ҚР топырағының экологиялық мәселелері. Эрозия және дегредациясының әсерінен жер ресурстарының бұзылуы. Мұнай химиялық заттардың, ауыр металлдардың, органикалық заттардың топыраққа әсері



Негізгі бөлім
1. ҚР топырағының экологиялық мәселелері
2. Эрозия және дегредациясының әсерінен жер ресурстарының бұзылуы.
3. Мұнай химиялық заттардың, ауыр металлдардың, органикалық заттардың топыраққа әсері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Топырақтың экологиялық қызметi оның химиялық, физикалық жəне биологиялық ерекшелiктерiмен байланысты жəне де ол топырақ жамылғысының құнарлық дəрежесiмен реттеледi. Топырақ құнарлығының төмендеуi, техногендiк қысымның артуы жəне топырақ жамылғысының ластануы топырақтың қорғаныстық қабiлетiн нашарлатады. Бұл топырақтың дегредацияланып шөлейттенуiне алып келедi. Топырақ жамылғысының антропогендiк шөлейттенуi Қазақстанның барлық өңiрлерiн қамтыды жəне биологиялық əртүрлiктi қысқартып экожүйенiң потенциалын төмендетуде.
Топырақтың экологиялық қызметi топырақ түзушi негiзгi факторлар: климат, өсiмдiк, топырақ түзушi жыныстар, жер бедерi, тiрi ағзалардың тiршiлiк
əрекеттерi жəне жаратылысынан жасампаз адамзаттың түрлендiрушi əрекетiнен қалыптасады. Топырақ– биокостық табиғи жүйе. Ол əртүрлi биосфералық жəне экожүйелiк қызмет атқарады. Атмосфера, литосфера, гидросфера құблыстарының қалыпты жүруiне сонымен қатар айтарлықтай дəрежеде қоғам дамуының əлеуметтiк-экономикалық жағдайларын
анықтайды . Топырақ биоценоздың тiршiлiк ортасы сонымен қатар қоршаған ортаның антропогендi ластанудан пайда болған уыттық заттарын физика-
химиялық жəне биологиялық сiңiрушiсi. Топырақтың экологиялық қызметi оның химиялық, физикалық жəне биологиялық ерекшелiктерiмен байланысты жəне де ол топырақ жамылғысының құнарлық дəрежесiмен реттеледi.
Топырақтың экологиялық қызметi оның маңызды генетикалық көрсеткiшi болып табылады. Табиғат қорларын пайдалану нəтижесiнде бұзылып ластануы оның мүлтiксiз деградацияланып шөлейттенуiне алып келедi. Қазiргi таңда Қазақстанда 180 млн га жер шөлейттенген. Бұл Қазақстан жер көлемiнiң 60% құрай-ды. 12 млн га-дан астам егiстiк жерлердiң қарашiрiндi мөлшерi əртүрлi дəрежеде азайып құнарлығы төмендеген. 60 млн.га жер тұзданып кебiрленген, 33 млн га химиялық жəне радиоактивтiк ластанған, 30 млн га эрозия мен дефляцияға ұшыраған. Топырақ жамылғасының антропогендiк шөлейттенуi ауқымы мен қарқыны жағынын жыл санап үдей түсуде. Олар Қазақстанның барлық өңiрлерiн қамтыды жəне биологиялық
əртүрлiлiктi қысқартып экожүйенiң потенциалын төмендетуде. Кең байтақ Арал өңiрiнде соңғы 40 жыл iшiнде ауыр экологиялық ахуал орнады. Əмудария мен Сырдария бассейнiнде су-жер қорларын тиiмсiз пайдалану Арал теңiзi деңгейiнiң апаттық төмендеуiне алып келдi. Соның салдарынан топырақ жамылғысы тұзданып жел эрозиясына түстi. Iргелес жатқан
аумақтар уытты химиялық заттармен ластанды. Аэрозольдардың жылдық шығыны 7,3 млн т. Соның iшiнде 50-70 мың тоннасы тұздар.
Қазiргi таңда күрделi экологиялық жағдай Батыс Қазақстанның iрi өндiрiстiк жəне ауылшарушылық өңiрлерiнде орнаған. Мұнда көмiрсутек
шикiзаттарының 90%-дан астам зерттелiнген жəне потенциалдық қорлары орналасқан. Жылына 35млн.т мұнай өндiрiледi жəне өндiру қарқыны жылдан жылға артуда. Өндiрiстегi мұнай-газ кəсiпшiлiгi аумағының топырақтары өте күштi бүлiнген жəне мұнаймен сонымен қатар əртүрлi токсикалық хим-
реактивтермен ластанған. Мұнай өнiмдерi мен газдардың (күкiрттiсутек, күкiрт ангидридi, көмiртегi тотығы, азот жəне басқалары) апатты шығарылымдары атмосфера ауасын, жер асты ыза сулары мен жер бетiндегi суларды, топырақ жамылғысын ластайды . Көптеген кен орындары, əсiресе
ескiлерi (Доссор, Мақат, Байшонас жəне т.б.) күштi суландырылған (98%-дейiн) беткi қабатта күштi минералданған кəсiптiк суларды жинақтайды.
Кен орындарының аумағында топырақ жабыны (құба жəне шалғын-құба шөлдi, сортаң, сор, шалғынды жəне шалғын- батпақты теңiз маңындағы
тұзды топырақтар) қарқынды техногендiк қысым əсерiнде болады, морфогенетикалық кескiннiң бұзылу дəрежесiнiң жоғарылығымен, мұнай-химиялық ластанумен жəне сарқынды кəсiптiк сулармен тұзданумен өзгешеленедi.
1. Добровольский Г.В., Никитин Е.Д. Биосфера мен
экожүйедегi топырақтың қызметi. М., 1990. 216 б.
2. Асанбаев И.К. Топырақтың антропогендiк өзгеруi
жəне олардың экологиялық салдарлары. Алматы, 1998. 180
б.
3. Фаизов К.Ш., Райымжанова М.М., Əлiмбеков Ж.С.
Маңғыстау-Каспий маңы мұнай-газ аймағының экология-
сы. Алматы, 2003. 237 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ
Тақырыбы: ҚР топырағының экологиялық мәселелері. Эрозия және дегредациясының әсерінен жер ресурстарының бұзылуы. Мұнай химиялық заттардың, ауыр металлдардың, органикалық заттардың топыраққа әсері.

.
Орындаған: Әсімғазы Ә.Б.

Семей 2015 жыл
Жоспар:
Негізгі бөлім
1. ҚР топырағының экологиялық мәселелері
2. Эрозия және дегредациясының әсерінен жер ресурстарының бұзылуы.
3. Мұнай химиялық заттардың, ауыр металлдардың, органикалық заттардың топыраққа әсері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. ҚР топырағының экологиялық мәселелері.
Топырақтың экологиялық қызметi оның химиялық, физикалық жəне биологиялық ерекшелiктерiмен байланысты жəне де ол топырақ жамылғысының құнарлық дəрежесiмен реттеледi. Топырақ құнарлығының төмендеуi, техногендiк қысымның артуы жəне топырақ жамылғысының ластануы топырақтың қорғаныстық қабiлетiн нашарлатады. Бұл топырақтың дегредацияланып шөлейттенуiне алып келедi. Топырақ жамылғысының антропогендiк шөлейттенуi Қазақстанның барлық өңiрлерiн қамтыды жəне биологиялық əртүрлiктi қысқартып экожүйенiң потенциалын төмендетуде.
Топырақтың экологиялық қызметi топырақ түзушi негiзгi факторлар: климат, өсiмдiк, топырақ түзушi жыныстар, жер бедерi, тiрi ағзалардың тiршiлiк
əрекеттерi жəне жаратылысынан жасампаз адамзаттың түрлендiрушi əрекетiнен қалыптасады. Топырақ - биокостық табиғи жүйе. Ол əртүрлi биосфералық жəне экожүйелiк қызмет атқарады. Атмосфера, литосфера, гидросфера құблыстарының қалыпты жүруiне сонымен қатар айтарлықтай дəрежеде қоғам дамуының əлеуметтiк-экономикалық жағдайларын
анықтайды . Топырақ биоценоздың тiршiлiк ортасы сонымен қатар қоршаған ортаның антропогендi ластанудан пайда болған уыттық заттарын физика-
химиялық жəне биологиялық сiңiрушiсi. Топырақтың экологиялық қызметi оның химиялық, физикалық жəне биологиялық ерекшелiктерiмен байланысты жəне де ол топырақ жамылғысының құнарлық дəрежесiмен реттеледi.
Топырақтың экологиялық қызметi оның маңызды генетикалық көрсеткiшi болып табылады. Табиғат қорларын пайдалану нəтижесiнде бұзылып ластануы оның мүлтiксiз деградацияланып шөлейттенуiне алып келедi. Қазiргi таңда Қазақстанда 180 млн га жер шөлейттенген. Бұл Қазақстан жер көлемiнiң 60% құрай-ды. 12 млн га-дан астам егiстiк жерлердiң қарашiрiндi мөлшерi əртүрлi дəрежеде азайып құнарлығы төмендеген. 60 млн.га жер тұзданып кебiрленген, 33 млн га химиялық жəне радиоактивтiк ластанған, 30 млн га эрозия мен дефляцияға ұшыраған. Топырақ жамылғасының антропогендiк шөлейттенуi ауқымы мен қарқыны жағынын жыл санап үдей түсуде. Олар Қазақстанның барлық өңiрлерiн қамтыды жəне биологиялық
əртүрлiлiктi қысқартып экожүйенiң потенциалын төмендетуде. Кең байтақ Арал өңiрiнде соңғы 40 жыл iшiнде ауыр экологиялық ахуал орнады. Əмудария мен Сырдария бассейнiнде су-жер қорларын тиiмсiз пайдалану Арал теңiзi деңгейiнiң апаттық төмендеуiне алып келдi. Соның салдарынан топырақ жамылғысы тұзданып жел эрозиясына түстi. Iргелес жатқан
аумақтар уытты химиялық заттармен ластанды. Аэрозольдардың жылдық шығыны 7,3 млн т. Соның iшiнде 50-70 мың тоннасы тұздар.
