Оқушыны медициналық -гигиеналық жане жыныстық тәрбиелеу. Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу



Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» — ішкі, «сrino» — бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері — аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. «һоrmae» — қоздырамын, козғалыска келтіремін) — ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық — аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» — асты, төменгі жағы, «tаlаmое» — бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар — нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері
Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады
Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон —- Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин —- Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО№2
Тақырыбы: Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық -гигеналық жане жыныстық тәрбиелеу.

Тексерген: Кунанбаева Н. С.
Орындаған: Мадениетхан Д
Тобы: П-409

Ішкі секреция бездері
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. endon -- ішкі, сrino -- бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері -- аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. һоrmae -- қоздырамын, козғалыска келтіремін) -- ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық -- аралық дағы гипоталамус (гр. һуро -- асты, төменгі жағы, tаlаmое -- бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар -- нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері
Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады
Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон -- - Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин -- - Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гиреотропты гормон -- - Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) -- - Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Вазопрессин -- - Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді
алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады .
Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;
2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;
3. Өсу мен көбеюді реттейді;
4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.
Гипофиз (гр. һурорһуsіs -- өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз -- безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент -- меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады.
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. аkros -- аяк-қол сүйектері, mega -- үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы гүжілдеп жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. nanos -- тым аласа бойлылық) -- гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі -- дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.
Эпифиз -- пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.
Жыныстық жетілу.
Жыныстық жетілу кезеңі (puberty (лат. pubes - - қасаға) - дененің белгілі бір аймағының түктенуі жүретін кезең) - адам өміріндегі ең жауапты шақтың бірі. Оның бұл кезеңі балалық шақтан басталып, жасөспірім кезде одан әрі дамиды, ал ересек болғанда жыныстық жетілу аяқталады. Жыныстық жетілу - адамның әйел немесе еркек жынысына жататын биологиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да жан-жақты байқалатын үрдіс.
Қыз баланың жыныстық жетілу кезеңі 2 фазаға бөлінеді:
1. 8-9 жастан басталып, 1314 жаста аяқталады;
2. 17 19 жаста аяқталады.
Бұл фазаларды бөлетін сәт алғашқы етеккір болып есептеледі. Бірінші фаза дененің тез өсіп, екінші реттік жыныстық белгілердің пайда болуымен, екінші дененің баяу өсуімен және ақырғы жыныстық белгілердің дамуы аяқталып, етеккірдің тұрақтануымен сипатталады.
Орталық жүйке жүйенің жыныс жүйесімен байланысы
Жыныстық пісіп жетілу үрдісі ОЖЖ және ішкі секреция бездерінің бақылауында өтті. Мұнда жетекші рөлді гипоталамо гипофиздің жүйе алады. Жүйке жүйесінің жоғарғы вегетативтік орталығы гипоталамус гипофиздің қызметін қадағалайды, ал гипофиз өз кезегінде барлық ішкі секреция бездерінің жұмысын реттеп отырады. Гипоталамус нейрондары нейрогормондар бөледі (рилизинг фактор), олар гипофизге өтіп, ондағы үштік гормондардың бөлінуі мен биосинтезін күшейтеді (либериндер) немесе тежейді (статиндер). Гипофиздің троптық гормондары бірқатар ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, бүйрек үсті безі, жыныс бездері) белсенділігін реттейді.

Жыныстық пісіп жетілу кезеңі бірнеше периодтан тұрады:
Пубертат алды - бойдың өсуімен, жамбас астауының сүйектердің дамуымен, екінші реттік жыныстық белгілердің пайда болуымен сипатталады. Бұл саты менархе фазасымен аяқталады, нәтижесінде өсу гормонының деңгейі төмендеп, гонадотропин мен эстроген мөлшері артып,қалқанша безі белсенеді.
Пубертаттық - физикалық өсуі мен,дене салмағының ұлғаюы мен,етеккір циклінің тұрақтануы мен,индивидуальді әйел фенотипінің қалыптасумен сипатталады.Бұл сатыда эстрогендер біртіндеп артады.
Постпубертаттық- физикалық дамуы тоқтайды, гормон деңгейі тұрақтанады,етеккір циклі овуляторлы сипатта болады.

Жасөспірімнің жыныс ағзалары
Жыныстық жетілу кезеңінде ана без ұзындағы 5 см-ге, ені 3см-ге, қалыңдығы 1,5 см-ге дейін ұлғайып, салмағы шамамен 6,03 гр жетеді. Ана без беті - бір тегіс емес, бүкірленген. Бұл жағдай ана без тінінде сары дененің болуымен және фолликулалардың пісіп жетілуіне байланысты. Ана бездің қыртысты затында екіншілік фолликула түзіледі және олар ағзаны кесіп қарағанда ақшыл заттан тұратын қуыс түрінде болады. Жасөспірім шақта жатыр алмұрт тәрізді формада болады. Бұл форма ересек әйелде де сақталады. Жатырдың жалпы ұзындығы 9 см, ал денесінің ұзындығы 5 см, салмағы 6,5 г шамасында. Жатыр бездері жас ұлғайған сайын көбееді, құрылымы күрделенеді, ал жыныстық толысу кезеңінде бұтақтанады. 7 жастан бастап жатыр маңы мен оның байламдарының арасында көптеген дәнекер және май тіндері түзіледі. Жамбас астауының үлкеюіне, оның ішінде орналасқан ағзалардың төмен түсуіне байланысты, жатыр біртіндеп төмен түсіп, жыныстық пісіп жетілу кезеңінде ересек әйелдің жатырындай қалыпта орналасады. Жатыр түтіктері жатыр мен оның байламдарының өсуіне және кіші жамбас астауының ұлғаюына байланысты иірлігін жоғалтады, нәтижесінде төмен түсіп, ана безге жақын орналасады.
Жыныстық белгілер
Біріеші реттік жыныстық белгілер эмбрионалды кезеңде қалыптасып, өмір бойы сақталады. Оларға сыртқы және ішкі жыныс ағзалары жатады. Балалық және кәрілік шақта бүйрек үсті безінің гормондарының әсеріне тек бірінші реттік жыныстық белгілер болады.
Екінші реттік жыныстық белгілер жыныстық толысу кезеңінде дамып, климакстық периодтан өткенде жоғалады. Оларға қасаға мен қолтық астының түктенуі, сүт безінің дамуы, етеккір, қаңқаның, дене бітімінің өзгеруі, май және бұлшықет тіндерінің жетілуі, дауыстың өзгеруі, мінез-құлық пен темпераменттің өзгеруі жатады.
Жыныстық пісіп жетілу кезеңдері:
Бойдың өсуі. Пубертаттық кезеңнің алдында бойдың тез өсуі (жылына 10 см) байқалады. Сүйектер түрлі жылдамдықта асинхронды өседі. Ең бірінші қол, аяқ сүйектері, одан бет сүйегі (беттің ұзаруы), ең соңынан қаңқа сүйектері, сонымен қатар баяу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі секрециялық бездер
Оқушыны медициналық – гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигеналық және жыныстық тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу туралы ақпарат
Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу туралы ақпарат
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Оқушылар физиологиясы, дене бітімі, құрылысы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы
Пәндер