Стиль - стилистиканың негізгі орталық ұғымы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Стиль - стилистиканың негізгі орталық ұғымы.
  2. Ғылыми стиль
  3. Публицистикалық стиль

Қорытынды

Қолданылған дереккөздер

«Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы.

Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды . Стиль - латынша stylos (қазақша - жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған . Стилистика - ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль») . Стиль терминінің кең мағынасы - сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы - жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тәлдәк қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.

Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл - қатынас құралы, сөйлеу - сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.

Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.

Стиль - қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі.

Стиль (лат. stylus, грек. stylos - жазуға арналған таяқша) - қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т. б. түрлері бар. Әдебиетте көркем құралдар тұтастығы, әдіс ретінде қолданылады. Көркемдік компоненттер мен түр ерекшеліктерін өз қажетіне асыруда, мазмұн байлығын тереңдете түсуде суреткердің стилдік ерекшелігі айқындалады. Стиль суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажыратады. Стиль түр мен мазмұнның бірлігін қалыптастырып, көркем мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етеді. Әдебиеттану ғылымында стильдің дәуір стилі (қайта өркендеу, барокко, классицизм, реализм), түрлі ағымдар мен бағыттардың стилі, ұлттық стиль және суреткерге тән жеке стиль, т. б. түрлері кездеседі. Антикалық дәуірде стиль сөйлеу мәнері, сөйлеу тәртібі ұғымдарын берген, осы негізде классицизм кезеңінде стильдің 3 түрі (жоғары, орташа, төмен) анықталған. 17 ғасырда стиль филологиялық пән ретінде қалыптасса, 18 ғасырда философиялық эстетиканың назарын аударды. И. В. Гете мен Г. Гегель стильді дүниені танудың көркем белгісі санаған. Стиль жайында В. В. Виноградов “стиль көп мәндес” деген пікірді айтса, зерттеуші Л. Шепилова стильді әдіс ретінде танып, “әдіс - өмірді образ арқылы көрудің айрықша түрі” дейді. 20 ғасырдың 20-жылдары лингвистик. стилистика қалыптасып, кеңестік кезеңде стиль шығармалар әдіс ретінде танылды.

Стиль тіл көрінісі ретінде өнердегі стильден ерекшеленіп, шығарманың мағыналы түрі, эстет. тұтастық ретінде мойындалды. Реалистік романның дамуы стильге жаңалықтар әкелді. М. М. Бахтинның пікірінше, пікірталас қарама-қайшылықтары жаңа стильді қалыптастырушы күшке ие болды. Қазақ әдебиеттану ғылымында А. Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді. Ол стильді тіл қисыны мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Абайдың стилін тануда ол: “Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына оның шеберлігі керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған” дейді. Зерттеуші Қ. Жұмалиев “Стиль - өнер ерекшелігі” (1966) атты еңбегінде қаламгердің жазу мәнерін, көркемдік шеберлігі мен талант табиғатын, ал З. Қабдолов “Әдебиет теориясының негіздерінде” суреткерге тән шығарм. ерекшелікті стиль ретінде қарастырды. Кеңестік әдебиетте төңкеріс кейіпкерлерінің тілі, сөйлеу мәнері бейнеленіп, қарапайым адамның сөзі, оның әңгімелері стиль ретінде көрініс тапты. Мыс., Б. Майлиннің “Мырқымбайы”, т. б. М. Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қыр өмірінің суреттері, “Абай жолы” роман-эпопеясында дәуір келбеті мен адам іс-әрекеттері негізінде кең тыныспен өріс алса, С. Сейфуллиннің “Альбатрос” поэмасында өзгерістер лебі танылды. Бұл шығармалардан қаламгерлердің өздеріне ғана тән стильдік ерекшеліктері, шеберліктері көрінеді. Т. Әлімқұлов, А. Сүлейменов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Қ. Ысқақ, О. Бөкей, С. Мұратбеков, Д. Исабеков, т. б. туындыларында қарапайым халық тілі жаңа стильдік арнада көрінді.

Стиль - жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі.

Абай сез жұмсау қызметінде алғаш халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін тұтынған, кейін шәкірт кезінде иран-шағатай әдебиетінің романтикалық сарындарына еліктеп жазған, ал әлеумет өміріне белсене араласқан шағында орыстың және сол арқылы Европаның озық әдеби дәстүрлерін игеріп, қазақ тілінің өз мүмкіндіктерін сарқа пайдалана отырып, ұлттық көркем әдебиетті, әсіресе оның поэзия жанрын классик. деңгейдегі жазба әдеби Стиль мәртебесіне көтерген. Абай ақындық өнерімен қатар ғыл. және діни көпшілік бағыттағы публицистика Стильін де қалыптастырған. Оның «Ғақлия-сөздері» орта ғасырлық кітаби тілді сопылық философия тілінен арылтып, қазақтың халықтық тілінің табиғатына бойсұндыра жасаған эпистоляр (хат) түріндегі дидактика. Стиль туындылары болды. Ап «Бірер сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген еңбегімен Абай өз халқының ұлттық ғылымының салиқалы Стильін орнықтырды.

Стильдеу

Стильдеу, стилизация (лат. stylus - жазу желісі) - белгілі бір әлеуметтік орта, тарихи дәуір, автордың өзіндік болмысы т. б. жайында жазылған көркем шығармада уақиғаның болған кезіне тәң тілді, сөз қолдану мәнерін әдейі қолдану.

Ғылыми стиль

Ғылыми стиль - жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылымг шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын - зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшел’гі болады.

Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т. б. физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымнын саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым ылғи алга басьга дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз - неологизмдер - туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Мысалы, социализм, коммунизм сөздерін алатын болсақ, бір кезде марксистік-ленивдік ғылыми-теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айнальш отыр. Сол сияқт; ы космос, космосты игеру, жердіқ жасанды серігі, жеті жылдық сөздері де өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты.

Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - мұнда ой күр-дёлі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негіз-делуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекше-лігіне қарай баяндау тэсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мы-салы, химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегі қандай заттың болса да граммолекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады1. Физикада: Бір инерция моментінен екінші инерция мо-ментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кең келген айна-лыс осіне қатысты инерция моменті сол оське параллель, ауырлық центрінен өтетін оське қатысты инерция моменті мен дене массасы-ның сол дене ауырлық центрінің айналыс осінен қашықтығы квад-ратының көбейтіндісінің қосындысына тең болады.

Бұл келтірілген мысалдарда жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін молекула, инерция, масса, ось сияқты көптеген термин сөздер - осы мамандықтағы адамдарға- ғана таныс. Сонымен қа-тар, ұғымның түсіндірілуі де ғылымның басқа салаларынан өзгеше берілген. Әсіресе қоғамдық ғылымдарда тілдің еркін және мәнерлі қолданылатыны байқалады. Оны В. Г. Белинскийдің мына бір сөзінен аңғаруға болады. “Сана дегеніміз - өмірдің рухы, оның жаны, поэзия дегеніміз - өмірдіқ күлімдегені; оныц тасқынды ай-қын жүзінің тез ауысып отыратын түйсігі. Жаратылыста сирек кездесетін эдемі эйелдер болады, бірақ оның сол сымбатты көр-кемдігінің жансыздығымен таң қалдырғанымен де, жүріс-тұрысын-да икемдігі, грация болмаса, мұндай әйелдер өзінше асқан көркем болғанымен, де жэне сізді таңырқатқанымен де, оның кездесуі еш-кімнің жүрегін тебіренте алмайды, оның көркемдігі махаббат туғы-за алмайды, сондықтан махаббатсыз сұлулық та, өмір де, поэзия да жоқ”.

Публицистикалық стиль

Публицистика (латынша: риЫісиз - көпшілік, әлеумет) -қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұм-салады.

Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шы-ғармалардың негізінде калыптасады. Белгілі бір тілде публицис-тиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық са-наның өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси та-қырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтьщ жалпы мәдениеті мен экономикасына байла-нысты} Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Россияда XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің “Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген^

XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публи-цистиканы царизмге қарсы күрес кұралы етіп жүмсады. В. Г. Бе-линский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық кұрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналәды.

Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дә-режесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі - Октябрь революциясының жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны атымен жоқ еді. Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі - “Қозы Қөрпеш - Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты) . Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыкқан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көріпті1”.

Октябрь революциясынан кейін мәдени-ағарту мәселесі қолға алынып, оны жедел өркендету талабы қойылды. “1919 жылы 26 декабрьде В. И. Лениннің қолымен Халық Комиссарлар Советі қалың еңбекші бұқараның сауатсыздығын жою туралы шаралар белгіледі. Осы қаулыда және партия мен үкіметтің 1920 жылдардың бас кезінде шыққан нұсқау-директиваларында ұлттардың ана тілінде мектеп ашу, газет-журналдар шығару, әдебиетін өркендету мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Осы жылдары шыға бастаған “Қазақ тілі” (1919 ж., Семей), “Дұрыстық жолы” (1919 ж., Орда), “Жаңа өмір” (1920 ж., Ташкент), “Тіршілік” (1918-1919 ж., Ақмола), “Ұшқын” (1919-1920 ж. ж., Орынбор), “Кедей сөзі” (1920 ж., Омбы) және басқа советтік газеттердің бетінде басылған өлевдер мен әңгімелер алғашқы революциялық жеңісті қуанышпен қарсы алған тілек-мақсатты бейнелейді”2. Бұл баспа органдарынан осындай мақсатта жазылған публицистикалық шығармаларды да көп кездестіреміз.

1920 жылдары республикалық тұңғыш газет “Еңбекші Қазақ” (қазіргі “Социалистік Қазақстан”) шыға бастайды. Бұл тұста казақ публицистикасы жаңа белеске көтеріледі4 “Осы дәуірде қазақ халқы өз тілінде марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларымен таныса бастады. Қ. Маркс пен Ф. Энгельс жазған “Қоммунистік партияның Манифесі” қазақшаға аударылды. В. И. Лениннің “Рабкринді қайта қалай ұйымдастыруымыз керек”, “Аз да болса, жақсы болсын”, “Февральдан октябрьге”, “Совет өкіметі және әйелдердің халжағдайы”, “Россиядағы саяси партиялар” т. б. еңбектері ауыл-ауылға тарап кетті. Владимир Ильичтің “Жастар одақтарының міндеттері” деген кітабы қазақтың жалынды комсомолы Ғани Мұратбаевтың басқаруымен қазақшаға аудары-лып, басылып шықты. В. И. Ленин шығармаларының 35 томдығы-ның қазақ тілінде толық шығуы - республиканың өміріндегі келелі бір оқиға болды. К- Марқстің “Қапиталы” (I том) қазақша 1963 жылы жарық көрді3. Орыстың революцияшыл-демократ жа-зушыларының шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады. Осындай игілікті істер қазақ публицистикасының шыңдалып жетіле түсуіне белгілі дәрежеда ықпал-әсерін тигізді.

Советтендіру кезіндегі әдебиетіміздің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Дөнентаев әйел тевдігі туралы мәселені өзінің алғашқы пуб-лицистикалық шьғғармаларында сөз етедпзОның “Қазақ әйелдері туралы” деген тақырыпйен 1918 жылы жазылған мақаласынан үзінді келтірейік:

Дүниеде жұқанағы бар нэрсе тэрбиесі болса, жасалмақ, үл-раймак,, тэрбие болмағанда, нашарламақ, жоғалмақ. Адамда екі түрлі қуат бар; біреуі - ақыл қуаты. Ақыл қуатының тэрбиесі -

1 Ә. Бектемісов. Қереметтің кереметі. “Лениншіл жас”, 1. III, 1964.

2 Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері. Алматы, 1958, 14-бет.

3Ә Бектемісов. Кереметтің кереметі. “Лениншіл жас”, 1, III, 1964.

ғылым, тәжірибе. Екінші - дене қуатынық тэрбиесі - жүру, тұру, іске айналу (гимнастика) . Осы екі тэрбиенің қапысыз болып орнына келуіне бір-ақ шарт бар, ол - еркіндік (свобода) .

Адам баласы екі түрлі заттан щүралғанда (біреуі еркек, біреуі эйел болып), туысы бірдей болғанымен, тұрмысы. бірдей бола ал-май, өмір қатарында әйелден еркек әлдеқайда үздік жүр^.

… Қысқасы, қазақ эйелдері өздерін еркектің пайдасы үшін ғана жаратылған бір хайуан есебінде үғады. Сондықтач өздерінде осы тұрмыстарына наразыық жоқ. Жалғыз-ақ, олардыц шырқын күн-дестік қана бұзады Сөйтіп, олардың жігері тұрмыстыц табанында езілген, мақсаты - “көйлегім көк, тамағым тоқ болса екен” ғана. Хат танитын эйел қазак, арасында жоққа есеп. Газет оқыған, заманнъщ жайынан хабары бар эйелді қазақ арасында көзің де көрмейді. Бірақ соншама мұң болып сезілсе де, соншама қараңғы надан болса да, басқа түрік эйелдеріне қарағанда артықшылық жерлері де жоқ емес. Мысалы, аса бір үлкен ақсақалдан, яки бөтен бір кісіден болмаса, жасырынып, қашқақ^ тұрмайды, Сөзге ашық, эзілге ұсталық, эдепті жайдарылық олардық ілгері басуына ыңғайлылығын көрсетеді”1.

Сол кездегі әдеби көркем публицистикада қоғамдық осындай тақырыпқа айрықша маңыз берілген. Мұндай шығармалардың қай-қайсысында болмасыназаттықтың, бостандықтың жалынды үні айрықша сезіледі. Ол уақыттағы шығармаларда ауызекі сөйлеу тілінің әсері басым болғаны байқалады, сөз қолданылуы қарапайым болып, сөйлемдері кысқа-қысқа келеді. Саяси-әлеуметтік термин сөздерді қолданғанда, олардың баламасы тек ана тілінен алынған болатын. Мысалы: революция - төңкеріс, совет - кеңес, режим - низам, помещик - алпауыт т. б. немесе интернационалды терминдер бұрмаланып қолданылған; көменес (коммунпст), пәлсепе (философия), пидал (феодал) т. б. Осы күні мұның бәрі бір қалыпқа түсті, әдеби нормаға сай қолданылады. Бұл публицистикалық шығарманың тілінің сапалылығын арттырып, мазмұнды болуына үлкен ықпал жасады. Сонымен қатар публицистиканың өзі әдеби тілімізді жаңа сөздер, жаңа сөз тіркестері және күрделі сөйлем құрылыстарымен байыта түсті. Тілімізге еніп жатқан жаңа ұғымдар мен терминдер төл . сөзімізге айналды>) Мысалы, “Қазақ әдебиеті” газетінде басылған мына бір мақаланы алайық:

АЗАМАТ

Бүгін, 5 декабрь, байтақ Отанымызда азамат мерекесі, СССР Конституциясыныц күні. Біздіқ Конституциямыз - бүкіл дүние жүзінде, адамзат тарихында түцғыш рет азамат басын ардақтаған, оған еркін тыныс, толық право, өміріне өріс ашқан Қонституция. “Мен Совет Одағыныц азаматымын!”- деп әрбір совет адамы өзін мақтанышпен таныстыра алады, ол өзінщ советтік ұлы

1 С. Дөнентаев Шығармалар, Алматы, 1957, 394-396-беттер. 28

Отанын, советтік ұлы мемлекетін, туысқан Коммунистік партиясын мақтаныш етеді.

Совет азаматының правосы үлкен де қасиетті. Ол сайлауға, сайлануға праволы, қоғамдық, мемлекеттік өмірге еркін ат салы-суына, оқып, білім алуына, еңбек етуіне, демалыс алуына, қар-тайғанда пенсия алып, тыныруына правосы бар. Совет азаматының Конституцияда баянды етілген праволарына ешқандай шек қойылмайды. Капиталистік мемлекеттерде басқаша: оларда азаматтар шынайы правомен пайдалана алмайды, дэулет салма-ғына, жыныстық, нэсілдік, үлттык, тағы сондай айырмашылықта-рына қарап, азамат правосына көптеген бөгесіндер, шек қойыла береді. Право деген оларда дэулетке, байлыққа бағынған, “аузы қисық болса да, байдыц ұлы сөйлесін” деген тағылық заң үстемдік алған.

Бейбітшілік, Ецбек, Бостандық, Теңдік, Туысқандық, Бақыт - біздіц советтік Конституциямыздың эрбір азаматқа ұсынар жемісі осындай. Бүкіл адамзат перзентінің бұл алты арманы. Совет Одағы Коммунистік партиясының Программасында жазылған.

Біздің мемлекетіміз, біздің Қоммунистік партиямыз халык, үшін қызмет етеді, халықтың игі армандарын өзіне мұрат тұтынады. Барлыгы адам үшін -советтік заманның қасиетті ұраны. осындай.

Азамат тұлгасы - эдебиет пен өнеріміздің де негізгі пэні. Со-веттік замандас бейнесін мүсіндеу, оның өмірін, күресін, еңбегін көркем сөзбен кестелеу -аса ардақты борышымыз,

Бүгін, СССР Конституциясыныц күнінде, азамат мерекесінің құшағында, біздер - сөз өнерінің солдаттары - совет азаматы алдындағы ардақты борышымызды салмақтап, саралап түсінуге тиістіміз.

Азамат түлғасы - биік тұлға. Еңбегіміз, өміріміз сол биікке лайық болсын!

Қазіргі кезде публицистика зор қарқынмен даму үстінде. Пуб-лицистика - партияның әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ше-шуіне ат салысатын айбынды кұралы. Публицистикалық шығар-маларда^еліміздің ішкі-сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль проблемалары сияқты актуальды мәселелері сөз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стилистика
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Жалпы тіл ғылымындағы стилистика ғылымының ғылыми – теориялық негіздері (зерттеушілік әдісті қолдану)
Стиль және шығармашылық ерекшелік жайында
Стиль және шығармашылық ерекшелік
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Тіл мен сөйлеу
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері жайлы
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz