Топырақ дезинфекциясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ

Тақырыбы: Топырақ дезинфекциясы

Орындаған : Балғабайқызы А

Топ: МВС-401

Тексерген: Байғазанов А. Н

СЕМЕЙ - 2015

Топырақ - бұл өнімділік, яғни өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету қасиетіне ие жер қыртысының (литосфераның) беткі қабаты. Топырақ - бұл үнемі физикалық-химиялық үрдістер, биохимиялық реакциялар, әртүрлі айналымдар жүріп отыратын ең күрделі табиғи зертханалардың бірі.

Топырақ - әртүрлі өсімдік, жануар, шаруашылықтық -тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын қабылдаушы және сіңіруші, көптүрлі микрофлора мен микрофаунаның көзі мен қоры. Ол малдардың денсаулығы мен өнімділігіне үлкен тікелей және жанама әсер көрсетеді. Топырақтың гигиеналық мәні зор, және ол оның механикалық құрамымен, физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады.

Топырақты зоогигиеналық бағалау мақсатымен жер учаскелеріне физикалық, химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеу әдістерінен тұратын зертханалық талдау үшін топырақ сынамасын ала отырып, санитарлық-топографиялық зерттеу жүргізеді.

Санитарлық-топографиялық зерттеуге учаскенің жер бедерін, су қоймаларына қиыстауын және жарыққа қатысты зерттеу жатады. Бұдан басқа, тексергенде өсімдік жабынын, елді мекендерге қатысты орналасуын, топырақ типі мен су тәртібін зерттейді, топырақтың мүмкін болатын ластану көздерін анықтайды (қоқыстар, көң сақтау орындары және т. с. с. ) .

Топырақтың орта сынамасын алу. Сынама белгілі бір учаскеге тән болуы керек. Бүкіл учаске бойында біртекті топырақ болса, шахмат ретімен орналасқан әртүрлі жерден бірнеше ойық немесе учаскенің ортаңғы сызығымен әртүрлі тереңдікте алады.

Топырақ сынамасын арнайы бұрғымен немесе таза күрекпен алады. Салмағы 2-3 кг болатын әрбір сынаманы үйкелген қақпақты шыны ыдыстарға, таза қапқа немесе тығыз орама қағаздың қос қабатына салады да, мерзімі, үлгіні алған жер мен алу тереңдігі көрсетілген жапсырма қағазбен қамтамасыз етеді. Зертханада топырақтың таңдалып алынған сынамаларын қағаз беттерге жұқа қабат етіп себеді, кесектерін ұсатып, ауада кептіреді. Талдау үшін 0, 5-1, 0 кг топырақ алынады. Зертханалық зерттеулер алдында топырақтан тамырлар және басқа да тән емес қоспаларды тазартады да, пайыздық қатынасын анықтау үшін оларды өлшейді.

Топырақтың құрылымын анықтау

Құрылымдық деп топырақтың жеке әртүрлі мөлшерлі және пішінді кесектерге ыдырай алу қабілеті аталады. Құрылым деп өзара цементтелген механикалық элементтер - құм, шаң, лайдан тұратын кесектердің өздері (агрегаттар) аталады. Құрылымның аса маңызды қасиеті оның суға төзімділік дәрежесі, яғни судың шаюшы әрекетіне қарсы тұра алуы болып табылады.

Суға төзімді агрегаттар нағыз агрегаттар деп аталады және топырақтың нағыз құрылымын анықтайды, суға төзімсіздер - жалған және топырақтың жалған құрылымын құрайды.

Талдауды жүргізу: Химиялық стаканның жартысына дейін су құяды да, оған зерттелетін топырақ агрегаттарын (кесектерін) салады. 15 мин. қалдырады. Егер агрегат жеке механикалық элементтерге ыдыраса, ол жалған құрылымға жатады, егер ыдырамаса - нағыз құрылым.

Топырақтың механикалық құрамы мен құрылымына топырақтың су мен ауа өткізгіштігі, бостығы мен тығыздығы, жылулық және биохимиялық қасиеттері байланысты болады.

Органолептикалық көрсеткіштері

Түсі. Топырақ ондағы органикалық заттар мен қоспалардың мөлшеріне байланысты күңгірт (қара), ашық-сұр, қоңыр және басқа реңді болуы мүмкін. Күңгірт түсті топырақта органикалық заттардың, яғни гумус пен көңмен күшті тыңайтылған топырақтың қарашірігі көп мөлшерде болады. Мұндай топырақта қара топырақпен салыстырғанда патогенді микроағзалар жиі кездеседі. Гумусқа, органикалық заттарға тапшы топырақтар ашық-сұр (күлді топырақ) немесе ашық-сары (құмды, сазды топырақ) реңді болады. Мұндай топырақта органикалық заттар ғана тапшы емес, сонымен қатар биологиялық белсенді минералды қосылыстар- кальций, фосфор, калий мөлшері де аз болады.

Иісі. Гигиеналық тұрғыда таза, ластанбаған топыраққа тән емес: нәжіспен, несеппен, тазаланбаған қалдық сулармен, мал өлекселерімен, химиялық қосылыстармен жаңа ластану кезінде пайда болатын шіріген, аммиакты, күкіртті сутекті иістері бар.

Иісті орта сынама алынуы кезінде сол орында анықтайды. Зертханада топырақтың жас сынамасын колбаға салады да, ыстық су құяды, тығынмен жабады, сілкілеп, содан соң ашады және иісті анықтайды.

Температурасы. Гигиеналық мақсатта топырақ температурасын сирек өлшейді, бірақ оның жазғы мал тұратын орынды, лагерьлер мен ерте көктемде немесе қара күзде жайылымда, сондай ақ загондардағы түнгі тұрақты таңдап алуда маңызы бар. Бұл мақсатқа арнайы термометрлер қолданылады.

Топырақтың ластануының санитарлық көрсеткіштері (100 г)

Көрсеткіштер
Топырақ
Салыстырмалы таза
Аздап ластанған
Қатты ластанған
Көрсеткіштер: Жалпы азот, мг
Топырақ: 100 төмен
100 жоғары
200
Көрсеткіштер: Органикалық аммиак, мг
Топырақ: 20 төмен
25 жоғары
50 жоғары
Көрсеткіштер: Органикалық заттардың көміртегі, мг
Топырақ: 300 төмен
300 жоғары
500 жоғары
Көрсеткіштер: 1 г топырақтағы бактериялар саны
Топырақ: 1
Жүз мыңдай
Миллион
Көрсеткіштер: Ішек таяқшасы
Топырақ: 1000мг біреу
50 мг біреу
1-2 мг біреу

Дезинфекция - (француз тілінде des- теріс жалғауы және латын тілінде Infec - инфекция) - бұл адамды қоршаған ортадағы патогенді бактерияны, вирусты, рикетсийлерді, қарапайымдыларды, саңырауқұлақтарды және олардың токсиндерін жою. Дезинфекцияның мақсаты зақымдалған объектілердегі (аурулардың бөліністері, бөліністерге арналған ыдыстар және тағамдар, киімдері, бөлме, тұрмыс заттары және т. б. ) . Инфекция қоздрғыштарын жою болып табылады. Дезинфекция немесе залалсыздандыру - негізінен (барлығын емес) тек патогенді микроорганизмдерді жоюды көздейді. Осынысымен стерилизациядан ажыратылады, ал стерилизация кезінде микроорганизмдердің барлық түрі жәнеде олардың споралық формалары жойылады.

Қоздырғыштың берілу механизмі инфекциялық аурудың түріне байланысты болады. Мысалы, тыныс жолы инфекцияларының қоздырғыштары (грипп, күл, скарлатина, туберкулез және тағы басқалары) ауа тамшы жолымен беріледі. Олар сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінеді де сау адамға оның дем алу жолдары арқылы организміне енеді. Ал ішек инфекциялары кезінде негізгі берілу механизмі фекальді-оралді болып табылады. Ішек инфекцияларының қоздрғыштары жиі нәжіспен, сирек зәрмен бөлінеді де сау адамға ауыз арқылы зақымдалған қол көмегімен, тағаммен, сумен және сол сияқты енеді.

Ал трнсмессивті инфекциялар кезінде, яғни тасымалдаушылар - буынаяқтылар арқылы берілетін ауруларда, инфекция қоздырғышы қан айналымында болады да қоршаған ортаға бөлінбейді; ол ауру адамнан сау адамға буынаяқтылар көмегімен (бит, безгек масасы және т. б. ) енеді.

Дезинфекциялық шаралар белгілі бір жұқпалы аурудың қоздырғыштарын жоюға арнайы бағыталған. Бұл кезде берілген инфекцияның қоздырғышының берілу механизмі, қоршаған ортаның зақымдалу мүмкіндігінің дәрежесі және басқа да эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Атап айтар болсақ, тыныс жолдары инфекцияларының ошағында дезинфекция жүргізеді, паразитарлық сүзек ошағында - дезинсекция жүргізеді, ал ішек инфекциялары ошағында дезинфекциямен қатар дезинсекцияны да жүргізеді, ал зоноздар ошағында - дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізіледі.

Дезинфекцияны жүргізу үшін білу қажет:

  1. залалсыздандыруға не жатады
  2. дезинфекция қай уақыта жүргізілуі қажет
  3. оны немен жүргізеді
  4. оны қалай іс жүзіне асырады.

Дезинфекция 2 түрге бөлінеді:

Ошақтық және профилактикалық.

Ошақтық дезинфекция - инфекцияның берілуінің қай сатысында жүргізілуіне байлансты: қорытынды және күнделікті дезинфекция болып бөлінеді. Қорытынды дезинфекцияны (көбінесе бір рет) инфекция қоздырғышының көзі жойылғаннан кейін (госпитализация, сауығу, көшіп кету, өлім) ошақта жүргізіледі. Қорытынды дезинфекцияның мақсаты - ошақта берілу факторына жүргізілген күнделікті дезинфекциядан қалған қоздырғыштарды жою болып табылады.

Күнделікті дезинфекцияны да ошақта жүргізеді, бірақ оның қорытынды дезинфекциядан айырмашылығы, ол ауру адам ошақта болғанда жүзеге асырылады, бұл ауру адам немесе тасымалдаушының организмінен бөлініп шыққан инфекция қоздырғыштарын сол мезетте жою мақсатына байланысты. Бұл үшін 1-орында залалсыздандыруға организмнен қоздырғыштармен бірге бөлінетін бөліністер жатады.

Профилактикалық дезинфекция - инфекция қоздырғышының көзі анықталмаған, бірақта қоздрғыштардың сыртқы ортада жинақталу мүмкіндігі болған кезде жүргізіледі.

Профилактикалық дезинфекция - жұқпалы ауру болуы мүмкін немесе ол сау адамдар арасында, тек анықталмаған (аурудың созылмалы формасы бар тасымалдаушысы, өз ауруын жасырады және басқада жағдайлар) деген болжамдармен жүргізіледі.

Дезинекцияда залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістерін қолданады. Тәжірибиелік жағдайда көбінесе әр түрлі құралдарды бірге пайдаланады

Залалсыздандырудың физикалық әдістері

Физикалық әдіске механикалық, термикалық және сәулелік дезинфекциялық құралдар жатады.

Механикалық құралдар - тазалау, ылғалды, жуу, қағу, сілкілеу (ұру) ж. т. б. Бұл құралдармен заттарды шаң мен кірден, солармен бірге көптеген микроорганизмдерден тазартуға болады. Атап айтсақ шаңсорғыштың көмегімен шаңдағы микробтардың 98% жойылады.

Бөлмені желдеткенде 15 минуттан кейін ауадағы микроорганизмдердің саны құрт заяды да, ал 30 минуттан кейін олар тіптем болмайды, себебі бөлменің ауасы сыртқы патогенді микробы жоқ таза ауамен толық ауысады. Өндіріс орындары емдеу-профилактикалық мекемелері кеңінен қолданатын арнайы вентиляция қондрғыларын шығарады. Грипп, күл, желшешек, қызамық және басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортаға төзімсіз жұқпалы аурулардың профилактикасы кезінде желдету өте маңызды орын алады. Вентиляцияны және фильтірлеуді ауаның, удың және басқада ортаның бактериальді ұрықтануын төмендету үшін қолдануға болады. Сондай судың ультрафильтрациясы және гиперфильтрациясы қолднылады.

Термикалық және сәулелік құралдар - бұл жоғары және төмен температураны, әр түрлі бактерицидті сәулелермен сәулелендіруді, ультрадыбыс әсерін, ультражоғары жиіліктегі тоқ, радиоактивті сәулеленуді қолдану, кептіру және т. б., бұл кезде белгілі бір параметрлер бактерицидті әсер етеді.

Ыстық ауа лабораториялық құралдар мен ыдыстарды залалсыздандыру үшін ауа стерилизаторында және басқада аппараттарда қолданады. Ыстық ауа дезинфекциялаушы агент ретінде киімдерді, матрас, жастық, көрпе және т. б. заттарды дезинсекциялау үшін ауа камераларында қолданылады. Төсекорнды және киімдерді ыстық үтікпен үтіктеуде залалсыздандыруға жатады. Ұзақ уақыт үтіктегенде (200-250 0 С температурада) киімнің арасындағы температура 170 0 С дейін жетуі мүмкін, бұл кезде микроорганизмнің вегетативті формалары өледі, сондай-ақ бит және оның сіркелері де өледі. Киімді екі жағынан үтіктеген дұрыс. Дегенмен білу қажет: ыстық ауа тиімділігі бойынша ыстық будан төмен, себебі ол негізінен үстіртін әсер етеді.

Ыстық су (60-100 0 С) жуу құралдары араласқан, жуу және жинау кезінде микроорганизмдермен бірге кіреді механикалық тазалау (жою) үшін қолданады. Барлық микроорганизмдердің патогенді вегетативті формалары 80 0 С дейін ысыту кезінде 2, 5 минуттан артық шыдай алмайды, ал көбісі 60-70 0 С температурада 30 / ішінде өледі.

Қайнату - ыдыстарды, аурудың заттарын, төсек-орнын, тамақ қалдықтарын, ойыншықтарды злалсыздандыру үшін қолданады. Төсек-орынды, ыдысты және басқаларды 15-45 минут бойы қайнату жолымен залалсыздандырады. Суға сода немесе сабын қосып қайнатқанда залалсыздандыру әсері күшейеді.

Су буы - киімдерді, төсек-орындарды және басқа да жұмсақ заттарды залалсыздандыру үшін дезинфекциялық камерада қолданылады. Орайтын материалдармен инструменттерді стерилизациялау және залалсыздандыру үшін бу стерилизаторларында пайдаланады.

Су буының тығыздалған және қыздырылған түрлері бр. Тығыздалған су буы дегеніміз: температурасы қайнаған судың температурасына тең және де қысымға сәйкес келеді. Ал қыздырылған су буы дегеніміз бұл температурасы берілген қысымдағы температурадан жоғары болады. Қздырылған бу қысымды өзгертпей немесе оның қысымын жылдам төмендеткен кездегі тығыздалған буды қосымша қыздыру арқылы алынады.

Температура төмендеген кезде қыздырылған бу тығыздалған буға ауысады. Қыздырылған бу дезинфекцияда қолданылмайды. Тығыздалған буды қодану будың суға ауысуы кезіндегі бу түзілудің үлкен жасырын жылуы бөлінетіндігіне негізделген. Жасырын жылудың бөлінуі арқылы, төмен температурадағы заттарға тереңірек әсер етеді. Дезинфекциялық және стерилизациялық аппараттарда белгілі бір қысымдағы тығыздалған су буы қолданылады.

Күннің жарығы , ультракүлгін сәулелері ауа мен зат беттеріндегі бактериальді ұрықтануды төмендету үшін қолданады. Ультракүлгін сәулелері арнайы бактерицидтік лампалардың көмегімен алынады. Өндірістік орындары қабырғаға ілінетін, жылжымалы, және басқа да сәулелендіру күші әр түрлі ультракүлгін қондырғыларын шығарады. Олар емдеу-профилактикалық, балалар мекемелерінде, микробиологиялық лабораторияда және т. б. мекемелерде кеңінен қолданады.

Күйдіру және қыздыру бактериологиялық практикада пробиркаларды, мақта тығындарын, инелерді, лабораторлық инелерді спиртовканың өртін, паяльді лампаның өртін пайдалану арқылы залалсыздандыру жүргізіледі.

Өртеу. Ескірген ойыншықтар, қалдықтар, қағаздар, сүрткіштер сияқты заттарды өртеу арқылы залалсыздандырады. Сонымен бірге адамдар мен жануарлардың мәйітін арнайы пештерде, қазылған шұңқырларда өртейді.

Пастеризация - бұл әртүрлі тағамдарды 70-80 0 С температурасына дейін 30 минут бойы қыздыру, бұл кезде микробтардың вегетативті флораларының өлуі мүмкін де, ал споралық формаларынан ажыратпайды.

Тиндализация - (қайта, бөлшектеп пастерилизациялау) - бұл кезде 5-6 күн 56-58 0 температурада 1 сағат бойы қыздырады, споралық формалары өледі.

Суық. Патогенді қоздырғыштарды жасанды мұздату до -270 0 С, яғни абсолютті нолге жуық температура оларды өлімге әкелмейді, сондықтан оны дезинфекцияда қолданбайды, оның бұл қасиетін микробиологияда патогенді микробтардың культурасын сақтау үшін қолданады.

Кептіру. Көптеген патогенді микроорганизмдер ұзақ уақыт кептіргеде өледі. Өлу жылдамдығы қоздырғыштың түріне байланысты.

Залалсыздандырудың химиялық әдістері

Бактерияны өлтіретін химиялық заттарды бактерицидтер деп атайды, ал олардың өмір сүру қабілетін тоқтататын заттарды бактериостатикалық деп тайды. Бактериостатикалық әсер ететін қосындылардың конценрациясы, бактериоцидтерге қарағанда төмен болады.

Спораларды өлтіретін химиялық заттарды спорацидтер (деп атайды), вирустарды өлтіретін химиялық заттарды - вирулицидтер, саңырауқұлақтарды өлтіретін химиялық заттарды - фунгицидтер деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дезинфекциялық дәрілік заттар
Стерилизация
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
Жануарлардың өлексесін зарарсыздандыру
Ветқадағалау нысандарындағы дезинфекция қолдану
Емдеу алдын – алу және балабақша мекемелерінде жасалынатын дезинфекция
ГОСТ және ОСТ оларлың су,ауа,топырақ,сүт,ет және басқа мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі. Дезинфекция тиімділігін бақылау
Ветеринариялық-санитариялық гигиена
Көліктерді ветеринарлық - санитарлық өңдеу
Қызанақтың микрорганизмдік аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz