Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу туралы ақпарат


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
  1. Ішкі секрециялық бездер
  2. Жыныстық жетілу
  3. Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу

Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз - қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

  1. Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері) ;
  2. Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері) ;
  3. Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі) .

Эндокриндік жүйенің қызметі

  • Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
  • Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
  • Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:өсуді; ағзаның дамуын; жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін; энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
  • Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:эмоционалды реакциялардың; адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.

Гормондар - ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді.

Гормондардың қасиеті:

  1. Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
  2. Арнайы әсер;
  3. Био-физиологиялық белсенділік;
  4. Әр түрге арнайшылық;
  5. Тек тірі жасушаларға әсер ету.

Ішкі секреция бездері

Эндокринді бездер (эндокринные железы) ; (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) - инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) : орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады. [1]

Гипоталамус-гипофиздік жүйе

Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.

Гипофиз - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0, 5-0, 7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды) . Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Қалқанша без

Қалқанша без - мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т 4 ) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т 3 ) . Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.

Қалқанша маңы бездері

Қалқанша маңы бездері - қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді

Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.

1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.

2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.

3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.

4- топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады.

5- топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.

Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

Жыныстық жетілу кезеңінде ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер

  • бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды
  • жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады
  • дауыс жуандайды
  • терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін
  • тер бездері дамиды
  • қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды
  • көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін
  • қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды

Қыздарға әсер ететін өзгерістер

  • емшек өсіп, емшек ұштары ілгері созыла бастайды, бұл ауыртпалы болуы мүмкін
  • сандары жұмырланады
  • жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды
  • жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады

Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер

  • кеуде мен иықтары дамиды
  • бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде кейде түк пайда болуы мүмкін
  • аталық жыныс мүшесі мен аталық бездері ісіп, үлкейеді; аталық бездер ұмаға түсіп, сперматозоидтарды өндіріп шығара бастайды
  • аталық жыныс мүшесінің қан тамырлары қанға толғаны себепті эрекция, яни аталық жыныс мушесінің қатаюы жиі-жиі және күтпеген жерде пайда болады
  • кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс мүшесі

қатайып, шәуһеттің шашырауы пайда болуы мүмкін.

Жыныстық пісіп-жетілу кезеңінің ұзықтығы 10 жылға таяу, осы мерзімде жүйелі түрде қыз баланың дене бітімінің және жыныстық дамуы жүреді. 18-20 жасқа қарай қыз бала дене бітімі жағынан, жыныстық және әлеуметтік толығады және өмірге бала әкелу қызметін жүзеге асыруға дайын болады.

Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі 7-8 жастан басталады және 3 кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - препубертатты (7 жастан 9 жасқа дейін) - мидің гипоталамиялық құрылысының пісіп-жетіле бастауымен, әр 5-7 күн сайын ациклдік тәртіпте гонодотропиннің (ГТ) бөлінуімен сипатталады.

Екінші кезең - пубертаттың бірінші фазасы (10-13 жас) . Бұл кезеңде тәуліктік жүйеліліктің қалыптасуы және ГТ өнімінің артуы, аналық безде эстрогендердің өндірілуі өседі.

Үшінші кезең - пубертаттың екінші фазасы (14-17 жас) . Толыққанды екіфазалы овуляторлы етеккірлі жүйесі бар гипаталамо-гипофизарлы жүйе қызметінің репродуктивті түрі қалыптасады және бекітіледі.

Жыныстық дамудың дұрыстығын бағалау үшін екіншілікті жыныс белгілерінің пайда болу уақыты мен бірізділігін, жыныс белгілері мен жыныс мүшелерінің даму деңгейін есеспке алу қажет.

9-10 жаста сүт бездерінің - гиперемия және төс ұшы ареолы дақтарының алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Сүт бездерінің пайда болу жасы (10-11 жас) телархе деп аталады. Ол түктердің ұмада пайда болу жасына (10-11 жас) - пубархе және қолтық асты ойықта пайда болу жасына (11-12 жас) - адренархеге ұлғасады. Денесінің және дене салмағының ұлғаюы 9-10 жастан басталады және бір жыл ішінде максимумға (1 жыл ішінде +10 см және +12 кг дейін) - менархеге жетеді.

11-12 жаста ішкі жыныс мүшелерінің, сүт бездерінің өсуі мен дамуы, жамбас сүйектерінің ұлғаюы басталады. Алғашқы етеккір - менархе 12-13 жаста пайда болады. 13-14 жаста алғашқы овулярлы циклдер пайда болады. 15-17 жаста қыз бала денесінің өсуі тоқтап, әйелдік дене бітімі қалыптасады және репродуктивті жүйе қызметінің ересек түрі бекітіледі.

Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі - әйел өмірінің анағұрлым лабильді кезеңі, себебі ағзаның қалыптаспаған репродуктивті жүйесі жағымсыз сыртқы және ішкі факторларға өте сезімтал болып келеді.

Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі барысында баланы толыққанды үйлестірілген тағаммен, оқу мен демалыстың, күш салмағы мен интеллектуалдық үстеменің тиімді тәртібімен қамтамасыз етілуі тиіс. 10-12 жаста қыз баланы оның жаңа жағдайына дайындау, жыныстық даму туралы айту қажет. Алғашқы етеккірден кейін өзін ұстау ережесін түсіндіру керек. Етеккір кезінде дене еңбегін шектеп, қосымша демалыс қосқан дұрыс. Бұл күндері қыз балалар арнайы гигиеналық төсемдер қолдануы керек, ал тампондармен гинекологтың ұсынысы бойынша ғана қолданған дұрыс. Гигиеналық шаралар күнделікті міндетті түрдегі сумен байланысты шаралардан тұрады: әр кеш сайын ұйқыға кетер алдында міндетті түрде сыртқы жыныс мүшелері мен қолтық асты ойықтарын сабынмен жуу керек, себебі осы аймақтарға гормондар белсенді әсер етеді.

Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру

Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады.

Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. Оның негізгі бөлімдері:

  1. Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру;
  2. Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу;
  3. Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;
  4. Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т. с. с. болып табылады.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.

Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады:

  1. Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы;
  2. Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы;
  3. Тағам тану гигиенасы;
  4. Қоғамдық және жеке бас гигиенасы;
  5. Жарақаттанудың алдын алу;
  6. Политехникалық оқытудың гигиенасы;
  7. Жыныс тәрбиесі.

Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді:

  1. 7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар) ;
  2. 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар) ;
  3. 15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар) ;

Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі.

Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады.

Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.

Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыны медициналық – гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Оқушыны медициналық -гигиеналық жане жыныстық тәрбиелеу. Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу
Ішкі секрециялық бездер
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары
Ішкі секреция бездері. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбилеу
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигеналық және жыныстық тәрбиелеу
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Салауатты өмір салты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz