Л.С.Выготскийдің «психологиялық жас» категориясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №14

Тақырыбы: «Л. С. Выготскийдің «психологиялық жас» категориясы»

Орындаған: Рапикова С. А. (магистрант,

6М010300 -Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н. А. (п. ғ. к., доцент м. а. )

Семей 2015

Даму мәселесін талдау бихевиоризмнің жалпы бағдарымен байланысты. Бұл бағыт эмпериялық философияда кең тамыр жайған және Америкалықтардың адам туралы түсініктеріне сай келеді: қоршаған орта одан не жасаса, сол адам. Америка психологиясында бұл бағыт үйрену түсінігімен байланысты. Бұл концепцияны өңдеуге И. Л. Павлов идеялары әсер етті. Америка психологтары И. Л. Павлов идеяларын қарастыруда іс - әрекет тек қана тірілерге тән сипат деген тұжырым жасады. Негізінен, Америка психологтары И. Л. Павловтың шартты рефлекс принципін ұстанды. Бұл Дж. Уотсонның психологиясында жаңа концепция ойлап табуына түрткі болды. Америка психологиясына осы И. Л. Павловтың асқорыту жүйесі теориясы арқылы ерекше ғылыми эксперимент жүргізу туралы ой келді. П. И. Павлов арқылы жасалған эксперимент 1897 жылы болып, Дж. Уотсон 1913 жылы оны жарыққа шығарды.

Ерте кездегі психологиялық теориялар қатарына «рекапитуляция» концепциясы жатады. Э. Геккель эмбриогенезге байланысты биогенетикалық заңды қалыптастырды: онтогенез - филогенездің қысқа және жылдам қайталануы. Бұл заң бала дамуының онтогенетикалық процесіне көшті. Американ психологы Ст. Холл: «Бала өз дамуында адамдардың болмысына тән дамуды қысқа қайталап шығады»- деп есептеді. Оның ойынша бала түн жарымда қорқынышта шошып оянып, көпке дейін ұйықтай алмайды. Ол бұны атавизммен түсіндіреді. Бұл дегеніміз бала өткен дәуірге тап болады, мысалы адам жалғыз орман ішінде көп қауіп-қатердің ортасында ұйықтап жатып, кенеттен оянып кетеді. Ст. Холлдың ойынша, ойын - бұл балаға ең керекті жаттығу. Бала осы жаттығу арқылы өзінің пайдасыз қылықтарынан толығымен арылады. Бала суретінің дамуы адам тарихындағы бейнелеу өнерінің кезеңдеріне сәйкес келеді деп есептейді.

Ст. Холлдың бұл тұжырымдарына көптеген психологтар сын айтып, қарсы шықты. С. Л. Рубинштейн осыған сәйкес ұқсастықтар негізсіз деп есептеді. Оның пікірінше: «Ересек адам қаншалықты жабайы болса да, толық әрі жетілген индивид ретінде табиғатпен қарым - қатынас жасап, өз өмірі үшін күреседі. Ал, баланың қоршаған ортамен қарым - қатынасы мүлдем өзгеше болады». Дегенмен де бала психологиясын меңгерудегі Ст. Холлдың жұмысы көптің назарын аударды. «Америкада бәрі кеңінен жасағанды ұнатады» - деді Щвейцар психологы Э. Клапаред. Ойлаған максатқа жетіп, көптеген нақты материалдар жинау үшін әр алуан анкета түрінде зерттеу жүргізілді, бірақ бұл жұмыс көбіне күмән тудырып, сенімсіз болды. Мұғалімдер журналдарда берілген сұрақтамаларға жауап беріп үлгере алмады және осы үшін оларды сөкті. Э. Клапаред бойынша: «Ғылым Америкадағы қалалар секілді тез дамымайды». Психологиядағы рекапитуляция концепциясы эмбриологияда бұл концепцияны критикалауға, яғни келіспеушілікке дейін туындады. И. И. Шмальгаузеннің айтуынша, филогенезде эмбриогенездің тұтастай қайта құрылуы жүзеге асады. Ал, Э. Геккелдің критикасы осы эмбриогенез тарихының мәселесін қайта көтерді.

Рекапитуляция концепциясының шектелуіне қарамастан, психологияда биогенетикалық принцип заңдылық іздеумен қызық болды. Д. Б. Эльконин айтпақшы: «бұл дұрыс емес концепция болды, алайда бұл нағыз теоритикалық концепция еді». Егер осы концепция болмағанда басқа да теориялық концепциялар болмаған болар еді. Ст. Холлдың көрсетуіндей, тарихи даму мен жекелеген дамудың арасында әлі күнге дейін қаралмаған байланыс бар. Рекапитуляция теориясы ғылым сахнасында көпке дейін қала алмады. Бірақ Ст. Холлдың идеясы балалар психологиясына А. Гезелл және Л. Термен атты екі атақты шәкіртінің зерттеулері арқылы ықпал етті.

Әртүрлі бағыттар мен кезеңдер критерилері (Д. Б. Эльконин, А. Н. Леонтьев, Л. И. Божович, Д. И. Фельдштейн) . Л. С. Выготскийдің жұмыстарындағы периодизация мәселесі. Жетекші іс -әрекет және жастағы негізгі психологиялық жаңа құрылулар. Онтогенездегі жетекші іс-әрекеттердің ауысуы. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А. Гезелл, С. Холл, К. Бюлер, Ш. Бюлер, А. Валлон, Ж. Пиаже, Э. Эриксон) . Қазақстан халықтарындағы ересек адамның индивидуалды даму периодизациясының өзіндік мәселелері. Периодизация мәселесінің қазіргі күйі, дамудың жаңа теориялары, жалпы психикалық дамудың интегралды периодизациясы.

Психикалық дамудың негізгі кезеңдерінің сипаттамасы. Әр түрлі жас сатыларындағы психикалық даму ерекшеліктері. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы. Әр түрлі жас сатыларындағы психикалық даму ерекшеліктері.

Әртүрлі жас сатыларындағы психикалық және физикалық даму ерекшеліктері. Нәрестеліктің жалпы сипаттамасы. Нәресте кезеңінің психикалық ерекшеліктері. Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Ойын функциясының, генезисінің, құрылымының, шығуының әлеуметтік-тарихи сипаты. Шетел психологиясындағы ойын теорияларын сынды талдау (К. Гросс, Г. Спенсер, К. Бюлер, С. Холл, В. Штерн) . Психоаналитикалық бағыттардағы ойын теориялары.

Мектепке дейінгілердегі психикалық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары. Баланың психикалық дамуы үшін сенсорлық процестерді мақсатты сәйкесті қалыптастырудың мәні (А. В. Запорожец, В. П. Зинченко, Л. А. Венгер) . Баланы мектептегі жүйелі оқытуға психологиялық дайындық мәселесі (Е. Е. Кравцова) . Дайындық түрлері, олардың сипаттамалары. Жеті жастағы дағдарыс ұғымы. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы. Сезімдердің қалыптасуы. Баланың жаңа іс-әрекетке қосылуы (тазалық, оқу мен еңбектің элементтері) . Бала дамуындағы ойынның рөлі. Ойын теориялары (Штерн, Адлер, Д. Эльконин) . Ойынның басқа іс-әрекеттерден ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

  1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А. В. Петровский редакциясымен. - А., 1987.
  2. Солодилова О. П. Возрастная психология - в вопросах и ответах. - М., 2005.
  3. Обухова Л. Ф. Возрастная психология. - М., 1977.
  4. Обухова Л. Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. - М., 1995.
  5. Мухина В. С. Тетская психология. - М., 1985.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ №15

Тақырыбы: «Д. Б. Элькониннің теориялары»

Орындаған: Рапикова С. А. (магистрант,

6М010300 -Педагогика және психология)

Тексерген: Кулмышева Н. А. (п. ғ. к., доцент м. а. )

Семей 2015

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркеңдеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне даму бағытына байланысты.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жаққты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны менгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзін дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа - сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс - тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердін тынымсыз ізденуінің нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технологиялар қолданады екен. Соның шінде дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушыны өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп оқыту барысында оған лайық жағдай жасалады.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылы қолға алған академик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдан бастап Ресей мектептерінде қайта қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді.

XX ғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, Л. В. Занков, В. В. Давыдов т. б.

Дамыта оқыту технологиясы. (А. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, Л. В. Занков, В. В. Давыдов т. б. )

Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т. б. қасиеттерді дамыту. Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі:

Жеке адамның жоғары дәрежеде дамуы, жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасау.

Д . Б. Эльконин - В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы:

Теориялық ой мен сана қалыптастыру; балаларда білім, білік, дағдыны қалыптастырып қоймай, ой әрекетінің әдістерін де қалыптастыру; балалардың оқу әрекетіне ғылыми таным логикасын еңгізу.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде.

Дамыта оқыту технологиясы: балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға үйренуге машықтандырады, теориялық мәселелерді, практикада қолдана білуге баулыйды, шығармашылық ізденіс әдістерін игеруге көмектеседі.

Неміс педагогы А. Дистервег өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ат жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» деген. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне - сабақты өткізуді «дамыта оқыту» технологиясы бойынша ұйымдастыру жатады.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы- жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінін жоғалуы деген мағынаны білдіреді.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін менгеруте жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы.

Дәстүрлі оқытуда мұғалім еңбегінің «жатықтығы» мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушының тез, дұрыс жауап берулерімен, тапсырмаларды бұлжытпай орындауымен, тыныш отырып тәртіп сақтауларымен өлшенеді. Ал баланың екінші жан дүниесінде не болып жатқандығы, оның ойы, сезімдері мұғалімді ойландыра бермейді.

Л. В. Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштері: ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер балалар осы айтылған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектеңгені саналады.

Дамыта оқытудың Д. Эльконин, В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсатына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстырғанда мынадай қорытынды жасауға болады.

Дамыта оқыту технологиясы оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) .

Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика адам дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу үрдісінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму үрдістерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: адам өз дамуының белгілі кезеңінде оқу мін-деттерін басқа адамдар басшылығында не ақылдылау дос-жарандарымен араласа жү-ріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін адам дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.

Зерттеулер нəтижесінде (Л. В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен үйренуші дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.

Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу ұстанымына орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рөл теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, үйре-нушілердің практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары психикалық функциялар
Адам әрекеті сан алуан
Іс -әрекет психологиясын қалыптастыруға қажетті негіз
Педагогикалық психологиядан дәрістер
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Іс-әрекет психологиясын қалыптастыру
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері
Психикалық даму және оқыту жайлы
Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz