанбауы тиіс;
  5. Барлық балалар мекемелерінде, Медициналық Ғылым Академиясының тағам институты жергілікті жағдайларға байланысты ұсынған үлгі ас мәзірін негізге ала отырып, екі апталық ас мәзірі жасалады. Сонымен қатар "жазғы" және "қысқы" деген тағы екі ас мәзірі дайындалады. Тағам рационының калориясын және химиялық құрамын анықтау, арнаулы кестелер мен балалар тамақтануына арналған нұсқаулар бойынша жүргізіледі;
  6. Күнделікті үлгі ас мәзірінің негізінде, құрамында әрбір тамақтану мерзіміндегі тамақтардың тізімі және осы тағамдардың барлығының массасы мен жеке түрлері көрсетілген сұрыптама ас мәзірі жасалады. Сұрыптама ас мәзірінде тамақтанатын балалар мен қызметкерлердің де саны көрсетіледі;
  7. Ас мәзірінде көрсетілген кейбір тағамдар жоқ болған кезде, оларды бірін-бірі алмастыра алатын тағамдардың кестесін қолдана отырып, химиялық құрамы жағынан сәйкес келетін тағамдармен ауыстыруға болады;
  8. Балалар рационында, ас қорту органының қызметін жақсарту үшін күрделі тағамдар:қара бидай наны, ботқасы, В тобындағы витаминге бай тағамдар болу керек;
  9. Рациондағы белоктардың меншікті үлесі, жылдың барлық мезгіліне тұрақты түрде болады.

Балалар мекемелерінің асхана жұмыстарына ағымды санитарлық бақылау жүргізу жұмысы:

  1. Келіп түскен тамақтардың сапасы мен олардың тасымалдануын бақылау;
  2. Тағамдардың сақталу жағдайын бақылау;
  3. Тағамдардың таратылу мерзімінің сақталуын бақылау;
  4. Тағамдарды дайындау технологиясын бақылау;
  5. Дайын тағамдардың сапасын бақылау;
  6. Асхананың санитарлық, індетке қарсы жүргізілетін тәртібін және ыдыс-аяқтарды тазалау тәртібін бақылау;
  7. Асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауын бақылау;
  8. Тағам рационының құрамын бақылау.

Қазақ ұлттық тамақ түрлері және оның маңызы. Қазақ халқы - өте көреген, философ халық. Олар таза табиғатта өмір сүріп, тек құнарлы, нәрлі тағамдарды тұтынған. Күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан, көп тағамдар мал өнімдерінен жасалған. Қазақ халқы үшін ең құнарлы болып есептелетін - жылқы еті. Оның зор пайдасы туралы көптеген мәліметтер бар.

Ең алдымен жылқы еті құрамында оңтайлы мөлшерде аминдік қышқылы бар, бұл жөнінде ет өнімдерінің бәрінен артық толыққанды малдың белогы болып табылады. Белоктар тек құрлыс материалдары ғана емес, олардың организмде атқаратын қызметі толып жатыр. Олар қанмен бірге ағзаның клеткаларынан оттегі және қоректік заттарды тасымалдауға қорғаушы имунитет қызметін қамтамасыз етеді, барлық ферменттер жүйесі мен гормондардың, онсыз әсте тіршіліктің өзін қамтамасыз етуге мүмкіндік болмайтын биологиялық процестердің құрамдас бөлігі болып табылады. Белоктардың тапшылығы науқастың көңіл күйіне әсер етеді, оның әл-қуатын кетіреді, халін нашарлатады, тәбетін қашырады, ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға, іштей улануға, стрестік, оқыс жағдайларға қарсы тұру қабілетін кемітеді. Тамақта үнемі белоктардың жетіспеуі ағзаның өзіндегі белоктардың, былайша айтқанда, ферменттік белоктардың түзілуінің бұзылуына әкеп соқтырады, ал бұл көптеген ферменттік жүйелердің белсенділігін тежейді.

Диеталық тұрғыдан алғанда жылқы етінің майы аса бағалы. Өйткені еттің калориясы оның майлылығына байланысты екені белгілі. Жылқы түлігінің ерекшелігі - ол семіргенде майды қабырғалары мен ішіне, сүбесіне (қазы) жинайды. Бұл тұстағы ет кесінділері мейлінше калориялы болады. Түліктің басқа жеріндегі ет кесінділерінде азотты заттар едәуір мөлшерде, ал ондағы бұлшық еттердің арасындағы май шамалы болады. Бұл жылқы етін калориясы кемдеу диеталық өнім деп санауға негіз болатын жылқы етінің сапалық бір ерекшелігі болып табылады.

Жылқы етінің тағы бір тамаша қасиеті - онда атерогенді ықпал ететін толымды майлы қышқылдар мен холестериннің аз болатындығы. Оның үстіне жылқы етіндегі таптырайтын аминдік қышқылдар мен әрқилы толымсыз майлы қышқылдардың қандағы холестериннің дәрежесін төмендетуге ықпал ететін қасиеті бар. осындай бірегей қасиеті болғандықтан да жылқы етін атеросклерозды, мәселен, өттегі тас сияқты басқа да холестериндік алмасу бұзылудан пайда болатын аурулардың диетамен емдеуге қолданылатын тамақ өнімдерінің қатарына жатқызады.

Қымыз

Қазақтың ұлттық тағамдары, соның ішінде ең пайдалы сусыны - қымыз. Қымызда кездесетін заттардың бәрі адам денсаулығына пайдалы. Кез-келген сүттегі ең бағалы зат - ақуыз болса, бие сүтінде ол 1, 8 - 2 % болады. Қымызда шамамен 1, 3 - 2, 0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем. Қан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда 1, 5 есе, ал мыс 3, 2 есе артық. Бір литр қымызда 1, 60 мг мыс болады екен. Сондықтан да бүгінгі күні қымызды емдік әдісте, профилакторияда жиі пайдаланады. Сонымен қымыз қандай дертке дауа, емге шипа?

• Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті артады. Бұл өнімде В, А, Е дәрумендері, әсіресе С дәрумені өте көп. Олар адамның иммундық жүйесі мен денсаулығын нығайтып, күшейтеді.

• Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.

• Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.

• Қымыз арақ пен сыраның зардаптарынан тазартады.

• Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы зор.

• Қымыздың құрамында жыныс гормондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды.

• Қымыздың майы атерокслероз ауруына шипалы.

• Қымыздың құрамындағы май қышқылдары адам денесіндегі жасушаларды жақсартады

• Қымыздағы кіші молекулалы пептидтер жасушалардағы нәруыз (белок) синтезін күшейтеді, ағзадан улы заттарды сыртқа айдап шығарады, ұрық безі гормондарының түзілуін дамытады

• Тамақтың алдында немесе тамақпен бірге аз мөлшерде (50-100 мл) ішілген қымыз ас қорыту сөлдерінің бөлінуін айтарлықтай күшейтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақтану гигиенасы туралы
Тамақтану режимі, балалардың тамақтану рационын құру
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру
Тамақтану гигиенасы. балалардаың тамақтану рационын құру. қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы
Дұрыс тамақтану жайлы мағлұмат
Тамақтану туралы түсінік
Тамақтану гигиенасы туралы ақпарат
Тамақтану гигиенасы жайлы
Денсаулық - зор байлық. Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz