Визуалды компоненттер. Жеке тапсырмалар



1. Визуалды компоненттер
• Standard беті
• Additional беті
• Win32 беті
• System беті
2. Тапсырмалар
• Тапсырма №1. Үш санның үлкенін табатын программа құру.
• Тапсырма №2.. «Тексеру» оқу программасы
Бұл мысалда, «санды тап» ойынында программа кездейсоқ түрде 0...1000 аралығынан бүтін санды таңдап, есіне сақтайды. Пайдаланушы оны табуға тырысып, өзінің санын енгізеді. Енгізілген санды есте сақталған санмен салыстырып, программа компьютердің кездейсоқ таңдап, есіне сақтаған санының пайдаланушы енгізген санынан үлкен, кіші немесе тең екенін хабарлайды. Компьютердің таңдаған кездейсоқ саны табылғанша программада сан енгізу жалғастырылады.
• Тапсырма №3
«Қосындыны табу» оқу программасы.
For операторының қолданылуын көрсету үшін кез келген бүтін N санын енгізіп, 1.ден N санына дейінгі барлық бүтін сандардың қосындысын есептейтін программа құр.
• Тапсырма №4
Calculator оқу программасы.
• Тапсырма №5
Нұсқау бойынша таңдау.
Delphi-дің өңдеу ортасы, ең алдымен Windows-та бағдарламалар дайындауға бағдарланған. Мұнда кодтарды қолмен жазудан құтқаратын Delphi-дің дайын компоненттерінің үлкен жиынтығының көмегімен визуалды қолданбалар жасау мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Бұл компоненттер қазіргі заманғы технологияларды қолданудың барлық саласын қамтиды. Мұнда да басқа бағдарламалау ортасындағыдай, мыс, Visual Basic т.с.сияқты кезкелген қолданбаны дайындауда қажет етілетін басты компоненттерді оқып-уйрену қажет. Компоненттер палитрасы 4 беттен тұрады, олар: Standard, Additional, Win32, System беттері. Алдымен осы беттердің мазмұнымен және олардың басты қызметімен танысайық.

Standard беті.
Delphi-ді оқып-үйрену негізінен осы компоненттер палитрасы бетінен басталады. Бұл бетте Windows –тың : басты және қалқыма-лы менюлері, батырмалары, бір жолдық және көп жолдық редак-торлары, ауыстырып қосқыштары, белгілері, тізімдері және одан да басқа жиі қолданылатын компоненттері сияқты стандартты интерфейстік элементтері орналасқан.
Additional беті.
Бұл бетте Windows – та бағдарлама дайындауға өте қажет: қосалқы қасиеттері бар батырмалар, кестелер, кескіндерді орналастыруға арналған компоненттері және т.б.бар қосымша компоненттер орналастырылған.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.
Win32 беті.
Осы бет 32 разрядты Windows – тың 95/98/NT ОЖ арналған интерфейс элементтерін жұмыс істетін компоненттерді қамтиды. Бұл компоненттер Windows – тың соңғы версияларының стилистикасымен үйлеседі.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.
System беті.
Мұнда әр түрлі қызмет атқаруға арналған компоненттер (мыс, Timer – кезкелеген бағдарламадағы ең маңызды компонент), оның ішінде Windows – тың стандартты технологияларын қуаттайтын бағдарлама аралық деректер алмасуды ұйымдастыратын OLE және DDE компоненттері де берілген.

Қазақстан Республикасың ғылым және білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Физико-математика факультеті
Информатика мамандығы
Топ: 441

Тақырыбы: Визуалды компоненттер. Жеке тапсырмалар

Орындаған: Қамзанова Жансая
Тексерген: Каженова Ж.С.

Жоспар:
1. Визуалды компоненттер
* Standard беті
* Additional беті
* Win32 беті
* System беті
2. Тапсырмалар
* Тапсырма №1. Үш санның үлкенін табатын программа құру.
* Тапсырма №2.. Тексеру оқу программасы
Бұл мысалда, санды тап ойынында программа кездейсоқ түрде 0...1000 аралығынан бүтін санды таңдап, есіне сақтайды. Пайдаланушы оны табуға тырысып, өзінің санын енгізеді. Енгізілген санды есте сақталған санмен салыстырып, программа компьютердің кездейсоқ таңдап, есіне сақтаған санының пайдаланушы енгізген санынан үлкен, кіші немесе тең екенін хабарлайды. Компьютердің таңдаған кездейсоқ саны табылғанша программада сан енгізу жалғастырылады.
* Тапсырма №3
Қосындыны табу оқу программасы.
For операторының қолданылуын көрсету үшін кез келген бүтін N санын енгізіп, 1-ден N санына дейінгі барлық бүтін сандардың қосындысын есептейтін программа құр.
* Тапсырма №4
Calculator оқу программасы.
* Тапсырма №5
Нұсқау бойынша таңдау.

Delphi компоненттері палитрасының беттері.

Delphi-дің өңдеу ортасы, ең алдымен Windows-та бағдарламалар дайындауға бағдарланған. Мұнда кодтарды қолмен жазудан құтқаратын Delphi-дің дайын компоненттерінің үлкен жиынтығының көмегімен визуалды қолданбалар жасау мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Бұл компоненттер қазіргі заманғы технологияларды қолданудың барлық саласын қамтиды. Мұнда да басқа бағдарламалау ортасындағыдай, мыс, Visual Basic т.с.сияқты кезкелген қолданбаны дайындауда қажет етілетін басты компоненттерді оқып-уйрену қажет. Компоненттер палитрасы 4 беттен тұрады, олар: Standard, Additional, Win32, System беттері. Алдымен осы беттердің мазмұнымен және олардың басты қызметімен танысайық.

Standard беті.
Delphi-ді оқып-үйрену негізінен осы компоненттер палитрасы бетінен басталады. Бұл бетте Windows - тың : басты және қалқыма-лы менюлері, батырмалары, бір жолдық және көп жолдық редак-торлары, ауыстырып қосқыштары, белгілері, тізімдері және одан да басқа жиі қолданылатын компоненттері сияқты стандартты интерфейстік элементтері орналасқан.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.

Пикто-
грамма
Компонент
аты
Компоненттің атқаратын қызметі

MainMenu
Бағдарламаның бас менюі. Компонент күрделң иерархиялық менюлерді құруға және оларды іске қосуға мүмкіндік береді.

PopupMenu
Қалқымалы меню. Ол әдетте маустың оң жақ батырмасын басқанда пайда болады.

Label
Белгі. Бұл статикалық мәтін түріндегі қысқа хабарламаларды орналастыру үшін қолданылады.

Edit
Енгізу жолы. Ол пайдаланушының бір жолдық мәтіндік ақпаратты енгізуіне арналған.

Memo
Көп жолдық мәтіндік редактор. Ол пайдаланушының пішімдеу мүмкіндігі жоқ көп жолдық мәтінді енгізіп, оны бейнелеуі үшін пайдаланылады.

Button
Командалық батырма. Бағдарламада осы компоненттің onclick оқиғасы өңдеушісінің көмегімен команданы жүзеге асыру үшін қолданады.

CheckBox
Тәуелсіз ауыстырып қосқыш. Оның маусты шерткенде ауысып отыратын true және false мәндері бар Checked (белгіленген) қасиеті пайдаланылады.

RadioButton
Тәуелді ауыстырып қосқыш. Ол бірнеше нұсқадан біреуін ғана таңдау үшін қолданылады. Сол мақсатта компонент кем дегенде бір немесе бірнеше сондай компоненттермен бір топқа бірігеді. Компонентті шерткенде ол ерекшеленеді және бұрын таңдалған ерекшелеу алынып тасталады. Мұның да Checked қасиеті бар.

ListBox
Таңдау тізімі. Ұсынылған нұсқалар(опциялар) тізімінен тұрады және ағымдағы таңдауды бақылауға мүмкіндік береді.

ComboBox
Таңдаудың аралас тізімі. Edit пен ListBox компоненттерін бірге пайдалануды қарастырады.

ScrollBar
Айналдыру жолақтары. Ол бағдарлама терезесіне тұтасынан симаған бөліктерін қарауға арналған басқарушы компоненттердің тік және көлденең жолақтарынан тұрады.

GroupBox
Компонентердің топтық контейнері. Бұл мағынасы бойынша байланысқан бірнеше компоненттерді біріктіру үшін қолданылады.

RadioGroup
Тәуелді ауыстырып қосқыштар тобы. Оның өзара байланысқан бірнеше тәуелді ауыстырып қосқыштарды іске қосуға арналған қасиеттері бар.

Panel
ПанельТақта. Бұл GroupBox сияқты бірнеше компоненттерді біріктіруге арналған. Оның ішкі және сыртқы жиектері арқылы батырылып не көтеріліп тұрғандығын бейнелеу мүмкіндіктері болады.

ActionList
Әрекеттер тізімі. Пайдаланушының бір типтес: меню, батырмалар және т.с.сияқты басқарушы элементтер тобының біреуін таңдауымен байланысты әрекетіне бағдарламаның бір орталықтан жауап беру қызметін атқарады.

Additional беті.
Бұл бетте Windows - та бағдарлама дайындауға өте қажет: қосалқы қасиеттері бар батырмалар, кестелер, кескіндерді орналастыруға арналған компоненттері және т.б.бар қосымша компоненттер орналастырылған.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.

Пикто-
грамма
Компонент
аты
Компоненттің атқаратын қызметі

BitBtn
Командалық батырма. Стандартты Button батырмасынан айырмашылығы, мұнда пиктограмманы бейнелеу мүмкіндігі бар.

SpedButton
Пиктографиялық батырма. Бас менюдің опцияларына тез қатынас жасау үшін қолданылады.

StringGrid
Жолдар кестесі. Бұл компоненттің мәтіндік ақпаратты кесте түрінде бейнелеуге қуатты мүмкіндігі бар.

DrawGrid
Кескіндер кестесі. Бұл компонент кескінді кесте түрінде бейнелеу үшін қолданылады.

Image
Сурет. Кескінді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайлдарды бейнелеуге арналған компонент.

Shape
Фигура. Осы компонент көмегімен Пішінге фигуралар: тіктөртбұрышты, эллипсті, дөңгелекті кірістіруге болады.

Bevel
Жиек. Пішіннің жекелеген бөліктерін үш өлшемді қоршаумен және жолақтармен ерекшелеу қызметін атқарады.

ScrollBox
Айналдыру жолақтары бар тақта. Мұның тақтадан айырмашылығы сол, егер онда орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиып алынса, оған айналдыру жолақтары автоматты түрде кірістіріледі.

CheckListBox
Көп түрлі таңдау тізімі. Мұның стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы, әрбір опция жанында бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдететін тәуелсіз CheckBox ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
Delphi7 обьектілі бағытталған бағдарламалау ортасы
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі
Электронды оқулықтың тиімділігі
Объектілер инспекторы терезесі
Тест тапсырмаларын қалыптастыру және толтыру
Электронды оқулық түсінігі
Операторлар және ішкі программалар (Delphi программалау ортасы)
Delphi программалау ортасы туралы
Пәндер