Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері



Менеджмент дегеніміз – белгілі жетістіктерге жету үшін обьектіге мақсатты түрде әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Қаржылық менеджменттің ұғымы – тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы – бұл пайда түсіретін кәсіпорын мүлкінің қаржылары. Капитал – кәсіпорынды құру және дамытудың басты экономикалық базасы.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару ісі қаржы менеджменті деп аталды. Қаржы менеджменті – әлеуметтік – экономикалық процестерді басқарудың негізгі құралы.
Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз – қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т.б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгалтер және экономисттің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі.
1. Морозов Д.С. Проектное финанси-рование. - М, 1999 г.ҚР «Тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау туралы» заңы, 1997 жылғы 28 ақпандағы //Казправда, 1 наурыз 1997 ж.
2. ҚР «Шетел инвестициялары туралы» заңы, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы //Казправда, 25 қаңтар 1995 ж.
3. ҚР «Шетел инвестициялары туралы» заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы ҚР заңы, 1997 жылғы 6 шілде//Казправда, 18 шілде 1997 ж.
4. ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңы, 1997 жылғы 5 наурыздағы// Казправда, 10 наурыз 1997 жыл
5. ҚР «Акционерлік қоғам туралы» заңы, 13.05.2003 ж. №415-ІІ
6. ҚР «Банкроттық туралы» заңы, 1997 жылғы 21 қаңтардағы// Казправда, 25 қаңтар 1997 жыл
7. ҚР «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» заңы, 1997 жылғы 19 маусымдағы// Казправда, 25 маусым 1997 жыл
8. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и её роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана.– Алматы, Каржы-Каражат, 2002
9. Маянлаева Г.И. Организация страхового дела в Республике Казахстан. – Алматы, ТОО LEM, 2000
10. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казастана. – Алматы, Каржы-Каражат, 1995

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

ОӨЖ

Тақырыбы : Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері

ОРЫНДАҒАН : Теміртасова И.Т.

ТОП
: ФН-207

ТЕКСЕРГЕН : Курманбекова Г.А

Семей қаласы

2015 жыл

Кіріспе
Менеджмент  дегеніміз – белгілі жетістіктерге  жету үшін обьектіге мақсатты
түрде  әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Қаржылық  менеджменттің ұғымы – тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның
ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі
болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да,
практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы – бұл пайда түсіретін
кәсіпорын  мүлкінің қаржылары. Капитал – кәсіпорынды  құру және дамытудың
басты экономикалық базасы.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық  жағдайындағы басқару ісі қаржы 
менеджменті деп аталды. Қаржы  менеджменті – әлеуметтік – экономикалық
процестерді басқарудың негізгі  құралы.
Қаржылық  менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру,
пайдалану  және байланысты, ақша айналымы мен  қаржыларды басқару мен
байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын  басқаруда
қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа
мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері.
Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең
көз – қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп,
қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т.б. қорытындыларын өз
қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгалтер және экономисттің қызметтері
жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын
қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі.

Қаржылық менеджменттің  принциптері мен  функциялары 
    Кәсіпорынның  қаржылық әрекетін тиімді басқару бірқатар принциптерді
жүзеге асыру барысында  қамтамасыз етіледі, соның ішінде ең негізгілері:
Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен біріктірілуі.
    Кәсіпорынның  қандай саласында болмасын басқару  шешімі,тура немесе
жанама түрде ақша ағымының құрылуына және қаржылық әрекеттің  нәтижесіне
әсерін тигізеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджменттен, инновациялық
менеджменттен, жұмысшылар  менеджментімен және басқа да қызметтік 
менеджменттермен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы 
жүйесімен қаржылық менеджменттің  үйлесімді біріктірудің қажеттілігін
анықтайды.
Басқару шешімдерінің құрылуының кешенді сипаттамасы.
   Қаржы ресурстарын құру, бөлу, және қолдану  саласындағы және
кәсіпорынның ақша айналымын ұйымдастыру бойынша  басқару шешімдері оның
қаржы  қызметінің нәтижесімен тығыз байланысты және оған тура немесе жанама
түрде  әсер етеді. Кейбір жағдайларда бұл  әсер қарама-қарсы сипатта
болады.
   Мысалы, өте мол кіріс әкелетін қаржы  инвестицияларын жүзеге асыру
өндірістік қызметті қаржыландыру тапшылығына, сәйкесінше операциялық
пайданы көлемнің азаюына  әкеледі. Сондықтан қаржылық менеджмент кешенді
басқару жүйесі тұрғысынан қарастырылуы тиіс және де ол кәсіпорынның қаржы
қызметінің жалпы нәтижелігіне өз үлестерін қосатын өзара байланысты басқару
шешімдерінің дайындығын қамтамасыз етуге тиіс.
Басқарудың жоғары динамизмі.    
   Кәсіпорында, өткен кезеңде дайындалып, жүзеге асырылған,қаржы
ресурстарын құрып, қолдану және ақша айналымын оңтайландыру саласындағы
тиімді басқарушылық шешімдер үнемі кәсіпорынның қаржы қызметінің
келешектегі кезектерінде қолданыла  бермейді. Бұл нарықтық экономикаға 
көшу кезеңіндегі сыртқы факторлардың жоғары серпініне және ең алдымен  –
қаржы нарығының жағдайының өзгеруіне  байланысты. Сонымен қатар, уақыт
өткен сайын кәсіпорынның ішкі жағдайлары да өзгереді. Сол себепті  қаржылық
менеджментті сыртқы орта факторларының, ресурстық мүмкіндіктердің,
өндірістік және қаржы қызметінің ұйымдастыру  нысандарының, қаржы
жағдайының және өзге де кәсіпорынның қызмет ету параметрлерінің өзгерісін
ескеретін жоғары динамизммен сипаттауға болады.
Жеке басқарушылық шешімдерді дайындауға көзқарастың көпнұсқаулылығы.
   Осы  принципті жүзеге асыру үшін,қаржы  ресурстарын құру және қолдану,
ақша айналымын ұйымдастыру саласындағы  әрбір басқарушылық шешімді
әрекеттің  балама мүмкіндігін ескере отырып дайындау қажет. Басқарушылық
шешімнің балама жобалары болған жағдайда, кәсіпорынның нақты  қаржы
саясатын немесе қаржы стратегиясын, қаржы идеологиясын анықтайтын
критерийлер  жүйесін негізге ала отырып, жүзеге асыратын таңдау жасау
қажет. Мұндай критерийлер жүйесін кәсіпорын  өзі бекітеді.
Кәсіпорынның даму  стратегиясынан хабардар  болу.
    Ағымдағы  кезеңде қаржы қызметі саласындағы  қандай да болмасын
басқарушылық шешімдерінің жобасы тиімді болып көрінгенмен, егер ол
кәсіпорынның басты мақсатына, оны  дамытудың стратегияның бағыттарына 
қарама-қайщы келсе, алдағы уақытта  қаржы ресурстарының ішкі көздері 
әсерінен меншікті қаржы ресурсын құрудың  экономикалық базасын бұзса, ол
қабылданбау  керек.
    Жоғарыда  аталған принциптерді ескере отырып ұйымдастырылған тиімді
қаржылық менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің жоғары қарқынмен
өсуі мүмкіндігін қалыптастыра алады, тауар және қаржы нарығында 
бәсекелестін позициясын біршама жоғарылатады, стратегиялық болашақта
экономикалық дамуды қамтамасыз ете алады. 
   Қаржылық  менеджменттің 2 негізгі функциясы  бар: басқару обьектісінің
функциялары  және басқару субьектілердің функциялары.
   Басқару обьектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының
ұйымдастырылуы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен
жабдықтау, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.
 Басқару субьектілердің функциялары  қаржылық жұмыста және шаруашылық
процесте адамдардың қарым - қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы
қызмет түрі. Бұл функциялар, яғни нақты басқару қызмет түрі жинақтардан,
табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Қаржылық
менеджментке мынадай функциялар тән: болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, қайта
өңдеу, тарату, бақылау.
   Болжау  қаржылық менеджментте – белгілі  бір құбылыс, обьекті,
