Тәрбие әдістері. Тәрбие әдістерінің түрлері. Әдістердің анықтамасы (кесте)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті

Информатика кафедрасы

СӨЖ №3

Тақырыбы: Тәрбие әдістері. Тәрбие әдістерінің түрлері. Әдістердің анықтамасы (кесте)

Орындаған: Төлеуханова А .

Тексерген:Тұрғанбаева Б. Ш.

Топ : Т - 441

Семей 2015 ж

Жоспар :

1 . Тәрбие сөзіне анықтама

2. Тәрбие әдістері

3. Тәрбие тәсілдеріне қысқаша анықтама

4. Тәрбие әдістерінің жіктелуі

5 . Тәрбие әдістерінің кестесі

Тәрбие , тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады. Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді, адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.

Тәрбие әдістері - ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т. б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы - тәрбие әрекеттестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарысы (тым кедергісіз болғандықтан даму процесі тоқталадьі), орта дағдарысы (бала айналасы оң әсер туғызудан қалады), зат дағдарысы, сөз дағдарысы, т. б .

Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.

В. А. Сластенин, Ю. К. Бабанский т. б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.

Тәрбие тәсілі - тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.

Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Мәселен, бірінші сынып оқушысына мұғалім мінез - құлық ережесін, жолдастарымен қарым - қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күнен - ақ мектеп, сынып, парта, кітап, коридор, басқыш, спорт зал, т. б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру, т. б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін - бірі алмастыра алады.

Тәрбие әдістерінің жіктелуі . Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:

  • жалпы және жеке;
  • негізгі және кездейсоқ;
  • теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;
  • мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;

- әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін

оның бір - бірімен байланысын айқындай түседі.

Тәрбие әдістерінің түрлері :
Тәрбие әдістеріне анықтама
№: 1.
Тәрбие әдістерінің түрлері :: Бақылау әдісі
Тәрбие әдістеріне анықтама: Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.
№: 2.
Тәрбие әдістерінің түрлері :: Эксперимент әдісі
Тәрбие әдістеріне анықтама: ( лат. experіmentum - сынама, тәжірибе), Эксперименттің артықтылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс кашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда педагогикалық - психикалық үрдістерді неғүрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшандығын т. б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.
№: 3.
Тәрбие әдістерінің түрлері :: Әңгімелесу әдісі
Тәрбие әдістеріне анықтама:

пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу - оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі - оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Әңгімелесу - 1960 жылдың басында теледидардан жиі көрінетін жанрлардың ең карапайым түрлерінің бірі. Алғашқы жылдары Қазақ теледидары эфирге тікелей шығатын. Хабар кейіпкерлері ақпаратты көбінесе қағаз бетіне қарап оқитын. Лос-Анжелес университетінің профессоры Альберт Меробянның зерттеуі бойынша теледидар ақпараты "әңгімелесу" хабарының өзінде 7% сөз арқылы, 38% интонация мен дауыс, 55%-ы адамдардың бетінің кескіні мен ишарасына байланысты беріледі екен. [

№: 4.
Тәрбие әдістерінің түрлері :: Байқап көру мен қателер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие беру
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика бойынша практика
Мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен тәсілдері
Тәрбиенің әдістері
Тәрбие формасы - бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі
Жалпы технологиялық пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді әдістері мен формалары
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
Белсенді оқыту әдістеріне сипаттама
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz