Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі. Кедейшілік туралы



1. Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
2. Кедейшілік туралы
Мемлекеттік және муниципалдық құрылымдағы жергілікті өзін өзі басқарудың даму тәжірибесінің әр алуандығы екі тұрақты концепцияға бағытталады. Олар тек түрлі тәжірибеге, салтқа, мәдениетке ғана емес, сонымен бірге құқықтық жүйеге де негізделген. Мәселен: АҚШ-та жергілікті басқару органдары штаттардың орталық органы мен федералдық органдарға қарсы салмақта тұру ретінде туындаған. Ұлыбританияда муниципалды билік дербес ішкі басқаруға артықшылықтарды беру ретінен туындаған.
Әлеуметтік құрылымның мұндай қалыптасуының негізінде, мемлекеттің жалпы билік жолына тосқауыл ретінде билікті орталықсыздандыру мен “персоноцентризм” (жеке индивид) ғұрыптары болды. Бұл ғұрыптар үлгілі құқыққа сүйенетін сот билігі тұлғасындағы сенімді қорғаушыны иемденді. Европаның басқару моделі теріс салтта “жазылған” құқық жүйесіне сүйенетін мемлекет билігі тарапынан өзін өзі басқаруға күшті әкімшілік қорғаушы жүргізілді.
Мәселелерді шешу ізденістері коғамды мемлекетке, жеке индивидке, толық әлеуметке (социоцентризм) қарсы қоюдан емес, әлеуметтік қатынастың «төменге» тереңдетілген: гуманистикалық бейімделу немесе тұлғаның функционалды — догматикалық концепциясы тұрады. Екі концепцияда қайта ұйымдастырудың генетикалық кодына тікелей қатысты (адам, тұлға мақсат ретінде және ол үшін құқық бар: адам-құқықпен жазылатын функция құралы).
Гуманистикалық концепция келесі әлеуметтік бағытты қамтиды: адам табиғаттан өзін бөле отырып, әлеуметтік топты, қоғамды, қоршаған ортаны және өзін таниды. Ол білімін дамыта отырып өзін-өзі таниды және сол сияқты ӨӨБ мүмкіндігіне ұмтылады.
Функционалды – догматикалық концепция берілген функцияны құжаттау құқығымен негізделеді, мәселен: басшы мен бағынышты қызметтері әкімшілік қызметтік жобалардағы тізімде шектелген жекелікке негізделген.
Гуманистік және функционалды — догматикалық тұлғалық концепциялардың бір-біріне қарсы келуі қоғам мен мемлекеттің өзара белгілі қызметтерін бейнелейді.
2. ЖӨӨБ-дың институционалдық белгілері «Жергілікті өзін-өзі басқарудың» Европалық Хартиясында бейнеленген. Ең алдымен ЖӨӨБ органдарының құрылуы мен даму тәжірибесімен берілген құжат ӨӨБ қажеттілігін мойындау ғана емес, сонымен бірге муниципалды биліктің Конституцияда бекітілу қажеттілігін көрсетеді.
1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы – Астана, 2012 ж
2. Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңы.-Егемен Қазақстан, -2006 жыл, 7-ақпан.
3. Бегежанова,Э.К. Тенденции развития малого и среднего бизнеса в Республике Казахстан [Текст] / Э.К. Бегежанова (Казаирова, Г.Р.) // Наука: научно-производственный журнал.- Костанайский инженерно-экономический университет им. М.Дулатова.- 2012.- №1.- С.67-70.
4. Бердешова, С.. Шағын және орта бизнес субьектілерін дамытуды салықтық ынталандыру.- Ақтөбе, 2011
5. Жайтлеуова,А.А.Организационно-экономические механизмы управления малым бизнесом/ А. А. Жайтлеуова // Наука и образование.- 2011.- № 2.- 170-172.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік және муниципалдық құрылымдағы жергілікті өзін өзі басқарудың даму тәжірибесінің әр алуандығы екі тұрақты концепцияға бағытталады. Олар тек түрлі тәжірибеге, салтқа, мәдениетке ғана емес, сонымен бірге құқықтық жүйеге де негізделген. Мәселен: АҚШ-та жергілікті басқару органдары штаттардың орталық органы мен федералдық органдарға қарсы салмақта тұру ретінде туындаған. Ұлыбританияда муниципалды билік дербес ішкі басқаруға артықшылықтарды беру ретінен туындаған.
Әлеуметтік құрылымның мұндай қалыптасуының негізінде, мемлекеттің жалпы билік жолына тосқауыл ретінде билікті орталықсыздандыру мен "персоноцентризм" (жеке индивид) ғұрыптары болды. Бұл ғұрыптар үлгілі құқыққа сүйенетін сот билігі тұлғасындағы сенімді қорғаушыны иемденді. Европаның басқару моделі теріс салтта "жазылған" құқық жүйесіне сүйенетін мемлекет билігі тарапынан өзін өзі басқаруға күшті әкімшілік қорғаушы жүргізілді.
Мәселелерді шешу ізденістері коғамды мемлекетке, жеке индивидке, толық әлеуметке (социоцентризм) қарсы қоюдан емес, әлеуметтік қатынастың төменге тереңдетілген: гуманистикалық бейімделу немесе тұлғаның функционалды -- догматикалық концепциясы тұрады. Екі концепцияда қайта ұйымдастырудың генетикалық кодына тікелей қатысты (адам, тұлға мақсат ретінде және ол үшін құқық бар: адам-құқықпен жазылатын функция құралы).
Гуманистикалық концепция келесі әлеуметтік бағытты қамтиды: адам табиғаттан өзін бөле отырып, әлеуметтік топты, қоғамды, қоршаған ортаны және өзін таниды. Ол білімін дамыта отырып өзін-өзі таниды және сол сияқты ӨӨБ мүмкіндігіне ұмтылады.
Функционалды - догматикалық концепция берілген функцияны құжаттау құқығымен негізделеді, мәселен: басшы мен бағынышты қызметтері әкімшілік қызметтік жобалардағы тізімде шектелген жекелікке негізделген.
Гуманистік және функционалды -- догматикалық тұлғалық концепциялардың бір-біріне қарсы келуі қоғам мен мемлекеттің өзара белгілі қызметтерін бейнелейді.
2. ЖӨӨБ-дың институционалдық белгілері Жергілікті өзін-өзі басқарудың Европалық Хартиясында бейнеленген. Ең алдымен ЖӨӨБ органдарының құрылуы мен даму тәжірибесімен берілген құжат ӨӨБ қажеттілігін мойындау ғана емес, сонымен бірге муниципалды биліктің Конституцияда бекітілу қажеттілігін көрсетеді.
Жергілікті өзін өзі басқарудың құқықтық кепілдік өлшемі мыналар болуы тиіс:
а) Жергілікті өзін өзі басқарудың ұйымдық қиғаштығы, оның органдарының мемлекеттік басқару жүйесінде көрінуі;
б) Жергілікті өзін өзі басқару органдарының өзіндік дербес экономикасы мен қаржысының болуы;
в) Жергілікті өзін өзі басқару органдарының басқа да органдар мен ұйымдар арасында өзара құқықтық әрекеттестігі мен толық субъекті құқығының болуы (жеке бюджет пен меншікті басқару және оған билік ету, өзінің жеке шешім қабылдау құқығы және т.б.). Мысалы: Жапония Конституциясы жергілікті өзін өзі басқару туралы заңында (96-100) бап жергілікті қауым:
1) нормативтік актілерді қабылдайды;
2) жергілікті бюджетті нақтылайды;
3) жергілікті салықтарды, төлемдерді анықтайды;
4) шаруашылық келісімдерді жүргізеді;
5) муниципалды кәсіпорынды басқарудың принципті міндеттерін шешеді;
6) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізеді.
г) жергілікті өзін өзі басқару формаларының алуан түрлілігі, тарихи, аймақтық мәдени ғұрыптар мен экономикалық мүмкіндіктерін ескеретін ЖӨӨБ органдарының құзыретімен өлшенеді.
Осыған орай жергілікті өзін өзі басқарудың институционалдық белгілерінің құжатталуы Қазақстан Республикасының Контситуциясымен өзін өзі басқару жөніндегі арнайы заң актілерімен және жергілікті өзін өзі басқару органдарының жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.
3. Адам мен азаматтың еркіндігі мен құқығының қамтамасыз етілуі және азаматтардың жергілікті өзін өзі басқару органдарына жұмысқа тартылуы, өкілетті орган мүшелерін сайлау процесіне еркін қатысуы және өзін өзі басқарудың атқарушы органына жергілікті қауым тарапынан бақылау формасын тікелей береді. Жергілікті өзін өзі басқарудың табиғи ерекшелігі көптеген зертеушілердің көңілін өзіне аударуда. Мысалы: негізгі конституциялық және муниципалдық нормалардың сарапталуы келесі қорытындыға негізделеді, жергілікті қауым жергілікті публистикалық корпорация ретінде көрінеді, яғни азаматтар мен мемлекет арасын байланыстырушы звено болып көрінеді.
Бұл жағдай мемлекеттік билік органдарын тек азаматтардың сайлау құқығына емес, сонымен бірге Жергілікті өзін өзі басқару органдарының құрылуына жағдай жасауды да кепілдендіруге міндеттейді. Сонымен қоса муниципалды тәжірибедегі белгілі жағдай, ол мемлекеттің жекелеген өкілеттігін қажетті қаржылық және басқа да құралдармен бірге жергілікті өзін өзі басқарудың бөлініп берілумен белгілі.
Өкілеттіктердің бөлінуі екі формада жүргізілуі мүмкін:
1) бөліп беру - жергілікті өзін өзі басқару органдарының міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу әрекеті;
2) беру - мемлекеттік органдарына қатысты қандай да бір мәселелерді шешу құқығын жергілікті өзін өзі басқару органдарына бір рет, белгілі бір мерзімге немесе мерзімсіз беруді жеткізу.
Сонымен мемлекеттік билік жергілікті қауымдағы өзін өзі басқару билігін мойындайды және муниципалды құқық көзі ретінде Жарлықты (ережені) да мойындайды.
4. Жергілікті өзін өзі басқару қолданыстағы заң шеңберінде еркін қызметті иемденеді. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының дербестікке негізделуі ең алдымен қолданыстағы заң шеңберінде қалалық және селолық өзін өзі басқаруды енгізу әдісінің қызметімен айқындалады. Осы міндеттерді қарамас бұрын, белгіленген қызмет еркіндігін бөліп алайық:
-- өзін өзі басқару органдарын сайлау;
-- халықтың жергілікті аса маңызды мәселелерді шешудегі орындалған істің нәтижесін сұрау инициативасы;
-- халықтың құқықтық шығармашылық ынтасының қозғалысы;
-- муниципалды округте тұрғылықты тұратын халықтың талабын құруға және орындауға қатысуы.
Жергілікті өзін өзі басқарудың арқа сүйейтін және басшылыққа алатын заңы - Конституция мен басқа да заңдар, және де сол қауымның дайындап көпшілік талқысынан өткен Жарғы байланысты, ол Жарғыны сол жердің тұрғындары тікелей қабылдайды немесе өкілдік орган - Кеңес бекітеді.
Жарғыда келесі ережелер мазмұндалып орындалады:
-- Жалпы ереже: қызметтің құқықтық негізі, мақсаттары мен міндеттері, жергілікті қауымның шекарасы және құрамы;
-- Жергілікті өзін өзі басқару ұйымының құрылымы;
-- ұйымдастыру тәртібі мен қызмет формасы;
-- Жергілікті өзін өзі басқарудың экономикалық негізіне түсініктеме (мінездеме);
-- Жергілікті өзін өзі басқарудың қаржылық негізіне мінездеме;
-- жергілікті маңыздылыққа жатқызылатын объектілер;
-- халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу жолдары мен тәртібі (мысалы: қандай мәселелерді талқылағанда референдум өткізілу керек?);
-- Жергілікті өзін өзі басқару органдарының міндеттерін, сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың тізімі және өкілеттігі, оларды тағайындау не сайлау тәртібін анықтау;
-- Жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдік мерзімі;
-- Жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметіне кепілдік;
-- шекара маңындағы аймақтардағы жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметерінің ерекше реттілігі және мемлекеттік билік органдарының әкімшілік бақылауының күшейтілу тәртібі;
-- Жергілікті өзін өзі басқару органдары мен лауазымда қызметкерлердің жұмыстарын мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайлар, тұрғындардың сол органдар мен қызметкерлерге сенімсіздік білдіру, сайланған адамдарды қайта шақырып алу тәртібі;
-- Жергілікті өзін өзі басқару органдарының Жарлығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі.
Жарғы міндетті түрде, мемлекеттік тіркеуден өтеді және бір сөзбен айтқанда жергілікті жердің Конституциясы іспеттес қызметті атқарады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары - иерархиялық жүйеде емес, жергілікті халықтың билік органдары. Осы себеппен әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері сияқты жергілікті өзін өзі басқару органдарының бөлінуі де орынды. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының дамуын қамтамасыз ету мақсатында тек бұл органның статусына қатысты ғана емес, сонымен берге мемлекеттік меншік объектілерін муниципалды ұйымдарға беру жағдайымен муниципалды органның қызмет тәртібін де реттейді.
Халықаралық тәжірибеде жоғарғы тұрған мемлекеттік органдардың жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысына әсер ету дәрежесі бойынша жергілікті өзін өзі басқарудың түрлі типтері мен формалары бар. Бұл жергілікті өзін өзі басқару органдарының мемлекеттік, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің элементі ретінде болуына байланысты. Осыған сәйкес жергілікті өзін өзі басқару жүйесі мыналармен ерекшеленеді:
-- азаматтардың қоғам бірлестігі мүшесі ретінде өзінің тұрғылықты жеріндегі территорияның дамуына мәселелерді өз бетінше шешу құқығының болуы;
-- биліктің көлденеңнен болуымен қатар тікелей басқару жүйесінің құрылуы негізінде мемлекетті басқарудың иерархиялық принципінің болу шарты.
Халақаралық тәжірибеде жергілікті өзін өзі басқарудың үш типті моделін айрықша көрсетуге болады.
1. Жергілікті өзін өзі басқарудың англосаксондық жүйесі (кейде жергілікті басқаруда Америкалық түрі деп те аталады). Бұндай жүйе АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия сияқты келімсек елдерде кең тараған.
Англосаксондық жүйенің басты ерекшелігі - жергілікті сайланбалы органды бақылап, қамқоршы болып отыратын орталық үкімет өкілінің болмауы. Дегенмен мемлекеттік басқару жүйесінің жергілікті өзін өзі басқару органдарына ықпал етіп отыратын механизмі бар. Мысалы, Англиядағы қоршаған ортаны қорғау министрлігі жергілікті қауымның құзыретіне берілген мәселенің іске асырылуын толық бақылап отырады. Қысқасы мемлекет жергілікті өзін өзі басқарудың өз өкілеттігі деңгейінде жұмыс жасауын ғана қадағалайды. Ал, қажет деп тапқан жағдайда, түрлі қаржы механизмдерін пайдалана отырып (субвенция, дотация т.б.) жергілікті қауымның бағдарламаларына әсер ете алады. Бұл жүйенің екінші бір ерекшелігі жергілікті өзін өзі басқару органдары заң бойынша рұқсат етілген мәселелерді ғана жүзеге асыра алады. Муниципалитет жеке автономиялық құрылым есебінде парламенттің берген билігін ғана іске асырады. Муниципалдық басқарманың құқықтық негізін - статустарды - Парламент белгілеп береді. Орталық үкімет пен муниципалитеттің өзара қарым-қатынасы заңмен белгіленеді.

Кедейшілік туралы
Кедейшілік қай қоғамның болмасын экономикалық дамуының нәтижесінде қалыптасатын жағдай. Кедейшілік ол өте күрделі, көпфакторлы, тарихи қалыптасқан түсінік. Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейлік - адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады.
Қазіргі кездегі әдебиеттерден кедейшіліктің алуан түрлі анықтамасын кездестіреміз. Олардың алуан түрлілігі оның әр қайсысы осы кедейшілік жағдайының шығу себептерін анықтауда түрлі аргументтерге сүйене отырып беріледі. Яғни, қазіргі кезде кедейшілік туралы анықты бір қалыптасқан анықтама жоқ. Түрлі себептерге байланысты кедейшілік туралы түсініктер бар. Солардың кейбіреулеріне тоқталатын болсақ.
Кедейшілік - бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиыншылықтарға тап болған және Конституцияда қабылданған өмір сүруге деген құқықпен бостандықты толық қолдана алу мүмкіндігінен айырылған белгілі бір халық тобы [1].
Кедейшілік - бұл адамның қажеттілігі оны қанағаттандыру мүмкіншілігінен жоғары болуы [2].
Кедейшілік - тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір бөлігі ең төменгі деңгейдегі ақшалай мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану - физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік экономикалық жағдайы [3].
Кедейшілік - индивидтің қажетті құндылықтарын қанағаттандыра алмайтын экономикалық жағдайы.
Жалпы кедейшілікті бірнеше әдістер арқылы қарастырып көрсетуге болады. Біз түрлі осы зерттеу мәселесімен айналысатын философия, экономика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, статистика, саясаттану білім салаларының талқылауларын қоса отырып, кедейшілікке анықтама беріп көрейік.
Негізгі осы өзекті мәселенің қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін (А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус, Г.Спенсер, Ж.Прудон, Э.Реклю, К.Маркс, Ч.Бут және С.Раунтри) және қазіргі кездегі кедейлікті зерттеу 20 ғасырда (Ф.А.Хайек, П.Таусенд және басқа ғалымдар). А.Смиттің еңбегінде кедей адамның табиғаты бейнеленеді яғни, адам мен қоғамдағы әлеуметтік стандарттың арасындағы байланыстың үзілуі. 19 ғасырдың өзінде-ақ, кедейлікті отбасының бюджеті арқылы абсолютті кедейліктің критерилерін анықтауды табыстың деңгейі арқылы және индивидтің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы анықтау ұсынылған болатын. Кедейлік мәселесін зерттеуде үлкен еңбек қосқан экономистер мен әлеуметтанушылар қоғамдағы кедейліктің заңдылықтарын зертейді.
Соңғы 20-30 жылдары кедейшілікпен күресудегі әлеуметтік саясаттың пайда болуына себепші болған кедейліктің альтернативті теориясы жасалынды. 1980 жылдары кедейшіліктің эмпирикалық анықтамасы (Лейдендік анықтама) адамдардың жеткілікті минималдық табыс туралы ойлары, пікірлері белгілі бір деңгейде өз әсерін тигізді. Жоғарыда көрсетілгендей, кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді. Кедейлікті 18 ғасырдағы А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған. Т.Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т.Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әр түрлі аурулар, соғыс сияқты тиімді "көмекшілер" арқылы реттеліп отырады.
19 ғасырдың ортасында Г.Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі ретінде баға берді. "Әлеуметтік статика" деген еңбегінде ол кедейлік пен теңсіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді. Яғни, өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан, бұл толық шешу мүмкін емес. Г.Спенсер кедейлікті қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай, проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол береді. Ол, сонымен қатар, кедейліктің нақты критерилерін анықтау мүмкін еместігін өзінің әдістемелік тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең ауыр түрі - қайыршылық. Г.Спенсер кедейлікті тұлға дамңуының қозғаушы күші ретінде бағалайды. Ф.Гидденс кедейлікті түрлі бағалайды: бір жағынан ол еш жойылмайтын зұлым, екінші жағынан ол әлеуметтік прогесс серігі.
Ағылшын ғалымдары Ч.Бут пен С.Раунтри 19 ғасырдың аяғында зерттеу жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу, киім кию, баспанамен қамтамасыз ету қажеттіліктерін өтей алу мүмкіндіктерін алған. Ч.Бут пен С.Раунтри - олар бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Олар Лондон мен Нью-Йоркте жүргізген социологиялық зерттеулерінің нәтижесінде халықтың 30 пайызы өмір бойы кедей күйінде болып отыратынын дәлелдеген. С.Раунтри зерттей келе, кедейліктің алғашқы және екінші кезектегі түрлерін бөліп көрсеткен. Алғашқы кезектегі кедейлік түсінігі адамдар қаражаттарын дұрыс пайдаланғанның өзінде негізгі қажеттіліктерді өтеуге шамасы келмеген жағдайда, ал екінші кезектегі кедейлік түсінігі адамдардың ақшаны дұрыс қолданбауына байланысты төмен материалдық жағдайға ұшырағанда қолданылады.
Содан бері келе 20 ғасырдың 60 жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса бастады. М.Оршанский бюджетті сұраудың мәліметтері бойынша тұрмыстың, киіну, тамақ ішу тағы басқа ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрлерін қалыптастырған. Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып, АҚШ-та 80-жылдарға дейін қолданылып келген кедейліктің салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель коэффициенті бойынша, табыс мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген шығын көлемі ұлғая түседі.
20 ғасырдың 70 жылдары жоқшылық концепциясы қалыптасты. Оның негізін салушылар Маршалл мен П.Таусенд. олардың көзқарасына сәйкес, қоғамда ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей деп есептелген. П.Таусенд "Ұлы Британиядағы кедейлік" атты еңбегінде салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: "Өздері өмір сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір сүру деңгейі мен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып есептеледі".
Кедейлік мәселесі ТМД елерінде соңғы 10-15 жылдар көлемінде кеңінен зерттеліп келеді. Бұл мәселе кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзекті зерттеу объектісіне айналды. Кеңес өкіметі кезінде С.Г.Струмилиннің бастуымен 1918ж Петроградта жұмысшылардың бюджеті мен тұтынуды талдаудың негізінде алынған ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған.
Бүгінгі қоғамда халықтың басым бөлігі материалдық жағдайларынан тыс заңды құқыққа ие, кедейлікте осы саяси құқықтық өмірде белгілі бір рөлге ие болады. Кедейлер көптеген елдерде соның ішінде біздің елде де - билікке түрлі саясатты қолдана отырып жететін халықтың басым бөлігі. Сонымен кедейлік көпмағыналы және бәсекелі түсінік, бұл тек материалдық мысалы, тамақ, азаматтық өмір сапасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы ғана емес, бастауыш білім алуы, сауаттылық деңгейі, бала өлімі осының барлығы кедейшіліктің көлемін, оның етек алуын көрсетеді. Жоғарыдағы айтылғандарға қарай отырып кедейшілік туралы мынадай тұжырым шығаруға болады. Кедейшілік - бұл төмен немесе өте төмен табыс деңгейі, осы қоғамға сай адам өзінің бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы. Ғылыми әдебиеттерде сонымен қатар кедейшіліктің түрлері туралы түрлі талқылауларды кездестіруге болады. Е.Н.Холостованың кедейшілікке берген анықтамасын қарастырайық:
Холостованың кедейшілік туралы түсіндірмесі кең көлемде көрсетілген. әр бір берілген кедейшілік түрлеріне тоқталып өтейік.
Абсолюттік кедейшілік -- индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейшілік сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.
Салыстырмалы кедейшілік -- басқа адамдарға қарағанда қаншалықты кедей адам екенін көрстеді. Бұл жерде екі түрлі мағына беріледі: біріншіден, салыстырмалы кедейшілік, ол қоғамдағы сол топтағы адамның басқа кедей саналмайтын топтағы адамдардың жетістіктерімен салыстырғанда қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Екіншіден, салыстырмалы кедейшілік адамның қоғамдағы өмір сүру стандарттарынан қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Салыстырмалы кедейшілік - бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы. Сонымен бірге Холостова абсолютті және салыстырмалы кедейшіліктің шекаралары сай келмейтінін көрсетеді. Қоғамда абсолютті кедейшілік жойылуы мүмкін бірақ салыстармалы кедейшілік міндетті түрде сақталынып қалады. Кедейшіліктің бұл түрі адамның табиғи сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар қоғамның болашақта күтетін нормаларымен және күтулерімен байланыстырады. Салыстармалы кедейшілік - нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір сүру стандартын не қалпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін болмауы.
Жоқшылық -- бұл жерде шектен тыс кедейшілік көрсетіледі. Бұндай кедейлер тобына қайыр сұраушылар, күнкөріс минимумынан төмен табасы бар адамдар кіреді. Әлеуметтік мағынада бұл кедейшлілік түріне өзінің тек физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді. Адамрдар тамаққа деген қажеттліктерін салыстырмалы түрде деңгейін есептейді. Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болса да, демалуға да, киінуге де, емделуге де көңіл бөле алады. Бірақ бұл қажеттіліктердің барлығы өте төмен деңгейде өтеледі.
Депривация -- бұл әлеуметтік түсінік, қоғамдағы күнделікті адамдық құқығынан айырылған, сонымен қатар толық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын халықтық тобына қолданылады. Әдетте олар мүмкіндігі жоқ балалар, мүгедектер, жұмыссыздар, зейнеткерлер және кедейлердің басқа категориялары. Депривация ол қарапайым өмір сүруге жағдайдың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі.
Шетқалушылық - кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Кедейліктің бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына, маскүнемдігіне және тағы басқа себептеріне байланысты материалдық және мәдени байлықтарға қолы жетпеуден пайда болады. Әлеуметтік шетқалушылық түсінігі қарапайым адам құқықтарына байланысты шектеулерге тап болып отырған және толық өмір салтын жүргізе алмайтын тұрғындардың тобына қолданылады. Мысалы, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер және тағы басқа категориядағы адамдар кіреді.
Қуып жететін кедейшілік - бұл құбылыс адамдардың престижді материалдық және басқа да құндылықтарды тұтынуымен сипатталады. Бүгінгі қоғамда бәрімізге белгілі үлкен кісілерге қарағанда жастарымыз жақсы киінуге, басқалардан артта қалмауға тырысады. Қымбат киім, тағы басқадай заттар өздерінің жоғары қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Кейбір ауқатты ата-аналар басқа қалталары көтермейтн отбасылардың балалары бағытталған өмір сүру стандарттарын қалыптастырады.
Бірден бір осы кедейшіліктің адамға әсері ол (мысалы, депривация оның түрлері) кедейлер жоғарғы мәдени құндылықтарды дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде (Арқалық қ. мысалында)
Халықтың кедейшілік деңгейімен күресудегі мемлекеттік реттеу әдістері
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Қазақстандағы жұмыссыздықты реттеу және шешу жолдары
Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері
Әлеуметтік қоргау жүйесін құрудагы альтернативтілік принципі
Қазақстанның әлеуметтік жағдайы және кедейшілік деңгейін талдау
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік реттеу жолдары
АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ
Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық негіздері
Пәндер