Қазiргi таңда күрделi экологиялық жағдай Батыс Қазақстанның iрi өндiрiстiк жəне ауылшарушылық өңiрлерiнде орнаған. Мұнда көмiрсутек
шикiзаттарының 90%-дан астам зерттелiнген жəне потенциалдық қорлары орналасқан. Жылына 35млн.т мұнай өндiрiледi жəне өндiру қарқыны жылдан жылға артуда. Өндiрiстегi мұнай-газ кəсiпшiлiгi аумағының топырақтары өте күштi бүлiнген жəне мұнаймен сонымен қатар əртүрлi токсикалық хим-
реактивтермен ластанған. Мұнай өнiмдерi мен газдардың (күкiрттiсутек, күкiрт ангидридi, көмiртегi тотығы, азот жəне басқалары) апатты шығарылымдары атмосфера ауасын, жер асты ыза сулары мен жер бетiндегi суларды, топырақ жамылғысын ластайды . Көптеген кен орындары, əсiресе
ескiлерi (Доссор, Мақат, Байшонас жəне т.б.) күштi суландырылған (98%-дейiн) беткi қабатта күштi минералданған кəсiптiк суларды жинақтайды.
Кен орындарының аумағында топырақ жабыны (құба жəне шалғын-құба шөлдi, сортаң, сор, шалғынды жəне шалғын- батпақты теңiз маңындағы
тұзды топырақтар) қарқынды техногендiк қысым əсерiнде болады, морфогенетикалық кескiннiң бұзылу дəрежесiнiң жоғарылығымен, мұнай-химиялық ластанумен жəне сарқынды кəсiптiк сулармен тұзданумен өзгешеленедi.
Мұнаймен ластанған топырақтардың кескiнi шикi мұнайға қанығады, топырақ бөлшектерi шайырлармен, асфальтенмен жəне парафиндермен желiмделiп қалады, құба-қоңыр түске ие болып тығыздалады. Зерттеулердiң көрсетуi бойынша, мұнаймен ластанған топырақтарда əртүрлi улы химиялық заттар, соның iшiнде ауыр металдар (мырыш, қорғасын, ванадий, никель жəне т.б.) жинақталып ұзақ уақыт сақталады. Қарашiрiндiнiң фульвоқышқылдары токсиканттармен жақсы еритiн қосылыстар түзетiнi
жəне кескiн бойынша ауысатындығы, ал гумин қышқылдарының оларды топырақтың қатты фазасына жинақтайтыны анықталды. Каспий маңындағы мұнай кəсiпшiлiгiнiң аумағында мұнай-химиялық ағынның қалыптасуы сала-
сында (Доссор, Мақат, Сағыз, Құлсары, Түлiс) мырыштың, мыстың жəне қорғасынның жалпы жəне жылжымалы түрлерiнiң ШЖШ мəнiнен жоғары
жинақталуы байқалады. Құба шөлейттi топырақтарда сульфатты-хлоридтi тұздану елеулi түрде басым болады. Ластану ағынның транзитi саласында (Қосшағыл, Қаратон, Қош-қар, Сарықамыс кен орындары) шалғынды теңiз маңындағы топырақтарда жəне сор топырақтарда жалпы мырыштың мөлшерi
20-55 мгкг, мыстың мөлшерi 29, қорғасынның мөлшерi 40-55 жəне кадмийдiң мөлшерi 2 мгкг құрайды, олардың жылжымалы түрлерiнiң мөлшерi, әсiресе қорғасынның мөлшерi 6-16 мгкг артады. Топыраққа жоғары натрий-хлоридтi тұздануы тəн.
Ластану ағынның жеңiлденуi саласында (Тереңөзек, Прорва, С.Балғымбаев, Каспий теңiзiнiң жағалауындағы Қамысты кен орындары) топырақта қорғасынның 24-40 мгкг жəне мырыштың 8-23 мгкг, теңiз маңының солтүстiк бөлiгiнде мырыштың 62 мгкг дейiн мөлшерi күрт артады. Топырақтың тұздануы теңiз маңындағы сортаң топырақтар мен сор
топырақтардың дəрежесiне дейiн жетедi. Зерттеу жұмыстары нəтижесiнде Каспий маңындағы топырақтарда, Жайық өзенiнiң аңғарында, Бұзашы түбегiнде жəне Өлi Қолтық шорында бордың жоғарғы мөлшерi анықталды. Жалпы бордың мөлшерi мұнда орташа көрсеткiштерден (10 мгкг) 5-6 есе асады. Ластанған топырақтар, көптеген мұнай қамбалары жəне ұңғылар Каспий теңiзiнiң суларын улы химиялық элементтермен ластаушылардың басты көздерi болып табылады. Соңғы жылдары Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауында мұнай көмiрсутектерi мөлшерiнiң үш еседен артқандығын деректер көрсетедi жəне де ол 0,01-0,02 гкг деңгейде болды, барынша көп шоғырлануы 0,6-1,0 мгкг дейiн жетедi.
Батыс Қазақстанның аумағында iрi сынақ полигондары Капустин яр, Лира жəне т.б. орналасқан. Жалпы аумағы 1,4 млн га Азгир полигонында
45 жыл iшiнде 29 атом жарылыстары жүргiзiлдi, 24мың зымыран жойылды. Нəтижесiнде топырақ жамылғысы радиоактивтiк стронций, цезий, плутоний,
зымыран жанармайларының қалдықтарымен, зымыран сынықтарымен ластанды. Солтүстiк Қазақстанның негiзгi мол астық беретiн өлкесiндегi қара жəне қара-қоңыр топырақтарында потенциалды экологиялық қауiп қалыпта-
суда. Мұнда ұзақ жылдар бойы дəндi дақылдардың монокультурасын өсiру нəтижесiнде топырақ құнарлығы кеми бастады. Қара шiрiндi мөлшерi азайып, суға берiк құрлымы жоғала бастады. Су-жел эрозиясы қарқындап, қуаңшылық пен аңызақ жел өршiдi.
Қазiргi кезде ауылдық жерлерде шаруашылықтың көп салалы түрлерiнiң егiзiлуiне байланысты ауыспалы егiстiк пен тұқым шаруашылығы жүйесi ай-
тарлықтай өзгердi. Органикалық жəне минеральдық тыңайтқыштар аз енгiзiледi. Ол топырақтың жоғалтқан құнарлығының орнын толтыра алмайды. Гербицидтер мен пестицидтердiң қолданылуы жоқтың
қасы десе де болады. Бұл əртүрлi арамшөптердiң жайылуына үлкен жол ашады. Топырақ өз құнарлығының 30%-ын жоғалтып, экологиялық қорғаныс
қабылетiн төмендетедi. Топырақ құнарлығын бастапқы қалпына келтiру қазiргi жағдайда мүмкiн емес. Бiрақ та егiстiктердi тиiмдi пайдалану, тыңайтқыштарды енгiзу, ауыспалы егiстiктi оңтайлы жүргiзу.
Орталық жəне Шығыс Қазақстан өндiрiстiк өңiрлерiндегi топырақ жамылғысының жергiлiктi жер шеңберiнен аспайтын ошақтарында техногендiкбүлiну мен уытты химиялық заттармен (қорғасын,
сынап, хром жəне т.б.) ластануы тiркелiндi. Жыл сайын атмосфераға 3-4 млн т химиялық ластаушы заттар шығарылып, топырақ бетiне қонады. Павло-
дар, Өскемен, Қарағанды, Темiртау сияқты өндiрiс орталықтарында токсикалық заттардың өзiндiк биогеохимиялық аномалиялары қалыптасты. Мұнда ерекше қауiптi бұрынғы Семей ядролық полигоны аумақтарындағы радиоактивтi ластанған топырақтардың салдарлары тудырады. Соңғы жылдары Оңтүстiк Қазақстанның суармалы жерлерi мен жайылымдарында эрозиялық процестердiң қарқыны артуда. Тау беткейiнен жыл сайын 1 млн м3 тиiмдi ылғал ағып кетедi. Қарашiрiндiсi 400 мың т шамасындағы 19 млн т топырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР топырағының экологиялық мәселелері
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Агроэкология негіздері пәні және оның міндеттері
ЛИТОСФЕРА ЖӘНЕ ОНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Мұнай мен ауыр металдың тірі ағзаларға әсерлері
Өскемен қаласы топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы
Топырақ экологиясы туралы
АТМОСФЕРА — БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІҚҰРАМ БӨЛІГІ
Ауыр металдар, қосылыстары, мөлшері, жіктелуі
Топырақ эрозиясы және онынен күресу шаралары
Пәндер