процестің  нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады.
   Болжау  функциясы деп мүмкін болатын  көрсеткіштерге негізделе отырып
болашақтың көрінісін айқындауды айтады.
   Қаржылық  менеджментте жоспарлау маңызды  орын алады. Қаржылық жоспарлау
экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі  бөлігі болып, қаржылық
механизмнің  қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау – ақша
ресурстарын  құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану  процестерін жоспарлы
түрде басқару.
   Жоспарлау функциясы – болжауға негізделе  отырып болашаққа мақсат
анықтау. Жоспарлаудың келесі функциялары бар:
    - Стратегиялық;
    - Жалпы;         
    - Оперативті.
    Стратегиялық  жоспарлау – қаржы ресурстарын  болашаққа ұзақ мерзімге
жоспарлау  арқылы мақсатты қаржы ресурстар  көлемін белгілеуді жоспарлау.
Жоспарлау  материалдық еңбек және қаржы  ресурстарын қаржылық
көрсеткіштердің  өзара байланысын қамтамасыз етуі керек.
   Оперативтік жоспарлау – қаржылық ресурстарды  қайта тарату көмегімен
шығындарды минималды тиімділікке жету мақсатында және қалыптасқан қаржы
жағдайын жедел жоспарлау.
   Қаржылық  менеджментте ұйымдастыру формасы  әр түрлі ережелер арқасында
қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар  жиынтығы.
    Ұйымдастыру функциясы – ол қаржылық қызметпен  айнаысатын мамандардың
және бөлімдердің  бірыңғай әдістеріне, принциптерге және мақсаттарға
бағындыру болып  табылады. Ұйымдастыру басқарудың барлық бөлімдерінің
нақтылығын, қаржылық ақпараттың жұмысшыларының жауапкершілігін білдіреді.
Ұйымдастыру – ұйымның мақсатына жетуді қамтитын фирманың құрылымын құру.
Ұйымдастыру процесі 2 аспектіде қарастырылады:
    -мақсаттар  мен стратегияларға сай ұйымды  бөлу;
    -өкілеттіліктерді  бөлу.
    Ұйымдастыру қызметін барлық деңгейдегі менеджерлер  іске аысрады.
    Олардың міндеті ұйым мақсаттары мен тапсырмаларын  орындауда ең тиімді
құрылымын таңдап алу.
    Қайта өңдеу функциясы – өндірістік процестердің барлық этаптарын
керекті  материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету болып
табылады.
   Тарату  функциясы – ол ақшалай қаражаттарды рационалды түрде обьектіге
салу және қаржылық ресурстардың оптималды  құрылымын қамтамасыз етуді
білдіреді.
   Бақылау функциясы – жоспарды орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жоспарлау
кезеңінде, сонымен қатар ақшалай қаржыларды қалыптастыру және пайдалану
процесінде шаруашылықты жүргізудегі қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз
етеді. Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайларының пайда болуынан адын –
ала сақтандыруға да байланысты. Бақылау қызметінің өзі 3 түрге бөлінеді:
алдын ала, күнделікті, қорытынды.әсіпорынның даму барысында,оның қаржы тепе-
теңдігін үнемі қамтамасыз ету.
   Қаржылық  менеджмент кәсіпкерлік қызмет болып  қарастырылады, яғни
қаржылық менеджердің  мамандануына байланысты кәсіпорынның қаржылық қызметі
дамиды. Басқару  жүйе ретінде қаржылық менеджментте басқаратын ішкі жүйе,
яғни субьект  және басқарылатын ішкі жүйе, яғни басқару  обьекті
қарастырылады. Субьектіге жататындар: қаржылық қызметті жүзеге асыратын
мамандар тобы, яғни қаржылық менеджмент – жерлер, ал қаржылық менеджменттің
обьектісіне: ақшалай қаражаттар, қаржылық ресурстар, капитал айналымы және
қаржылық қатынастар жатады.
   Қаржылық  менеджмент қаржылық ресурстардың қозғалысы  процесіндегі
шаруашылық субьектілердің арасында пайда болатын қаржылық ресурстар мен
қаржылық қарым-қатынастар қозғалысын басқаруға бағытталған. Қаржылық
менеджмент қаржыны басқару  мақсатын өндіру процесінен және соларға  ықпал
тигізетін әдістер мен  тәсілдерден және қаржылық механизм тұтқасынан
тұрады.
    Сонымен, қаржылық менеджмент  басқару стратегиясы мен басқару
тактикасын құрайды.
     Осы мағынада стратегияға қойылған  мақсатқа жету үшін құралдардың 
жалпы бағыты мен қолдану әдістері  жатады. Бұл әдіске шешім қабылдау  үшін
шектеулер мен нақты анықталған  ережелер жиынтығы сәйкес келеді. Стратегия
шешімдердің нұсқауларына  шоғырландырылып келеді.
  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің принциптері
Менеджмент қызметі
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Банк менеджменті және экономикалық процесстерін басқару
Білім берудегі менеджмент ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің мәселелері
Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Пәндер