Жусан


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Жусан
Орындаған; Смагулова Л. Ж
БЛ-409
Тексерген ; Жилкыбаева Сауле Джакановна
Семей, 2015 ж
Жусан
Жусан (Artemіsіa) -күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.
Қазақстанның барлық жерінде - шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 - 60 см, кейде 1, 5 - 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі - тұқымша. Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі - дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан - құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.
Жусандардың көп түрлері бар.
- Ащы жусан(Artemіsіa absіnthіum) - күрделігүлділер тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. мен шалғындарда, бұйратты құмдарда, ормандар мен таулы жерлерде өседі. Биіктігі 60 - 100 см, кейде 120 см-ге жетеді. Тамыры жуан. Гүлдері ұсақ, шоғырлана өседі. Шілде - маусымда гүлдеп, жемістенеді. Ащы жусанның дәрілік өсімдік, медицинада пайдаланылады
2. Ақшуғақ (Artemіsіa ferganensіs) - жусан тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік немесе шала бұта. Ақшуғақтың түк басқан сабағы жас кезінде боз болады да, кейін түгі түскен соң қоңырланады. Тамыры жуан, қысқа жапырақты, жеміс шығатын өркендері аз. Гүлі қысқа сағақты, гүл шоғы шашақты, қос жынысты, сары немесе қызғылт түсті келеді, қыркүйек - қазан айларында гүлдейді. Қазақстанда құмды, таулы-тасты аудандарда кездеседі. Әсіресе Қызылқұмда, Қаратауда, Түркістанда жиі ұшырайды. Ақшуғақ мал азығы ретінде пайдаланылады, әсіресе мал семіртуде маңызы зор, оның мамыр - маусымда қоректік құны мол. Ақшуғақ жеген қойдың майының дәмі жақсарады, малдың суыққа төзімділігі артады. Ақшуғақ сүрлемге ашытқы ретінде қосылады. 3. Бөрте жусан[өңдеу]
![]()
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бөрте жусан
Бөрте жусан (лат. Artemisia austriaca ) - Астралылар тұқымдасының жусан тегіне жататын көп жылдық шала бұта. Биіктігі 20-60 см, сабағы мен жапырағы бозғылт түкті, тамыр сабағы жақсы жетілген, маусым - қыркүйек айларында гүлдер. Бөрте жусан Батыс Еуропада, Жерорта теңізінің батыс жағында, Кіші Азияда, Солтүстік Иранда, Кавказда, Орта Азияда, Батыс Сібірде, Қазақстанның барлық аудандарында, әсіресе шөл, шөлейт, сортаңды жерлерде, жол бойында өседі. Бөрте жусанның астық тұқымдас өсімдіктер араласқан пішіненін мал жақсы жейді, сүрлемге салуға да болады. Бұл өсімдіктің құрамында алколоид, глюкозид, каротин, эфир майы, протеин, белок, май т. б. заттар болады.
4. Көкшағыр жусан(Artemіsіa marschallіana) - жусан туысының бір түрі. Қазақстанда Тобыл - Есіл, Ертіс, Жем өзендері, Каспий, Арал маңында, Көкшетауда, Мұғалжарда, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Қарқаралыда, Бетпақдала, Балқаш - Алакөлаймағында, Алтайда, Тарбағатайда, Қызылорда облысында далалы, шөлейт, құмды жерлердегі өзен аңғарларында, тың жерлерде, тастақ беткейлі төбелерде өседі. Биіктігі 30 - 80 см-дей шала бұта. Өсімдік түгелдей тықыр, жасыл не сұрғылт жасыл, тамыры жуан, сүректенген. Жеміс бермейтін бұтақтарының жапырағы сопақша келген, ұзындығы 4 - 8, ені 2 - 6 см, қара жасыл. Шілде - тамыз айларында гүлдейді. Көкшағыр жусанды жаз бойы қой мен түйе жақсы жейді, сиыр мен жылқы онша жемейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz